«Отбасы махаббаты неде?» ата-аналарға арналған тренинг


Сәйкестік бойынша сапқа тұру



бет2/5
Дата31.01.2023
өлшемі20,04 Kb.
#166906
1   2   3   4   5
Байланысты:
«Отбасы махаббаты неде » ата-аналарға арналған тренинг

Сәйкестік бойынша сапқа тұру.

-жасы үлкен, жасы кіші бойынша сапқа тұрыңыздар

-туған күнніңіз бойынша сапқа тұрыңыздар

-қаңтардан-ақпанға дейінгі айлар бойынша сапқа тұрыңыздар

-шаштарыңыздың түстері бойынша сапқа тұрыңыздар

/қарадан-сарыға дейін/

Ата-аналар сол тұрған күйінде түрлі түсті гүлдерді таңдайды.Түстер бойынша топ құрып , үстелдерге жайғасып отырыңыздар.

3.Ой жинақтау .

Үш топқа тақырып беріледі.Ата –аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады.

1топ. Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан жасалатын жағдайлар.

2 топ. Балаларды теріс әрекеттері үшін жазалаудың түрлері.

3топ. Бала үшін мұғалім мен ата- ана арасында қандай байланыс болуы керек?

4. «Жанұя ойыны» сергіту жаттығуы:

1. Балаңыздың туған күні?

2. Сынып жетекшісінің толық аты- жөні?

3. Балаңыздың парталас көршісі кім?

4. Балаңыз қандай өлшемлі аяқкиім киеді?

5 Балаңыздың сүйікті асы қандай?

6. Балаңыз кеше қандай баға алды?

7. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

8. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

9. Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?

10. Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз?

11. Балаңызға ашуланғанда,ең алдымен ауызыңызға қандай сөз түседі?

12. Балаңыздың ең жақын досы кім?

Ата-аналар ортаға шығып, берілген сұрақтарға тез жауап береді.



5.Ситуациялық сұрақтар.

Ата-аналар үстел үстінен үлестірмелі қағаздарды бөліп алып, сұрақтарға жауап береді.

1. Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?

2. Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер,4-6 жастағы бала күніне көптеген сұрақтар қоятын көрінеді. Мысалы:түн неге қараңғы, күн қайда кетті,ұшақ қалай ұшады,.....деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп . Сіздің балаңыз да сондай сауалдарды көп қоятын болса, жауап беруге тырысасыз ба, әлде елеусіз қалдырасыз ба?

3. Сізге мектептегі мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» дегенбірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата-аналардан да «Біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік .Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?

4. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай:»Сен сала алмайсын ,сен істей алмайсың», -деп айтып жататынын байқаймыз.Бала іс –әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?

5. Балаңыз сабақтан қашып, мектептен ерте келеді, не істейсіз?

6 .Балаңыз күнде бірінші сабаққа кешігіп келеді. Қалай жөнге келтіресіз?

7. Балаңыз мектептегі бір мұғаліммен тіл табыса алмай жүр. Балаңызға қандай кеңес бересіз?

8 .Сіздің балаңыз сыныптағы жақсы оқитын оқушылардың бірі ,алайда бір күні сынып жетекшісі үлгерімі нашар оқушылармен алып қалды,сіздің іс-әрекетіңіз?

9 . Балаңыздың сабағы,тәртібі жайлы білгіңіз келіп,мектепке келіп тұрасыз. Сынып жетекшісі сізді қатулы қабақ,ашулы күймен қарсы алды.Сіздің әрекетіңіз?

10.Биыл сіздің балаңыздың сыныбында оқитындардың бәрінде ұялы телефон бар,,тек сіздің балаңызда жоқ. Күнде «әпер» деп мазаңызды алады,сабаққа барғысы келмейді.Сіз жұмыссызсыз,не істейсіз?

11.Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан.Сабағы қиындап кеткен соң, өздерің қадағалаңдар деп әкеп тастады. Ал балаңыз тәрбиеңізге көнер емес, не істейсіз?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет