1. Қондырғыда 2-сурет бойынша электрлік тізбекті жинау керек.
2. Оқытушының нұсқауымен кедергілер қорабынан нақты Rқкедергіні
қойып алу керек.
3. Тізбекті Ккілтпен қысқа уақытқа тұйықтап, гальванометрдің тілшесін нольге келтіру үшін реохордтың бойымен қозғалмалы D тиекті жылжыту керек. Гальванометрдің тілшесі нольге келгенде реохордтың сызғышынан мен ұзындықтарды анықтап, жазып алу керек.
4. Кедергілер қорабынан кедергінің тағы екі мәнін қойып, тәжірибені 2-ші және 3-ші пункттерге сай қайталау қажет.
5. Бірінші Rx1 кедергіні екінші Rx2 кедергімен алмастырып, Rқкедергілер
қорабының үш белгілі кедергісі арқылы тәжірибе қайталанады.
6. Белгісіз Rx1 және Rx2кедергілерді өзара тізбектей, содан кейін өзара параллель жалғап, 2,3,4 пункттерге сәйкес өлшеу қайталанады.
7. (5) формула бойынша Rx1 және Rx2, оларды тізбектей және параллель қосқандағы толық кедергі есептеледі
8. Rтіз = Rх1 + R х2, Rпар = R х1 Rх2 / (Rх1 +Rх2)формулаларына Rx1 және Rx2 кедергілердің орташа мәнін қойып, анықталған толық кедергілерді (5) формула бойынша табылған мәндермен салыстыру керек:
9. Өлшеу және есептеулер нәтижелері кестеге жазылады.