Оқу қиындықтары бар балалармен жұмыс swot талдау



бет1/2
Дата11.12.2023
өлшемі18,38 Kb.
#196267
  1   2
Байланысты:
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс SWOT талдау
Саралап оқытудың тәсілдері, Lesson 2, 4 зертханалық жұмыс (1), Зар заман поэзиясы

Оқу қиындықтары бар балалармен жұмыс SWOT талдау
Оқу қиындықтары бар балалар тыңдау, сөйлеу, оқу, жазу, ойлау немесе математика дағдыларын игеруде және пайдалануда айтарлықтай қиындықтармен көрінетін гетерогенді топтық бұзылыс. Бұл бұзылулар адамның ішкі ерекшеліктері болып табылады және орталық жүйке жүйесіндегі ақаулардан туындаған және өмір бойы жалғасуы мүмкін.
ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАР
S- Мықты жағы
Нашар еститін балалар
Балалар сөйлеу қабілетінің сақталу дәрежесі бірқатар төмендегі факторларға әсер етеді: естімеуі басталған уақыт, баланың өсуі мен даму ерекшеліктері,қалдық есту қабілетінің деңгейі, баланың ауызша сөйлеуіндамыту жұмысының сапасы.
Дамудың кейінгі кезінде пайда болған естімей қалу, егер балада оқу және жазу дағдылары қалыптасқан болса,айтарлықтай түрде сөздік қорын бұза алмайды.
W- әлсіз жағы
Нашар еститіндердің ішінара естуі сөйлеудіқалыптастыруға мүмкіндік туғызады, бірақ сөйлеу қоры және сөзді түсінуі бұрмаланған.
Соның салдарынан сөйлемдерді өзгеше қабылдайдыжәне бұрмаланған түсінік пен ұғымдар қалыптасуы мүмкін. Сөзді түсінуі және қабылдауы өзінше көрініс береді,бала ұғымдарды бірыңғай біріктіре қабылдай алмайды, көпжағдайда қоршаған орта туралы жаңсақ пікір қалыптасады және сөйлеудің дамымай қалуы, ойлау ерекшеліктері, зейіні, қабылдауы, есте сақтауы нашар жетіледі.
О- Мүмкіндіктері
Бастауыш ​мектепті​ оқуы​аяқталғаннан​ кейін​ ауызша​сөйлеуді меңгерген кезде сөзді қабылдау және айтуда шағын кемшіліктері бар оқушы, мектепаралық логопедтің немесе психологиялық- педагогикалық түзету сияқты арнайы педагогикалық қолдауды сақтай отырып кәдiмгi сыныпқа ауыстырыла алады.
Т Қауіп-қатерлер
Егер бала мүмлдем естімейтін болса онда, балада сөйлеу тіліде жетілмей қалуы мүмкін.
КӨРМЕЙТІН​ ЖӘНЕ​ НАШАР ​КӨРЕТІН​ БАЛАЛАР
S- Мықты жағы
зағип балаларда қоршаған ортаны тануға негізделген қызмет жасайтын есту және сезу рецепторы сақталады. Естуді еріксіз пайдаланатын зағип балалар айналасындағы адамдармен қарым-қатынас барысында ауызша байланыстырып сөйлеуді үйренеді.
W- әлсіз жағы
Зағиптардың естуіне қарағанда сезімі нашар, сылбыр дамыған. Қоршаған ортадағы заттарды өз бетімен дұрыс бақылау әдістерін қолдана алмайды. Тәжірибе көрсетіп жүргендей, мектепке келген оқушылар сезгіштік қабілеті мен қолының ұсақ моторикасының дамуының төмен деңгейін байқатады. Бұл өз кезегінде, олардың жалпы психофизикалық дамуына қарсы әсер етеді, яғни қоршаған шынайы ақиқатпен дербес танысуына және Брайл жүйесі бойынша оқып және жазып үйренуін тежейді.
О- Мүмкіндіктері
Көру апараты бұзылған балаларда сөйлеу арқылы олар ақиқат шындығы, адамдардың іс-әрекеті мен амалы т.б. туралы ақпарат алады.
Т- Қауіп-қатер
Көру жұмыстары барысында оларды дамыту мен сақтау шаралары болмаса олардың жылдам шаршайтынын көрсетеді және көруінің нашарлауына әкеледі. Көруден шаршауы ақыл-ойы мен .физикалық жұмыс жасау қабілетінің төмендеуіне әкеліп соғады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет