Оқу ісінің орынбасары: Аргинова А. С



Дата13.08.2017
өлшемі59,57 Kb.
#23482
Тексерілді:

Оқу ісінің орынбасары:_______Аргинова А.С



Күні:

Қазақ тілі 5 сынып


Тақырыбы: Көнерген сөздер
Мақсаты:
Білімділік: Көнерген сөздер түрлерін өз бетімен анықтауына, ерекшеліктерін өзіндік жұмыстар арқылы меңгеруіне, жаттығу жұмыстар орындағанда алған білімін өз бетімен қолдана алуына жағдай туғызу.
Тәрбиелік: Өз бетінше дербес жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге, нәтижеге жетуге ұмтылу үшін білім бәсекесіне түсуіне, шығармашылық ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Алған білімдерін пысықтау арқылы оқушылардың ой-өрісін, сауаттылығын, сөздік қорын, сөз байлығын дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, ой қозғау, оқулықпен жұмыс, өз бетімен іздену әдісі, талдау.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу, түгелдеу, сабаққа назар аударту.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
«Қайталау – оқу анасы» дегендей балама тест арқылы оқушылардан үй тапсырмасын сұрау.
1. Тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы сөздік құрам деп аталады. (иә)
2. Сөздік құрамға халықтың тұрмыс жағдайын, кәсібін, мәдени қалпын танытатын барлық сөздер кірмейді. (жоқ) барлық сөздер енеді екен.
3. Қазақ тілінің сөздік құрамына халқымыздың ғасырлар бойы сақталып келе жатқан байырғы сөздері де, термин сөздер де диалектизмдер мен кәсіби сөздер де кіреді. (иә)
4. Сөздік құрамдағы сөздер қолданылу жағдайына қарай жиі қолданылатын сөздер және сирек қолданылатын сөздер болып бөлінеді. (иә)
5. Сөздік құрамның ең басты және тұрақты бөлігін қазақтың байырғы төл сөздері құрамайды. (жоқ) құрайды.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Көнерген сөздер
1. Ой қозғау
Балалар, төмендегі сөздердің ерекшелігі неде?
Ел билеуге қатысты ----------- Салт-дәстүрге қатысты
Старшын ------------------------- Бесік құда
Атшабар ------------------------- Ұрын бару
Би ---------------------------------- Қынаменде
Болыс ---------------------------- Тоқымқағар

2. Жаңа сабақты түсіндіру
Не үшін тілімізде кейбір сөздер қолданыстан шығып қалады?
Қоғам дамуына орай қолданылған дәуірі өтіп кетіп, тарихи өзгерістерге сай немесе тұрмыс - тіршіліктің, әдет - ғұрыптың өзгеруіне орай тіліміздегі қолданыстан шыққан сөздер көнерген сөздер деп аталады.
Көнерген сөздер мағынасына қарай тарихи сөздер, архаизмдер болып бөлінеді.
Тарихи сөздер – қолданылған дәуірі өтіп, ескі заманның өзімен бірге көнерген тарихи атаулар. Мысалы:
1. Ел басқаруға байланысты атаулар: хан, патша, уәзір, би, аға сұлтан, болыс, т. б.
2. Қару - жараққа қатысты сөздер: садақ, жебе, сауыт, айбалта, найза, адырна, т. б.
3. Кеңес дәуірі тұсында қолданылған әкімшілік сөздер: қызыл отау, қызыл әскер, отарба, т. б.
Архаизмдер – халықтың тұрмыс-тіршілігіне, салт-сана, әдет-ғұрпына қарай әр дәуірде өзгеріп, басқа сөздермен ауысып отырған немесе ескіріп кеткен сөздер.
1. Мата атаулары: торқа, биқасап, дүрия, патсайы, т. б.
2. Әдет - ғұрып атаулары: сауын айту, ұрын бару, бесік құда, барымта, т. б.
3. Үй тұрмысы, киім - кешек, ыдыс - аяқ атаулары: лашық, жаппа, шидем, күпі, сәукеле, саптыаяқ, кебеже, т. б.
Кейбір сөздердің қайтадан жаңаратын кезі де болады. Мысалы:
1. Кеңес дәуірі кезінде қолданудан шығып қалған сөздер: имам, мешіт, ораза, айт, пітір, құран.
2. Бұрынғы жыл атаулары: барыс, жылқы, қоян, ұлу, т. б.
3. Ай атаулары: наурыз, сәуір, маусым, қыркүйек, т. б.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бері сөздеріміз қайтадан жаңғырып, қолданыла бастады.

3. Жаңа сабақты меңгерту.
Деңгейлік тапсырмалар: Берілген мақалдардағы көнерген сөздерді тауып, мақалды толықтыр.
1. Асабасы жоқ асқа жарымас. 2. Қараша үйден ханша шығар. 3. Шықсаң ұзақ сапарға, арымас ат – отарба. 4. Ер азамат белгісі – түзде мырза, үйде құл. 5. Ынтымақ – оқ өтпес сауыт, татулық – тамаша сауық. 6. Бақа - көлінде патша, балық – суында патша, жігіт – елінде патша.
Оқулықпен жұмыс
150 жаттығу. Мәтіндегі жиі қолданылатын атауларды бір бөлек, мүлде қолданылмайтын атауларды бір бөлек жазыңдар.
Ойлы болсаң озып көр. Жасырылған сөздің қай салада қолданылатынын табу.
а) шидем
*киім
тағам 
ыдыс
жасау
Шидем – қойдың жабағы жүнінен тігілген сыртқы киім.
ә) тоқымқағар
салт
өнер 
*ырым
кәсіп
Тоқымқағар – жас жігітті ұзақ сапарға шығарып саларда ауыл елінің арнайы ас беруі.
б) нияз 
илік
дәстүр 
өнер
*дін
Нияз – пітір, садақа.
в) саба
құрал
*ыдыс 
мата
жер
Саба – қымыз құятын ыдыс.
г) бел көтеру -
дәстүр
киім 
құрал
*тағам
Бел көтеру – қарияларға арнайы даярланатын тағам, астың ең дәмді, әл беретін ет, айран, құрт, кеспе қосу арқылы дайындалады.
ғ) аушадияр - 
киім
*дәстүр 
сайман
тағам
Аушадияр – үйлену тойы кезінде айтылатын дәстүрлі өлең - жыр.
Талдау
Төмендегі берілген сөздердің қайсысы архаизмге, қайсысы тарихи сөздерге жатады.

Кестені толтыр.
Мысал
Аушадияр, Шұға, Болыс, Қаһан, Сауыт, Биқасап, Уәзір, Би, Дүрия, Кебеже, Торқа, Күпі, Қылыш, Аға сұлтан, Шоқпар Хан
Тарихи сөздер
Архаизмдер
Сергіту сәті. Сиқырлы таяқша арқылы оқушылар үйден дайындап келген көнерген сөздерінің мәнін айту.
IV. Сабақты бекіту. Венн диаграммасы арқылы сабақты қорытындылау.
Тарихи сөздер
Ортақ қасиеті
Архаизмдер
V. Үйге тапсырма. Көнерген сөздер арқылы сөйлем жасап, мәтін құрау.
VI. Бағалау.
VII. Қорытынды. «Біле бер қанша білсең тағы тіле,
Жетерсің мақсатыңа біле - біле» деген Жүсіп Баласағұнның тілімен сабағымызды аяқтаймыз.
Каталог: 389FDE46B55DA214
389FDE46B55DA214 -> Сабақтың тақырыбы: «Киіз үйді бейнелеу»
389FDE46B55DA214 -> Сабақтың тақырыбы: Портрет түрлері. Салтанатты портрет. Сабақтың мақсаты
389FDE46B55DA214 -> Кіріктірілген сабақтар
389FDE46B55DA214 -> Программалық жабдықтама. Операциялық жүйе 4
389FDE46B55DA214 -> Үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс Мақсаты
389FDE46B55DA214 -> ОҚУ Үрдісіне жаңа технологияларды енгізудің тиімділігі
389FDE46B55DA214 -> Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Меирбекова Назипа Нүгербекқызы 2 «Б»класс. Қазақ тілі Эпиграф «Қыс мезгілі өзінше тамаша!» Сабақтың тақырыбы
389FDE46B55DA214 -> Сабақ Ортақ тақырып Сабақ тақырыбы Бөлімше Оқу мақсаттары
389FDE46B55DA214 -> Сабақ тақырыбы : Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу мүшелері. Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет