2024-2025 оқу жыылы
Педагогикалық кеңестің
№1 хаттамасы
29.08.2024
Қатысқандар саны: 22
Қатыспағандар саны-6
Күн тәртібінде:
2023-2024 оқу жылындағы педагогикалық ұжымның әдістемелік қызметіне талдау, 2024-2025 оқу жылының ұйымдасқан түрде басталуы туралы бұйрықпен таныстыру. Алғашқы қоңырау мерекесінің жоспарын бекіту.
Мектептің жұмыс регламенті: мектепке қабылдау қағидалары мектептің ішкі тәртіп ережесі, мектеп ережесі, мектеп қызметінің ережелері;
«Мектепке жол» акциясы, Оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету.
І-мәселе бойынша директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Байжуманова М.К 2023-2024 оқу жылындағы педагогикалық ұжымның әдістемелік қызметіне талдау жасады. 2023-2024 оқу жылын 1-11 сыныптың 99 оқушысы аяқтады. Білім сапасы-. ҰБТ көрсеткіші-60%. Мектепалды даярлық тобында-11, шағын орталықта-29 тәрбиеленуші болды.
Жыл көлемінде жиынтық бақылаулар алынып, Kundelik kz электронды журналына бағалары уақытылы қойылып отырылды. Ата-аналар оқу жылының соңында жылдық қорытынды бағадарымен таныстырылды. 5 әдістемелік бірлестік өз деңгейінде жұмыстар жүргізді. Пән онкүндіктері жоғары деңгейде өтті. 2024-2025 оқу жылының ұйымдасқан түрде басталуы туралы бұйрықпен ОІО Байжуманаова М.К таныстырды. Алғашқы қоңырау мерекесінің өтілу жоспарымен ТІО Нургазина Ж.Е таныстырып, жоспарын бекітуге ұсынды.