Оқу жылы аралығында өтетін Математика-ғылымдар патшасы



Дата22.06.2017
өлшемі148,2 Kb.
#19698
Бекітілді:________ Г.Сасаева

(оқу ісі меңгерушісі)


23.11.2015-28.11.2016 оқу жылы аралығында өтетін

«Математика-ғылымдар патшасы» атты математика пән

бірлестік апталығының жоспары

«Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен білім мен ғылымда»

Н.Ә.Назарбаев

Р/c

Күні

Атқарылатын жұмыстар мазмұны

Уақыты

Өтетін орны

Жауапты мұғалім

1

23.11.15


Апталықтың ашылуы

«Математика-ақыл ойды тәртіпке келтіреді»

(баяндама)

Шытырман есептер

(логикалық тапсырмалар,ребустар,

сөзжұмбақтар шешу)



9.00

І және ІІ

кезекте

Сыныптар арасында

үзілісте


Бірлестік жетекшісі және пән мұғалімдері




2

24.11.15


Ашық сабақ: «Арифметикалық және геометриялық прогрессияларға есептер шығару»

(Алгебра қолданбалы курс.

11 «в» сынып )

Шытырман есептер

(логикалық тапсырмалар,ребустар,

сөзжұмбақтар шешу)


920-1005


І және ІІ

кезекте


№ 21

үзілісте

Айтуарова Алмагүл


Пән мұғалімдері

3

25.11.15


Ашық сабақ: «Төртбұрыштар тарауын қайталау»

(Геометрия 8 «б» сынып )

«Математика өмірде»

(математиканың басқа ғылымдармен байланысы туралы пікір алмасу)

1015-1100


І және ІІ

кезекте


№ 11


сабақ

кезінде


Ундаганова Алия


Пән мұғалімдері




4

26.11.15

Ашық сабақ:

«Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу»



(Математика

5 «а» сынып )

Математикалық модельдер

жасау және оны тапсыру

1635-1720


І және ІІ кезек


№ 11

үзілісте

Айтуарова Алмагүл


Құрамысова Асел




5

27.11.15

Ашық сабақ:

«Қарапайым тригонометриялық теңдеулерді шешу»



(Алгебра, 10 «б»сынып)

Ашық сабақ:

«Квадрат теңдеулерді шешу»



(Алгебра, 8 «а»сынып)

Ашық сабақ:

«Рационал сандарды көбейту»



(Математика, 6 «б»сынып)

Ашық шара:

«Жүзден жүйрік»



( 5-6-7 сыныптар арасында көңілді сайыс)

1015-1100

1105-1150

1450-1535


1630



№ 21


№ 11

№ 11

Акт залы

Тореханова Фарида

Айбергенова Лиза

Сарсенгалиева Жанат

Құрамысова Асел,

Мұханбетжанова Айдана



6

28.11.15

Апталықтың жабылуы.

Ашық шара: «Ғажайып математика» сайысы

( 8-9-10 сыныптар)

Математикалық көрме

(үздік дәптер, логикалық есептер қорытындысы.

1100


№ 11

Айбергенова Лиза

Ундаганова Алия

Тореханова Фарида
Бірлестік жетекшісі



Қашан теңеседі
Бір ананың үш қызы болады.

Анасы 42 жасқа келгенде, үлкен қызы 19-ға , ортаншысы 11-ге, ал сүт кенжесі 2 жасқа толады.



Сұрақ: Қанша жылдан кейін анасы мен үш қызының қосынды жасы теңеседі ? Ойланып көріңіз ?


Отбасы
Қыз бен жігіт қосылып бөлек отау тігеді. Қазақ халқы кейде мұны « түтін түтетті» деп жатады.

Бірте- бірте осы отбасында дүниеге балалар келеді. Яғни, отбасы мүшелерінің саны көбейеді.Міне,сондай бір отбасының бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындасы бар екен. Олар тату тәтті бақытты өмір кешіпті.



Сұрақ: Осы отбасының барлығын қосқанда қанша баласы бар деп ойлайсыз ?

Үш әке, үш бала
Азаттың әзілдегені жақсы көретін бір досы бар. Оның айтқан әңгімелері үнемі көңілді көтереді. Кейде адам түсінбес жұмбақтар айтып ойға қалдыратыны да жоқ емес.Ондайда екеуі дауласуға дейін барады. Бірде осы досы:

- Ау, Азат, көз алдыңа елестетіп көрші.Бөлмеде үш әке, үш бала отыр,-деді бірде досы.

- Е, дұрыс-ақ, - деп Азат басын изеді.

- Ал,енді бар ғой,осыларды бөлменің төрт бұрышына орындық қойып отырғызсаң, бір- бірден келеді, - деді ол қуақыланып.

-Қайтіп? –деп Азат таңдана досына қарады.

-Сөйтіп,-деді досы,- ойланған адам орынды жауап айтады.



Сұрақ: Сіздер қалай шешер едіңіздер?

Отбасы өзенннен қалай өтті ?

Жексенбі күні бір отбасы таза ауа жұтып, бой сергітіп қайтпақ болады. Ертеңгісін азықтарын арқаларына асып,қажетті заттарын қамдап,жолға шығады. Жалғыз аяқ жолмен жүріп отырып, әкесі,шешесі,қызы мен ұлы қалың орманға жақын келеді.Өкінішке орай, екі ортаны кесіп өзен ағып жатыр.Ары- бері жүгірісіп көпір іздеп еді,оны су алып кетіпті. Сөйткенше қызы ағашқа байланған шағын қайық тапқанын хабарлайды.Бірақ қуаныштары су сепкендей басылады. Су көлігі тым кішкентай екен. Алдымен әкесі отырып көріп еді,қайық тек оның жалғыз өзін ғана көтеретін болып шықты.Ал баласы мен қызы екеуі бірге жүзе алатындарына мәз. Өзеннің арғы жағасына бәрінің бірге отырып өте алмағанына ренжіген шешесі:

- Тағы да жоғары қарай өрлейік,- деген ұсынысын білдірді.

Осы жерде ұлы амалын асырып:

- Өзеннен өтуге болады,- деп отбасына қулана қарады.

-Қайтіп? –деді бәрі жапа тармағай.

Бала қалтасынан бір парақ қағазды алып, қайықпен өзеннен өту жоспарын сызып көрсетті. Ойға қонады екен.Жарты сағат өте отбасы өзеннің арғы бетіне аман – есен жетіп, тапқырлығы үшін ұлын мақтады.

Сұрақ: Отбасы өзеннен қалай өтті ? Жалғыз қайық қалай жәрдемге келді ?

Ш (х) – баланың шешесі. Ә (х) – баланың әкесі.

Төмендегі функционалдық тәуелділікпен жазылған кісі бала үшін қандай туысқандық атпен аталады:


  1. Ш ( Ә ( х ) ) ; 2) Ш ( Ш ( х ) ) ; 3) Ә ( Ә ( х ) ) ; 4) Ә ( Ш ( х ) ) ?



Сиқырлы квадратты толтырыңыз :



16




12










14

15

10



Сиқырлы квадратты толтырыңыз :









36




29

1

22








Сиқырлы квадратты толтырыңыз :






37

31




25




19








Логикалық тапсырма
Оқушы қағаздан тік төртбұрыш, квадрат, дөңгелек және үшбұрыш қиып алып, оларды үстелдің үстіне тізбектей орналастырды. Тік төртбұрыш және дөңгелек квадраттың оң жағында болса, үшбұрыш шеткі фигура емес. Дөңгелек үшбұрыштың қасында емес. Оқушы фигураларды қандай реттілікпен орналастырды ?

Оқушы екі сан ойлады. Бірінші сан мен 2 еселенген екінші санның айырмасы 4- ке тең. Бірінші сан мен 3 еселенген екінші санның қосындысы 39 -ға тең. Оқушы қандай сандарды ойлады ?

Асхат қорадағы жайылып жүрген лақтардың және тауықтардың аяқтарын санағанда, барлығы 46 аяқ болды. Олардың бастарын санағанда , барлығы 17 болды. Асхаттың қорасында неше лақ, неше тауық жайылып жүр ?

Екі таңбалы санның цифрларының қосындысы 9-ға тең. Егер оның цифрларының орындарын ауыстырсақ, алғашқы саннан 63-ке кем сан шығады. Алғашқы сан қандай сан ?

Қазір әкесі 34 жаста, баласы 11 жаста. Неше жылдан кейін әкесінің жасы баласының жасынан 2 есе артық болады ?

Бір отбасы базардан 590  теңгеге қауын, қарбыз, асқабақ және ананас сатып алды. Қарбыз , асқабақ және ананас 350 тг. Қауын,қарбыз және ананас  540 тг. Қауын және ананас 420 тг. Қарбыз неше теңге ?



Жауабы : 120 тг

Назерке,Меруерт,Әлихан,Жандос және Бауыржан бір-бірімен қол алысып сәлемдесті. Олар неше рет қол алысып сәлемдесті ?



Жауабы : 10 рет

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет