АҒТО «Ертіс дарыны» облыстық сырттай оқу олимпиадалық резерв мектебіне қабылдау турының тапсырмалары
2015-2016 оқу жылы
Қазақ тілі мен әдебиеті
І-тур шығарма жазу
8 – сынып
Жазбаша жұмысты бағалау тәртібі:
Шығарманың мазмұны, ой тереңдігі – 10 ұпай
Әдеби материалды пайдалану деңгейі – 10 ұпай
Шығарманың жазылу стилі мен тілі – 10 ұпай
Тыныс белгілері (пунктуация) – 10 ұпай
Емле (орфография) – 10 ұпай
Жазбаша жұмыстан оқушының жинайтын ең жоғарғы ұпайы – 50
ШЫҒАРМА ТАҚЫРЫПТАРЫ
Сөз атасы – мақал.
Дулат Бабатайұлы шығармаларындағы ел, жер мәселелері.
Менің сүйікті жазушым.
Шығарма тақырыптарының біреуі – еркін тақырып, екеуі – оқу бағдарламасына сәйкес таңдалған.
ГРАММАТИКАЛЫҚ ТАПСЫРМА
Екінші турдан оқушының жинайтын ең жоғарғы балы – 20. Олимпиаданың екі турынан да жоғары балл ала білген оқушы 70 ұпай жинауға мүмкіндігі бар.
№
|
Пән атауы
|
Мазмұны
|
1.
|
Қазақ әдебиеті
|
- Арғымақ ат кімде жоқ,
Міне алмасаң атша жоқ,
Ағайын-туыс кімде жоқ,
Сыйласпасаң жатша жоқ...
Үзінді авторын табыңыз? Автордың өмір сүрген дәуірі, айтқан сөздері туралы не білесіз?
|
2.
|
Қазақ әдебиеті
|
Риторикалық сұрау дегеніміз не?
|
3.
|
Қазақ тілі
|
Салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары
|
4.
|
Тіл мәдениеті
|
Спортшылар – ел мақтанышы.
|
АҒТО «Ертіс дарыны» облыстық сырттай оқу олимпиадалық резерв мектебіне қабылдау турының тапсырмалары
2015-2016 оқу жылы
Қазақ тілі мен әдебиеті
ШЫҒАРМА
9 – сынып
Жазбаша жұмысты бағалау тәртібі:
Шығарманың мазмұны, ой тереңдігі – 10 ұпай
Әдеби материалды пайдалану деңгейі – 10 ұпай
Шығарманың жазылу стилі мен тілі – 10 ұпай
Тыныс белгілері (пунктуация) – 10 ұпай
Емле (орфография) – 10 ұпай
Жазбаша жұмыстан оқушының жинайтын ең жоғарғы ұпайы – 50
ШЫҒАРМА ТАҚЫРЫПТАРЫ
Ат – ер қанаты. (Батырлар жыры бойынша).
Сара – асқақ өнер иесі. («Біржан мен Сара» айтысы бойынша).
Алаштың алдаспандары.
Шығарма тақырыптарының біреуі – еркін тақырып, екеуі – оқу бағдарламасына сәйкес таңдалған.
ГРАММАТИКАЛЫҚ ТАПСЫРМА
Екінші турдан оқушының жинайтын ең жоғарғы балы – 20. Олимпиаданың екі турынан да жоғары балл ала білген оқушы 70 ұпай жинауға мүмкіндігі бар.
№
|
Пән атауы
|
Мазмұны
|
1.
|
Қазақ әдебиеті
|
«Ер жігіт дүниені көргені артық,
Дүниеде не бар-жоғын сезгені артық.
Түскендей аспан жерге іс болса да,
Бел байлап, тәуекел деп төзгені артық».
Өлеңнің авторы, тақырыбы туралы айтыңыз. Ақынның тағы қандай өлеңдерін білесіз?
|
2.
|
Қазақ әдебиеті
|
Трагедияның жанрлық ерекшелігі.
|
3.
|
Қазақ тілі
|
Стиль дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар?
|
4.
|
Тіл мәдениеті
|
Поэзия – ақын сыры, ақын сыйы.
|
Достарыңызбен бөлісу: |