Оқу жылына арналған баланың жеке даму картасы



Дата16.10.2023
өлшемі15,66 Kb.
#185739
Байланысты:
оқу жылына арналған баланың жеке
Фонетикалық талдау, Фонетикалық талдау, Text[Replica] (1), pdf 20230112 092138 0000


_______________ оқу жылына арналған баланың жеке даму картасы

Баланың Т. А. Ә. __________________________
Баланың туған күні ______________________

Білім беру саласы

Түзетушілік іс-шаралар
(бастапқы бақылаудан кейін)

Түзетушілік іс-шаралар
(аралық бақылаудан кейін

Түзетушілік іс-шаралар (қорытынды бақылаудан кейін)

ТҰЖЫРЫМ

«Денсаулық»

жалпы дамыту жаттығулары кешенін орындау арқылы заттармен жұмыс істуді үйрету;
допты жерге ұруды үйрету

қимылдар үйлесімін қалыптастыру;
адам денесінің құрылысы, оның маңызды мүшелері туралы білімді қалыптастыру

үйдегі, қоғамдық орындағы қауіпсіз іс-әрекеттің кейбір ережелерін қалыптастыру

үйде, көшеде, қоғамдық орындағы қауіпсіз іс-әрекеттің кейбір ережесін біледі;
адам денесінің құрылысы, оның маңызды мүшелері туралы түсінігі бар

«Қатынас»

сөйлегенде түрлі сөйлемді (жай және құрмалас), сын есімді, етістікті, үстеуді, көмекші сөздерді қолдануды үйрету;
сөзді дыбыстық талдау дағдысын қалыптастыру

себеп-салдарлық байланысты анықтауды үйрету

үлгі бойынша әңгіме құрастыруды, шағын әңгіме мен ертегіні мазмұндауды үйрету

әңгіме құрастыра, себеп-салдарлық байланысты анықтай біледі;
сөзге дыбыстық талдау жасай біледі

«Таным»

тәулік мезгілдері туралы түсінік қалыптастыру;
теңдік пен теңсіздік туралы түсінік қалыптастыру;
10-ға дейін тура және кері санау дағдысын қалыптастыру;
жұмыс дәптерімен; жұмыс жолымен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру

қағаз бетіне бағдарлануды, апта күндерін, жыл мезгілдерін рет-ретімен атауды үйрету

геометриялық пішін мен денелерді ажырату мен атауды үйрету;
құрылыс материалдарының негізгі бөлшектерін атау мен ажыратуды үйрету

тәулік мезгілдерін анықтай біледі;
геометриялық пішіндер мен денелерді ажыратады және атайды;
құрылыс материалдарының негізгі бөлшектерін атайды және ажыратады;
қағаз бетіне бағдарланады, апта күндерін, жыл мезгілдерін ретімен атайды;
жұмыс дәптерімен жұмыс істей алады, жұмыс жолымен жұмыс істеуге дағдыланған

«Шығармашылық»

пішіні мен пропорциясын ескере отырып, үлгі бойынша сурет салуды үйрету;
қайшыны дұрыс ұстау мен қолдануды үйрету

адам денесін (дене мүшелерін: басын, денесін, қолын, аяғын) мүсіндеуді үйрету)

созып ән айтуды, сөзді анық айтуды үйрету;
әуенмен және қосылып, жоғары әрі төмен әндетуді үйрету, қол қимылымен көрсетеді;
қазақ ою-өрнегінің элементтері туралы түсінік қалыптастыру;
музыканың ырғағын жеткізуді үйрету

қарапайым сурет салу, мүсіндеу техникасын жетілдіруді жалғастыру; қайшымен жұмыс жасау;
әуенмен және қосылып, төмен әрі жоғары әндетеді, қол қимылымен көрсетеді;
қазақ ою-өрнегінің элементтері туралы түсінігі бар;
музыканың ырғағын жеткізе біледі

«Әлеуметтік орта»

ағаштың, бұтақтың, шөпті өсімдіктің, гүлдің, жидектің, саңырауқұлақтың, көгөніс пен жемістің 4–5 түрін, жабайы және үй жануарларын ажыратуды және атауды үйрету

Қазақстан аумағында тіршілік ететін жыл құстары мен қыстап қалатын құстарды, жануарлар мен олардың төлдерін атау мен ажыратуды үйрету

табиғат құбылыстарын, табиғат пен ауа райындағы маусымдық өзгерістерді атауды үйрету

ағаштың, бұтақтың, шөпті өсімдіктің, гүлдің, жидектің, саңырауқұлақтың, көгөніс пен жемістің 4–5 түрін, жабайы және үй жануарларын ажыратады және атайды;
кейбір табиғат құбылыстарын, табиғат пен ауа райындағы маусымдық өзгерістерді атайды;
Қазақстан аумағында тіршілік ететін жыл құстары мен қыстап қалатын құстарды, жануарлар мен олардың төлдерін атайды және ажыратады

Баланың жеке даму картасы бастапқы, аралық және қорытынды диагностиканың нәтижесі бойынша Бақылау парағындағы мәліметтердің негізінде толтырылады және мектепке дейінгі ұйымда сақталады
Мектепалды даярлық тобы (сыныбы) ________________ (5-тен 6 жасқа дейін)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет