ОҚу материалдарын өздігінен меңгеруге тапсырмалар



Дата17.06.2018
өлшемі137 Kb.
#42397
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Металлургия, машина жасау және көлік факультеті
Металлургия кафедрасы

«Материалтану және конструкциялық материалдар технологиясы» пәні бойынша



5В071300 «Көлік, көліктік техника және технологиялар» мамандығының студенттеріне арналған



ОҚУ МАТЕРИАЛДАРЫН ӨЗДІГІНЕН МЕҢГЕРУГЕ ТАПСЫРМАЛАР

Құрастырушы:

т.ғ.к., доцент Н.С. Сембаев

Кафедра отырысында ұсынылған, № __ хаттама, « __ » _______2011 ж.


Кафедра меңгерушісі __________________М.М. Сүйіндіков


Павлодар


Мазмұны
Кіріспе 3

1 Пән бағдарламасы 4

2 Бақылау тапсырмалары 14

3 Бақылау сұрақтары 14

Әдебиет 16

Кіріспе
Тәлімгерлердің өздік жұмыстарына пән бойынша келесі жұмыс түрлерін ұсынады:


  • дәріс сабақтарына кірмеген тақырыптарды толықтырып оқып үйрену;

  • дәріс конспектісі бойынша өткен дәріс материалдарын өз бетімен оқулықтар мен оқу құралдарымен толықтыру;

  • тәжірибелік және зертханалық жұмыстарын қорғауға дайындау;

  • межелік бақылауға дайындық;


1 Пән бағдарламасы
СӨЖ мазмұны
СӨЖ түрлерінің тізімі




СӨЖ түрі

Бақылау

түрі


Бақылау түрі

Сағат бойынша көлемі

1

Дәріс материалына кірмеген тақырыптарды қосымша, дайындау

Конспект

Пән сабақтарына қатысу

10

2

Оқулықтар, оқу құралдары және дәріс конспектісі бойынша дәріс сабақтар-ында өткен материалдарды дайындау

Конспект

ЗЖ рұқсатнама

10

3

Зертханалық және тәжерибелік жұмыстарға дайындалу.

Есеп

Ауызша сұрау

15

4

Межелік бақылауға дайындалу

Ауызша сұрау

МБ 1, МБ 2, тест және т.б.

10

.

1 тақырып. Металдар жөніндегі жалпы мәліметтер

Металдарды топтау. Металдардың атомдық кристалдық құрылымы. Шың кристалдардың құрылысы. Дислокациялар жөніндегі жалпы түсініктер. Металдардың аллотропиясы.

Металдардың балқу және кристалдануы. Физикалық ауысулардың термодинамикалық негізі. Қоспалардың әсері. Бидайшықтардың және дендриттердің пайда болуы. Металдардың механикалық, физикалық, химиялық және технологиялық қасиетері.
2 тақырып. Қорытпалардың теориясы

Қорытпа, компонент және фаза жөніндегі түсініктер. Механикалық қоспалар. Қатты ерітінділер. Химиялық қоспалар. Қорытпалардың кристалдануы. Қорытпалардың қатты кезеніндегі фазалық ауысулардың ерекшелігі.

Бинарлық қорытпалар күй диаграммалары, олардың тұрғызу әдісі. Кесінділер және фазалар ережелері. Механикалық қоспалар, толық және жартылай қатты ерітінділер мен химиялық қоспалар құратын қорытпалар күйінің диаграммалары.

Қорытпалардың құрылымы мен механикалық, физикалық және технологиялық қасиетерінің арасындағы байланыстар.


3 тақырып. Темір–көміртек қортыпаларының күйінің диаграммасы

Темірдің қасиеттері. Темір – көміртек қорытпалары. Темір мен көміртек қортыпаларының күй диаграммасы. Фазалық құрамы, құрылым құрастырушысы, олардың қасиеттері. «Темір–цементит» күйі диаграммасын талдау. Диаграмманың іс жүзінде пайдалану.


4 тақырып. Көміртекті болаттар

Құрамы, құрлымы және негізгі физикалық, механикалық қасиетері. Көміртекпен тұрақты қоспалардың болаттың қасиетеріне әсері. Көміртекті болаттардың технологиялық қасиеттері. Пайдаланылуына байланысты болаттарды топтау және МЕСТ бойынша таңбалау. Көліктік техниканы жасауда және жөндеуде болаттардың пайдалануы.



5 тақырып. Қоспаланған болаттар

Болаттарды қоспалану теориясының негізі. Қоспаланатын элементердің болаттын қасиетіне әсері. Қоспаланған болаттардың топтары және МЕСТ бойынша таңбалануы. Көліктік техникасын жасауда қоспаланған болаттарды қолдану.


6 тақырып. Арнайы болаттар мен қорытпалар

Құралдар жасайтын болаттар. Кескіш құралдарға арналған қоспаланған болаттар. Суық және ыстық кезде деформациялау үшін пайдаланатын құралдар жасайтын қалыптық болаттар.

Тотықпайтын болаттар. Қыздырылған кездегі берік және төзімді болаттар. Тозуға төзімді қорытпалар.
7 тақырып. Шойындар

Құрылымы мен қасиеттеріне байланысты сұр шойынның түрлері. Шойынның графитенуі. Шойынды қосапалау. Беріктігі жоғары шойындар. Тапталатын шойындар, оларды жасау әдістері. Шойындарды МЕСТ бойынша таңбалау және пайдалану.


8 тақырып. Болатты термиялық өңдеудің теориялық негізі

Қыздыру кезінде аустениттің пайда болуы. Аустениттің қыздыру және суыту кезіндегі түрленуінің кинематикасы. Аустениттің түрленуінің изотермиялық диаграммасы. Аустениттің үздіксіз суыту кезіндегі түрленулер.


9 тақырып. Болат пен шойынның термиялық өңдеуінің технологиялық үрдісі

Теориялық өңдеудің түрлері. Металдарды қыздыру әдістері. Толық, изотермиялық, диффузиялық және қайтакристалданулық жұмсарту.

Бидайшықтық перлитке жұмсарту. Қалпына келтіру.

Болатты шынықтыру әдістері. Пайдаланатын құрал– жабдықтар және технологиялық режимдері. Болатты шынықтыру қалыңдығы. Шынықтыру кезіндегі пайда болатын ақаулар.

Болатты босандату түрлері – жоғары, орташа және төменгі температураларда босату. Құрылымдарының ауысулары. Босатудың технологиясы. Шынықтырылған болатты ескірту және суықпен өңдеу.

Болаттың термиялық–механикалық өңдеу. Термиялық өңдеудің болаттың құрылымы мен қасиеттеріне әсері.

Қоспаланған болаттардың термиялық өңдеудің ерекшеліктері. Шойындардың термиялық өңдеу. Бөлшектер мен құралдардың пішіндерінің термиялық өңдеулеріне әсері. Болаттың беткі қабатының шынықтыру әдісітері. Жиілігі жоғары тоқпен шынықтыру.

Химиялық термиялық өңдеудің негізгі. Цементтеу, азоттау, циандау. Диффузиялық металдандыру жөніндегі түсінік. Пайдаланылатын құрал–жабдықтар және технологиялық режимдер. Термиялық және химиялық–термиялық өңдеудің көліктік техниканың бөлшектеріне пайдаланылу.

Термиялық өңдеудің кезіндегі техникалық қауіпсіздік.
10 тақырып. Түсті металдар мен қорытпалар

Мыс және оның қорытпалары. Құрамы, физикалық, механикалық және технологиялық қасиеттері. Мыс қорытпаларынның термиялық өңдеу.

Алюминий қорытпалары. Механикалық және технологиялық қасиеттері. Алюминий қрытпаларының термиялық өңдеуі.

Антифрикционды қорытпалар. Баббиттер мен қорытпалар. Құрамы, құрылымы, физикалық, механикалық және технологиялық қасиеттері.

Түсті металдардың жаңа қорытпалары. Түсті металдардың және қорытпалардың МЕСТ бойынша таңбалануы. Көліктік техникада түсті металдар мен қорытпаларды пайдалану.
11 тақырып. Металдар коррозиясының теориялық негізі

Коррозиялық үрдістердің топтары мен түрлері. Жиі пайдаланылатын металдар мен қорытпалардың коррозиясы. Коррозияға төзімді материалдар. Коррозиядан қорғау әдістері.


12 тақырып. Ұнтақтық қорытпалар

Металдық – керамикалық материалдардың түрлері мен қасиеттері. Ұнақты және қатты қорытпаларды жасау технологиясы жөнінде түсінік. Ұнтақты және қатты қорытпалардың топтары. МЕСТ бойынша таңбалануы және пайдалануы.


13 тақырып. Металл емес материалдар

Пластмассалардың түрлері және олардың негізгі қасиеттері. Пластмассалар мен полимердің құрамы. Толықтырғыш. Пластификаторлар. Бояулар. Полимерлеу үрдісінің мәні.

Бөлшектерді пластмассадан құю арқылы және қысыммен жасау технологиясы.

Резеңкенің түрлері және қасиеттері. Резеңке қоспаларын пайдалану және оларды өңдеу. Резеңкеден бұйымды жасау әдістері. Көліктік техникада резеңкелерді пайдалану.

Ағашты, асбесті, силикат және тоқыма материалдарын жасау технологиясы және олардың бұйымдарды жасау әдістері, пайдалану.
14 тақырып. Металлургиялық өңдірістің негізгі

14.1 Шойынды өндіру

Домна пештерінде шойынды өндірудің негізгі физика-химиялық үрдістері. Домна өндірісінің өнімдері және оларды пайдалану. Домна өндірісінің тиімділігін жоғарылату әдістері.

14.2 Болатты өндіру

Болатты өндіру әдістерінің түрлері және олардың қысқаша сипаттамасы. Болатты оттегі конверторында, мартен пешінде және электр пештерінде өндіру технологиясы.

Болатты құю әдістері. Тыныш және қайнайтын болаттардың құймаларының құрылысы. Болатты үздіксіз құю әдісі. Болатты өндіру және құю өндірісінің техника-экономикалық көрсеткіштері және металлургиялық өндірістің өнімдерінің сапасын жоғарлату әдістері. Қорытылған болаттардың өндіру әдісіне, химиялық құрамына, тотықсыздандыру дәрежесіне және пайдаланылуына байланысты түрлері.

Көліктік техникада болаттарды пайдалану.

Металлургиялық өндірісте техника қауіпсіздігі мен табиғатты қорғау.

14.3 Түсті металдар мен қорытпаларды өндіру

Мысты, алюминийді, титанды және олардың қорытпаларын өндіру. Түсті металдар мен қорытпаларды өндірудің қазіргі технологиялық үрдістері. Пайдаланылатын құрал-жабдықтардың сипаттамасы.


15 тақырып. Құю өндірісінің технологиясы

15.1 Құю өндірісінің жалпы технологиясы

Құю өндірісінің машина жасаудағы қазіргі орны, маңызы және болашақта дамуы. Құйма жасау әдістерін топтау. Құймалық қорытпалар жөнінде мәліметтер.

15.2 Құймаларды жасау әдістері

Құймаларды жасаудың жалпы технологиялық сұлбасы. Құймаларды құм-саз және қабыршық қалыптарда жасау. Үлгіні ерітіп құймаларды жасау. Ортадан тепкіш күшті пайдаланып құймаларды жасау әдісі. Металл қалыптарға құйып құймаларды жасау. Қысыммен құймаларды жасау. Құймаларды жасаудың арнайы әдістері.
16 тақырып. Металдарды қысыммен өңдеудің технологиясы

16.1 Металдарды қысыммен өңдеудің физика- химиялық негізі

Пластикалық деформация жөнінде түсінік. Металды нығайту. Суық және ыстық деформация. Қайту және рекристалдану.

Металдардың созымдылығы, деформацияға кедергісі, тапталуы және қалыпталуы, оларды анықтау әдістері. Химиялық құрамының және температураның металдың созымдылығы мен деформация кедергісіне әсері.

16.2 Ыстық және суық қалыптау

Ыстық көлемдік қалыптаудың мәні. Қалыптаудың тәсілдерінің түрлері. Шындалғылардың түрлері.

Ашық және жабық қалыптармен қалыптау. Сығып қалыптау және бөлінетін матрицаларда қалыптау. Қоспаланған, блин, болаттарды қалыптаудың технологиялық ерекшеліктері. Суық қалыптаудың әдістерінің топтары, сипаттамалары және пайдалануы.

16.3 Таптау, илемдеу және созу

Топтаудың мәні. Негізгі операциялары. Құрал-жабдықтары. Жоғары қоспаланған, қорытпаларды таптаудың технологиялық ерекшелігі. Пайдалануы.

Таптайтын біліктермен, гаризонтальдық майыстыратын машиналармен, жылдамдығы жоғары балғалармен қалыптау.

Илемдеу үрдістерінің мәні. Құрал-жабдықтар.

Сығымдау. Алғашқы дайындамалар және өнімдер.


17 тақырып. Пісіру өндірісінің технологиясы

17.1 Пісіру өндірісінің жалпы сипаттамасы

Машина жасаудағы пісіру өндірісінің қазіргі жағдайы және болашақта дамуы. Пісіру әдісінің түрлері. Көліктік техниканы жасау кезіндегі пісіру әдістерінің пайдаланылуы.

17.2 Пісірілген қосылыстарды жасаудың физикалық негізі

Балқытып және қысыммен пісірудің физикалық мәні. Біркелкі және әртүрлі материалдардың пісірілгіштігі. Пісіру былауының кристалдану ерекшелігі. Пісіру кезіндегі деформация мен кернеудің пайда болуы. Пісіру кезіндегі пайда болатын жарықтар. Пісімділігін анықтау әдістері. Пісірілген жапсарлардың құрылымы және механикалық қасиеттері, олардың МЕСТ бойынша таңбалануы.

17.3 Газбен балқытып пісіру, кесу

Газбен пісіру үрдісінің мәні. Жаңғыш газдардың түрі, құрал- жабдықтар. Пісіргіш жалын және оның сипаттамасы. Құйылатын материал, флюстер және олардың МЕСТ бойынша таңбалануы. Газбен пісіру технологиясы. Пісіру режимінің негізгі параметрлерін таңдау: пісіргіш жалынның қуатын, жалынның түрін, сымның таңбасы мен диаметрін, пісіру әдісі мен тәсілін. Газбен пісірудің пайдаланылуы.

Оттегімен, флюспен металдарды кесу. Кесу үрдістерінің сұлбалары және мәні. Кесу жағдайы және кесілгіштігі.

Газбен пісіру және кесу кезіндегі техникалық және өрт қауіпсіздігінің ережелері.

17.4 Доғамен балқытып пісіру

Электрдоғамен балқытып пісіру түрлері және мәні. Пісіретін электрдоғаның қасиеттері. Доғамен пісіруге арналған тоқ көздері, оларға қойылатын талаптар және сипаттамалары.

Қолмен доғамен пісіру. Пайдаланатын құрал-жабдықтар пісіруге пайдаланатын материалдар, олардың түрлері және МЕСТ бойынша таңбаланылуы. Пісірудің технологиялық режимдері және тәсілі. Доғамен кесу. Қолмен доғамен пісірудің пайдалануы.

Флюстің астында автоматпен пісіру. Бұл әдістің мәні, құрал-жабдықтары, пайдаланылатын материалдары мен флюстер. Пісіретін автоматтардың жұмыс істеу принципі. Флюстың астында пісірудің технологиясы.

Электрошлакпен пісіру. Оның мәні, ерекшелігі, артықшылығы және кемшілігі. Пайдалануы.

Электрдоғамен балқытып пісіру кезіндегі техникалық және өрт қауіпсіздігінің ережелері.

17.5 Қысыммен пісіру әдістері

Қысыммен пісіру үрдісінің мәні. Электротүйістіріп пісіру: түйістіріп, нүктелеп, жапсарлап, конденсаторлық. Пайдаланатын құрал-жабдықтар және пісіру техникасы. Қысыммен пісірудің арнайы түрлері: диффузиялық, суық түрде, жарылыс арқылы пісіру, үйкеліспен пісіру және басқалар. Олардың мәні және пайдаланылуы. Техника қауіпсіздігі.

17.6 Металдар мен қорытпалардың пісірілгіштігі. Аз көміртекті, қоспаланған және жоғары қоспаланған болатарды пісіру. Пісіруге дейінгі, пісіру кезіндегі және пісіруден кейінгі пісірілген қосылыстардың сапасын қамтамасыз ететін негізгі технологиялық шаралар.

Шойынды пісіру. Технологиясы және құрал-жабдықтар. Алюминиймен оның қорытпаларын пісіру әдістері. Активті жоғары металдарды пісіру (титан, магний және басқалары).

Пісірудің жаңа әдістері.

17.7 Металдар мен қорытпаларды дәнекерлеу

Дәнекерлеу үрдісінің мәні және сұлбасы. Дәнекерлегіш материалдың түрлері, МЕСТ бойынша таңбалануы. Дәнекерлеу технологиясы. Пайдаланылуы.

17.8 Пісірілген және дәнекерленген қосылыстардың сапасын бақылау

Пісірілген және дәнекерленген қосылыстардың негізгі ақаулары. Пісірілген жапсардың пішінінің ақаулары. Пісірілген қосылыстардың бақылау әдістерінің түрлері, олардың жұмыс істеу тәртібі. Ақауларды жөндеу әдістері.


18 тақырып. Конструкциялық материалдарды кесіп өңдеу технологиясы

18.1 Металдарды кесіп өңдеудің физикалық негізі.

Кесу үрдісінің кинематикасы. Кесіп өңдеудің сұлбалары. Кесу режимдерінің элементтері.

Жоңқалардың түрлері. Жоңқаның пайда болуына кесу режимдерінің және өңделетін материалдардың қасиеттерінің әсері. Кесу үрдісі кезіндегі физикалық құбылыстар. Кесу үрдісі кезіндегі деформациялар. Кесу үрдісі кезіндегі бөлінген жылудың өңдеу дәлдігіне, бөлшектің бетінің сапасына және құралдың кесу қабілетіне әсері. Майлайтын-салқындататын сұйықтардың кесу үрдісіне әсері.

Кескіш құралдардың тозуы. Тозудың белгісі. Өңделген беттің сапасына құралдардың тозуының әсері. Кескіш құралдардың төзімділігі және оның металдың кесу үрдісінің өнімділігіне әсері.

Материалдардың кесіп өңделуіне және оны бағалайтын белгілер.

18.2 Бөлшектерді токарлық станоктарда өңдеу.

Металкескіш станоктардың топтары мен түрлері. Әмбебап токарлық бұрандамакескіш станоктың жалпы көрінісі (мысалы, 1К620), оның негізгі бөлімдері және атқаратын қызметі.

Токарлық топтың станоктардың түрлері: карусельдік, револьверлік, жартылай автомат және автомат. Олардың пайдалануы. Бағдарламамен басқарылатын станоктар жөнінде түсініктер.

Токарлық станоктарда жасалатын жұмыстар (цилиндр және конус беттерді, ұштарды, тесіктерді ж.б. беттерді жону).

Кескіштің түрлері. Бөлшектердің бекіту әдістері, токарлық жұмыстарды пайдаланатын аспаптар.

Токарлық кескіш, кесетін бөлімінің геометриялық параметрлері.

Кескіштің кесетін бөлімін жасайтын материалда, олардың сипаттамасы. Жонып өңдегендегі кесу жылдамдығы және құралдың төзімділігі. Кесу жылдамдығының формуласын талдау. Кесу күші және оның құраушылары. Кесу үшін анықтайтын формула. Жонып өңдегендегі кесу моменті мен қуаты. Кесу режимін тағайындау әдісі.

Токарлық өңдеудің негізгі технологиялық (машиналық) уақыты. Жылдам және күшпен жону. Токарлық өңдеуінің дамуының жаңа бағыттары.

18.3 Фрезерлік және тістерді өңдейтін станоктарда бөлшектерді өңдеу

Фрезерлік станоктардың түрлері, олардың сипаттамасы. Әмбебап горизонтальдық фрезерлік станоктың жалпы көрінісі, негізгі бөлімдері және олардың атқаратын қызметі.

Фрезерлік станоктарда жасалатын жұмыстар. Бөлшектерді бекіту әдістері, пайдаланатын аспаптар. Фрезерлеу үрдісінің мәні. Фрезалардың негізгі түрлері. Кесетін бөлімінің геометриялық параметрлері. Фрезалардың тістерінің пішіні. Кесетін бөлімін жасайтын материалдар. Фрезерлеудің кесу режимдерінің элементтері (тереңдігі, ені, кесу жылдамдығы, фрезаның төзімділігі, кесу күші мен қуаты, негізгі технологиялық уақыт). Фрезерлеудің кесу режимдерін тағайындау әдісі.

Тістерді өңдейтін станоктардың түрлері, олардың қысқаша сипаттамасы. Тісті дөңгелектің тістерін жону әдістері мен сұлбалары, пайдаланатын құралдар. Тістерді жонудың кесу режимдерінің негізгі элементтері. Тістерді тазалап өңдеу әдістері.

18.4 Бұрғылайтын станоктардың түрлері, олардың сипаттамасы. Вертикальдық және радиальдық бұрғылайтын станоктардың жалпы көрінісі, олардың негізгі бөлімдері және атқаратын қызметі.

Бұрғылайтын станоктарда жасайтын жұмыстар, бөлшектерді бекіту әдістері, пайдаланатын аспаптар (контукторлар, жылдам ауыстырылатын патрондар ж.б.).

Бұрғылаудың өңдеу әдістерінің сипаттамасы. Тесіктерді өңдейтін құралдар (бұрғылар, зенкерлер, кеңейткіштер), олардың конструкциялық және геометриялық параметрлері. Бұрғыларды қайрау әдістері. Бұрғылаудың, зенкерлеудің, кеңейтудің, бұранда жасаудың кесу режимдерінің элементтері. Бұрғылаудың кесу күші мен айналдыру моменті. Кесу режимдерін тағайындау әдісі. Терең тесіктерді бұрғылау.

18.5 Тартатын, сүргілейтін және қашайтын станоктарда бөлшектерді өңдеу

Тартатын, сүргілеп және қашап өңдеудің кесу схемалары. Пайдаланатын құралдардың конструкциялары. Осы өңдеудің түрлері арқылы пайда болатын бөлшектердің беттерінің пішіні. Бөлшектерде өңдеуге пайдаланғанда бұл әдістердің экономикалық пайдалылығы.

Тартатын, сүргілейтін және қашайтын станоктардың қысқаша сипаттамасы, олардың жұмыс істеу тәртібі даааауы. Кесу режимдерінің негізгі элементтері. Тартып өңдеуге пайдаланатын негізгі майлағыш – салқындатқыш сұйықтар.

18.6 Ажарлайтын станоктарда бөлшектерде өңдеу

Бөлшектерді абразивтік өңдеудің мақсаты және мәні. Ажарлайтын станоктардың түрлері, олардың атқаратын қызметі және жұмыс істеу тәртібі.

Ажарлайтын станоктарда жасалатын жұмыстар. Дөңгелек, жазық және ортасыз ажарлаудың кесуінің негізгі сұлбалары. Бөлшектерді бекіту әдістері, аспаптар.

Абразивтік дөңгелектердің сипаттамасы, түрлері және таңбалануы. Басқа абразивтік құралдардың қысқаша сипаттамасы.

Ажарлаудың түрлерінің негізгі кесу режимдері және оларды тағайындау әдісі.

Жылдам және күшпен ажарлау жөнінде түсінік. Хононгтау, суперфиништеу және жалтырату жөнінде негізгі түсініктер. Пайдаланатын құралдар. Абразивтік өңдеуде пайдаланатын майлағыш-салқындатқыш сұйықтардың құрамы. Алмаздық ажарлау.

18.7 Пластмассаларды және басқа металл емес материалдарды өңдеу

Металкесетін құрал – жабдықтармен пластмассаларды және басқа металл емес материалдарды кесіп механикалық өңдеудің ерекшелігі (пайдаланатын құралдар, геометриялық бұрыштары, кесу режимдері, аспаптар). Арнайы станоктарды, кесу режимдерді, майлағыш-салқындатқыш сұықтарды пайдалану.

18.8 Беттердің пішінің жасаудың жаңа әдістері

Электрұшқындық, электрхимиялық, анодтық-химиялық, ультра-дыбыстық және басқа қазіргі кездегі арнайы өңдеу әдістерінің физикалық-химиялық мәні, қолданатын құрал-жабдықтар және пайдалануы.

Өңделетін беттерді, жұқалап пластикалық деформациялау әдісінің мәні пайдаланатын құрал-жабдықтар мен өңдеу режимдері.

Бөлшектердің пішінің пластикалық деформация арқылы жасау әдістері (тесіктерді калибрлеу, бұрандаларды қысып айналдырып жасау ж.б.). Пайдаланатын құрал-жабдықтар. Беткі қабатын пластикалық деформация арқылы нығайтудың қосымша әдістері.

18.9 Механикалық өңдеудің технологиялық үрдістерін механикалан-дыру және автоматтандыру

Механикаландыру және автоматтандыру жөнінде түсінік. Бөлшектердің механикалық өңдеудін автоматтандыру мен механикаландыруының негізгі бағыттары. Бағдарламамен басқару арқылы станоктарды автоматтандыру тәртібі.


Өздігінен меңгеру үшін білім алушыларға ұсынылатын тақырыптардың тізімі

1–тақырып.Түсті металдар мен қорытпалар

Антифрикционды қорытпалар. Баббиттер мен қорытпалар. Құрамы, құрылымы, физикалық, механикалық және технологиялық қасиеттері.

Түсті металдардың жаңа қорытпалары. Түсті металдардың және қорытпалардың МЕСТ бойынша таңбалануы. Көліктік техникада түсті металдар мен қорытпаларды пайдалану.

Ұсынылатын әдебиет: [1], 198 – 227 бет.



2–тақырып.Ұнтақтық қорытпалар

Металдық – керамикалық материалдардың түрлері мен қасиеттері. Ұнақты және қатты қорытпаларды жасау технологиясы жөнінде түсінік. Ұнтақты және қатты қорытпалардың топтары. МЕСТ бойынша таңбалануы және пайдалануы.

Ұсынылатын әдебиет: [3], 135 – 140 бет.

3–тақырып.Металл емес материалдар

Пластмассалардың түрлері және олардың негізгі қасиеттері. Пластмассалар мен полимердің құрамы. Толықтырғыш. Пластификаторлар. Бояулар. Полимерлеу үрдісінің мәні.

Бөлшектерді пластмассадан құю арқылы және қысыммен жасау технологиясы.

Резеңкенің түрлері және қасиеттері. Резеңке қоспаларын пайдалану және оларды өңдеу. Резеңкеден бұйымды жасау әдістері. Көліктік техникада резеңкелерді пайдалану.

Ұсынылатын әдебиет: [1], 243 – 254 бет., [3], 149 – 157 бет

4–тақырып. – Металлургиялық өңдірістің негізгі

Шойынды өндіру. Домна пештерінде шойынды өндірудің негізгі физика-химиялық үрдістері. Домна өндірісінің өнімдері және оларды пайдалану. Домна өндірісінің тиімділігін жоғарылату әдістері.

Болатты өндіру. Болатты өндіру әдістерінің түрлері және олардың қысқаша сипаттамасы. Болатты оттегі конверторында, мартен пешінде және электр пештерінде өндіру технологиясы.

Болатты құю әдістері. Тыныш және қайнайтын болаттардың құймаларының құрылысы. Болатты үздіксіз құю әдісі.

Ұсынылатын әдебиет: [2], 6 – 14 бет., [3], 19 – 39 бет., [4], 20 – 45 бет.

5–тақырып.Құю өндірісінің технологиясы

Құю өндірісінің жалпы технологиясы. Құйма жасау әдістерін топтау.

Құймаларды жасау әдістері

Құймаларды жасаудың жалпы технологиялық сұлбасы. Құймаларды құм-саз және қабыршық қалыптарда жасау. Үлгіні ерітіп құймаларды жасау. Ортадан тепкіш күшті пайдаланып құймаларды жасау әдісі. Металл қалыптарға құйып құймаларды жасау. Қысыммен құймаларды жасау. Құймаларды жасаудың арнайы әдістері.

Ұсынылатын әдебиет: [2],48–66 бет., [3], 173–238 бет., [4], 120–181 бет.

6–тақырып. Металдарды қысыммен өңдеудің технологиясы

Ыстық және суық қалыптау. Қалыптаудың тәсілдерінің түрлері. Шындалғылардың түрлері.

Ашық және жабық қалыптармен қалыптау. Сығып қалыптау және бөлінетін матрицаларда қалыптау.

Таптау, илемдеу және созу. Топтаудың мәні. Негізгі операциялары. Құрал-жабдықтары. Жоғарлы қоспаланған, қорытпаларды таптаудың технологиялық ерекшелігі.

Илемдеу үрдістерінің мәні. Құрал-жабдықтар.

Престеу. Алғашқы дайындамалар және өнімдер.

Ұсынылатын әдебиет: [2], 48–66 бет., [3], 246–310 бет., [4], 53–128 бет.

7–тақырып.Пісіру өндірісінің технологиясы

Газбен балқытып пісіру, кесу. Газбен пісіру үрдісінің мәні. Жаңғыш газдардың түрі, құрал- жабдықтар. Пісіргіш жалын және оның сипаттамасы. Құйылатын материал, флюстер және олардың МЕСТ бойынша таңбалануы. Газбен пісіру технологиясы. Пісіру режимінің негізгі параметрлерін таңдау: пісіргіш жалынның қуатын, жалынның түрін, сымның таңбасы мен диаметрін, пісіру әдісі мен тәсілін.

Доғамен балқытып пісіру. Электрдоғамен балқытып пісіру түрлері және мәні. Пісіретін электрдоғаның қасиеттері. Доғамен пісіруге арналған тоқ көздері, оларға қойылатын талаптар және сипаттамалары.

Қолмен доғамен пісіру. Пайдаланатын құрал-жабдықтар пісіруге пайдаланатын материалдар, олардың түрлері және МЕСТ бойынша таңбаланылуы. Пісірудің технологиялық режимдері және тәсілі. Доғамен кесу. Қолмен доғамен пісірудің пайдалануы.

Флюстің астында автоматпен пісіру. Бұл әдістің мәні, құрал-жабдықтары, пайдаланылатын материалдары мен флюстер. Пісіретін автоматтардың жұмыс істеу принципі. Флюстың астында пісірудің технологиясы.

Электроқожбен пісіру. Оның мәні, ерекшелігі, артықшылығы және кемшілігі. Пайдалануы.

Электрдоғамен балқытып пісіру кезіндегі техникалық және өрт қауіпсіздігінің ережелері.

Қысыммен пісіру әдістері. Қысыммен пісіру үрдісінің мәні. Электротүйістіріп пісіру: түйістіріп, нүктелеп, жапсарлап, конденсаторлық. Пайдаланатын құрал-жабдықтар және пісіру техникасы техникасы. Қысыммен пісірудің арнайы түрлері: диффузиялық, суық түрде, жарылыс арқылы пісіру, үйкеліспен пісіру және басқалар. Олардың мәні және пайдаланылуы. Техника қауіпсіздігі.

Пісірудің жаңа әдістері.

Ұсынылатын әдебиет: [2],48–66 бет., [3], 318–436 бет., [4], 182–238 бет.



8–тақырып.Конструкциялық материалдарды кесіп өңдеу технологиясы

Металдарды кесіп өңдеудің физикалық негізі. Бөлшектерді токарлық станоктарда өңдеу. Фрезерлік және тістерді өңдейтін станоктарда бөлшектерді өңдеу. Бұрғылайтын станоктардың түрлері, олардың сипаттамасы. Тартатын, сүргілейтін және қашайтын станоктарда бөлшектерді өңдеу. Ажарлайтын станоктарда бөлшектерде өңдеу Пластмассаларды және басқа металл емес материалдарды өңдеу. Беттердің пішінің жасаудың жаңа әдістері. Механикалық өңдеудің технологиялық үрдістерін механикаландыру және автоматтандыру



Ұсынылатын әдебиет: [2], 48 – 66 бет., [4], 253 – 445 бет.
2 Бақылау тапсырмалары
Пәнді оқу барысында тәлімгер зертханалық және тәжірибелік жұмыстарды міндетті түрде өз беттерімен орындап шығу керек.
3 Бақылау сұрақтары


  1. Металдар классификациясы.

  2. Металдар кристалдарының құрылысы жайлы түсінік. Элементар кристалл торларының типтері.

  3. Полиморфизм. Темір полиморфизмі.

  4. Кристалдар құрылысының ақауы.

  5. Илемді және пластикалық деформация. Монокристалл және кристалиттің пластикалық ығысуы.

  6. Кристализацияның элементтер теориясы. Тепе-теңдік және тепе-теңсіздік кристалдануы.

  7. Ұрықтың кризистік диаметрі туралы түсінік. Тамман қисығы.

  8. Гомогенді және гетерогенді кристалдану.

  9. Кристалдардың өсу жылдамдығы. Кристалдану орталығы.

  10. Наклеп. Деформацияланған металдың құрылымы мен қасиетіне қыздырудың әсері.

  11. Қайтымды. Рекристализация.

  12. Суық және ыстық деформация.

  13. Екілік жүйедегі күй диаграммасы.

  14. Үшіншілік жүйедегі күй диаграммасы.

  15. Механикалық қоспа түзетін қорытпа күйінің диаграммасы.

  16. Шексіз бір-бірінде еритін қорытпа күйінің диаграммасы.

  17. Эвтектоидты, эвтектикалық және перитетикалық түрленістерін сынайтын қорытпа күй диаграммалары.

  18. Қатты ерітіндінің енгізу мен орын басуы. Фазалар мен құрылымдар.

  19. Темір мен көміртегінің-феррит, аустенит, перлит, сорбит, троостит, цементит қорытпалары.

  20. Темір-көміртегі қорытпаларының күй диаграммасы.

  21. Болаттардың алғашқы кристалдануы.

  22. Екінші ретті болат кристаллизациясы.

  23. Шойындардың кристалдануы.

  24. Көміртекті болаттар.

  25. Болаттар қасиеттеріне көміртегінің әсері.

  26. Қоспаланған болаттар.

  27. Конструкциялық болаттар-цементтеуші, жақсартушы, автоматты.

  28. Шарикті подшипникті болаттар. Тозуға төзімді болаттар.

  29. Коррозияға төзімді болаттар.

  30. Аспаптық материалдар. Құрал-саймандық болаттардың классификациясы мен таңбалануы.

  31. Кесу аспаптарына арналған болаттар. Өлшеу аспаптарына арналған болаттар.

  32. Шарикті подшипникті хромды болаттар.

  33. Ыстықтай және суықтай деформациялау қалыптауға арналған болаттар.

  34. Серіппелі-рессорлы болаттар.

  35. Ыстыққа төзімді болаттар. Арнайы болаттар.

  36. Құрылымды болаттар.

  37. Болаттар қасиетіне қоспалаудың әсері.

  38. Болаттар классификациясы мен таңбалануы.

  39. Шойындар. Ақ шойын.

  40. Шойындардағы графит пішіндері.

  41. Сұр, жасытылған және беріктігі жоғары шойындар.

  42. Шойындардың жіктелімі (классификациясы) мен таңбалануы.

  43. Металдардың термиялық өңдеудің негізгі теориясы. Термиялық өңдеу үрдістерінің жіктелімі.

  44. Бірінші және екінші түрдегі жұмсарту.

  45. Шыныққан болаттың әр түрлі босатудағы реттелу қасиетінің тәсілі.

  46. Қалыпты күйге келтіру (Нормализация).

  47. Шынықтыру және босату.

  48. Ескіру.

  49. Оңтайлы қоспаланған және термиялық өңдеудегі берілген материалдар мен конструкциялы машина бөлшектерінің қасиеттерін алу тәсілі.

  50. Металлургия және машина жасау өндірісіндегі металдарды термиялық өңдеу жабдықтары мен технологиялық үрдістер.

  51. Термомеханикалық өңдеу.

  52. Пластикалық деформациядағы термоөңдеу үйлесімі, үрдістеерекшелігі.

  53. Жоғарғы және төменгі температурадағы термомеханикалық өңдеу. (ВТМО және НТМО). Аусформинг.

  54. Илемді деформациялық-термиялық беріктеу.

  55. Аустениттің құрылымына ыстық пластикалық деформацияның әсері.

  56. Сорттық илем және болаттың әр түрлі маркаларынан жасалған бұйымдарына арналған термомеханикалық өңдеудің әр түрлі технологиялық үрдістері.

  57. Химия-термиялық өңдеу. (ХТӨ).

  58. ХТӨ-дегі диффузиялық қабаттың пайда болу механизмі.

  59. Теңдік фазасының және жеке фазасының кинетикалық өсуінің әсері.

  60. Диффузиялық қабаттың стехеометриялық фаза құрамы мен реакция жолымен пайда болуы.

  61. Әртүрлі элементтердің қоспалары және металл бетінің қанығуы.

  62. Цементациялау, азоттау, циандау, нитроцементациялау.

  63. Диффузиялық металдану. Хромдау. Бромдау. Алитерлеу.

  64. Металды суыту және қыздыру кезіндегі негізгі айналу.

  65. Аустенит тұқымының өсуі. Аустениттің ыдырауы.

  66. Диффузиялық және диффузиялық емес үрдістер.

  67. Перлиттік айналу.

  68. Мартенситтік айналу.

  69. Термокинетикалық айналулар. Болаттың шыңығуы мен қыздырылуы.

  70. Бірінші, екінші, үшінші ретті босату кезіндегі түрленістер .

  71. Ферритті фаза қалпының өзгеруі.

  72. Карбитті бөлшектердің коагуляциясы.

  73. Қатты металдар және балқымалардағы фазалық түрленістердің жалпы тәртіптері (принциптері).

  74. Бейниттік түрленістер.

  75. Болат пен түсті қорытпаларды жұмсарту кезіндегі түрленістер.


Әдебиет


  1. Сүлеймен Е.Б. Материалтану. Оқулық. – Павлодар: С. Торайғыров

атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғылыми баспа орталығы 2006. – 261 б.

2. Cыздыков О., Оразбаев Б., Нысанбаев Ғ. Конструкциялық материалдар технологиясы. Оқулық – Алматы Республикалық баспа кабинеті, 1993 ж. – 290 б.

3. Оськин В.А., Евсиков В.В. Материаловедение. Технология конструкционных материалов. Учебники и учебное пособие для студентов высш. учеб. заведений / Книга.1. – М. : Колос, 2008. – 447 с.

4. Дальский А.М., Арутюнова А.И., Барсукова Т.М. Технология

конструкционных материалов: Учебник для машиностроительных специальностей вузов.- 2-ое изд., перераб. и доп.- М.: Машиностроения, 1985. - 448с.

5. Материаловедение и технология металлов: Учебник для студентов

машиностроительных спец. вузов / Г.П. Фетисов, М.Г. Карпман, В.М. Матюнин и др. – 5-е изд., стер. – М.: Высш. шк,. 2007. – 862 с.; ил.

6. Сүлеймен Е.Б., Сүйіндіков М.М. Металтану: – Металлургиялық және машинажасау мамандықтарындағы студенттерді оқытуға арналған әдістемелік құрал: Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғылыми баспа орталығы, 2001. – 34 б.

7. Сүйіндіков М.М. Конструкциялық материалдар технологиясы: – Лабораториялық жұмыстарға арналған әдістемелік құрал: Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғылыми баспа орталығы, 2000. – 100 б.

8. Казаков Н.Ф., Осокин А.М., Шишкова А.П. Технология металлов и

других конструкционных материалов: Учеб. пособие для немашиностроительных вузов. - М.: Металлургия, 1975. – 687с.

9. Гуляев А.П. Металловедение, уебник, 6-е издание, перерап. и доп.-М.: Металлургия, 1986, 541 с.

10. Лахтин Ю.М., Леонтьева В.И. Материаловедение: Учебник для втузов. – 3-е изд., перераб. и доп. – М. : Машиностроение, 1990. – 528 с.

11. Арзамасова Б.Н. Материаловедение: Учебник для втузов/Под общей ред. – 2-е изд., испр. и доп. – М.: Машиностроение, 1986. – 384 с.

12. Кнорозов Б.В., Усова Л.Ф., Третьяков А.В. Технология металлов:

Учебник для вузов.- 2-ое изд., перераб. и доп. - М.: Металлургия, 1987.- 902 с.

13. Солонцев Ю.П., Пряхин Е.И. Материаловедение: Учебник для вузов. Изд. 3-е перераб. и доп. – Санкт-Петербург: Химиздат, 2004. – 736 с.

14. Вернер А.К., Курбатова И.А., Парфеновская О.А. Технология кострукционных материалов: Краткий курс лекций , 3-е изд. – М. : МГИУ, 2008. – 140 с.

15. Дриц М.Е., Москалев М.А. Технология конструкционных материалов и материаловедение: Учебник для вузов. - М.: Высшая школа, 1990.- 447с.

16. Жадан В.Т., Гринберг Б.Г., Никонов В.Я. Технология металлов и других конструкционных материалов: Учеб. пособие для немашиностроительных вузов. -2-ое изд., перераб. и доп. - М.: Высшая школа, 1970. - 704с.



17. Архипов В.В., Абиндрев А.А., Касенков М.А. Технология металлов и других конструкционных материалов: Учебник для механических специальностей вузов.- 3-ие изд., перераб, и испр. - М.: Высшая школа, 1970. - 520с.

18. Сүлеймен Е.Б. Металтану сөз тіркесінің орысша-қазақша сөздігі. –

Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғылыми баспа орталығы, 2005. – 35 б.

29. Травин О.В., Травина Н.Т. Материаловедение: Учебник для вузов. – М. : Металлургия, 1989. – 384 с.






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет