Оқу сауаттылығы-юстади №1
Байлық
Бұрынғы өткен заманда бір дана кісі өлерінің алдында жалғыз қалып бара жатқан баласына : « Шырағым,жер астына көмген көп қазынам бар, соны қазып алсаң , қарның аш болмас, киімсіз болмассың»-депті.Әкесі өлген соң жетім баласы үйдің айналасындағы жерді ертеңді-кеш еңбек етіп қазады, көп машықтанады, бірақ әкесі айтқан қазынаны таба алмайды.
Басы дал болып, шаршап шалдығып , ақырында бір көп жасап, көп көрген данышпан қарияға келеді. Әкесінің насихатын , өзінің көп әуре болғанын баяндайды, ақыл сұрайды.
Балам, сен әкеңнің өсиетін түсінбеген екенсің, оның мәнісі былай: әкең саған мирасқа жер қалдырыпты, сол жерді күшің жеткенше күтіп, егін егіп, күзде тұқым шашып еңбек етсең уақытында өнімін төкпей- шашпай жиып алсаң, сонда сен байлықтың астында қаласың, аш та, жалаңаш та болмайсың. Байлық – жерде, еңбекте ,- депті қария.
Сонда бала басын қасып, әкесінің өзіне айтқан өсиетін енді ғана түсініп, оны орындауға кіріскен екен.
Әкесінің қалдырғаны қандай байлық?
А) жер
В) тұқым
С) алтын
Д ) өнер-білім
Дана кісі өлерінде баласына не айтты?
А) өсиет
В) өсек
С) әңгіме
Д) жұбату
Мәтін мазмұнына сәйкес келетін мақал:
Достарыңызбен бөлісу: |