7.1.2.1 әлеуметтік-қоғамдық, оқу-еңбек тақырыптарына байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, көркем әдеби шығармадан үзінді) автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдау;
7.4.4.5 оқшау сөздердің қызметін түсіну, ажырата білу
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы орындай алады: Мәтін тақырыбындағы әлеуметтік-қоғамдық, оқу-еңбек тақырыптарына байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, көркем әдеби шығармадан үзінді) автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдайды, оқшау сөздердің қызметін түсінеді
Бағалау критерийі:
1. Мәтіндегі әлеуметтік-қоғамдық, оқу-еңбек тақырыптарына байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, көркем әдеби шығармадан үзінді) автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдай алады
2.Оқшау сөздердің қызметін түсінеді, түрлерін ажыратады, қолданады;
Тілдік мақсат
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
Оқшау сөздер, қаратпа сөз, дауыс ырғағы
Диолог құруға \ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер.
Кеңес Одағының Батыр атағы, ДОСААФ авиамектебі, әскери оқу, «Ұшқыш танк », «бауыр басып кетеді », көзсіз ерлік көрсеткен
Талқылауға арналған сұрақтар:
1.Мәтінде батырды неге қыран құсқа теңеген?
2.Фашистер Талғат мінген ұшақты неліктен «Қара ажал » деп атады?
Алдыңғы оқу
Әлия мен Мәншүктің ерлігі
Құндылықтарға баулу
Қазақстандық патротизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық.
Пән аралық байланыс
Тарих , әдебиет, жаратылыстану
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Басы
«Мозайка » әдісі топқа бөлінеді (Ұшақ суреттері)
Осы ұшаққа қатысты сөздерді «Сөздер банкасы » әдісі арқылы топтастырады, тақырыпты ашады. Тақырып анықтаған соң оқушылар өздері мақсаты мен критерий құрастырады, содан соң Оқу мақсаты мен критерий таныстырылады.
Қыран бүркіт- киелі, қастерлі құс. Қыран құсты қазақ «көк тәңірісі », «аспан перісі », «қанаттылар ханы » деп құрмет тұтқан. Дәл осындай текті құстың болмысы Кеңес Одағының Батыры атағын екі рет алған Талғат Бигелдиновте бар еді.
«Ұшқыш болсам » деген өрекпіген көңілмен Бішкектегі ДОСААФ авиамектебіне түседі, ол жерде «У-2 » деген ұшақпен ұшуды үйренеді. 1940 жылы Саратов әскери авиация мектебіне оқуға жіберіледі. Саратовтағы ұшқыштар мектебін екі жыл оқып, сержант шенімен бітірген соң, Чкаловтағы бомбалаушы ұшқыштар мектебін аяқтайды. Ал қан майданға аттанар алдында Ижевск қалдасынан «ИЛ-2» штормовигімен ұшуды үйреніп шығады. Әскери оқуды тамамдаған күннен бастап «ұшқыш танк» деп аталып кеткен «Ильюша» ұшағына «бауыр басып кетеді. »
1942 жылы майданға аттанады. Өзі бір көргеннен ұнатқан ұшақпен көк жүзінде 500 сағат болады. 305 рет әскери шабуылға шығып, жау ұясы- Берлинді алуға бірінші болып қатысады. Фашистер өздеріне аяусыз өлім оғын сепкен Талғат мінген ұшақты «Қара ажал » деп атаған. 23 жасында Кеңес Одағының Батыры атағын екі мәрте иеленіп, көзсіз ерлік көрсеткен қыран қазақ қан майданнан аман- есен оралады.
Талғат Бигелдинов соғыстан соң азаматтық авиацияны басқарды. Мәскеу инженерлік құрылыс институтын бітіріп, құрылыс саласында да қызмет атқарды.
Тапсырма. Төменде берілген мәтін бөлігін оқшау сөздерді пайдалана отырып, жазып шық.
1942 жылы майданға аттанады. Өзі бір көргеннен ұнатқан Тыңдалған мәтіндегі тірек сөздердің негізінде қаратпа сөздерді қатыстырып, сұхбаттас. ұшақпен көк жүзінде 500 сағат болады. 305 рет әскери шабуылға шығып, жау ұясы- Берлинді алуға бірінші болып қатысады. Фашистер өздеріне аяусыз өлім оғын сепкен Талғат мінген ұшақты «Қара ажал » деп атаған. 23 жасында Кеңес Одағының Батыры атағын екі мәрте иеленіп, көзсіз ерлік көрсеткен қыран қазақ қан майданнан аман- есен оралады.