Оқулық жобасы бойынша аударылған оқулықтарды сабақ барысында қолдану тиімділігі



бет1/10
Дата28.01.2022
өлшемі20,29 Kb.
#130049
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Жоба



100 жаңа оқулық жобасы бойынша аударылған оқулықтарды сабақ барысында қолдану тиімділігі

Сактаганова Ақнұр

№151 ЖББМ КММ,

Алатау ауданы, Алматы қаласы

(saktaganovaaknur@gmail.com)

Мазмұны

Кіріспе

Негізгі бөлім


    1. Оқулықтарды тиімді оқу тәсілдері

    2. Оқулықтардың мазмұнына талдау жасау

2.1 Сабақ барысында жоғарғы деңгейдегі сұрақтарды қоя білу

2.2 Негізгі ойды ажырату немесе «тиімді эссе» әдісі



Қорытынды

Аннотация


Әлеуметтік-гуманитарлық салада 100 жетекші оқулық аудармасы - прагматизм мен бәсекеге қабілетті рухани жетілдіруде жаңа Қазақстан ұрпағын қалыптастуруда нақты қадам болып табылады. Жоба арқылы әлемдік заманауи ғылымда басылып жатқан және классикаға айналған еңбектермен танысу және талдау жасауға мүмкіндік алып отыр. Оқушылардың сыни ойлау қабілетін қалыптастыруды және дамытуды көздейді. Жаңа гуманитарлық білім дегенде Елбасы мақаласында ғылымның жеті бағыты аталды. Ол философия, әлеуметтану, психология, мәдениеттану, тарих, филология және саясаттану. Осы саланың барлығы қамтылып жатыр. Бұлардың қай-қайсысы да адамның жеке тұлға және маман ретінде қалыптасуына зор ықпал ететін білім салалары. Олар қоғамдағы азаматтық ұстаным, моралдық құндылық, ар-ождан негіздерін қалайды. Адамның өзіне, айналасына, елге деген көзқарасын қалыптастырады. Біз дүние жүзіндегі ғылым мен білімнің мазмұнына жол ашу арқылы ілгері дамыған қоғамдардағы осындай көзқарас және ұстаным қалыптастыру құралдарымен жақын танысуға мүмкіндік алдық. Мақсат – ол білімді айна-қатесіз көшіріп алып, соған илану емес. Біз әлемнің қалай ойлап, нені құнды, нені дұрыс, нені бұрыс деп білетінін ескере отырып, өз бағытымызды анықтауда қателеспей, өзіміздің қазақстандық жолымыздан жаңылмауымыз қажет. Сондықтан да рухани жаңғыру аясындағы өзге жобалар өз тарихымызға, өлкетануға, төл мәдениетке арқа сүйейді. Қазақ дүниетанымын қорғау сөзсіз қажет, бірақ ол тұйықталу дегенді білдірмейді.

Негізгі ұғымдар: гуманитарлық білім, оқулық, тарих, философия


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет