Оқушыға арналған тапсырма парағы
Күні: 15.04.2020 ж. Сынып: 7 Б Пәні: Қазақ тілі Сабақ №5 Бөлім: Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым. Тақырыбы: Ерлік –елге өнеге. Ресурстар: 1.«Қазақ тілі» оқулығы,7-сынып.157-158-бет.
Сабақ барысы: 1.Оқулық пен дәптер, қаламдарды сабаққа дайындау. 2. Дәптерге күн ретін, сабақ тақырыбын жазу. 3. 1-тапсырма. Сұрақтардың жауаптарын дәптерге жазу. (157-бет) 4. Фразеологизмдерді еске түсіріп оқып шығу.
Тұрақты сөз тіркесі, фразеологиялық тіркес – екі немесе одан да көп сөздердің тіркесуінен жасалып, бір ұғымды білдіретін бейнелі сөздер тобы.
Тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздер өздерінің дербес мағыналарынан ажырап, жеке-дара сөздерге балама ретінде жұмсалады, олардың тіркестегі мағынасы жеке тұрғандағы мағынасына сай келе бермейді (көре алмау – қызғану; іші күю – өкіну, т.б.) тұрақты сөз тіркесі бірнеше топқа жіктеледі: идиомалық тіркестер немесе идиома(қабырғаңмен кеңес, ешкімнің ала жібін аттама); мақал-мәтел (Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар; Өнерлінің өзегі талмас).
Тұрақты сөз тіркесі қатарына бұлардан басқа екі кейде одан да көп сөздердің қатар жұмсалуынан жасалып, бастапқы мағынасын сақтай отырып, бір ұғымды білдіретін тіркестер (лексикалық тіркестер) де кіреді. Мысалы, қол қою, көз салу, қол ұшын беру, т.б
Тапсырма:
5-тапсырма. Мәтінді оқып, негізгі идеясы туралы жаз.Мәтінге ат қой. (158-бет)
4-тапсырма. Берілген фразеологиялық сөздердің мағынасын интернеттен қарап, мағынасын жаз. Осы сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрап жаз. (158-бет)
Нұсқаулық: Тапсырма парағын оқушы электронды түрде толтырып, «Күнделік» жүйесі арқылы немесе тапсырмаларды дәптерге орындап, фотоға түсіреді де қолжетімді вацап арқылы мұғалімге тексеруге жібереді.
Пән мұғалімі: Асаубаева Құралай.
1-тапсырма
Идеясы:Әркім өз халқы үшін, өз отбасысы үшін, өз отаны үшін бәріне дайын болу керек, тіпті ажал құшуға да дайын болу керек.
Тақырыбы: халық қамын ойлаған халық ағасы – нар кісі
2-тапсырма
Жанын шүберекке түю-тәуекел ету
Мойнымен көтеру - бар жауапкершілікті өзіне алу
Табанда - тез арада
Шыңдалған - табандылықпен қиындықтарды жеңе білген
1.Ахмет жаның шүбереке түйіп суға батып бара жатқан досың құтқарып алды.
2.Марат жарылған допты өз мойнына көтерді.
3.Нұрмаш табанда дүкеннен нан әкелді.
4.Болатбек футболдан жарыстарға қатысып шыңдалған.
Достарыңызбен бөлісу: |