«Оқушылардың оқу белсенділігін арттыруда формативті бағалаудың тиімділігі»



Дата10.06.2017
өлшемі95,43 Kb.
#18913

Тақырыбы

«Оқушылардың оқу белсенділігін арттыруда формативті бағалаудың тиімділігі»


Сілтеме

Мұғалімге арналған нұсқаулық.


Мақсаты

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа түрлерімен таныстыру және оз тәжирибелерінде қолдануға ықпал ету. Оқушы қызығушылығын дамыту бағытындағы жұмыс түрлерін көрсету. Формативті бағалаудың түрлерін сабақтарда қолдану.


Оқыту нәтижесі

Оқушы жұмысын бағалаудың жолдарын үйрету . Формативті

бағалау түрлерін сабақтарда қолдану


Негізгі (түйінді)  идеялар:

Тәлім алушыларды қалыптастырушы бағалау арқылы Оқудың одан одан әрі сапасын көтеру, бағалау туралы түсінігін өзгертуге ықпал ету.

Ресурстар

постерлер, фломастерлер, маркерлер, видео және фотосюжеттер, видеороликтер, карточкалар

Сессия бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті.




1.Коуч мұғалімдерге психологиялық ахуал тұғызу




Коучтың іс-әрекеті




Мұғалімдердің іс-әрекеті



Ұйымдастыру

3 мин








1. Тренинг «Сізге тілек»

5 мин



Тренингтің шартын түсіндіреді

Барлық қатынасушылар шеңбер құрап тұрады да «бірінші» және «екінші» деген ретпен санайды. «Бірінші» реттегілер орындарында қалып, «екінші» ретпен саналғандар ішкі шеңбер түзеді де қатынасушылар бір-біріне қарсы қарап тұрады. Екі шеңбер кезектесіп сағат тілімен айнала отырып, бір-біріне жақсы тілектерін арнайды.

Топқа бөлу

2 мин


Түрлі конфеттерді таңдау ойынын ойнатады

Түрлі конфеттерді алып, ортадағы вазаға араластырып салу арқылы топ құру. Тақтаға ортақ топ ережесін жазу

Ой шақыру

10 мин


Сауалнама тарату

Сауалнама . «Сіз не айтасыз?»

1.Оқушыларды сабақтың оқу мақсатымен таныстырудың маңыздылығы неде?

2. ОҮБ стратегияларының мақсаты неде?





Сауалнамаға жауап бере отырып, тақырыпты ашады

Тапсырма «Мектептің суретін салу»

10 мин


Коуч тақтадан өзі құрастырған бағалау критерийін таныстырып, жетекші қойған бағаның әділдігін саралауға шақырады

Салған суреттерін әуелі өздері бағалайды.

Содан соң әр топтың жетекшісі келесі топтағы суреттерге өз бағасын қояды. Ол бағалар тақтаға жазылады.

Жетекшілер өздерінің қойған бағаларына түсіндірме береді, яғни баға қоюда нені назарға алғанын айтады.


4. Сергіту сәті

5 мин



«Қызыл өрік»




Бейнежазба көру

10 мин


Бейнежазбасымен таныстырады


Мұғалімнің бейнежазбасымен танысады.

Бейнежазба бойынша сыни көзқарастарын айтады




Теориялық материал

10 мин


Тақтадан коучингтің тақырыбы, мақсаты мен нәтижесімен таныстырады.

«Бағалау» таныстырылымы




Презентация: Бағалау, бағалау тәсілдері, бағалау мақсаты.

Топтық жұмыс

15 мин

Шығармашылық жұмыспен таныстырады


Алма ағашының моделін жасау және келесі топтардың жұмысын бағалау үшін критерий құрастыру.

Топтар бір бірінің жұмысын бағалайды.










«Өзін өзі және өзара бағалау» видеосюжетін тамашалайды

Постер қорғау.

10 мин





Әр топ өздері дайындаған постерлерін қорғайды.

Тақырыбы: «Бағалау әдісін жетілдірудің оқушы белсенділігіне ықпалы». Сонымен қатар қатынасушылар «Бағдаршам» бағалау түрі бойынша постерге өздерінің қаншалықты түсінгендерін бейнелейтін түсті стикерлерді жапсырады. Стикерлер түсі бойынша: қызыл – түсінбедім, сары – жартылай түсіндім, жасыл – барлығы түсінікті.




Рефлексия.

5 мин


Рефлексия жаздырады

Кері байланыс

Қандай тапсырма күрделі болды ?

Мен үшін не жаңалық болды?

Ұсынысым



Қорытындылау

5 мин


Бағалау парағы үлестіріледі, кері байланыс жасалады.


Әрқайсысы бағалау бетшесін толтырады, пікірлерін білдіреді.


Коучинг-сессия тақырыбы:

Мұғалімдердің сабақ үрдісінде түрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану шеберлігін жетілдірудің оқушылардың оқуға қызығушылығы мен ынтасының артуына ықпалын анықтау
1 коучинг-сабақ
Коучингтің тақырыбы:

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Бағалау әдісін жетілдірудің оқушы ынтасына әсері.

Мақсаты:

Бағалаудың түрлерін және оны оқу үдерісінде ұтымды қолдану жағдайларын зерделеу. Оқушы қызығушылығын дамыту бағытындағы жұмыс түрлерін көрсету. Қалыптастырушы және жиынтық бағалау түрлерін сабақтарда қолдану

Нәтижесі:

Оқушы жұмысын бағалаудың жолдарын үйрету .

Қалыптастырушы және жиынтық бағалау түрлерін сабақтарда қолдану
Іс-әрекетте қолдану:

1. Тыңдаушылар тақырыпқа байланысты өз ойларынан суреттер салады

2. Өзін-өзі бағалау және топтардағы өзара бағалау жүзеге асырылады

3. Модель жасауға тапсырма алады және соған сай өздерінің бағалау критерийлерін құрады

4. Постер қорғау «Бағалау әдісін жетілдірудің оқушы белсенділігіне ықпалы»
Ресурстар: постерлер, фломастерлер, маркерлер, видео және фотосюжеттер, видеороликтер, карточкалар
Күтілетін нәтиже:

1. Тренинг «Сізге тілек»

Барлық қатынасушылар шеңбер құрап тұрады да «бірінші» және «екінші» деген ретпен санайды. «Бірінші» реттегілер орындарында қалып, «екінші» ретпен саналғандар ішкі шеңбер түзеді де қатынасушылар бір-біріне қарсы қарап тұрады. Екі шеңбер кезектесіп сағат тілімен айнала отырып, бір-біріне жақсы тілектерін арнайды.

2. Түрлі конфеттерді алып, ортадағы вазаға араластырып салу арқылы топ құру. Тақтаға ортақ топ ережесін жазу


3. Сауалнама тарату

Сауалнама . «Сіз не айтасыз?»


Р/с


Сұрақтар


Жауаптар

Коучингқа

дейін


Коучингтан

кейін


1

Оқушыларды сабақтың оқу мақсатымен таныстырудың маңыздылығы неде?







2

ОҮБ стратегияларының мақсаты неде?








4. Сергіту сәті

5. Тақтадан коучингтің тақырыбы, мақсаты мен нәтижесімен танысу.

«Бағалау» таныстырылымы

6. «Оқыту үшін бағалау» бейнежазбасымен танысу


7. Тапсырма «Мектептің суретін салу»

Салған суреттерін әуелі өздері бағалайды.

Содан соң әр топтың жетекшісі келесі топтағы суреттерге өз бағасын қояды. Ол бағалар тақтаға жазылады.

Жетекшілер өздерінің қойған бағаларына түсіндірме береді, яғни баға қоюда нені назарға алғанын айтады.

Коуч тақтадан өзі құрастырған бағалау критерийін таныстырып, жетекші қойған бағаның әділдігін саралауға шақырады.

Суреттердің критерийге дейінгі және кейінгі бағалары салыстырылады.



Р/с

Критерийлер

Бағалау

1 ұпай

2 ұпай

3 ұпай

1

Парақта орналасуы

Парақтың 1/3 алып жатыр

Парақтың жартысын алып жатыр

Парақты түгел қамтыған

2

Түстік гамма

Тек 1 түсті қолданған

2-3 түс қолданылған

4-5 түс қолданылған

3

Қосалқы объектілермен қамтылуы

Тек мектеп үйі ғана көрсетілген

Жылу және көлікжай қамтылған

Спорт алаңы, жылыжай т.б. қоса қамтылған

Бағалау шкаласы:

«1» - 2 ұпай

«2» - 3-4 ұпай

«3» - 5-6 ұпай

«4» - 7-8 ұпай

«5» -9 ұпай

8. Шығармашылық тапсырма

Алма ағашының моделін жасау және келесі топтардың жұмысын бағалау үшін критерий құрастыру.

Топтар бір бірінің жұмысын бағалайды.

Әр топтың рубрикаторына «Екі жұлдыз, бір тілек» бойынша баға беріледі.

9. «Өзін өзі және өзара бағалау» видеосюжетін тамашалау.

10. Таныстырылым «Оқыту үшін бағалау құралдары»
11. Постер қорғау. Әр топ өздері дайындаған постерлерін қорғайды.

Тақырыбы: «Бағалау әдісін жетілдірудің оқушы белсенділігіне ықпалы». Сонымен қатар қатынасушылар «Бағдаршам» бағалау түрі бойынша постерге өздерінің қаншалықты түсінгендерін бейнелейтін түсті стикерлерді жапсырады. Стикерлер түсі бойынша: қызыл – түсінбедім, сары – жартылай түсіндім, жасыл – барлығы түсінікті.

12. Рефлексия. Кері байланыс

Қандай тапсырма күрделі болды ?



Мен үшін не жаңалық болды?

Ұсынысым

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет