Оқушылардың бір-біріне үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын құрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді;
Әңгіме және ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтауға көмек береді, іс-әрекеттерін тереңдетеді және шоғырландырады;
Оқытуды қиындатып кедергі келтіретін қиындықтар мен түсінбестіктерді анықтайды.
Сұрақ түрлері
1.Жоғары дәрежелі
Оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, бағалауға және талдауға тиіс болады.
2.Төмен дәрежелі
Кей кездері төмен дәрежелі сұрақтарды “жабық” немесе “дұрыс емес” сұрақтар деп те атайды. Олар жаттап алуға бағытталған және де оған берілген жауап “дұрыс” немесе “дұрыс емес” деп бағаланады.
Сұрақ қою тәсілдері:
1.Түрткі болу: түрткі болуға арналған сұрақтар жауап алу үшін және оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет, айталық, сұрақты қарапайым етіп қою, өткен материалға оралу, ойға салу, дұрысын қабылдау және толығырақ жауап беруге итермелеу.
2.Сынақтан өткізу: оқушыларға анағұрлым толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге, өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей құрылуы керек, сондай-ақ “Сіз мысал келтіре аласыз ба?” деген сұрақтар тапсырманы орындау барысында оқушыға бағдар беріп отырады.