№73 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ОРТА МЕКТЕБІ
Оқушылардың танымдық белсенділігін еске ала отырып, қазақ тілі сабағында оқу - тәрбие үрдісін жетілдіру.
Дайындаған:
Б.Қ.Исаинова.
Оқушылардың танымдық белсенділігін еске ала отырып, қазақ тілі сабағында оқу - тәрбие үрдісін жетілдіру.
Біздің елімізде қазақ тілі -мемлекеттік тіл. Соған орай оқу орыс тілінде жүретін сыныптарда егемендік еліміздің мемлекеттік тілі – қазақ тілін оқыту өмірлік зор маңызға ие.
Орыс сыныптарындағы қазақ тілі сабағының білімдік дәрежесі бүтіндей басқа. Өйткені, орыс сыныптарындағы қазақ тілін оқытудың әдісі де, оған қойылатын талаптары да өзгеше. Мақсаты-оқушыларды қазақша сөйлей білуге үйрету болады да, сол сөздерден сөйлем құрау үшін грамматикалық ережелер, анықтамалар сөз үйретудің техникасы ретінде қарастырылады.
Қазақ тілі сабағы әрі тартымды, әрі қызықты, әрі сапалы болуы әр пән мұғалімдерінің өзіне, білім деңгейіне, кәсіби шеберлігіне байланысты. Оқу-тәрбие негізі-сабақ. Сондықтан сабақ тартымды, әсерлі,мақсатты, айқын, қызықты және толық мәнді болуы тиіс. Ол-сонымен бірге басқа ұлт балаларына қазақтың әдебиеті мен мәдениетін, ғылымын, өнерін насихаттайтын пән. Қазақ тілін меңгеру барысында ұлттық дүниетанымды кеңейтіп, халықтың аса құнды байлықтарын танып-білу арқылы танымдық құзыреттілікті қалытастыру іске асырылады.
Сабақ барысында қазақ халқының асыл қазынасы болып саналатын ауыз әдебиеті жанырларының түрлерін, тұрақты сөз тіркестерін, мақал-мәтелдерді,жұмбақтар мен жаңылтпаштарды, әдет-ғұрып,ұлағатты нақыл сөздерді тағы басқа тағылымдарды үйрету арқылы оқушылардың танымы кеңейтіледі. Осылайша дербес тұлғаның дүниетанымы кеңейіп, тіл үйренуге ұмтылысы артады. Кез келген сабақ таным әрекетін іске асыруға бағытталады.
Таным- адамдардың жаңа білімді игеру үдерісі. Түсіндірме сөздікте “таным – білімге қол жеткізу, тиісті білімді алу”, “тану – заттардың пайда болуын, маңызын білдіреді” деп көрсетілген.
Таным – адамның жаңа әрі тың білімді игеріп, рухани байлығының өсуі. Тіл үйрету барысында оқушылардың дүниетанымын кеңейту – сол халықтың әдет-ғұрпы, салт-санасы, мәдениеті, тарихы, әдебиетін үйреніп, зерттеп-білумен тікелей байланысты. Таным – ақиқатқа жету, бұрын таныс семес шешімдерді іздеу, жаңалық ашу, оны іздеу. Соның нәтижесінде ғана оны практикалық өмірде пайдалануға жол ашылады.
Оқытушы сабақты дұрыс жоспарлап ,мақсатын нақты белгілеп алмайынша дегеніне жете алмайды. Сабақтың мазмұнын, құрылысын, дәлдігін, жұмыс жүргізу тәсілін мұқият ойластыруы қажет.
Сабақты жоспарлағанда оқыту, үйрету, тәрбиелеу, дамыту шарттарын ескеруіміз керек.
1. Оқыту, яғни білім беру мақсаты. Ғылыми-теориялық жағынан не айтуға тиіспіз. Ол қандай мөлшерде,қалай қабылдату керек.
2. Үйрету. Білгенін оқушы практикада қолдана отырып,ережеге байланысты тапсырманы қиналмай орындауы керек.
3. Тәрбиелеу. Әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушыларды көптеген қасиеттерге, имандылыққа, шеберлікке, еңбекке, тапқырлыққа тәрбиелеу.
4. Дамыту оқушылардың логикалық ойлауын қамтамасыз ету. Ой-өрісін шыңдай отырып,өмірге көзқарасын қалыптастыру. Бойындағы өнерін танып, бағыт-бағдар беру.
Ғылымға қызықтыру. Оқушыға беретін тапсырмаларда дәлелдейтін, түсіндіретін, пікірмен келісетін, келіспейтін, ұсыныс енгізетін, сын көзбен қарайтын, бір сөзбен айтқанда, баланы жан-жақты ойландыратын жұмыстар болуы керек.Қазақ тілін оқытуда жақсы нәтижелерге жету үшін,мынадай басты бағыттарда жұмыс түрлерін жүргізген тиімді. Ең бастысы, оқушылардың қазақ тілінен тілдік қорын молайту. Ол үшін сөздік жұмыстарын үнемі жүргізу. Қазақ тіліндегі сөздер көп мағыналы және синонимдер мен омонимдерге бай. Сөйлемде осындай сөздердің мағынасын ажырата білуге, оларды тиімді қолдана білуге үйрету, студенттің тілдік қорын байыту оң нәтижелер береді.
Қазақ тілі пән бірлестігінің мұғалімдері оқушылардың сөздік қорын байытуда сөздік жұмысының алатын орнын ерекше түсініп, сабақ үрдісінде сөздік қорды байытудың мынадай жолдарын пайдаланады: мәтін бойынша сөздік қорды байыту,әңгіме, өлең оқып, мақал-мәтел, жұмбақ жаттау.
Әр сабақтарында жаңа сөздерді, сөз тіркесін үнемі сөздік дәптерлеріне жазуын, жатталып отырылуын қадағалап отыру қажет. Әр сабақта игерілген жаңа сөздер ауызша, жазбаша сөзде үнемі қолданылып отырғанда ғана сөздік жұмыстары нәтижелі болады. Сөздікпен жұмыс грамматикалық анықтамалар, жаттығу жұмыстарын, суретпен жұмыста, өлең, жұмбақ түсіндіргенде, сұрақтарға жауап бергенде де жүргізіліп отырады.
Жеке адамды қалыптастырып дамыту және оған жан-жақты терең білім беру мақсатында көптеген білім беру технологиялары ұсынылуда: дамыта оқыту технологиясы, саралап оқыту технологиясы. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін өздігінен жұмыс істеуге баулу, өз ойын тұжырымдауға дағдыландыру, оқушылардың белсенділігін арттыру барысында проблемалық сұрақтарды пайдалану, проблемалық ситуациялар туғызу. Тиімді оқытудың негізгі бір шарты–білімнің мазмұнын дәл, тиянақты анықтау. Негізгі ұғымдар мен мәселелерді, теория мен фактілерді қажеттілігі мен тиімділігіне сай іріктей білу, өз бетімен оқи білуге, білім алуға үйрету.
Қазақ тілі сабағында әдістерді тиімді пайдалану арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттыру, терең ойлау қабілетінің белсенділігін қалыптастыру, оқытудың жаңа технологиясы арқылы жүзеге асып келеді.
Сонымен қосақазақ тілі пән бірлестігінің мүшелері «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы: «Ой шақыру», «Сұрақ қою», «Кубизм», «Кластер», «Түртіп алу», «Бес жолды өлең» стратегияларын сабақты өткізу барысында тиімді пайдаланады.
Сын тұрғысынан ойлау мен жазу бағдарламасын сабақтарында қолдану , оқушыға үйрету емес, оқушының үйренуіне көмектесу негізінде іске асырылады. Бұл жүйе оқытуды жаңаша ұйымдастырудың негізгі міндеттерін жүзеге асырады. Ұжымдық іс-әрекет білім игеруде ортақ қарым-қатынас құралына айналады. Білім алу мұғалім көмегімен оқушылардың білім деңгейіне қарап сараланады.
Қазақ тілін оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға арналған ойын түрлерін 1-9 сыныптарда тиімді пайдалану.
Танымдық құзыреттілікті қалыптастыру мақсатында түрлі ойындар арқылы беруге болады.
Ойын – оқушы білімін берік меңгерту құралы. Әр сабақта ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы жас жеткіншектердің білімге ынта-ықыласы, пәнге деген сүйіспеншілігі арттады. Ойынды оқушылар сабақта шаршаған кездерде сергіту мақсатында емес, оларға берілген ұғым, түсініктерді берік меңгеру мақсатында да жүргізіледі.
Қазақ тілі сабағында ойын түрлерінің қолдану тиімділігі:
жаңа тақырыпты ойын арқылы меңгертуде не бір жақсы нәтижеге жетуге болады;
сабақты жандандырып, оқушыларды ынталандырады;
шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін арттырады;
өзіне деген сенімділік пайда болады;
логикалық ойлау қабілеті дамиды.
Мектептегі оқыту үрдісінің негізгі мақсаты – баланың білім игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеп дамыту болып табылады.
Мақсаты: Сабақ үрдесінде ойын түрлерін қолдану барысында оқушылардың бағдарламалық материалды жүйелі меңгеруіне ат салыса отырып, оқушылардың логикалық, шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін дамыта түсу.
Міндеттері:
оқушылардың ойынға деген қызығушылығын оята білу;
ойынды қажетті бағытта дұрыс қолдана білу;
оқушылардың өздеріне деген сенімдігін сезіндіру.
Мектеп қабырғасында оқушы білім стандартына сәйкес білім алумен қатар ғылым көкжиегіне көз жіберіп, зерттеу мен зерделеуді саралап сараптауды үйрене бастауы тиіс. Бүгінгі күні өте қабілетті, дарынды балаларды іріктеп, олардың дамуына жағдай жасау – кезек күттірмейтін іс.
Психологтардың зерттеу бойынша, әрбір жаста шығармашылыққа баулуға өзер болардай өзіндік ерекше қабілет, биімділік бар екен.
Бастауышта оқушының шығармашылық дамуын бағыттап, бағдарламаса, онда жоғары сыныпқа келгенде, көбінің шығармашылық мүмкіндігі шектеліп, тоқырап қалады.
Шығармашылықты тежейтін үш нәрсе бар: біреуі – «сәтсіздікке ұшыраймын, қолымнана ешнәрсе келмейді» деген тыс қорқыныш сезімі, екінші өзіне өзі тым риза болмаушылық сезімі (не жазса да өзі ұнатпайды, кейде өзін-өзі жек көріп кетеді), үшінші – жалқаулық. Ондай жағдайда баланы құтқарудың жолдарын табу.
Шығармашылық қабілетті тәрбиелеудің алғы шарттары:
1. Шығармашылық қабілет деңгейін анықтау. (Топтау, бақылау, қалыптастыру)
2. Қызығушылық және шығармашылық пен таным белсенділігін арттыру.
3. Оқушы мүмкіншілігіне (потенциалына) сай шығармашылық тапсырмаларды әдістемелік тұрғыда жүйелі түрде орындату.
4. Шығармашылық қабілетті тәрбиелеу барысында кездесетін қиындықтар мен қарама-қайшылықтарды есепке алып зерттеу.
5. Оқушының шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеуді кезең бойынша сатылап дамыту.
6. Шығармашылық қабілеттерді тәрбиелеу үрдісін тәжірибе негізінде жинақтау, зерттеліп отырған мәселенің өсу динамикасын бақылау.
7. Мұғалім өз ісіне ізденімпаздықпен қарап, сабақты шығармашылықпен өткізу.
Бастауыш буында шығармашылықтың алғашқы сатысын іс-әрекет және ойын түрінде бастаған дұрыс. Себебі: ойын баланың дамуындағы ең күшті әсер ететін фактор. Бала ойын ойнауға қызығу арқылы оның ойлау өрісі және еркін қиялдаумен шығармашылық ойлауы тәрбиеленіп, қалыптасып дамиды. Мысалы; бастауыш сыныпта шығармашылықты тәрбиелеудің бір түрі оқушыны суырыпсалмалыққа үйретуде, «Жаңбыр» ойыны, «Музыкалық әңгіме», т.б. іс-әрекет жасатудың маңызы ерекше. «Жаңбыр» ойыны кезінде мұғалімнің айтқан құбылыстарын оқушылар сол сәтте, әрқайсысы өз беттерінше найзағай ойнады, жаңбыр тамшылады, жел күшейді, нөсерлеп құйып жауды, жел бөсеңдеді т.б. Осылайша оқушыларды сергіте отырып, қызығушылығын туғызып алған соң, «Жаңбыр» өлеңіне сай суырыпсалмалықтың ең алғашқы сатысын орындатуға болады. Ол үшін тірек сөздерді қолданамыз. Жаңбыр, дала, қала, тау, бау т.б.
I нұсқа II нұсқа
|
Мұғалім
|
Оқушылар
|
|
Мұғалім
|
Оқушылар
|
Жаңбыр жауды далаға,
|
|
Жаңбыр жауды қалаға,
|
Жаңбыр жауды қалаға.
|
|
Жаңбыр жауды ауылға.
|
Жаңбыр жауды ауылға,
|
|
Жаңбыр жауды бауға да,
|
Жаңбыр жауды бауға да.
|
|
Жаңбыр жауды далаға.
|
Қандай мезгіл тамаша? – сұрақ-жауап арқылы оқушы өзіне ұнайтын жыл мезгілін таңдайды. Сыныпта осылайша өзінен-өзі төрт топ іріктеледі. Тірек сөздерін пайдалана отырып, әр мезгілді бейнелейтін өлең тармақтары шығады. Тірек сөздер: әдемі, керемет, көрікті, сұлу, жаңаша, тамаша т.б.
Оқушының шығармашылық қабілеттеріне сай, талғамына және ойының ұшқырлығына байланысты өлең қатары әр түрлі болып шығады. Ол үшін оқушының шебер қолдана білуі қажет. «Қандай мезгіл тамаша?» деген сұрақты әр өлең шумағының алдыңда пайдалануға болады.
I нұсқа II нұсқа
|
Мұғалім
|
Оқушылар
|
|
Мұғалім
|
Оқушылар
|
Көктемгі кез көрікті,
|
|
Көктемгі кез тамаша,
|
Жазғы мезгіл жаңаша.
|
|
Жазғы мезгіл әдемі.
|
Күзде бәрі әдемі,
|
|
Күзде бәрі көрікті,
|
Қыста бәрі тамаша.
|
|
Қыста бәрі жаңаша.
|
Оқушылардың шығармашылығынан туындаған өлең шумағын сыныпта оқып беру арқылы оның осындай істерге деген ынтасын арттыруға болады.
Мұғалім оқушы шығармашылығын дамыту, бағыт-бағдар беру ісінде мыналарды ескеруі керек деп ойлаймын:
- шығармашылық тапсырманың мазмұн-түрін ойлап табу;
- шығармашылық міндеттерді оқушыға ұсынудың әдіс-тәсілін меңгеру;
- көркемдік шешім табу, оқиға құру, образ жасау үшін кілт боларлық жағдайларды тудыра білу;
- шығармашылық процесті фактілер мен мәліметтерге педагогикалық, әдістемелік тұрғыдан баға, қорытынды бере білу, теориялық, практикалық тұжырымдар жасау.
«Адасқан әріптер» ойыны.
Мақсаты: Логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.
Ойын шарты: Берілген әріптердің орнын ауыстыра отырып, сөз құрау.
Қ,у,о,ы,ш-оқушы
Т,п,і,к,а-.......................
І,і,б,л,м-........................
М,м,ғ,ұ,а,л,і-.................
«Шашылған дыбыстар» ойыны.
Мақсаты: Шашылған дыбыстардан сөз құрастырып, баланың сөздік қорын молайту, шапшаң ойлауға тәрбиелеу.
Ойын шарты: Сыныпты бірнеше топтарға бөліп ойынды жарыс түрінде өткізуге болады.
Шашылған дыбыстардан бірнеше сөздер құрау, мысалы: а,л,к,л,й,ү,н дыбыстарынан мынандай сөздер құрауға болады:ай,күн,үй,т.б.
«Қалалар» ойыны.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының қала атауларын қаншалықты есте сақтағандарын тексеру. Қала атауларын дұрыс жазуға дағдыландыру.
Ойын шарты: Тор көздің ішіндегі шашыраңқы әріптердің басын қоса отырып, тор көздердің ішінен қала атауларын тапқызу.
С
|
З
|
Ы
|
Л
|
А
|
Е
|
У
|
А
|
Т
|
Қ
|
Ы
|
П
|
А
|
Р
|
Д
|
А
|
Н
|
А
|
А
|
Р
|
А
|
В
|
А
|
Қ
|
Т
|
А
|
Р
|
О
|
Р
|
Ғ
|
Л
|
О
|
Д
|
С
|
Т
|
А
|
Л
|
А
|
А
|
П
|
Д
|
Ы
|
А
|
Р
|
З
|
«Жалғасын тап» ойын
Мақсаты: Мақал-мәтелдерді есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Ойын шарты: Мақал екі қатарға жазылады. Бірінші қатарда басы, екінші қатарда соңы жазылады.Мақал басы мен соңының орындары ауыстырылып жазылады. Оқушының міндеті тілдік сызықшамен қосу арқылы әр мақалдың толық мағынасын шығару.
А) Ердің сыншысы бітеді
Ә) Жақсы болсаң, жүректе
Б) Ерлік білекте емес, ашу-дұшпан
В) Жері байдың ел
Г) Ақыл дос, ардақты ат,
Ғ) Кім еңбек етсе жақын көп
Д) Мал баққанға сол тоқ
Е) Адам деген- елі бай
«Сын есімдер ұясы» ойыны.
Мақсаты: Сын есімдерді білдіретін мағынасына қарай топтап жазуға дағдыландыру.
Ойын шарты: Оқушыларды топқа бөліп орындарында отырып жұмыс істетуге болады.
Тақтаға сын есімдер тізбегі жазылады. Әр топқа кесте таратылады.
Заттын түсін білдіретін сын есімдер
|
Заттың көлемін сын есімдер
|
Заттың сапасын білдіретін сын есімдер
|
Заттың дәмін білдіретін сын есімдер
|
Заттың пішінін білдіретін сын есімдер
|
|
|
|
|
|
Тақтаға мынадай сын есімдер тізбегін жазуға болады: ақ , қысқа, таза, дәмді, тәтті, шұбар, өткір, үшкір, жуан, дөңгелек, жалпақ, тұщы, қалың, жұқа, т.б.
Оқушының міндеті сын есімнің тізбегін кестеге сәйкес орналастыру.
«Кім көп біледі?» ойыны.
Мақсаты: Сөздердің мағынасын ажырату.
Ойын шарты: Берілген сөздердің мағынасын ажырату.
Мысалы:
Сайман
Ара Сабақ
Жәндік ..............
.............. ..............
Алма Қал
.............. ..............
.............. ..............
Қыс Жаз
.............. ..............
«Бәйге» ойыны.
Мақсаты: Шапшаң ойлауға, жинақылыққа үйрету, тез, әрі дұрыс жауап бере білуге дағдыландыру.
Ойын шарты: Бұл ойынның әр қатардан бір-бірден шабандоз шығады.Ойын белгілі бір тақырыпты өткеннен кейін бекіту мақсатында жургізуге болады. Мұғалім тақырыпқа сай сұрақтарды айтады, шабандозшылар тез әрі дұрыс жауап беру қажет. Әрбір дұрыс жауап- бір қадам алға жылжу.
Мысалы: «Сөз құрамы» тақырыбынан кейін мынандай сауалдар қоюға болады.
1. Сөз дегеніміз не?
2. Сөз құрамына не жатады?
3. Түбір дегеніміз не?
4. Қосымша дегеніміз не?
5. Жұрнақ дегеніміз не?
6. Жалғау дегеніміз не?
7. Түбірлес сөз дегеніміз не?
8. Туынды сөз дегеніміз не?
9. Көптік жалғауларын тап?
«Тапқыш» ойыны.
Мақсаты: Сөз таптары туралы алған білімдерін тексеру.
Ойын шарты: Әр топқа берілген кестеден әр сөз таптарына қажетті сөздерді теріп жазу.
Қ
|
Ы
|
Б
|
Е
|
С
|
О
|
Қ
|
Ы
|
А
|
Й
|
Д
|
Ы
|
І
|
Ш
|
К
|
Д
|
Л
|
С
|
Ы
|
Н
|
Д
|
Ы
|
Ө
|
Ы
|
А
|
А
|
Р
|
Ы
|
П
|
П
|
К
|
С
|
Ж
|
А
|
З
|
Б
|
И
|
І
|
К
|
Н
|
Қ
|
Т
|
А
|
Й
|
С
|
Е
|
Г
|
І
|
О
|
Қ
|
Р
|
Ә
|
П
|
К
|
Е
|
З
|
Н
|
А
|
А
|
Т
|
Ы
|
Р
|
Н
|
А
|
Зат есім : қонақ, ...
Етістік: оқыды, ...
Сан есім: он,...
Сын есім: көк,....
«Қ» ойыны.
Мақсаты: Оқушылардың сөздік қорын анықтау, ізденімпаздылыққа бағыттау.
Ойын шарты: Оңнан солға қарай оқылса да, солдан оңға қарай оқылса да өзгермейтін «Қ» әріпінен басталып, «Қ» әріпінен аяқталатын бес әріптен тұратын жеті сөз ойлап жазу.
Қ
|
а
|
з
|
а
|
Қ
|
Қ
|
|
|
|
Қ
|
Қ
|
|
|
|
Қ
|
Қ
|
|
|
|
Қ
|
Қ
|
|
|
|
Қ
|
Қ
|
|
|
|
Қ
|
Қ
|
|
|
|
Қ
|
«Күрделі сөздер» ойыны.
Мақсаты: Күрделі сөз жасау, сөз мағынасын түсіндіру .
Ойын шарты: Екі бөліктегі сөздерді қосу арқылы, күрделі сөз жасау.
Бел құлақ
Қырық аяқ
Саңырау қазық
Кемпір қазық
Темір қосақ
Тас бақа
«Қызық сөздер» ойыны.
Мақсаты: логикалық ойлау деңгейін жетілдіру, сөз мағынасын түсіндіру .
Ойын шарты: Мына сөздердің ішінен солдан оңға қарай оқығанда жаңа сөз шығатын сөздердің теріп жазу. Сөз мағынасын тусіндіру.
Қолқанат Ішік Есек
Тымақ Қыран Балта
Нағашы Шұлық Қысым
Түс Балта Ұршық
мысалы: Ішік – кіші
«Бақытты сәт» ойыны.
Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін тексеру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Ойын шарты: викторина түрінде өткізу, болады. Жарыса отырып, сауалдарға дұрыс, әрі шапшаң жауап беру қажет. Дұрыс жауап берген балаға фишка беріледі. Фишканы көп жинаған бала ойын жеңімпазы аталады.
Сөйлеудің түрлерін ата?
Қай ай үйдегі тұрмыстық заты білдіреді?
Волганның ортасында не бар?
Дауысты және дауыссыз дыбысқа жататын әріп ата?
Дастарханның сәні не?
Құрғақ тасты қайдан таба алмаймыз?
Пілдің баласы неге ұқсас?
16 желтоқсан қандай мереке?
Тұрлаулы мүшелерді ата?
Күләш Байсейітова кім?
Анамның анасы кім болады маған?
Екі дыбыстан тұратын әріптерді ата?
Абай Құнанбаевтің туған жерін ата?
Ұшпайтын құстарды ата?
«Сандар әлемі» ойыны.
Мақсаты: сөз құрамында сан есімдері бар сөздерді жазу арқылы еске түсіру қабілеттерін жетілдіру. Сөзді қорларын кеңейту.
Ойын шарты: ойынды жұптық жұмыс ретінде өткізуге болады. Қай жұп құрамында сан есімдері бар сөздерді көп жазса, сол жұп жеңімпаз атанады.
Мысалы: 2+бастұз, к+3+ік, тағы басқа.
Қорытындылай келе,оқу орыс тілінде жүретін мектептердегі қазақ тілін оқытатын мұғалімдердің басты мақсаттарының бірі -оқушының оқу, таным белсенділігін арттыру, оқушыны пәнге қызықтыру, ынталандыру. Осы мақсаттарға жету үшін сабақта интерактивті әдістерді жиі қолдануға тырысамыз.
Ойын элементтері белгілі бір мақсатта, тілді меңгеруде деген ынтызарлықты оята отырып, орындаушылық қабілетке де жетектейді.
Ойын элементтердің мәні-ойын барысында дәріс алушының тілдік қатынас жасауға деген талабы. Қажетті сөздерді үйренсем, тауып айтсам деген ойлау қабілеттерін дамытады.
Сабақта ойын элементтерін қолдану оқушылардың белсенділігін арттырып, оларды ынталандырады, теориялық білімдерін практикада қолдануға үйретеді, іздендіреді. Сабақта орынды қолданылатын ойын элементтері оқушының ынтасын арттырып, білім дағдыларын игеріп, іскерліктерін шындауға өз септігін тигізеді. Сабақ барысында орындалатын дидактикалық материалдар оқушыларға ыңғайлы, түсінікті болса,мұғалімнің технологиясы нәтижелі болды. Қазақ тілі сабақтарында көздейтін мақсат оқушыларға жалаң сөз жаттау емес, әрбір сабақ үйренген сөздерді ауызекі сөйлеуде, сөйлем құрамын дұрыс қолдана білуге үйретеді. Тіл үйрету барысында әрбір сабақта ойын түрлерін пайдаланған үлгерімі төмен оқушылардың өздері де оның элементі араласқан сабаққа зор ынтасымен, жігерімен араласатыны байқалады.
Сөзімнің соңын қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының философиялық ой – түйінімен аяқтағым келеді: «естіген нәрсені ұмытпасқа төрт түрлі себеп бар: әуелі – көкірегі ояу байлаулы берік болмақ керек, екінші – сол нәрсені естігенде я көргенде ғибраттану керек, көнілденіп, тұшынып, ынтамен ұғыну керек, үшіншіден – сол нәрсені бірнеше уақыт қайталап, ойланып, көңілге бекіту керек.
Достарыңызбен бөлісу: |