Сабақтың тақырыбы: Халық аспаптары қалай құрылды?



Дата17.02.2017
өлшемі22,01 Kb.
#9769
түріСабақ
Сабақ күні:

Сыныбы: 3 «в». «г».

Тоқсандық тақырыбы: Қазақ халық аспаптарының жаңа өмірі.

Сабақтың тақырыбы: Халық аспаптары қалай құрылды?

Сабақтың мақсаты: Сан ғасырлық тарихы бар музыкалық аспаптармен таныстыру. 

Дамытушылығы: Оқушылардың жан – жақты білімдерін арттыру.

Тәрбиелік мәні : Музыкалық аспаптар арқылы көптеген ұлттардың өнерін танып, білу, аспаптардың туыстастығын көрсету.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ түсіндіру , әңгімелеу, музыка тыңдау, шығармашылыққа баулу .

Пәнаралық байланысы: Музыка әдебиеті , тарих, әдебиет, технология.

Сабақ жоспары:

І.Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, сыныпты түгендеу.

ІІ.Өткен сабақты сұрау: Абай салған сырлы әндер.

ІІІ.Жаңа сабақ: Халық аспаптары қалай құрылды?

ІV.Музыка тыңдау. Құрманғазының күйі «Адай»

Сабақтың барысы:

Халық аспаптары қалай құрылды?

Музыкалық аспаптар үрмелі , ұрмалы, ішекті, ысқышпен ойналатын аспаптар болып бөлінеді. Ертеде адамдар аңшылықпен айналысқан.Аң аулау алдында тасты тасқа ұрып дайындалатын болған. Сөйтіп, ұрмалы аспап пайда болды. Уақыт өте келе тас ауыр болғандықтан ағаштан, теріден ұрмалы аспаптар жасай бастады.Кейіннен ұрмалы аспаптар музыкалық емес,хабар беруші аспаптарға айналды.

Ежелгі мұндай ұрмалы музыкалық аспаптар – дабыл, дауылпаз.Әуелі қолмен, кейін дыбысын күшейту үшін таяқпен ұрған.

Сыбызғы- қазақтың үрмелі аспабы. Көбіне қамыстан, ағаштан жасалады. 3-4 ойығы бар.

Қазақ халқының ішекті музыкалық аспаптары домбыра, шертер, жетіген.

Ысқыспен ойналатын ұлттық аспап- қобыз.



V.Музыка сауаттылығы: Ұрмалы аспаптар ырғақ арқылы орындалады.

Үрмелі аспаптарды ауызбен үріп ойнаймыз.

Біліп ал: Қоңырау, асатаяқ, тұяқтас ұрмалы аспаптар бар.

VІ.Ән орындайық! «Ана тілін сүйемін»

V.Қорытындылау :

* Ұрмалы аспаптар қалай ойналады?

* Үрмелі аспаптар қалацй ойналады.?

* Ішекті аспаптарды ата.



VІ.Үйге тапсырма:

* Халық аспаптары қалай құрылды? Әнді жаттау «Ана тілін сүйемін»



Бағалау:
Каталог: uploads -> doc -> 0688
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0688 -> Тіл таба білу өнері Тіл табысуға қажетті коммуникативтік
0688 -> Сабақ жоспары 4- сынып Сабақтың тақырыбы: «Менің Отаным -Қазақстан»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет