Оқушының мектепке бейімделуі Тастемирова Гүлзат Қамбарқызы Тараз қаласы, Т. Рысқұлов атындағы №48 орта мектеп психологы



бет1/3
Дата22.01.2022
өлшемі271,01 Kb.
#129628
  1   2   3
Байланысты:
Оқушының мектепке бейімделуі



Оқушының мектепке бейімделуі
Тастемирова Гүлзат Қамбарқызы

Тараз қаласы, Т.Рысқұлов атындағы

48 орта мектеп психологы


Бейімделу деп өмір сүру жағдайына үйренісуді айтады. Мектепке бейімделу деп әлеуметтік жағдайлардың жаңа жүйесіне, жаңа қатынастарға, талаптарға, әрекет түрлеріне, күн тәртібіне баланың үйренісуін білдіреді.

Мектептегі талаптар, нормалар мен әлеуметтік қатынастар жүйесімен үйлескен баланы бейімделген бала деп атайды.

Бейімделген бала - бұл өзіне берілген жаңа педагогикалық ортадағы тұлғалық, дене, интеллектуалдық және т.б. мүмкіндіктерінің толыққанды дамуына үйреніскен бала. Сондықтан, бейімделу кезеңінің міндеті – оқушыларға бір-бірімен, мұғаліммен, жаңа оқу жағдайымен, мектеппен, мектеп ережелерімен танысу болып табылады. Мектепке бейімделе алмаудың негізгі белгілері: оқудағы артта қалушылық, мұғалімге, оқушыларға және ата-анаға қатысты агрессивті мінез-құлық таныту, шектен тыс белсенділік пен қозғалғыштық, жоғары қозғыштық, мазасыздық, зейінін шоғырландыра алмауы.

Зерттеулерге сүйенсек, балалардың 50-60%, 2-3 айдың ішінде бейімделіп кетеді екен, ал 30% бейімделуге көбірек уақыт қажет ететіндер болса, шамамен 10-15% балалардың бейімделуі қиын, әрі ұзақ (1 жылдай) уақыт керек болады.

Мектептегі алғашқы оқу жылы - бала өміріндегі қиын да, өтпелі кезең болып табылады. Оның қоғамдық қатынастар жүйесіндегі орны өзгеріп, оның бүкіл өмір салты өзгеріске ұшырап, психоэмоционалды жүктемесі де өседі. Уайымсыз ойындардың орнын енді күнделікті оқу сабақтары алмастырады. Ол баладан ақыл-ой еңбегін, қабылдау белсенділігін, сабақтағы зейінділікті және қимылдамай отыруды, сабақтағы жұмыс қалпын сақтауды талап етеді. Ал 6-7 жастағы балаға, былайша айтқанда, статикалық жүктеменің қиынға соғатыны белгілі. Мектептегі сабақтар, сонымен қатар көптеген оқушылардың теледидар бағдарламаларына деген қызығушылығы, кейде музыкамен , ағылшын тілімен айналысуы баланың қимыл белсенділігін мектепке келгенге дейінгі кездегіден екі есе азайтады. Сондықтан, балада бұл кезеңде қимыл қозғалыс қажеттілігі артатыны белгілі.

Ата –ана үшін бұл жауапты кезең, баланың денсаулығына нұқсан келтіріп алмай мұғалімнің жаңа ережелері мен талаптарын орындап үйренуіне қалай көмектессе болады, қалай ойыннан бірте-бірте, әрі қиналмай жаңа оқу әрекетіне көшуге болады. Бұл әсіресе гипербелсенді балаларға көбірек қатысы бар. Олардың партада тыныш отыруы өте қиын. Олардың қимыл-қозғалысында шек жоқ, кейде орнынан ұшып тұрып жүріп кетеді, көп алаңдайды, қанша ескертілсе де, қатты сөйлейді. Бұндай балалар жиі педагог пен өзінің арасындағы ара қашықтықты сезіне алмайды. Олардың арасында төбелесқұмар, ашуланшақ және агрессивті балалар көп кездеседі. Гипербелсенді балаларды жазалаудың қажеті жоқ, оларға мамандардың көмегі қажет.

Сонымен қатар, нерв жүйесінде бұдан басқа проблемалары бар балалар да кездеседі. Олар да сабақта толық отыра алмайды, 10-15 минуттан соң сабаққа деген қызығушылығын жоғалтып, терезеге қарап, алаңдай бастайды. Олар шуламайды, орнында отырып айқайламайды, мұғалімнің сөзін бөлмейді. Бұл тез шаршайтын, нерв жүйесі жылдам қажитын балаларға қатысты. Бұндай балалар жеке жұмысты қажет етеді. Әрине сабақ үстінде мұғалім барлық балаларды бірдей қамтып үлгере алмауы немесе оларды байқамауы мүмкін. Бірақ, өз баласының ерекшеліктерін жақсы білетін ата-ана мұғаліммен байланысып, тығырықтан шығудың жолын көрсетіп, көмекке келе алады.

Бірінші сыныпқа келген көптеген балалар мектепке сүйікті ойыншығын алып келеді. Ата-ананың оған шектеу қоймағаны дұрыс. Тек қана балаға ойыншықпен қоңырау кезінде ғана ойнауға болатынын түсіндіру керек. мектепке өзімен бірге сүйікті ойыншығын алғаны, балаға өзін қорғанышта сезінуге көмектеседі. Қорғаныш сезімі, әсіресе, ұялшақ, мазасыз және ұяң балалар үшін маңызды. Себебі, олар ойынға бірден араласып кетпейді, балалармен бірден достасып кетуі де баяу. Олар ұжымға бірте-бірте қосылады. Сондықтан,үйренісіп кеткенінше қасында ойыншығы болғаны жақсы.

Жоғарыда айтылғандай, баланың мектепке алғаш келген кезеңі қиын кезең. Бала ағзасы қойылған жаңа талаптарға үйренісе алмай, алғашқы апталар мен айларда шаршағанын, басының ауырғанын жиі айтып, бала ашушаң, жылаңқы болып, ұйқысы бұзылуы ықтимал. Тамаққа тәбеті қашып, дене салмағы да азаюы мүмкін. Психологиялық сипатта да қиындықтардың болуын да жоққа шығаруға болмайды, мысалы, қорқыныш, оқу әрекетіне, мұғалімге деген жағымсыз қатынас, өзінің қабілеті мен мүмкіндіктеріне деген сенімсіздік, т.б.

Баланың мектепке бейімделу кезеңінде оның мінез-құлқында да елеулі өзгерістер пайда болады. Мектепке бейімделу кезеңіндегі қиындықтардың көрсеткіші -оның мінезіндегі қозғыштық, әрі ашушаңдық немесе баяулық, депрессия, қорқыныш сезімі, мектепке барудан қашқақтау сияқты мінезіндегі өзгерістер болып табылады.

Бейімделудің бұзылуы - белсенді түрдегі қарсылық (агрессия), пассивті қарсылық (қашу), мазасыздық және өзіне сенімсіздік - олардың мектептегі барлық іс-әрекетіне қандай да бір дәрежеде өз әсерін тигізеді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет