Мазасыздық пен сенімсіздік реакциясы. Бала сабақта белсенді емес, жауап бергенде қысылып, мазасызданып тұруы мүмкін. Үзілісте балалардың қасында жүргенімен, өзін олардан аулақ ұстайды. Ол мазасыз, жиі жылайды, қызарады, мұғалімжеңіл-желпі ескертпе жасаса қысылады. Кейде ықылық тиіп, кекештеніп, соматикалық ауруы жиілейді (бас ауруы, лоқсу, шаршау, т.б.), жауап бергенде дауысы баяу, сенімсіз. Қаттырақ сөйлеу керектігі ескертілсе, жылай салуы мүмкін. Сабақта ешкімге байқалмай отырғанды ұнатады. Мұғалімнің қолдау белгілерін («көзден-көзге», басынан сипау, күлімдеу және т.б.) қабылдайды. Осындай мазасыз балаға, әрине, жеке көңіл бөліп, қамқорлыққа алу қажет.
Мектептегі бірінші сыныпқа келген балаға сынып ұжымы, мұғалімнің тұлғасы, күн тәртібінің өзгеруі мен қимыл қозғалыстың шектелуі, жаңа міндеттердің пайда болуы да әсер етеді.
Мектепке бейімделе отырып, бала ағзасы өзгереді. Бірақ бейімделу дәрежесі мен жылдамдығы әр балада әр түрлі болады.
Кіші жастағы оқушы ата-анасы мен мұғалімге әділетсіз әрекеттерке ашуланғаны жайында айтып қарсы шығуға құқығы жоқ. Өзінің орынды ашуын жеткізе алмауы оның мектепке бейімделуіне кедергі келтіреді, себебі, ашық ойлануы мен басқалармен қарым-қатынас жасауын тежейді және психосоматикалық бұзылуларға әкеп соғады. Сондықтан осы жаста балаларды өз сезімдерін: қарсы болу, келіспеу, ашулану себебін айқаймен, жылаумен немесе агрессивті әрекетпен емес, сөзбен айтуға, «мен ренжідім», «мен ашуландым», «мен қарсымын» деген сөздермен жеткізуге үйрету керек.
Баланың мектепке бейімделіп кетуі оның бойындағы өзін-өзі адекватты бағалауына байланысты. Адам өзін басқалармен үнемі салыстырып отырады, соның нәтижесінде өзі өзінің мүмкіндіктері мен қабілеттері туралы көзқарас туады. Осылай бірте-бірте өзін-өзі бағалауы қалыптасады. Бұл үрдіс кіші жастан бастау алады: ең алғаш рет отбасында өзін басқалар жақсы көретінін, оны басқалар қалай қабылдайтыны жайлы біледі. Өзін-өзі адекватты бағалау қабілеті оның мектепке бейімделіп кетуін жеңілдетеді, ал жоғары немесе төмен бағалау бейімделу үрдісін қиындатады. Баланың өзін-өзі бағалауы адекватты болса да, үлкендер оныңбарлық мәселелерін өз бетімен шеше алмайтынын есте ұстауы керек. Бала жеті жастағы кризисті жеңе алуы үшін мұғалім мен ата-ананың түсінікпен қарауы мен шыдамдылығын қажет етеді.
Қолданылған әдебиет:
И.М.Никольская, Р.М.Грановская. «Кризис семи лет»
Достарыңызбен бөлісу: |