Белсенді қарсылық реакциясы. Бала тыңдамайды, сабақта, үзілісте тәртіп бұзады, сыныптастарымен ұрсып қалады, басқаларға ойнауға кедергі жасайды, балалар оны ойынға қоспайды. Мінезінде ашуланшақтық байқалады. Үйдеде, мектепте де өзін жылдам, әсерленгіш, реактивті болып көрсеткенімен, бала күткенді ұнатпайды: ашуланып, айқайлап, тыңдамай кетуі мүмкін. Оған ескерту айтылса, қарсы шығып, қатты жылап, айқайлап кету сияқты реакциялар байқалуы мүмкін.
Пассивті қарсылық реакциясы. Бала сабақта белсенді емес, мұғалімнің талаптарын орындайды (не істеп жатқанын, мағынасын түсінуге тырыспайды), үзілісте де белсенді емес, жалғыз жүреді, топпен ойынға араласпайды. Көңіл-күйі жабырқау, қорқып тұрады. Сабақ үстінде жиі терезеге қарап отырады. Сабақтағы тәртіпті бұзбайды, бірақ сабақ барысына көңіл бұрмайды. Біреулер қателесіп қалғанына бәрі күліп жатса, ол болып жатқан нәрсеге немқұрайды қарап отыра беруі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |