Оқушының оқу мотивациясын арттыру



Дата12.03.2018
өлшемі54,33 Kb.
#38834



Оқушының оқу мотивациясын арттыру

Курманова Гулмира Куанышевна

№ 53 жалпы білім беретін мемлекеттік мекемесі

Кейбір адамдар өз-өзіне деген сенімділігн жоғалтқан.Себебі көп жағдайда оларға «Мен саған сенемін,сенің қолыңнан келеді» деген сөздер айтылмайды.Көптеген ата-аналар мектеп жасындағы балаларының оқуға деген ынтасының жоқтығын айтады.Бірақ оның себебін іздемейді.Оқушының оқуға деген ынтасын қалай артыруға болады?Баланың бойындағы ішкі сенімділікті қалай жоғалтып алмауға болады?Жаңаны тануға деген белсенділігін қалай арттыруға болады?Мектепте оқыған жалықтырады деген оқушыны оқуға деген мотивциясын қалай арттыруға болады?Бұндай сұрақтарды үздіксіз қоя беруге болады.Ал оған жауап іздеп көрелік.

Ең негізгі күрделі мәселе – балада оқуға,білім алуға деген қызығушылығының жоқтығы.Кей балада мектепке келе сала жоғалса,кей балада уақыт өте келе өшеді.Кім кінәлі?Бұл сұраққа әр ата-ананың өз жауабы бар.Кей ата-аналар қоғамда беделді тұлғаларды үлгі қылып,аула сыпырушы ,жүк тасушы мамндығымен қорқытады.Ал кейбірі тіпті мектеп мұғалімдері мен психологтарға тікелей байланысты деп өз мойындарынан жауапкершілікті алып тастайды.Басқалары жазалау әдісін қолданады.Атап кетсек ,төмен баға үшін компьютер,планшет,ұялы байланыс телефондарын тартып алуға дейін барады.

Алдымен мотивация сөзінің мағынасын ашып алайық. Мотивация (ағылш. motіvation) – қолданылу ыңғайына қарай қазақша "ниет", "түрткі", "кірісу", "жігерлену", "ынталану" сөздерінің мағынасына жақын келетін, қазіргі заман мәдениеті мен гуманитарлық ғылымдарында кең қолданылатын ұғым. Бұл ұғымды алғаш рет немістің иррационалды волюнтаризм философы А.Шопенгауэр өзінің философиялық шығармасында жеткілікті төрт негіздің бірі ретінде қарастырған. Moveo латынша сөз болып, "қозғалу, әрекет ету" мағынасын береді, демек motіvation сөзбе сөз мағынада "қозғалту, әрекетке келтіру" мағынасын бе реді.

Яғни жігерленген адам жеңістерге қол жеткізеді.
Оқуға үйренуге деген мотивация біздің бойымызда табиғатымыздан қалыптасқан.Білім алу,жаңаны үйрену,қол жеткізу адам бойына ерекше сезімдер береді.Білім алу оған тәуелді болу емес оны өмірде пайдалану.Егер бала тапсырманы орындай алатындығын білмей,сонда да оны орындап шықса,өте жақсы нәтиже береді.Сонымен бірге оқушының білім алуға деген мотивациясы артады.Дегенмен де бұл нәтижесі үшін қажетті деңгейде бала мадақталмай ,керісінше одан бетер талап қойылса,бәрі бекер.

Тағы айта кетерлігі жеткен жетістіктер қалыпты жағдай ретінде қабылданса,оқушының оқуға деген ынтасын қалыптастыру мүлдем мүмкін емес.Әр ата-ана баласының тапсырманы (алғаш қадам басу,үй құрастыру,сурет салу т.б) бірінші рет орындап жақсы нәтиже бергеніне қуанғанын көрсе,ал одан кейінгілерінде ондай сезімнің жоқтығын байқаған болар.Міне осы жағдай ғылыми тұрғыдағы оқуға деген мотивация.Бұл қасиеттер мектепте емес сәби кезінде қалыптасады. Яғни тек ата-аналар ғана баласының жаңаны тануға ,үйренуге деген қызығушылығын арттырады.

Оқушылардың оқуға деген мотивациясының қалыптасуына әсер етуші оның үлгерімі.Бірақ,оқушылар мен ата-аналар үшін үй тапсырмасына берген уақыт олардың шыдамдылығының шегі болып келеді.Ата-ана балсын үй тапсырмасын орындауға бірнеше рет шақырады ,оның орнына бала сурет салады,теледидар қарайды немесе басқа іспен шұғылданады.Ата-ананың шыдамы таусылып,балаға күштеп сабақ жасатады.Бұл жағдай баланың бойында ешқандай білім алуға деген мотивациясын оятпайды.

Мектептегі төмен үлгерім-баланың ақыл-ой дамуы мен қабілетінің толық көрсеткіші емес.Білім алуға ынталанбаған балаға бір нәрсе үйреніп,оны өмірде қолдану өте қиынға түседі.Білім алуға деген мотивациясы жоқ оқушыларда қалыптасқан үлгермеушілік пен интеллектуалдық тоқырау болады.Үлгермеушілік көп жағдайда тәртібінде ауытқушылықтарға әкеп соғады.

Қазіргі таңда кіші мектеп жасындағы балаларда білім алуға деген мотивациясының төмендігі байқалады.Мұның себебі неден бастау алады?

Көп жағдайда ата-аналар баласын мектепке дайын ,барлығын біледі,санайды,оқиды деп әкеледі.Бұл жерде баланың өзі жасағысы келмейтін заттармен санаспайды.Баланы мектеп жасына дейін психологиялық тұрғыда дайындау керек.

Екінші жағдай,баланы мектепке ерте жастан береді.
Биологиялық дамуына ерекше көңіл бөлінбейді.Бұл дегеніміз,сүйек ,тіс дамуы.Қолының толық қалыптасуын тексеретін арнайы жаттығулар жасап,тексеріп барып беру керек

Үшінші жағдай,балалар бала-бақшаға бармайды.Өз қатарластарымен байланыс орнатып,ұжымда өзін-өзі ұстай білу ережелерін білмеуі де әсер етеді.Отбасылық жағдайдың да әсерін атап өту керек.

Келесі әсер етуші фактор,ата-аналар қатесі.Баланың күн тәртібін дұрыс ұйымдастырмау.Асыра еркелету,керісінше ,жеке тұлғалық беделін түсіру.Баланы келеке ету,шектен тыс еркелету,басқа балалармен салыстыру да оқуға деген мотивациясын түсіреді.

Іс әрекет жасауға баланы ниеттендіру үшін не жасауға болады?

Бала мотивациясының төмен болу себебін іздеу.Оқу қабілетінің болмауы ма немесе тәрбие жағынан жіберілген қателер ме?Көп жағдайда ата-аналар балаларына «Оқымасаң,аула сыпырушы боласың» деп ескертеді.Бұл әрекет баланың мотивациясын арттыруға ешқандай да әсер етпейді.Баланы жақын арадағы нәтижелер ойландырады.Бірақ балаға қиын,қолынан келмейтіндей көрінеді.Көп жағдайда қиындыққа қарсы тұруға үйретілмеген балалар ғана қиналады.Яғни, мұндай балаларда оқуға деген қызығушылық болмайды.

Бала бойында мотивацияның жоқтығы төмендегі жағдайдан да болуы мүмкін.Өткен шақта болған сәтсіздіктер.Бірінші,екінші әрекеттерде жолы болмаған бала,келесіде талпынбайды да.Бұл ретте ата-аналар балаларына «қолын түсірмей»ары қарай әрекеттенуге үйрету керек.Бұл жағдайда міндетті түрде нәтиже болатындығына көзін жеткізу керек.


Балаға өз қатесін көріп,оны түзете білуге үйрету де ата-ана міндеті.Оқу процесінде баланы қадағалап ,оның жеке басының қасиеттеріне назар аударғаны дұрыс.Атап кетсек :

-сабақты орындауға қай кезде отыру;

- ең алғашқы қай сабақтарды орындаған дұрыс?

-кідіріс жасау уақыты ;

-мазмұнын айта білмесе,негізгі ойды тауып үйрету;

-сабақ жасауға уақытында отырмаса,қалыптастыру:

Бала үшін тапсырмаларды ата-аналар өздері шешіп,өздері орындайды,бұл үлкен қателік.Тапсырмаларын ата-аналары орындап беретін бала,ата-анасына білдіртпей-ақ оларға өз қажеттілігін орындатады. «Сіздер ғана маған дұрыс түсіндіре аласыздар,тіпті ұстазым да түсіндіре алмайды»деген сияқты сөздерімен өз дегенін жасатып тұр.

Аса көңіл бөлетін жағдай,жасалған жұмысты ата-ана мен ұстаздың мадақтауы.Ата-ана «Жарайсың,Жақсы» (өткен жұмыс нәтижелерімен салыстыра отырып)деп мадақтаса,ұсазы сыныппен салыстырып «нашар»деуі мүмкін.Мұндай келеңсіз жағдайлар болмас үшін,мектеппен тығыз байланыс орнату керек.Мектеп талаптпрын білу қажет.Бұл жағдайда оқушы үшін ата-ана жақсы (мақтайды), мұғалім жаман (ұрысады),ал бұл дегеніңіз мектепке деген теріс көзқарасты қалыптастырады.

Отбасында түсініспеншілікпен қараған бала мотивациясы жоғары.Бірақ,тез нәтиже күтпеңіздер.Жүйелі әрі үздіксіз жұмыс жүргізілсе,міндетті түрде бала мотивациясы жоғарылайды.Ең бастысы баланың өзін-өзі дұрыс бағалай алуы.Өзін төмен бағалайтын бала мотивациясы болмайды.Өзін асыра бағалайтын бала көп жағдайларда басқа жағдайларға көз жұма қарайды.Тек өзін нақты дұрыс бағалай алатын баланың ғана мотивациясы болады.

Балаға қанша «Мен үшін оқыма,өзің үшін оқы» десеңіз де ,бала ата-ана үшін,сіздің мадақтауыңыз үшін оқиды.



Естеріңізде болсын,сіздің Балаңыз-жеке тұлға,бірақ белгілі уақытқа дейін сізге тәуелді және сіздің демеуіңізді қажет етеді.








Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет