Жылдамдықтың бағыты орын ауыстырудың бағытына сәйкес келедi. Ал қисық сызықты қозғалыс кезiнде жылдамдықтың бағыты траекторияға жанама бойымен бағытталады.
Түзу сызықты бiр қалыпты қозғалыстағы орын ауыстыру формуласы:
.
Дененiң белгiлi уақыт аралығында жасаған орын ауыстыруының уақытқа қатынасын орташа жылдамдық деп атайды.
.
Дәл сол уақыт мезетiндегi, кеңiстiктiң сол нүктесiндегi дененiң жылдамдығын лездiк жылдамдық деп атайды.
мұндағы: - яғни, лездiк жылдамдық радиус вектордан уақыт бойынша алынған бiрiншi туындысына тең болады.