«Өзін-өзі тану»-әлемді тану бағдарламасы



бет1/3
Дата14.04.2017
өлшемі0,51 Mb.
#13970
  1   2   3
«Өзін-өзі тану»-әлемді тану бағдарламасы.
Болашақтың нұрлы болуына ықпал етіп,адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана.Біздің басты міндеттеріміз –руханилыққа,ұрпақты бейбітшілік рухында ынтымақтастыққа тәрбиелеу және әлемдік мәдениет пен ұлттық мәдениетті кіріктіре меңгерту.Осындай адами қасиеттерді жүзеге асыру идеясын елімізде тұңғыш рет «Бөбек» қорының президенті,бар балаға қамқорлық нұрын төккен Сара Алпысқызы ұсынды.Мектепке дейінгі ұйымдарға арналған оқу бағдарламалары әр баланың талабын,бейімділігін,қабілеттілігін,дарындылығын іске асыруға және оның даму ерекшеліктері мен денсаулық жағдайын ескере отырып,дара әдіс негізінде оны бастауыш білім беру бағдарламасын меңгеруге даярлауға бағдарланады.

Жоғарыда айтылған құндылықтарды бала бойына сіңіру мақсатында Ақтау қаласының №59 С.Н.Шапағатов атындағы балабақшасында 2005 жылдан бастап «Өзін-өзі тану» бағдарламасымен жұмыс жасайтын топтар ашылды.Бағдарламамен жұмыс жасай отырып,балаларға рухани-адамгершілік тәрбие беру,жалпыадамзаттық құндылықтарға баулуды өз міндеттерімізге алып келеміз.Міндеттерді жүзеге асыру арқасында,ең бастысы балабақшадағы балдырғандарымыздың танымдық қабілеттері бұрынғыдан да дамып,бойларымен қатар ойлары да өсіп,өмірді тану туралы өзіндік ой-пікірлері қалыптасты.Осы тұрғыда «Өзін-өзі тану» пәніндегі адамгершілік-рухани құндылықтарды бала бойына сіңіру басқа пәндермен де үйлесіп отырды. «Өзін-өзі тану» пәні арқылы балалар өмірде кездесетін түрлі жағдаяттарды шеше білуге,өз ойларын ашық айтып,пікірін,сезімін,көңіл-күйін жеткізе алуға,денсаулығын сақтау мен нығайтуға үйренді.Бұрынғы кезде білім беру саласында білімнің сапасына үлкен мән берілсе бүгінгі күні білімнің сапасымен бірге балалардың рухани тәрбиесіне және ішкі жан дүниесіне де көп көңіл бөлінуде.Балаларымызға тілін,елін,отанын сүюге қажетті білім бастамаларын берудеміз.Сондай-ақ «Өзін-өзі тану» бағдарламасын бірлесе іске асыру мақсатында тәрбиешілер мен ата-аналар өзара ықпалдастық пен ынтымақтастықта жұмыс жүргізуге тырысамыз.Бұл пән өмірдің өз сұранысы ,қоғам қажеттілігінен туындайтын ізгілік пен игіліктің жарқын көрнісі болып отыр.Қазіргі таңда жүрегі ең таза,ең пәк мектеп жасына дейінгі жас жеткіншектер болғанымен өмір ағымына орай жақсылық пен жамандық бірге қалыптасады.Сондықтан,осы пәнді оқыту арқылы өмір бойы өзін-өзі тәрбиелеуге негіз қалыптастыруымыз керек.Адамгершілік бар жерде жақсылық үйлесім тауып тұратыны белгілі,сондықтан баланың бойына туған-туысқандары мен жақын адамдарына сүйіспеншілік,айналасындағы жанды-жансыз дүниеге қайырымды көзқарастары мен сезімталдық сияқты адамгершілік сапаларын қалыптастыру аса маңызды.Осы адамгершілік сапаларын балабақшада оқу-тәрбиелеу жұмыстары,ертеңгіліктер,сауықтыру шаралары,көрмелер,түрлі сайыстар өткізе отырып жүзеге асырамыз. «Өзін-өзі тану»бағдарламасы бойынша қалалық және облыстық шараларға да үнемі қатысып,әріптестерімізбен тәжірибе алмасып отырамыз.Атап айтқанда, балабақшамыз қалалық «Жетістіктер апталығында «Отбасы мерекелері»атты ашық сабақ /2005-2006/,облыстық тәрбиешілерге арналған курсқа «Табиғатты аялайық» ашық сабақ /2006-2007/, облыстық семинар «Туған елге саяхат»ойын-сауық /2007-2008/, «Жетістіктер апталығына» «Отаным-отбасымнан басталады»сауықтыру шарасы /2008-2009/,қалалық семинар «Өзін-өзі тану» бағдарламасын жүзеге асыруда отбасымен балабақшаның байланысы» /2009-2010/.Бұл аталған шараларды тек осы бағдарлама бойынша жасалып жатқан жұмыстардың қатарына қосуға болады.Маңғыстау облысы балалардың құқықтарын қорғау департаменті жоспарына сай қаладағы мектепке дейінгі ұйымдар адамгершілік-рухани даму бойынша телеарна және баспасөз қызметтері арқылы,осы маңызды бағдарлама туралы ақпараттар айтып,өз тәжірибелерінен тәлім береді.Біздің балабақша педагогтары да телеарнаның тікелей эфирінде көрермендермен жүздесіп,осы аталып отырған бағдарлама туралы кеңінен мағлұмат беріп,көрермендер сұрақтарына жауап берді. Мұның өзі облысымызда Білім туралы заңның орындалуына жағдай жасалынып отырғандығының белгісі. Бала дүниеге келгеннен бастап ата-анасы және айналасындағы адамдармен тығыз байланыста өмір сүреді.Олар күнделікті өмірде ересектермен бірлесе әрекет ете отырып,әрбір іс-әрекеттің мін-мағынасын,мақсат-міндетін,қарым-қатынас ережелерін біртіндеп меңгере бастайды.Өзін-өзі тану-бұл өзі туралы біліп қана қою емес,қоғамдық қатынастар жүйесіндегі,адамдар арасындағы өз орнын таба білу,өзін тұлға ретінде сезіну.Ал мектепке дейінгі мекемелердің міндеті балаларды өзін-өзі тануға үйрете отырып,жан-жақты дамыған жеке тұлға етіп тәрбиелеп шығару.Рухани бай,адамгершілігі жоғары,білімді ұрпақ-еліміздің болашағының кепілі. Отанын,елін сүйетін патриот,болашақ азаматтарды тәрбиелеп жатқандығымызды мақтан ете отырып,барлық оқырман қауымды тәуелсіздігіміздің 20-жылдық мерекесімен құттықтап,ортақ отанымыз аман,еңселі еліміз тыныш болса екен деген тілек білдіремін.

Мұхышева Раушан Жанбырбаевна.



№59 балабақша директоры.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет