2006 жылғы Шығыс Қазақстан облысындағы
мұрағат ісін дамытудың негізгі көрсеткіштерін орындау туралы
ЕСЕП
Облыстағы мұрағат ісінің дамуын мемлекеттік реттеу
Есепті кезеңдегі Шығыс Қазақстан облысы мұрағат мекемелерінің іс-әрекеттері Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» және «Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасындағы мұрағат ісін дамыту тұжырымдамасын, 2006 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамытудың негізгі бағыттарын, 2006-2008 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы «электрондық басқару» бағдарламасын, мемлекеттік тілді ендіру, Қазақстанда А.С. Пушкин жылын, ал Ресейде Абай жылын өткізу, мұрағат құжаттары мен басылымдарын жариялау бойынша іс шаралар жоспарын; Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің қаулыларын, шешімдері мен өкімдерін, Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпараттар және спорт министрлігінің Ақпараттар және мұрағаттар комитетінің бұйрықтарын, орта мерзімді салалық бағдарламалар мен жоспарлы тапсырмаларды орындауға бағытталды.
Облыс мемлекеттік мұрағаттарының жұмысындағы жетекші рольді ХV-ХХ ғасырлардағы Қазақстан тарихы бойынша құжаттарды іздеу және олардың көшірмесін алу бойынша бағдарламаны орындау, еліміздің тарихи-мәдени мұрасын сақтау және жан-жақты пайдалану, мемлекеттік мұрағаттардың материалдық-техникалық базасын жетілдіру және жақсарту, басқарма ішінде және әкімдікпен электрондық құжат айналымын жасау бойынша іс шаралар алды.
Мұрағаттар және құжаттама басқармасы Шығыс Қазақстан облыс әкімдігінің қарауына «2001-2005 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамыту бағдарламасын» жүзеге асыру аясындағы облыстағы мұрағат қызметінің осы уақыттағы жағдайы туралы сұрақ және 2006 жылға арналған міндеттер жөніндегі сұрақ қойылып, ол бойынша 04.04.2006 жылғы №580 «2001-2005 жылдардағы Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісін дамыту бағдарламасын» жүзеге асыру қорытындысы бойынша облыстағы мұрағат ісінің жағдайы және 2006 жылға міндеттер туралы» қаулы қабылданды. Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің бюджеттік комиссиясына мемлекеттік мұрағаттынң арнайы ғимаратының құрылысына техника-экономикалық негіздеме жасау бойынша инвестициялық ұсыныстар тапсырылды (облыстық әкімдіктің 20.07.2006 ж/ғы №681 қаулысы). 2006 жылғы маусым-қараша кезеңінде мұрағаттар басқармасы құрылысқа жер бөлуге қажетті құжаттарды ресімдеу жұмыстарын жұргізіп, тіркеу туралы 07.11.2006 ж. куәлік алынды. Жобалық құжаттамалар «Семстройпроект» ЖШС қарауында жатыр.
Мұрағат ісін дамытудың салалық бағдарламасын жүзеге асыру туралы сұрақ Көкпекті, Ұлан және Үржар аудандарының әкімдіктері мәжілісінде қаралды.
Шығыс Қазақстан облысы Әкімі аппараты және облыстың мемлекеттік органдарымен өзара әрекет аясында облыс мұрағаттар және құжаттама басқармасының ішкі саясат саласындағы іс-әрекеті жоспары, Қазақстанда А.С. Пушкин жылын, ал Ресейде Абай жылын өткізу бойынша іс шаралар жоспары жасалды, ШҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасында «электрондық басқару» құру бағдарламасы жасалды, мұрағаттар басқармасындағы электрондық құжат айналымы жүйесін ендіру бойынша іс шаралар атқарылды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 15 жылдығын мерекелеу бойынша іс шаралар жоспарына ұсыныс жасады.
Басқарма бастығы мен ұйымдастыру-әдістемелік және қаржы жұмыстары бөлімінің бастығы Орта Азия аймағы, Ресей, Эстония, Армения елдерінен 150 қатысушы шақырылған ШҚО әкімдігі, ішкі саясат департаменті және т.б. ұйымдармен бірлесе өткізілген “Электрондық басқару: аймақтық шешімдер” халықаралық конференциясына қатысты.
Басқарманың басшылары мен қызметкерлері 2006 жылдың 1 жартыжылдығындағы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы бойынша облыстық актив мәжілісіне, “Мемлекеттік органдардағы мемлекеттік тілге кезең бойынша көшуі сұрақтары” облыстық семинар-кеңесіне, “Шығыс Қазақстан облысы кәсіпорындарындағы халықаралық стандарттарды енгізу сапасы мен болашығының өзекті проблемалары” аймақтық ғылыми-практикалық конференециясына, ШҚО Әкімі аппаратының “Сыбайлас жемқорлықпен күрес, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің мәжілісінде 2006 жылдың 1 маусымында берілген мемлекет Басшысының тапсырмаларын орындау бойынша жұмыстар қорытынлары” кеңейтілген мәжіліске, ҚР мемлекеттік қызмет істері бойынша Агенттік басқармасы ұйымдастырған жергілікті басқару органдарының кадрлық саясаты сұрақтары бойынша “Тәжірибе, проблемалар және перспективалар” семинарына қатысты.
Шығыс Қазақстан облысы Әкімі сайтының құрылымдық айдарларын жаңалау үшін 2006 жылдың 1 жартыжылдығындағы және 9 айындағы жұмысы туралы есеп, мұрағат саласының жағдайы, кадрлық қорды қалыптастыру және кадрлармен жұмысты жақсарту туралы, әлеуметтік-құқықтық сипаттағы азаматтар сұраныстарын орындау бойынша тоқсан сайынғы мәліметтер ұсынылды, оның ішінде Семей ядролық полигонындағы жарылыстардан зардап шеккен азаматтар сұраныстары орындау бойынша мәліметтер апта сайын ұсынылып отырылды. Облыс мемлекеттік мұрағатының жеке бас текті қорларының құжаттары бойынша “Тарихи тұлғалар” айдары ашылды және үнемі толықтырылып отырады. Басқарма облыстық әкімдік өткізген облыстық департаменттер мен басқармалар арасындағы ШҚО Әкімінің сайтындағы ең жақсы web-парақ конкурсына қатысты.
Есепті жылы мұрағатшылар күшімен Шығыс Қазақстан облысы Әкімі В.В. Храпуновтың облыстың «Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындайтын Негізгі бағыттар мен идеологиялық жұмыстың міндеттері» идеологиялық активіндегі сөзіне бейне түсірілім жасалды. Курчатов қаласында өткізілген ҚР Ұлттық ядролық орталығы, «Полигон – 29 тамыз» Халықаралық қоғамдық қайырымдылық қоры және «Росатом» (Ресей) ұйымдастырған «Семей ядролық полигоны, радиациялық мұра, радиация зардабының таралмауы және зардап шеккен халықты сауықтыру проблемалары» тақырыбындағы дөңгелек столға қатысып, бұл оқиғаны бейнетаспаға жазып алды, сонымен қатар, жерлес-жазушы Е.Н. Пермитиннің туғанына 100- жыл толуына арналған және Каз. ССР еңбек міңірген энергетигі, ГЭС-тің Лениногор каскадының бұрынғы директоры И.В. Бердустың туғанына 100 жыл толуына арналған «Ертіс жеріндегі із» шығармашылық кеші, Шығыс Қазақстан облысы сәулет және монументальдік Жинағының тұсаукесері, мұрағат мекемелері директорларының облыстық мәжілістері, Жамбыл Жабаевтың туғанына 160 жыл толуына, А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың құрылуына 110 жыл толуына арналған арналған іс шаралар, Өскемендегі Жеңіс шеруі, «Семей аймағының зардап шеккен халқын сауықтыру» бағдарламасының тұсаукесері, ақын Михаил Чистяковтың ұлы Н.М. Чистяковпен кездесу бейнетаспаға жазылды.
Семей қаласының ғылыми қауымы және жергілікті теле арналары қатысқан 1932-1933 жылдардағы аштық және оның Шығыс Қазақстанның жергілікті тұрғындары үшін зардабы жайлы «Қазақ халқының ұлы трагедиясы тарихынан» құжаттар жинағының тұсаукесері өткізілді.
Басқарма бастығы, облыс мемлекеттік мұрағаты мен ЖТҚО-ның басшылары және қызметкерлері ҚР Мұрағаттар мен ақпараттар комитетінің және Семей мемлекеттік педагогикалық институтының бастамасымен өткізілген “А.С. Пушкин және ХХІ ғасырдың рухани келбеті” халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты және онда “Абай және Пушкин – екі халықтың ұлттық байлығы”, “Пушкин мен Абай”, “Халықтың жүрегінде” баяндамаларын оқыды.
Облыс мұрағат мекемелерінің басшылары қатысқан облыстық мәжіліс болып өтті, онда төмендегі сұрақтар қаралды: «2001-2005 жылдарға арналған Шығыс Қазқастан облысындағы мұрағат ісін дамыту бағдарламасын» орындау қорытындысы туралы, 2005 жылға арналған облыстың мұрағаттар және құжаттама басқармасының бюджеттік бағдарламасын жүзеге асыру қорытындысы және 2006 жылға міндеттері туралы, 2001-2005 жылдарға арналған ШҚО мемлекеттік мұрағаттарындағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша болашақ жоспарды орындау қорытындысы туралы, басқарманың Сараптау-тексеру комиссиясы жұмысының қорытындысы туралы, мемлекеттік мұрағаттар жұмысына тексерулер қорытындысы, жоспарлық-есептік құжаттамалар сапасы және т.б. сұрақтар.
ҚР Ақапараттар мен мұрағаттар комитетінің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау жүйесінің облыстық, қалалақ және аудандық тізбектері мекемелеріндегі іс жүргізу және құжаттарды сақтау жағдайына тексеру жүргізілді.
ҚР Ақапараттар мен мұрағаттар комитетіне 2007-2009 жылдарға арналған ҚР-дағы мұрағат ісі мен құжаттаама жүйесін әрі қарай жетілдіру бағдарламасының жобасына ұсыныстар жіберілді.
«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі тарихы» фотоқұжаттты көрмесі үшін ҚР Ақапараттар мен мұрағаттар комитетіне облыс мұрағат мекемелерінде анықталған, Қазақстан Республикасы Конституцясының жүзеге асу мен Тәуелсіздіктің қалыптасуын бейнелейтін құжаттар тізбесі, сонымен қатар, «Алаш-Орда партиясы», Қазақстан аумағындағы поляк азаматтарының тарихы тақырыбы бойынша құжаттар тізбесі, 2004-2006 жылдары Ресей Федерациясы мұрағаттарында анықталған құжаттар тізбесі, Шығыс Қазақстан аумағындағы Жапон армиясының өлген әскерлері мен жерленген әскери тұтқындарының құжаттары көшірмелері жіберілді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты және Ұлттық археография және дерек көздері орталығының кітапханасын қалыптастыру үшін Шығыс Қазақстан облысы мұрағат мекемелері басып шығарған кітаптар жіберілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағатына Қазақстан комсомолының тарихы бойынша өмірбаяндық анықтама әзірлеу үшін Шығыс Қазақстан облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшылары туралы ақпарат ұсынылады.
Өскемен қаласының Әкімі аппаратына ХІХ-ХХІ ғасырлардағы қаланың алдыңғы қатарлы зиялылары туралы мәлімет жіберілді.
2006 жыл ішінде облыс мемлекеттік мұрағаттарды жабдықтау саласында құжаттарды сараптау жүргізілді, облыс мұрағаттар және құжаттама басқармасының СТК-ның 20 мәжілісі болып өтті. Оларда 17504 с.б. басқарма құжаттамаларының, 7310 с.б. жеке құрам бойынша, 35 с.б. бейнеқұжаттардың, 466 с.б. ҒТД, 714 с.б. жеке бас текті құжаттар, 631 с.б. ерекше бағалы құжаттар, 26 есеп бірлігі киноқұжаттар, 26 есеп бірлігі бейнеқұжаттар, 6 есеп бірлігі фотоқұжаттар, 251 с.б. фотоқұжаттар тізімдемелері бекітілді.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының, «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының» ШҚ облыстық филиалының, «Талдау және болжау орталығы» ҚМКК, ШҚО ішкі саясат департаментінің, ШҚ облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының, «Геофизикалық зерттеулер институты» МКД, «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК, «Семейцемент» АҚ, Семей қаласының АХАЖ бөлімінің, Тау-кен өнеркәсібі еңбекшілері кәсіподағының Шығыс Қазақстандық ұйымының, «Ульба» Өскемен қалалық аумақтық медико-санитарлық орталығының, Курчатов қалалық сотының, Дене тәрбиесі мен спорт бөлімінің, Семей табиғатты қорғау прокуратурасының, сәулет және қала құрылысы бөлімінің, радиациялық қауіпсіздік пен экология институтының, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған сауықтыру орталығының, Соттар әкімшісінің Күршім аудандық сотының, Семей горинизонының әскери соты, “Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласының Халықтардың кіші ассамблеясының Достық үйі” КМҚК және т.б. 25 істер номенклатурасы қаралып, мақұлданды.
ШҚОММ Зырян филиалындағы құжаттандыру және құжаттаманы басқару бойынша нұсқау, жасақтау көздерінің қосымша тізімі, «Ел тағдыры оның тағдырына ықпал етті», «Өмір жолы», «Өмір жолы», «Кәсіподақтың 1 губерниялық конференециясының 85 жылдығына», «ҰОС қатысушы, батальон командирі» Бокажанов Кыдырпатшаның туғанына 85 жыл толуына» «Абай Құнанбаевтың 160 жылдығына және Е.П. Михаэлистің 165 жылдығына «Дүние үлкен көл, заман соққан жел, алдыңғы толқын ағалар, артқы толқын інілер, кезекпенен өлінер, баяғыдай көрінер», «Үш ғасыр уақыты арқылы» көрмелерінің тақырыптық-экспозициондық жоспары, “Михаэлис Евгений Петрович” кітапшасының макеті, “Облыс мемлекеттік мұрағатының Лениногор филиалына 40 жыл” буклетінің макеті сияқты әдістемелік сипаттағы сұрақтар қаралды. Облыс ЖТҚО СТҒӘК мәжілістерінде СК төрағасының есебі мен Семей радиотехника колледжінің, «Семей қаласының қаржы бөлімі», ОВ-156/14 мекемесінің ведомствалық мұрағаттарына жауапты қызметкерлердің есептері тыңдалды.
Облыс мемлекеттік мұрағаттарының дирекция мәжілістерінде 2005 жылғы жұмыс қорытындысы, 2006 жылға арналған міндеттер, болашақ жоспарды орындау қорытындылары, 2001-2005 жылдардағы облыстағы мұрағат ісін дамыту бағдарламасы және 2007-2009 жылдарға арналған мұрағат ісі және құжаттама жүйесін әрі қарай жетілдіру бағдарламасының жобасына ұсыныс жөнінде, жасақтау көздері тізімдерімен жұмыс барысы, «Архивный фонд» бағдарламалық кешенін ендіру және мұрағат технологиясында электрондық мәліметтер базасын пайдалану, ШҚОММ құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және олардың мемлекеттік есебі бөлімінің жұмысы, 2006-2008 жылдарға өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Экономика және бюджеттік жоспарлау Министрілігінің облыс бойынша мекемелер жүйесінің құжаттарды сақтау және іс жүргізу жағдайына тексеру барысы туралы сұрақтар қарастырылды.
ҚР үшін тарихи құндылығы бар шет елдердің мұрағат және ғылыми мекемелерінен ХV-ХХ ғасырлардағы Қазақстан тарихы бойынша құжаттарды іздеу және олардың көшірмесін алу бойынша бағдарламаны орындау мақсатында облыс мемлекеттік мұрағаты Ресей Федерациясының Тюмень облыстық мемлекеттік мұрағатының Тобольск филиалына іс сапар жасады. Облыс ЖТҚО ҚР ОММ және Алтай өлкесінің Мұрағат қорының сақтау орталығына (Барнаул қаласы) «Шығыс Қазақстан: тарих, экономика, мәдениет» - Шығыс Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылыс, ХІV-ХХ ғасырлар жинағының 1 бөліміне құжаттар анықтау мақсатында іссапарлармен барып қайтты.
Облыс мұрағаттар басқармасы бастығы, бастықтың орынбасарлары, облыс мемлекеттік мұрағаттарының директорлары, басқарма қызметкерлері мен облыс мұрағатшылары Алматы, Семей, Тобольск, Шемонаиха, Риддер, Зыряновск, Зайсан қалаларына, Молодежное, Қарауыл, Күршім ауылдарына, Бесқарағай ауданына іссапар жасады.
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету және олардың мемлекеттік есебі.
2006 жылдың басында 2001-2005 жылдарға арналған өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің болашақ жоспарын орындаудың қорытындысы шығарылды және осы іспеттес 2006-2008 жылдарға арналған жоспар жасалды. ЕӨД бойынша бұйрықтар жаңартылып, объектілерде азаматтық қорғаныс бойынша құрылымдар жасалды. Облыс мемлекеттік мұрағатының Крылов көшесіндегі ғимараттың шатыры ауыстырылды, бас корпуста жылу жүйесі жөнделіп, ішінара ауыстырылды, мұрағат қоймаларынан электражыратқыштары шығарылды, электр жарықтары мен лампаларына қорғаныш шынылар орнатылды; облыс мемлекеттік мұрағатының барлық ғимараттарында электр проводкаларының оқшаулағышқабығының өртке қарсылығына өлшеу жүргізілді; Потанин көшесі, 12 ғимаратта су жүйесіне жөндеу жүргізілуде, задвижкалар ауыстырылып, басқару түйіні жөнделді, насос-жоғарылатқыштар, баспалдақ алаңшаларында өзі жабылатын есіктер орнатылды.
Головков көшесі, 26/1 ғимаратында газбен өрт сөндіру станциясындағы желдету жүйесін құрау бойынша жұмыстар аяқталды. Облыс мемлекеттік мұрағатының барлық ғимараттарында бірінші қабаттарда тұйық металл торлар алынды. Жиыны облыс мемлекеттік мқрағатының үш ғимаратындағы жөндеу жұмыстарына 5,665 млн. теңге, іргелі жөндеу жұмыстарына 1,935 млн. теңге жұмсалды.
Лениногор филиалында Фрунзе көшесі, 44 ғимаратта екінші қабатта кезекті жөндеу аяқталды (1,733 млн. теңге игрілді).
Зырян филиалында Горький көшесі, 48 ғимаратының үшінші қабатындағы жайларды кезекті жөндеу жұмыстары (2,047 млн. теңге), фасад пен шатырды іргелі жөндеу бойынша жұмыстар аяқталды (1,602 млн. теңге игерілді).
Зайсан филиалында мұрағат ғимараты мен подвал жайының кезекті жөндеуі аяқталды, облыс мемлекеттік мұрағатының Аягөз филиалында мұрағат ғимраттарының кезекті жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Облыс мемлекеттік мұрағаты мен оның филиалдарында мұрағат ғимараттарын қысқы жағдайға дайындау жүргізілді: запорлық арматураның техникалық жағдайына бақылау жасалды, жылу жүйесіне тазалау және жуу жүргізілді, құбыр желісінің жылу оқшаулағышы қамтамасыз етіліп, магистральды және квартал ішілік жылу жүйесінің тығыздығы мен маханикалық беріктігіне гидравликалық сынақ жасалды және олар жуылды.
Облыс ЖТҚО-да кейбір кабинеттер мен ғимараттың артқы фасадына, шатырға ішнара жөндеу жүргізілді. Қызметтік бөлмелерде жылумен қамту құбырларының ақаулы бөліктері ішінара ауыстырылды.
Шемонаиха аудандық мұрағаты оқу залының жөндеуін аяқтады, қызметтік бөлмелер терезелеріне пластикалық рамалар орнатылды, қосалқы ағаш шығар есіктер пластикалық есіктерге ауыстырылды (1,885 мың теңге игерілді), мұрағатшылар күшімен Үржар ауданы мемлекеттік мұрағатының жөндеу жұмыстары жүргізілді: мұрағат ғимаратының жылыту жүйесі толығымен алмастырылды, негізгі ғимараттың қазандығынан бөлінген жеке қазандық жабдықталды, санитарлық түйін мекн канализация құру бойынша жұмыстар жүргізіліп, цоколь жаңартылды және кіреберіс жабық етіп жабдықталды, өрт дабылдатқышының пульті күзетшілер бөлмесіне шығарылды.
Облыстың барлық аудандық мұрағаттарында кезекті жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Мұрағаттардың су, жылу және электр жүйелерінің жұмыстарына үнемі қадағалау жасалып отырылды. Құжаттарды сақтаудың қажетті жағдайын ұстап тұру үшін мұрағат қоймаларындағы температуралық-ылғалдық режимді ұстап тұру бойынша мұрағат қоймаларын желдету және дымқылдап сүртіп алу жолдары арқылы іс шаралар, құжаттарды мемлекеттік сақтауға қабылдауда акклиматизация, яғни бейімдеу жұмыстары, дезинфекция, дезинсекция (арнайы қызметтер көмегімен) жүргізілді. 133992 с.б. шаңнан тазартылды.
2006 жыл ішінде облыс мұрағат мекемелері қағаз негізіндегі құжаттардың 35023 бетін қалпына келтірді, 8800 с.б. тігілді, 4089 іс тізімдемелерімен және 21 газет тігіндісі тігілді, істер мен құжаттамалардың 1277 мұқабасы хатталды.
30550 с.б. картондалды, қолдан 2234 қорап әзірленді. Облыс мемлекеттік мұрағаты 12081 с.б. қайта картондады; 1632 ескірген көрсеткілер ауыстырылып, 3177 қорап қайта шифрленді, 6440 бума құрастырылды. Облыс мемлекеттік мұрағаты өшуге айналған мәтіндердің 1368 бетін қалпына келтірді.
Көгеріп кеткен 169738 с.б. және 260 бет дезинфекцияланды (Зайсан филиалы).
Облыс мемлекеттік мұрағатында ЕБҚ анықтау мақсатында «Өскемен педагогикалық училищесі», «Саулет» өндірістік-акционерлік концерні», «Ет өнеркәсібінің ШҚ өндірістік бірлестігі», Өскемен ауыл шаруашылық техникумы, ҚР АШМ мемлекеттік тұқым инспекциясы, ШҚО мәдениет басқармасы, ШҚО Жамбыл атындағы драмтеарт және т.б. қорлардан 21194 с.б. қаралды (9589 іс бет бойынша және 11605 іс атау бойынша). 708 ерекше бағалы құжат анықталды және тізімдемеленді: облыс мемлекеттік мұрағаты 130, Жарма филиалы 562 ЕБҚ анықтады және тізімдемеледі. Лениногор филиалы қаржы бөлімінің 119 ісін қарап, ЕБҚ 13 с.б. анықтады және тізімдемеледі, Зайсан филиалы 300 с.б. қарап, 2 ЕБҚ тізімдемеледі.
Лениногор филиалы тарихи-мәдени мұраны анықтау мақсатында Ленинонор қалалық кеңесінің 472 с.б. қарап шықты. Облыс мемлекеттік мұрағатының зырян филиалы 525 с.б. атау бойынша, 88 с.б. бет бойынша қарады. Облыс ЖТҚО 400 с.б. қарады.
Облыс мемлекеттік мұрағаты мен ЖТҚО ЕБҚ-дың сақтандыру қорларын жасау бойынша жұмыстарды жалғастырды, ШҚ облыстық статистикалық басқармасының және жоспарлау комиссиясының 20 с.б. – 1387 бет – 2,23 кгб – 21 лазерлі табаққа көшірілді. Облыс ЖТҚО ШҚ облыстық жоспарлау комиссиясының қорына сақтандыру қорын жасады – 300 бет (340 сканерленген кадрлар, 1690 Мб).
Жоспарлы тәртіпте құжаттар мен істерді түгендеу және физикалық жағдайын тексеру жүргізілді – 154341 с.б. тексерілді. 2005 жылы пайдалануда болған 36207 с.б. және 14380 істің ішінара санитарлық-биологиялық жағдайы тексерілді. Тексеру қорытындысы бойынша актілер жасалып, есеп және құжаттардың физикалық жағдайы туралы карточка толтырылды. Бұдан өзге Зайсан филиалы 91 ЕБҚ бар-жоғы түгенделіп, жағдайы тексерілді. 209 қорға есептік құжаттарды тексеру жүргізілді.
Сұраныстарды орындау үшін, оқу залында жұмыс істеу үшін, тізімдемені қайта өңдеу үшін, ҒАА жетілдіру үшін, ЕБҚ анықтау үшін мұрағат қоймаларынан 412657 с.б., 41185 тізімдеме берілді. Облыс мемлекеттік мұрағаты уақытша пайдалануға 315 іс берді. Мемлекеттік сақтауға істерді қабылдау барысында 10627 с.б. қайта шифрленді. Облыс мемлекеттік мұрағаттарында оңтайлы орналастыру мақсатында мұрағат қоймаларында 70764 с.б. орындары ауыстырылды.
Облыс мемлекеттік мұрағатында құжаттарды анықтау, сұраныстарды орындау барысында 14527 беттің көшірмесі жасалып, Белослюдовтың жеке бас текті қорынан ескі Семей қаласының көрінісі, хоккей тарихы, сонымен қатар, Абай Құнанбаевтың 160 жылдығы мен Е.П. Михаэлистің туғанына 165 жыл толуына арналған көрме үшін, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 15 жылдығына арналған көрмеге, А.А. обучевтің Б.Г. Герасимовқа жазған хаты, облыс автомобильжолдары тарихы бойынша фотолар – 675 фото сканерленді. Облыс Әкімі сайтына облыстың бірінші басышылары мен бұрынғы партия қызметкерлері туралы құжаттар сканерленді.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының мемлекеттік есебі.
Есепті кезеңде облыс мемлекеттік мұрағаты 2005 жылы болған қорлар құрамы мен көлеміндегі өзгерістер туралы мәліметтер (оның ішінде құпия іс жүргізу құжаттары бар қорлар), 01.01.2006 жыл жағдайындағы облыс мұрағат қорының паспортын жасады. Облыс мемлекеттік мұрағаттарында 227 жаңа қор беті, 135 парақ-жалғасы, 10 форманың 341 карточкасы жасалды, түскен құжаттарды есепке алу кітабына 162 қор, тізімдемелер тізіліміне 220 жаңа тізімдеме, топографиялық көрсеткіге 296 карточка жасалды.
Көптеген мұрағат мекемелері «Архивный фонд» бағдарламалық кешеніне мәліметтер базасын енгзу бойынша жұмыстарды аяқтады. 2007 жылдың 1 қаңтар жағдайы бойынша «Архивный фонд» мәліметтер базасына енгізілген ақпараттар көлемі 60,5 мб құрады.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру. Ведомствалық мұрағаттарға және мекемелер, ұйымдар және кәсіпорындар іс жүргізуіндегі құжаттарды ұйымдастыруға ұйымдастыру-әдістемелік басшылық. Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және олардың бірлестіктерінің мұрағаттарымен жұмыс.
2006 жылы облыс мемлекеттік мұрағаттары басқарма құжаттамаларының 14309 с.б., ҒТҚ 798 с.б., 25 с.б. бейне және 7 с.б. үнқұжаттар, 301 с.б. фотоқұжаттар, 26 с.б. киноқұжаттар, 685 с.б. жеке бас текті құжаттар, жеке құрам бойынша 26398 істі мемлекеттік сақтауға қабылдады.
Есепті кезеңде облыс мемлекеттік мұрағаты 14773 іс тұрақты сатау құжаттарын, 11658 іс жеке құрам бойынша, оның 3319 с.б. басқарма құжаттамалары және 3935 жеке құрам істері, 200 с.б. фотоқұжаттар, 27 есеп бірлігі бейнеқұжаттар, 6 есеп бірлігі фоноқұжаттар ақылы қызмет есебінен тәртіпке келтірілді. Облыс ЖТҚО 705,9 мың теңге сомасындағы ақшаға ақылы қызмет көрсетті.
Облыс мемлекеттік мұрағаты Қазақстан Республикасы Президентін сайлау бойынша, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына депутаттар сайлау бойынша Шығыс Қазақстан облысы сайлау комиссияларының, ШҚО Көкпекті ауданы Әкімінің экспериментальді сайлауы бойынша, шығып кеткендер орнына қалалық, аудандық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша сайлау комиссияларының құжаттарымен жабдықтау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру жүргізді, ғылыми-техникалық өңдеуге және мемлекеттік сақтауға қабылдау үшін құжаттар іріктеді.
ШҚ қоғамдық бірлестіктер одағымен, ШҚ облыстық мәдениет, денсаулық сақтау, құрылыс, орман шаруашылығы салалары, Курчатов қаласының телекоммуникация түйіні қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымымен іс жүргізу және мұрағат ісі саласында өзара қарым-қатынас және ынтымақтастық туралы 25 келісім шарт жасалды.
Облыс мұрағатшылары істер номенклатурасын, СК туралы ереже, іс жүргізу бойынша нұсқау, фирмалық бланк, құжаттарға ғылыми-техникалық өңдеу жасау бойынша төмендегідей 574 ұйымның құжаттама басқару қызметтері мен ведомствалық мұрағаттар қызметкерлеріне әдістемелік және практикалық көмек көрсетті (олардың 81 ұйымға бару арқылы): ШҚО қылмыстық-атқару жүйесінің комитеті, ШҚО бойынша техникалық реттеу және метрология жөніндегі комиетет, ШҚО бойынша қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің басқармасы, ШҚ облыстық соты, Семей және Курчатов қалалық соттары, Өскемен қаласының қала құрылысы бөлімі, ғылыми-техникалық кітапхана, Семей заң институты, ҚР Ұлттық ядролық орталығы, политехникалық колледж, «Томирис» ЖШС және т.б.
Есепті кезеңде келесі ұйымдар үшін 37 істер номенклатурасы жасалды: ШҚО бойынша мемлекеттік бақылау және төтенше жағдайлар саласындағы қадағалау басқармасы, «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ-ның ШҚ облыстық филиалы, «Талдау және болжау орталығы» ҚКМК, ШҚО ішкі саясат департаменті, Курчатов қалалық соты, «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» МКД, «Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған сауықтыру орталығы» ММ, балалар үйлері және мектептер, Семей қаласының құрылыс бөлімі мен табиғатты қорғау прокуратурасына, Бесқарағай аудандық ТКШ, автомобиль жолдары мен жолаушы көлігі, Күршім аудандық соты және т.б.
Мемлекеттік және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың 369 істер номенклатурасы келісілді, олардың 46 – құпия іс жүргізу бойынша, 3 – «ДСП» (қызметте пайдалану үшін) белгісімен, 118 – мемлекеттік және орыс тілдерінде, 1 – «Қазақстанның халық Банкі» АҚ-ның аудандық филиалдарының тұрпатты номенклатурасы.
Келесі 28 ұйымда Сараптау комиссиясы құрылып, олар туралы және ведомствалық мұрағаттар туралы ережелер жасалды: Шығыс Қазақстан облыстық, Өскемен, Курчатов қалалық соттары, «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» МКД, Өскемен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі, Курчатов телекоммуникация түйіні, Семей әскери гаринизоының әскери соты, «Ядролық технология саябағы» АҚ.
Келесі 37 мекеменің ұйымдастыру-өкімдік бланкілері келісілді: Өскемен қаласының кәсіпкершілік бөлімі, білім беру бөлімі, дене тәрбиесі мен спорт бөлімі, Меновное ауылдық округінің Әкімі, «Шығыс Қазақстаан облыстық сәулет-этнографиялық табиғи-ландшафтық мұражай-қорығы» ҚМКК, Ат спортының ұлттық түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, ОВ-156/15, ОВ-156/14, курчатов қалалық соты және телекоммуникация түйіні, «Кожмех» АҚ, «Томирис» ЖШС, «Ядролық технология саябағы» АҚ және басқалар.
Есепті кезеңде облыс мемлекеттік мұрағаты облыс соттарын құжаттамамен қамтамасыз ету қызметкерлері үшін – құжаттандыру, құжаттаманы басқару, қалыптастыру тәртібі, сот құжаттарын іріктеу, уақытша сақтау және мемлекеттік сақтауға беру бойынша; облыс қылмыстық-атқару органдарының құжаттамамен қамтамасыз ету қызметкерлері үшін - істер номенклатурасын жасау және жұмыс барысына енгізу, қалыптастыру тәртібі, құжаттарды ведомствалық және оперативті сақтау сұрақтары бойынша семинарлар өткізді. Аудандық және оларға теңестірілген соттар басқармаларының мұрағат қызметі және құжаттамамен қамтамасыз ету қызметі қызметкерлерінің құжаттандыру және ведомствалық мұрағаттар жұмысының негізгі сұрақтары бойынша біліктілігін көтеру курстары ұйымдастырылыды, курс аяқталғаннан кейін 70 тыңдаушыға сертификат берілді. Облыс мұрағат мекемелеріінің қызметкерлері үшін келесі тақырыптар бойынша біліктілікті көтерк курстары өткізілді: облыс мемлекеттік мұрағаттарын жабдықтау көздері болып табылатын мекемелер, ұйымдар және кәсіпорындар тізімін жасау және анықтау әдістемесі, ведомствалық сақтаудағы ҚР ҰМҚ құжаттарының мемлекеттік есебін жүргізу, ұйымдармен жұмыстарды есепке алу, құжаттарды ведомствалық сақтау жағдайы мен мерзімі, істер номенклатурасын жасау, құжаттарға ғылыми-техникалық өңдеу жүргізу, тексеру жасау және олардың қорытындылары бойынша аныықтама жасау (20 адам).
Облыс ЖТҚО Семей қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау комитетінде семинар өткізді. 2006 жылдың қараша айында облыс ЖТҚО құжаттама қызметкерлеріне біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырды, бұл курстарда келесі мекемелердің қызметкерлері оқыды: “ТұранӘлемБанкі”, “БанкЦентрКредит”, “Ядролық технология саябағы” АҚ, Семей гарнизонының әскри соты, “Жер қатынастары бойынша комитет”, Семей қаласының салық комитеті және Қазынашылық комитеті және т.б. ұйымдар.
ШҚОММ Аягөз филиалы ауданның ауыл округтері Әкімдері мен бас мамандарына «Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарындағы құжаттандыру және құжаттаманы басқарудың тұрпатты ережелерін» және «Мемлекеттік ұйымдар әрекеті барысында пайда болған сақталу мерзімі көрсетілген тұрпатты құжаттар тізбесін» ендіру бойынша семинар-мәжіліс өткізді.
Осы сұрақтар бойынша Риддер қаласының мектептерінің іс жүргізушілері үшін облыс мемлекеттік мұрағатының Лениногор филиалы да семинар өткізді.
Зырян филиалының қызметкерлері өз аймағындағы шағын жеке кәсіпорындар үшін «Іс жүргізу және құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету» тақырыбына семинар-мәжіліс өткізді.
ШҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасы және облыс мемлекеттік мұрағаты ШҚО Экономика және бюджеттік жосарлау департаментіне, Өскемен, Семей, Курчатов, Риддер қалаларының Экономика және бюджеттік жосарлау бөлімдерінде, облыстың 15 ауданында іс жүргізу және ведомствалық сақтау жағдайына кешенді тексеру жүргізді. Тексерулер қорытындысы бойынша анықтамалар, жиынтық анықтамалар, жасалып, олар облыс мұрағаттар және құжаттама басқармасының СТК, ШҚО ЖТҚО СТҒӘК мәжілістерінде қаралды.
ШҚОММ Аягөз филиалы Аягөз аудандық сотына, орталық аудандық ауруханаға, Аягөз ауданының салық комитетіне құжаттарды мемлекеттік сақтауға іріктеу және құжаттардың уақытша сақталуы кезеңінде сақталуын қамтамасыз ету сұрақтары бойынша тақырыптық тексеру жүргізді.
Құжаттандыру және құжаттардың ведомствалық сақталуы жағдайына «Семей орманы» РМК, «Семей РЭС» АҚ, «Казахкабель» АПО, «Семей қаласының ТКШ, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімі» ММ (ШҚО ЖТҚО), Үржар білім беру бөлімі, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, Мақаншы аудандық емханасы, «Бахты» кедені тақырыптық тексерулер жүргізілді.
Сондай-ақ, ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі жүйесінің ұйымдарындағы іс жүргізу және құжаттардың ведомствалық сақталуы жағдайына мемлекеттік инспекция қорытындысы бойынша бақылаулы тексеру жүргізіліп, олардың қорытындылары ШҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасының 22.09.2006 жылғы мәжіліснде қаралды.
Жеке қор ұстаушылармен жұмыс жоспары аясында география ғылымдарының докторы, ШҚМУ оқытушысы А.В. Егоринаның ғылыми еңбектері, авторлық рефераттары, диплом жұмысының қолжазбасы, Өскемен қаласын кешенді әлеуметтік-экономикалық зерттеу бойынша құжаттар, әдістемелік құралдар және т.б. құжаттырымен облыс мемлекеттік мұрағаттарын жабдықтау бойынша ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді.
Социалистік Еңбек Ері, Өскемен қаласының құрметті азаматы, Өскемен қорғасын-мырыш комбинатының бұрынғы қызметкері А.Е. Калиев Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты туралы материалдар жинағын, жазушы Н. Наволокиннің «Электролизник Ауталиф Калиев» (1986 ж.) кітапшасын, өзінің сайлау алдындағы материалдарын берді.
Ақын М. Тыцких өзінің «Рудный Алтай» газетіне жарияланған тақпақтарын мемлекеттік сақтауға берді.
Г.А. Володина «Интурист» фирмасының резиденті, бұрынғы партия қызметкері Шығыс Қазақстан облысы тарихы бойынша басылған үш кітапқа арналған фоталарды мемлекеттік сақтауға берді.
К.Н. Назыров – Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, жазушы, журналист, Катон-Қарағай аудандық “Луч” газетінің бұрынғы редакторы (осы күнде Астана қаласындағы “Аударма” типографиясының директоры) өзінің шығармашылық құжаттарын берді, олар келесі құжаттар: жарияланған мақалалары, авторлық кітаптары, фотолар, пікірлері, өмір баяны.
Өскемен қаласы татар диаспорасының өкілі, қаламыздың көне көз тұрғыны М.М. Кагарманованың туыстары мемлекеттік сақтауға фтолар, Өскемен қаласы туралы есте сақтаған естеліктер, хаттар берді.
Өскемен құрылыс-жол және педагогикалық институттарының КПСС тарихының оқытушысы, доцент, тарих ғылымдарының кандидаты, ҰОС қатысушы А.В. Потаповтың қоры фотолармен, жеке құжаттармен, хаттармен толықтырылды.
Түсті металлдардың Шығыс ғылыми-зерттеу тау металлургиялық институтының тәжірибелік қорғасын зауытының гидро-металлургиялық цехының аппаратчигі, ҰОС қатысушы П.И. Селезновтың қорына жеке құжаттары, грамоталары, фотолары мемлекеттік сақтауға берілді.
Жазушы-өлкетанушы және Риддер қаласндағы «Радио-Максат» ЖШС-нің бұрынғы редакторы Ю.С. Манаков ШҚОММ Лениногор филиалына өзінің жеке мұрағатын берді. ҚР Білім беру және ғылым министрлігінің Орталық ғылыми кітапханасынан Алтай ботаника бағының негізін қалаушы П.А. Ермаковтың құжаттары сұралып, олардың көшірмелері алынды.
Зырян филиалы ақын-өлкетанушы В.С. Молостовтың құжаттар жинағын жинақтауды жалғастыруда, оның «Отгремев, закончились бои ...» кітабы қабылданды, жазушы-натуралист А.Г. Лухтановтан 155 құжат, 1251 фотоқұжат, 14 кітап қабылданды. ҰОС ардагерлері Ф.Ф. Уфимцевтің, В.К. Цыбраның жеке бас текті құжаттары жиналды. Зырян қаласы ардагерлер Кеңесі филиалға “Зырян қаласы – Зырян аудаы ардагерлік қозғалысының жылнамасын” берді.
Аягөз филиалы мемлекеттік сақтауға ҰОС қатысушы О. Сабитовтың құжаттарын мемлекеттік сақтауға берді.
Жарма филиалы Шар қаласы мен Жарма ауданының құрметті тұрғыны К. Рахимбаевтың, ҰОС қатысушы И.Я. Кривконың жеке бас текті құжаттарын қабылдады, ҰОС қатысушы А. Уразбековтың жеке бас текті құжаттарымен жабдықтау бойынша жұмыстады жүргізуде.
Зайсан филиалы және облыстың аудандық мұрағаттары соғыс ардагерлерімен жұмысты жалғастыруда.
Есепті кзеңде облыс мемлекеттік мұрағаты “Студия Реал-Тайм” ЖШС-мен “ Біздің президент”, “Шығыстың алтын әйелдері”, “РОСТ технологиясы” фильмдерімен жабдықтау бойынша ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді. Облыс мемлекеттік мұрағатына жеті телехабардан тұратын “Көзкөргендер”, “Тұлға”, “Қазақстан Республикасы Президентін ұлықтау” репартажы, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысушылар туралы “Жеңіс Күнімен” фильмдерінің және жазушы, ерекгіші А.М. Волков туралы “Мәдени мұра” 2 бейнетаспасы берілді.
ШҚО ЖТҚО облыс мемлекекттік мұрағатына Семей педагогикалық институтында облыс мұрағатшыларының қатысуымен өткен “А.С. Пушкин және ХХІ ғасырдың рухани келбеті” конференциясының бейне жазбасын берді.
2006 жылы облыс мемлекеттік мұрағаты келесі материалдарға бейнетүсірілім жасады: «Нива» журналының бас редакторы В.Р. Гундаревпен кездесу, Жамбыл Жабаевтың туғанына 160 жыл толуына арналған, жазушы-жерлес Е.Н. Пермитиннің туғанына 110 жыл толуына арналған және Лениногор каскадының бұрынғы директоры, Қазақ ССР-нің еңбегі сіңген энергетигі И.В. Бердустың 100 жылдығына арналған «Ертіс жеріндегі із» кеші, Шығыс Қазақстан облысының сәулет және монументальді ескерткіштері жинағының тұсаукесері, мұрағат басшыларының облыстық мәжілісі, әуесқой суретші В. Шипиловтың «УМЗ» (Үлбі металлургия зауыты) ААҚ мұражайындағы суреттер көрмесі, Жамбыл Жабаевтың 160 жылдығына арналған кеш, Ұлы Отан соғысына қатысушы П.И. Селезневтың 95 жылдық шеруі, Қазақстанның көрнекті қоғам қайраткері К. Бозтаевты еске түсіруге арналған халықаралық шахмат турнирі, облыс этнографиялық мұражайы қызметкерлері дайындаған «Менің Отаным» көрмесінің тұсаукесері, А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың құрылуына 110 жыл толуына арналған кеш, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Күнінне арналған Өскемен қаласындағы шеру, “Семей ядролық полигоны – радиациялық мұра, таралмау және зардап шеккен халықты сауықтыру проблемасы” тақырыбына өткізілген халықаралық “дөңгелек стол” мәжілісі (Курчатов қаласы), “Семей аймағының зардап шеккн халқын сауықтыру” (Семей қаласы) бағдарламасының тұсаукесері, белгілі жерлес жазушы Михаил Чистяковтың ұлы Н.М. Чистяковпен кездесу, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-де В.И. Петров тындағы ғылыми-әдістемелік кабинеттің ашылуы”, “Звено Алтая” әдеби бірлестігінің құрылуына 85 жыл толуын атап өту, “Дидар” облыстық газетінің құрылуына 75 толуына арналған кеш.
ҚР Мұрағаттар мен ақпараттар комитетіне әдістемелік кеңестің қарауына ішінара қабылдау арқылы жасақтау көздері-құжаттардың мемлекеттік сақталуға іріктелуі бойынша әдістемелік кеңестер жіберілді.
3. Ақпараттық-іздестіру жүйесін жасау,
ғылыми ақпарат, құжаттарды пайдалану.
2006 жыл ішінде облыс ЖТҚО Қазақ ССР-нің еңбегі сіңген әртісі К.С. Сәкиеваның, педагогикалық училищенің директоры, Ұлы Отан соғысының ардагері А.Т. Бекбаевтың, Ю.П. Бөлегенованың, Совет Одағының Батырлары А.А. Ибраевтың, Ж.А. Молдагалиевтың, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері С.Г. Косановтың, белгілі қазақ жазушысы М. Сәрсекеевтің жеке бас текті қорларын 162 с.б. тізімдемеледі.
Облыс мемлекеттік мұрағаты филология ғылымдарынң кандидаты, тілтанушы-тюрколог, Қазақ ССР Ғылым Академиясының мүше-корреспонденті, С. Аманжоловтың, Қазақ ССР ағарту ісінің үздігі Е.К. Турлыбаевтың жеке қорларын, ВГИ ректоры К. Мамыровтың, КСРО Энергетика және электрификация үздігі, Өскемен ТЭЦ-нің бұрынғы директоры Ю.М. Маргулистің, Өскемен қаласындағы татар диаспрасының көнекөз өкілі М.М. Кагарманованың, Петровтар отбасының қоры: КСРО Жоғары мектебінің еңбегі сіңген қызметкері, Қазақ ССР халыққа білім беру үздігі, Өскемен педагогикалық институтының тарих факультетінің деканы В.И. Петровтың, экономика ғылымдарының кандидаты, Өскемен педагогикалық институтының саяси экономика кафедрасының меңгерушісі А.И. Петрованың, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына қатысушылардың жеке бас текті қорын («Шығыс Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында» құжаттар коллекциясы) тізімдемеледі.
Облыс мемлекеттік мұрағатының Аягөз филиалы Ұлы Отан соғысына қатысушы О. Сабитовтың – 21 с.б., Зырян филиалы жазушы-натуралист, өлкетанушы А.Г. Лухтановтың жеке бас текті қорының 101 с.б. тізімдемеледі.
Зайсан филиалы жаңашыл-мұғалім Г. Берденованың 45 с.б.; Жарма филиалы ауданның құрметті азаматы Х. Рахимбаевтың, Ұлы Отан соғысына қатысушы И.Я. Кривконың 33 с.б. тізімдемеледі. Барлығы облыс мемлекеттік мұрағаттары жеке бас текті 488 с.б. тізімдемеледі. Бородулиха ауданының мемлекеттік мұрағаты ҰОС қатысушы Н.Ф. Никульшинаның 27 с.б. тізімдемеледі. Жиыны облыс мемлекеттік мұрағаты жеке бас текті 639 с.б. тізімдемледі.
Облыс мемлекеттік мұрағаты мен ЖТҚО ғылыми-техникалық құжаттамалардың 327 с.б. тізімдемеледі. Күршім аудандық мұрағаты бейнеқұжаттардың 1 с.б. (11 есеп бірлігі) – жиыны 56 есеп бірлігін тізімдемеледі.
Облыс мемлекеттік мұрағаты лазерлі табақтағы сақтандыру қорының 21 с.б., 371 с.б. фотоқұжаттарды, 6 ес.б. фоноқұжаттарды, 26 ес. Б. киноқұжаттарды, 12271 с.б. басқарма құжаттамаларын, 6869 іс жеке құрам бойынша тізімдемеледі.
Облыс мемлекеттік мұрағатында Зайсан ауданы (2003 с.б.) мен Зырян қаласының (1203 с.б.) және Верх-Уба ( 730 с.б.) аудандарының бастауыш партия ұйымдарының қорына, 752 қор «Шығыс Қазақстан тарихы бойынша құжаттар коллекциясы» - 29 тізімдеме, 285 с.б. қайта өңделді. Зырян филиалы Зырян қалалық кеңесі мен «Зяряновскстрой» трестінің қорларының 3220 с.б. қайта өңдеуді аяқтады. Жиыны тұрақты сақтау құжаттарының 7647 ісі қайта өңделді.
Облыс мемлекеттік мұрағаты жеке құрам бойынша 4229 істі тізімдемесін қайта өңдеді.
Жарма филиалы Көкпекті аудандық Большевик ауылдық Кеңесінің тұрақты сақтау істерінің тізімдемесіне жетілдіру жүргізді, Зырян филиалы Парыгино ауылдық Кеңесі мен оның атқару комитетінің басқарма құжаттарының тізімдемелеріне жетілдіру жүргізді. ШҚОММ Зайсан филиалы Зайсан ауданының «Кеңсай», «Қарабұлақ», «Кендірлік» совхоздарының тұрақты сақтау істері тізімдемелерін, жеке құрам бойынша құжаттардың тізімдемелеріне жетілдіру жүргізді.
Облыс ЖТҚО Октябрь, Калинин, Ленин аудандық атқару комитетінің, қалалық сәулет бөлімінің қорына тарихи анықтама жасады.
Жиыны тұрақты сақтау бойынша 4525 іс және жеке құрам бойынша 584 іс жетілдірілді.
Облыс мемлекеттік мұрағаттары каталогтандыру мақсатында басқарма құжаттамаларының 3835 с.б. қарап, 4430 карточка жасады және оларды индекстеп, жүйелік каталогқа қосты.
Облыс ЖТҚО Т. Мусиннің жеке бас текті қорын каталогтандыру жалғасуда, 50 с.б., 70 карточкаға каталогтандыру жүргізілді. Облыс мемлекеттік мұрағаты облыс мұрағаттар басқармасының бастығы А.А. Аубакировтың жеке бас текті қорына каталогтандыру жүргізді, 100 с.б. қаралып, 100 карточка жасалды. 150 с.б. фотоқұжаттар, 30 ес.б. бейнеқұжаттар, 80 с.б. ҒТҚ, каталогтандырылып, 80 карточка жасалды.
Облыс мемлекеттік мұрағат филиалдары басқарма құжаттамаларының 589 с.б. қарап, 880 карточка жасады.
Лениногор филиалы «Лениногорская правда», «ЛЗ сегодня», «Вечорка» газеттеріне тақырыптық талдау жасау барысында 240 карточка жасады.
Облыс ЖТҚО басқарма бастығы, облыс мемлекеттік мұрағатының директоры, тарихшылар, өлкетанушылар, Семей қаласы жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысқан «Қазақ халқының ұлы трагедиясы тарихынан» құжаттар жинағының тұсаукесері болып өтті. Бұл іс шара туралы жергілікті телеарналардан айтылып өтті.
Облыс мұрағатшылар келесідей 33 ақпараттық құжаттар жасады: ШҚМУ-нің тарих және халықаралық қатынастар институтына Қазақстан мен ТМД тарихы кафедрасының құрылуының 50-жылдығы туралы; Зайсан ауданының орта мектептері мен аудандық кітапханасы үшін көнекөз педагог, ҰОС қатысушы К. Бокажановтың туғанына 85 жыл толуы туралы, Зайсан аудандық кітапханасының құрылуына 110 жыл толуы туралы және Ломоносов атындағы мектептің 130 жылдығы туралы; мүдделі мекемелерге Сугатов селосының негізі қалануына 155 жыл толуы туралы, Зевакино селолық кеңесінің құрулына 85 жыл толуы туралы, Алтай ботаника бағының негізін қалаушы П.А. Ермаковтың туғанына 120 жыл толуы туралы, Семей қаржы-экономика колледжінің құрылуына 70 жыл толуы туралы және жазушы М. Сәрсекееевтің 70 жылдығы туралы, Шемонаиха және Үржар аудандарындағы мерейлі даталарШҚ гуманитарлық университетінің ректоры К. Мамыровтың жеке бас текті құжаттары туралы және т.б.
Есепті кезеңде облыс мемлекеттік мұрағаттары 62 мақала әзірледі: Киров атындағы саябақ туралы «Өскемендіктер саябақ салуды бастағанда», 100 жылдық мерейтойына орай «Бердус Иван Васильевич», қазақ ақыны Жамбыл Жабаевтың туғанына 160 жыл толуына байланысты «Сөз алмасы», Лениногор филиалының 40 жылдығына орай «Мұрағатты тек мұрағатшылар емес, оны тарих жасайды», К. Мухамедханов туралы «Талантты ініме...», «Екі портрет» (К. Мухамедханов пен М. Сәрсекеевтің мерейтойлары туралы), «Мұрағат құжаттар сыры шертеді», ХХ ғасырдың басындағы Семей өлкесі туралы Санкт-Петербург телеграф агентігінің жеделхаты туралы «Өткеннен...», К. Мамыровтың жеке бас текті қоры туралы «Білімге үлес қосқан», А.Г. Лухтановтың жеке қоры туралы «Даладағы бір тал масақ шөп те, кішкене орман да болады», «Адам тағдырындағы саясат», «Белсенді адам жасқа қарамайды», «Өзің үшін Егоровты аш», саяси қуғын құрбаныдарын еске алу күні – «Саясат адам тағдарында», «Ақиқатты білу», «Отанды кеш, ренішсіз өмір кеш», «Орыс немістері», Шемонаиха кентінің қалаға айналуына 45 жыл толуына байланысты, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі: «Халықтың тарихи жады», «Қазақстанның Тәуелсіздігі жылдарындағы Аягөз ауданының дамуы» және т.б.
«Архивы Казахстана» республикалық бюллетеніне «Жаңа құжаттар жинағы жарыққа шықты», «Олардың аттарымен көшелер аталады», «Кап-Аркон»-өлімнің жүзбелі карцері», «Аға туралы сыр», «Ефим Николаевич Пермитиннің ата-анасына хаттары», «Станислав Евгеньевич Черных – мұрағатшы, өлкетанушы, жазушы» атты облыс мұрағатшылары әзірленен мақалар жарияланды.
Жыл бойынша облыс мұрағатшылары 6 радио және 15 телехабар әзірленді: ғалым-абайтанушы, жазушы К. Мухамеджановтың 90 жылдық мерейтойы туралы (қазақ тілінде), Алтай ботаника бағының негізін қалаушы П.А. Ермаковтың туғанына 120 жыл толуына байланысты, жазушы М. Сәрсекеевтің 70 жылдық мерейтойы туралы, «Мәдени мұра», П. Кузнецов пен С. Анисимовтың өмірлері мен шығармашылықтары туралы, Шығыс Қазақстан зиялылары туралы, Өскемен қаласындағы театр мен Халықтар достығы үйі ғимараттары туралы, Т. Тохтарвтың, Д. Серикбаевтың, П. Буровтың, Е. Пермитиннің, аттарымен аталған көшелері туралы, «Жеңіс қуанышы, жоғалту қайғысы» - соғыс жылдарындағы эвакогоспитальдер жұмыстары туралы (Жеңіс күніне), «Қазақ халқының ұлы трагедиясы тарихынан» құжаттар жинағының тұсаукесері туралы, Семей ядролық полигонының жабылуына 15 жыл толуына арналған, Алтай ботаника бағының негізін қалаушы П.А. Ермаковтың 120 жылдығына арналған хабарлар. Дамыта оқыту мектебіне «Уақыт және Өскеменнің адамдары», «Сәулет» - фильмдері үшін, ШҚО Хоккей Федерациясына «Хоккей тарихы – 50 жыл» кітабын әзірлеу үшін құжаттар анықтауға көмек көрсетілді.
Облыс мемлекеттік мұрағаттары 10 фотоқұжатты көрме әзірледі: облыс ЖТҚО-да тұрғылықты және көшпелі стендте қою үшін К. Мухамеджановтьың 90 жылдығына арналған, жазушы М. Сарсекеевтің 70 жылдығына, 1-ші Семей губерниялық конференциясының өткізілуіне 85 жыл толуына байланысты, «Өмір жолы», «Ел тағдыры оның тағдырына ықпал етті» көрмелері, қазақ ақыны, ағартушысы Абай Құнанбаевтың 160 жылдығына және өлкеткнушы, ғалым, саяси жер аударылушы Е.П. Михаэлистің (облыс мемлекеттік мұрағаты) 165 жылдығына; «Үш ғасыр арқылы» - Риддер қаласының негізінің қалануына 220 жыл толуына байланысты (Лениногор филиалы); соғысқа қатысушы, педагог Бокажановтың 85 жылдығына «Ердің аты өшпейді» (Зайсан филиалы), Қазақ ССР еңбек сіңірген мұғалімі Ж. Сарсеновтың 150 жылдығына «Өмірі үлгі-өнеге» (Зайсан филиалы) көрмелері.
ШҚМУ студенттері үшін мұрағат практикасы өткізілді; «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты», «Мұрағат құжаттарымен жұмыстың негізгі ережелері», «Оқу залындағы жұмыс ережелері», лекциялары оқылып, ғимарат бойынша экскурсия және жеке бас текті қорлар мен газеттер бойынша құжаттар анықтау практикалық сабақтары өткізілді; «Қайнар» колледжінің студенттері үшін облыс ЖТҚО құжаттарының құрамы мен мазмұны туралы лекция оқылды; мектеп оқушылары үшін жазушы Е.М. Пермитин мен ақын Жамбылдың шығармашылықтары туралы (жазушы, журналист, аудармашы П.Н. Кузнецовтың жеке қоры туралы) сабақтар және мұрағат бойынша шолулық экскурсия өткізілді. Облыс мемлекеттік мұрағаты өнер мұражайында жазушы Пермитиннің 110 жылдығын мерекелеуге қатысты және «Е.Н. Пермитиннің ата-анасы Н.Н. және И.Т. Пермитиндерге хаты» баяндамасын әзірледі. «Шара» туристік фирмасы қызметкерлеріне Семей қаласы тарихы туралы лекция оқылды.
Облыс ЖТҚО қызметкерлері Абай атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында К. мухамедхановқа арналған кеш-портретке қатысып, мерейтой иесінің өмірі мен қызметі туралы баяндама жасады.
Облыс ЖТҚО-да құжаттары жеке бас текті жаңа қорлардың негізін қалаушы семейлік өлкетанушы В.И. Лушников, В.Н. Кашляк, П, Жуков, ақын және жазушы К. Байгужинов, С. Табариков, оқытушылар Ж.А. Кусаинова, Л.Б. Кравченко, С.С. Карандашова қатысқан «Мұрағат достарды жинайды» кездесуі өткізілді. Зырян филиалы өзінің жеке қор жасаушыларымерейтой иесі А.И. Егоров пен Ардагерлер Кеңесінің мүшесі Л.А. Мозговойдың құрметіне шығармашылық кеш өткізді.
Облыс ЖТҚО №6 мектеп-гимназиямен бірлесе отырып, әскери госпитальда 9 мамыр Жеңіс күніне арналған кездесу-кешін өткізді.
Облыс мемлекеттік мұрағаты А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада өткізілген «Ертіс жеріндегі із» шығармашылық кешіне қатысты және ол кешке арнап «Жеке қорлар мәдени мұраны зерттеу көздері» баяндамасын әзірледі, сонымен қатар, кітапханамен бірлесе отырып, 2007 жылға арналған айтулы және әйгілі даталар күнпарағын» жасады.
Облыс мұрағатшылары Мұрағаттар және ақпараттар комитеті мен Смей мемлекеттік педагогикалық институтының бастамасымен өткен «А.С. Пушкин және ХХІ ғасырдың рухани кебеті» ңылыми-практикалық конференциясына қатысып, «Абай мен Пушкин – екі халықтың ұлттық байлығы», «Пушкин мен Абай», «Халықтың жүрегінде» баяндамаларын оқыды.
Қазақстан Республикасы Ақпараттар мен мұағаттар комитетінің тапсырмасы бойынша «Тәуелсіздік тарихы» көрмесіне арнап құжаттар анықтады.
Президентінің Мұрағатына Қазақстан комсомолының тарихы бойынша биографиялық анықтама әзірлеу үшін Шығыс Қазақстан облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшылары туралы ақпарат тапсырылды.
Өскемен қаласының Әкімі аппараты үшін ХІХ-ХХІ ғасырдың алдыңғы қатарлы зиялылары туралы мәлімет жіберілді. Шығыс Қазақстаноблыс мәдениет басқармасына облыстық бұрынғы басшысы А.К. Протазановтың қызметі мен өмірі туралы ақпарат тапсырылды.
Облыс мемлекеттік мұрағаты «Облыс мемлекеттік мұрағаты және оның филиалдарындағы жеке бас текті қорлар бойынша жолкөрсеткі» ж»не «Жолкөрсеткі. Олардың аттарымен көшелер аталады» басылып шықты. «Шығыс қазақстан өлкетанушылар» сериясынан Е.П. Михаэлистің 165 жылдығына арналған кітапша шығарылды.
Облыс мемлекеттік мұрағаттарының оқу залдарында 2476 зерттеуші жұмыс істеді, 1052 келу болды. Олар «Шығыс Қазақстандағы күшпен коллективтендірудегі тәркілеу мен саяси қуғын (1925-1933 жж.), «1936-1950 жылдардағы шағын халықтарды департациялау», «Қытайдағы қазақ диаспорасы: құқытық және тарихи аспектілері», «ЖЭС Шығыс Қазақстан», «Шығыс Қазақстандағы ішкі және сыртқы миграция, ХVІІ-ХХІ ғасырлар», «Миграцияның Қазақстан Республикасының әлеуметтік-демографиялық дамуына әсері (1989-2004 жж)», «Семей аймағы бойынша ауру мен өлімді зерттеу», «Семей қаласының көшелері», «Қазақстан кәсіподағы: тарих және сабақтар», «Кеңес конституциясы тарихи дерек көзі», «Семейдегі Ертіс маңындағы ағарту ісі», «Семей ядролық полигоны суық соғыстың көрініс ретінде», «Қазақстандағы немістер мен поляктардың әлеуметтік-демографиялық жағдайы, ХХ ғасырдың 1 ширегі-2000 жыл», «Семей ұн-жем комбинатының құрылысы және құрылу тарихы», «1980-2000 жылдардағы Казаөстандағы адроға қарсы қозғалыс тарихы» және т.б. тақырыптар бойынша құжаттармен жұмыс істеген өлкетанушылар, жоғары оқу орындарының, колледждердің студенттері, мұражай қызметкерлері, журналистер.
2006 жылдың облыс мемлекеттік мұрағаттарына 64050 әлеуметтік-құқтық сипаттағы сұраныс түсті, оның 58988 орындалды (Қазақстан азаматтарынан 53240, ТМД елдерінен – 5748), бұлардың 44453 оң жауаппен. ҚР СІМ тарапынан 53 өтініш түсіп, барлығы орындалды.
2006 жылы 3252 тақырыптық сұраныс орындалды.
4. Ғылыми-техникалық ақпарат. Кадрлардың біліктілігін көтеру. Ұжымның әлеуметтік дамуы.
2006 жылдың ақпанында мұрағаттар мен құжаттама басқармасының Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің Lotus Notes электрондық құжатайналымы жүйесіне қосылуы іске асырылды, жүйедегі жұмыс бойынша басқарманың 2 маманы оқытылды. Бұдан былай облыс Әкімі аппаратымен хат алмасу және қызметтік құжаттаманы бақылауға қою электрондық құжатайналымы жүйесі арқылы атқарылдады. Мұрағат процестерін компьютерлендіру жалғасуда – 59 компьютер, 2 сканер, 26 принтер, 13 көшірме аппараты, облыс мемлекеттік мұрағатына және аудандық мұрағаттарға (Абай, Бородулиха, Күршім, Үржар, Шемонаиха) факс, 10 телефон аппараты және т.б. алынды.
Облыс мұрағаттар және құжаттама басқармасының бастығы Алматы қаласында Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласы бойынша Республикалық біліктілікті арттыру курсында оқып қайтты.
Облыс мұрағаттар және құжаттама басқармасының екі маманы өндірістен босатыла отырып, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті базасында мемлекеттік тіл үйрену курстарында оқыды. 3 маман ШҚО Әкімі аппаратының мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін көтеру Аймақтық орталығында қайта даярлықтан өтті. Облым мемлекеттік мұрағаты зертханасының мамандары Республикалық шағынфотокөшірмелеу және құжаттарды қалпына келтіру зертханасында тәжрибеден өтіп қайтты.
Жоспарға сәйкес облыс мемлекеттік мұрағатының Зайсан филиалына және Бесқарағай аудандық мұрағатына іс әрекеттің барлық бағыттары бойынша тексеру жүргізілді. Тексеру қорытындысы 2006 жылғы қазан айындағы облыс мұрағат мекемелері басшыларының облыстық мәжілісінде тыңдалды.
Тәжірибе алмасу аясында облыс ЖТҚО басшысы мен бөлім меңгерушілері Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатында мұрағат әрекетін жоспарлауды ұйымдастыру, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және олардың мемлекеттік есебі, шолулық ақпаратты пайдалану бойынша лекциялар оқыды. Облыс ЖТҚО-да «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында анықталған құжаттарды пайдалану жөнінде тәжрибе алмасу мақстында Алма мұрағашылары болып қайтты.
Басқарма мамандары ШҚО бойынша Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есеп басқармасы ұйымдастырған семинарға, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 ақпандағы №110 «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар зардабын шеккен азаматтарға бір мәртелік мемлекеттік ақшалай төлем төлеудің кейбір сұрақтары туралы» Қаулысын жүзеге асыру бойынша ШҚО Үйлестіру, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің базасында өткізілген Республикалық семинарға қатысты. Басқарманың маманы семинарға қатысушылардың азаматтардың экологиялық апат аймақтарында тұрғаны туралы деректі растауы жөніндегі сұраныстарды орындау тәртібі туралы сұрақтарына жауап берді. Экологиялық компенсация төлемін төлеуге байланысты облыс мемлекеттік мұрағаттарына өтініштер санының артуына байланысты жұмыспен қамту орталығынан жұмысссыз азаматтарды мұрағат жұмыстарына жұмылдыру туралы келісім шарт қайта жандандырылды. Облыс мемлекеттік мұрағатында облыс мұрағаттар және құжаттама басқармасының мамандары мен мұрағаттың басқа бөлімдерінң қызметкерлері сұраныстары орындауға көмектеті.
Облыс мемлекеттік мұрағаттарында мұрағат қызметкерлерінің 2005 жылғы жұмыс қорытындысы туралы, 2005 жылдың ұжымдық келісім шартының орындалуы туралы кәсіподақ жиналыс болып өтті. Дирекция мәжілістері мен облыс мұрағаттар басқармасы бастығының жанындағы мәжілістер өткізілді. Жоспарға сәйкес өндірістік оқу және мемлекеттік тіл сабақтары өткізілді.
Облыс мемлекеттік мұрағаттары қызметкерлері Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арнаған 2006 жылғы 1 наурыздағы «Әлемнің бәсекелес қабілеті бар 50 елінің құрамына кіру стратегиясы. Қазақстан өзінің алға дамуының жаңа серпінінің алдында» Жолдауын талқылау бойынша идеологиялық активіне қатысты. Жолдау облыстың барлық мұрағат мекемелерінде талқыланды.
2006 жылға ұжымдық келісім шарт және «2006 жылға арналған ЖТҚО қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық құқытарын және мүдделерін қорғау бойынша келісім» жасалды. Облыс мұрағат мекемелері басшыларына аттестация жүргізіліп, аттестация қорытындысы бойынша санаттары көтерілді.
2006 жылы облыс мемлекеттік мұрағатының, Зырян, Зайсан, Лениногор филиаларының, Глубокое, Көкпеекті аудандық мұрағаттарының мұрағатшылары «Мұрағаттану және іс жүргізу» мамандықтары бойынша орта және жоғары оқу орындарына түсті.
Облыс мұрағат мекемелері жұмыссыздық пен кедейлікті азайту, мүгедектерге қолдау көрсету облыстық бағдарламасын жүзеге асыруға қатысу үшін «Қайырымдылық жасау» қайырымдылық акциясы іс шарасына қаржы аударды.
Облыс мұрағат мекемелерінде Наурыз және 8 наурыз Халықаралық Әйелдер күніне, Жеңіс күніне, Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне, Егде адамдар күніне, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 15 жылдығына арналған тақырыптық кештер өткізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |