Өзін-өзі тану Түсінік хат «Өзін-өзі тану» оқу пәнінің мақсаты



Дата06.02.2022
өлшемі14,32 Kb.
#81246
Байланысты:
түсінік хат


Өзін-өзі тану
Түсінік хат
«Өзін-өзі тану» оқу пәнінің мақсаты оқушылардың өз ішкі әлемін танып білуіне мүмкіндік беру және өзімен, қоршаған ортамен үйлесімді қарым-қатынасын құруы болып табылады.
Өзін-өзі тану бойынша білім берудің негізгі міндеттері:
1) адамның өзіндік бейімділіктерін ашу және оның темпераментін, мінез-құлқын, қабілеттерін ескере отырып, оны жеке тұлға ретінде, іс-әрекет субъектісі әрі жеке дара субъект ретінде дамыту;
2) оқушылардың өзіне, қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа деген қарым-қатынасын айқындайтын адамгершілік мінез-құлықтарының, әлеуметтік маңызы бар бағдарларының негізін қалыптастыру;
3) қоғамға қызмет етуге бағытталған мәселелерді шешуде жеке тұлға құндылықтарын, алған білімдерін іс жүзінде шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже
1) өзінің өмірлік айқындамасын анықтау;
2) түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сәйкес сындарлы түрде шешу;
3) өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау;
4) адамдарға көмек көрсету, туыстарына және жақындарына мейірімді, қамқор болу;
5) өзімен-өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы болу;
6) жасампаздық пен белсенділік, азаматтылық және елжандылық таныту;
7) өз ойын, сөзі мен ісін адамгершілік тұрғысынан таңдауға дайын болу және оған жауапты болу;
8) қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.
Тұлғаның физикалық, психикалық және рухани дамуында үйлесімге қол жеткізуіне мүмкіндік беретін адамгершілік-рухани-білім нақты білім беру тәжірибесінде түрлі жолдармен, ең алдымен, «Өзін-өзі тану» пәні арқылы жүзеге асырылады.
Бастауыш мектепке арналған өзін-өзі тану бағдарламасы білім берудің құндылықты мәнін күшейте отырып, адамның сүю, өзіне сену, жақсылық жасау, тілектестік таныту, өзіне және басқаларға қамқорлық жасау, позитивті ойлау, адамгершілікті таңдау жасау, дәстүрлерді бағалау және еселеу, жасампаздық, өзіне жауапкершілік алу, ынтымақтасу, кемелдену қабілеттерін ашуды көздейді.
Пәннің негізгі базалық мазмұны бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып төмендегі тарауларда ашылады:
1) «Ғасырлар даналығы»;
2) «Тату отбасы»;
3) «Адам болам десеңіз»;
4) «Қандай ғажап әлем!».
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 1-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 33 сағат;
2) 2-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.
Білім берудің барлық деңгейлерінде 33-34-сабақтар қорытынды қайталау ретінде көрсетілген, бұл курс аяқталғаннан кейін өтілген материалды жалпылау мен жүйелеуді білдіреді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет