Панфилов ауданының Қалыптасуы мен дамуы, топонимиясы



Дата05.01.2017
өлшемі141,1 Kb.
#6365
ПАНФИЛОВ АУДАНЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ, ТОПОНИМИЯСЫ
Мурзинова А.С.

5В060900-Жаратылыстану бакалавры

Абай атындағы ҚазҰПУ


Аңдатпа

Мақалада Панфилов ауданының қалыптасу тарихы мен жергілікті жер-су аттарының топонимиясы қарастырылған.


Алматы облысы құрамына кіретін 16 әкімшілік-аумақтың ішінде тоғызыншы орынға ие, халқының саны жөнінен алтыншы орында тұрған, экономикасы қарқынды даму үстіндегі аймақтың бірі – Панфилов ауданы. Аудан орталығы – Жаркент қаласы.

Жазиралы Жаркент өңірі туралы әңгіме қозғалса, алдымен кең-байтақ қазақ жерінің алып та, көне Қытай мемлекетімен шектес­кен шекаралы аймағы көзге елес­тейді. Бүгінде ауданымыз шекара сызығында жатқандықтан атақты Қорғас өзені арқылы көне көрші­мізбен иық тіресіп, еліміздің бас қақпасы «Қорғас» кеденімен тұ­ғыр­ланған. Бұлретте шекаралық өңірдіңелэкономикасының да­муындағы орны да ерекше деуге болады.



Панфилов ауданы – Алматы облысының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік-аумақтық бөлік, 1923 жылы құрылған. 1923-1942 жылы Жаркент ауданы, 1942 жылдан 28-гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі И.В. Панфиловтың есімімен аталды. 1956 жылы Октябрь ауданы (орталығы Көктал ауылы) тартылып, ол ауданға қосылды. Жер аумағы 10,6 мың км2. Тұрғыны 122,1мың адам, орташа тығыздығы 1 км2-ге шаққанда 11,5 адамнан келеді (2014). Аудан жерінде 45 елді мекен бар, олар бір қалалық және он үш ауылдық округке біріктірілген. Аудан орталығы – Жаркент қаласы Талдықорған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 289 км жерде, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 331 км жерде орналасқан .

Панфилов ауданы солтүстік және батыс жағында Кербұлақ ауданымен, шығысында Қытаймен (ҚХР) және оңтүстігінде Іле өзені арқылы Ұйғыр ауданымен шектеседі. Солтүстік-батысында Жетісу Алатауының Тоқсанбай, Бежінтау, Қатутау, Қояндытау жоталарымен шектелген. Ауданның ең биік жері – Мұзтау тауы (4370 м). Оңтүстік-шығыста аласатаулы Ақтау тауы (883 м) орналасқан. Мұнда палеоген дәуірінде (шамамен бұдан 50 млн жыл бұрын) тіршілік еткен жануарлардың сүйектері сақталған Ақтау палеонтологиялық қазба орны бар. Аудан аумағына Алтынемел ұлттық саябақтың қиыр шығыс бөлігі кіреді (40 мың га).Жер қойнауында полиметалл кентастары (Үлкен Өсек), көмір (Тыңқы), алтын, күміс (Шығыс Қат, Сорқара, Сенім) кездеседі.

Тау бастарындағы мәңгі қар мен мұздықтардан Қорғас, Өсек, Мыңжылқы, Көктерек, Алмалы, Қойбын, Қайшы, Бұрхан, Шежін, Тышқан, Ақсай және Белбұлақөзендері бастау алады. Ауданда Куйбышев атындағы, Аяққұмлақ, Кировский каналы және Ақмола суару жүйесі салынған.

Алматы облысы бойынша Панфилов ауданы өзіндік алатын орны мен ауданның өз елтаңбасы да бар (сурет-1).



Таулы бөлігінде ұсақ мореналық көлдер (Алтынкөл, Жидекөл, Дүншінкөл, Құркөл, Шоғанкөл, Қайыңдыкөл,т.б.) кездеседі.


Сурет 1. Панфилов ауданының елтаңбасы
Сонымен қатар, аудан жерінде адамдардың денсаулығын жақсарту мен демалысын ұйымдастыру мақсатында пайдаланылатынЖаркент- Арасан, Керімағаш, Көктал-Қу-Арасан, Киелі бұлақ шипажайлары бар.

Панфилов ауданы аумағында континенттік климат қалыптасқан.Қысы біршама жылы. Таулы өңірлерде қар қалың түседі (40-60 см). Қаңтар айының орташа температурасы –8°-10°С.Жазы ыстық әрі құрғақ. Шілденің орташа температурасы – 20°-24°С-ге дейін көтеріледі.Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 93-100 мм-ден (жазық өңірде) 500-700 мм-ге (таулы өңірде) дейін барады.

Ауданда сұр, сұрғылт қоңыр, бозғылт қоңыр, шығысында құмдақты сұр (жазық өңірлерде), тау баурайларында қоңыр, қызғылт қоңыр топырақ қалыптасқан.

Панфилов ауданында өсімдіктердің 120-ден аса түрі бар. Олардың 20-дан астамы Қазақстанның «Қызыл кітабына»енгізілген. Онда жусан, теріскен, еркекшөп, тораңғы, қамыс, құрақ, тау шатқалдарында қайың, қарағай, шырша өседі. Ал жануарлар дүниесіне келетін болсақ, 60-тан аса аң-құс түрлері бар. Олардың 30-дан астамы Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген. Жануарлардан арқар, тау ешкі, аю, барыс, сілеусін, жабайы шошқа, ондатр, құстардан: қырғауыл, кекілік, т.б. кездеседі.

Аудан халқының басым бөлігін қазақтар (66,9 %) құрайды. Одан өзге ұйғыр (27,7%), орыс (4,0%), т.б. ұлт өкілдері тұрады.

Халықтың 1 км2-ге шаққандағы орташа тығыздығы 11,5 адам. Ірі елді мекендері: Жаркент қаласы (43,1 мың адам), Көктал (13,0), Пенжім (9,2), Елтай (4,8), Үшарал (4,3), Үлкеншыған (4,5), Алтыүй (3,7), Қоңырөлең (3,4), Алмалы (3,0) ауылдары.



Аудан топонимиясы. ТопонимикаҚазақ халқының ежелгі заманнан орнығып келе жатқан жерінің аумағы қандай көлемді болса, жер бедеріне меншіктелген атаулардың да мыңдап саналатыны мәлім.Топонимика ғылымы жер-су атауларын зерттей отырып, басқа тілден енген сөздердің мағынасы арқылы атаулар ақиқатын ғылымитұрғыда негіздейді.Белгілі бір белгісі бойынша анықталатын географиялық атаулардың жиынтығы топонимия деп аталады.

Сурет 2. Панфилов ауданындағы оронимдер

Сурет 3. Панфилов ауданындағы гидронимдер


Сурет 4. Панфилов ауданындағы хоронимдер

Сурет 5. Панфилов ауданындағы ойконимдер
Панфилов ауданында гидрографиялық, орографиялық терминдер негізінде қалыптасқан атаулар, түспен байланысты қалыптасқан атаулар, фитонимдік және зоонимдік термин негізінде қалыптасқан атаулар кездеседі. Аудан бойынша мысалы:

  1. Гидрографиялық термин негізінде қалыптасқан атауларға – Дүбшінкөл, Сарыкөл, Жидекөл, Ақкөл, Белбұлақ, Жарқұдық, Ақарал, Үшарал, Жіңішкеарал, т.б;

  2. Орографиялық термин негізінде қалыптасқан атауларға – Мұзтау, Ақтау, Бежінтау, Қояндытау, Ақжазық, Жаркент, Көкжота, Қызылшоқы, Найзашоқы, т.б;

  3. Түспен байланысты қалыптасқан атауларға – Ақдала, Ақарал, Көктал, Қоңырөлең, Сарыбел, Қызылжиде, т.б;

  4. Фитонимдік термин негізінде қалыптасқан атауларға – Керімағаш, Әулиеағаш, Қызылжиде, Алмалы, Бесқарағай, Жидекөл, т.б;

  5. Зоонимдік термин негізінде қалыптасқан атауларға – Айдарлы, Жыланды, Қояндытау, т.б. атаулар жатады .

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Каймулдинова, К.Д. Топонимика – А., 2011. – 12-15 б.



2.Жерінің аты – Еліңнің хаты. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: Аруна Ltd - ЖШС, 2006. – 256 б.

3. Жетісу энциклопедия. – Алматы: Арыс, - 2004. – 529 б.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет