Сабақ үстіндегі іс-әрекеті (ойын түрінде) Ақтөбе қаласы №31 орта мектеп



Дата30.04.2017
өлшемі125,33 Kb.
#15241
Мұғалімнің сабақ үстіндегі іс-әрекеті (ойын түрінде)

Ақтөбе қаласы №31 орта мектеп

Бастауыш класс мұғалімі Күзембаева С.М.

Қазіргі өркениетке ұмтылған қоғам талабына сәйкес, Қазақстан Республикасының дамыған елдерімен иық тіресіп тұру үшін, еліміздің болашағы мен қазіргі кезеңі үшін білімді, зерделі, өз бетімен іс - әрекет ете алатын, қоғамнан өз орнын таба алатын шәкірттерді дайындау ұстаздың міндеті.


Мектептегі оқушы өмірінің көп бөлігі 45 минуттық сабақ кезінде өтеді. Міне, осы кезде оқушы тек білім алып қана қоймай шығармашылықпен зерттей білуге үйренуі керек. Білімді алуда іс - әрекетке үйренген баланың бойында алған білімі ұзақ уақыт сақталады және ол жұмыс істеуге, ізденуге, таңдауға, т. б. үйренеді. Сол үшін ескі дәстүрлі сабақтан қашып, ең озық, тәжірибеден өткен технологиялардың бірінің тиімділігін сәйкес таңдау қажеттілігі туады. Біркелкі сабақ оқушыны зерігу мен жайбарақаттылыққа алып келеді. Ал зерігу болған жерде шығармашылыққа жолжоқ.
Әрбір ұстаздың мақсаты - сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, сабаққа оқушының қызығушылығын арттыру. Сондай - ақ бүгінгі таңда елімізде оқыту мазмұны жаңартылып, сабақтарда озық технологияларды қолданудамыз. Сондай технологияның бір түрі - «Ойын арқылы оқыту» технологиясы..«Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ» десек, білімнің негізі бастауышта қаланатыны белгілі. Бастауыш сыныптағы әртүрлі пәндер оқушы білімін дамытып, танымдық қабілетін сомдауға үлкен үлес қосады. Балаларды оқытуда және тәрбиелеуде ойынның ролі педагогикада бұрын да, қазір де қарастырылып келеді.
Алдыңғы қатарлы педагогтардың бәрі де ойынды нағыз керекті және маңызды іс - әрекет деп түсінеді.

Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын – айналадағы дүниені тану тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. А. С. Макаренко: «Ойын - балалар өмірінде өте маңызы зор нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да, көбінесе, сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер, ең алдымен, тәрбиені ойын арқылы алады,»- деп балалар ойынын жоғары бағалаған.


Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы А.Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады.

Ойын-оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғаліммен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде де қолдануға болады. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті ойын болса, оқу тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланатын дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді.


Ойын оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан да бастауыш дайындық сыныптарында оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Оларға пайдаланатын ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніліп отырады. Ойынды математика сабағында пайдалана отырып, балаларды саналы ойлауға үйретеміз. Нәтижесінде балалардын қаншалықты білім меңгергенін анықтауға болады. Мұндай ойынның көптеген түрлері бар. Сондықтан ойын балалардың жас ерекшеліктеріне және өтілетін сабақтың тақырыбына сай тандап алынғаны дұрыс. Бала ойын іс-әрекеті үстінде білімді қалай игеріп жатқанын, ал оқу үрдісінің қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Сонда ғана ойын және іс-әректтері табиғи бірлікте, болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды. Мысалы: 1 сыныптарда сан санауға заттарды санап және олардың екі тобын салыстыруға, өлшеміне, пішініне және түстеріне қарай ажыратуға үйрету мақсатында «Жеміс жинау», «Өз орныңды тап», «Сан құрамын анықта», т.б. ойындар ойнатуға болады. Балалардың ой белсенділігін, саналы ойлана білуін дамыту, жетілдіру – мұғалімнің негізгі міндеті.
Әр сабақта ойынды тиімді пайдалану сол сабақта өтілетін жаңа тақырыпты бала жақсы меңгеруіне әкеледі. Сауат ашу сабақтарында әріптермен, дыбыстармен танысу барысында балалар бірнеше ойын түрлерін ойнайды. Мысалы: «Санамақ ойыны», «Сөз ойла, тез ойла.», «Сөйлемді жалғастыр», «Жоғалған буынды тап.», т.б.
Балалар ойын барысында өздерін еркін сезініп, ізднімпаздық, тапқырлық әрекет танытып, түрлі психологиялық түсінікпен сезім әрекетіне сүңгиді. Ұлттық ойын ойнау арқылы ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз асыл қазынамыз. Ойын үстінде ауызекі сөйлесе білуін жақсартып, сөздік қорын байыту, қимыл әрекет жасауға деген талабын қанағаттандырып жетілдіре білу.
Ойын баланың алдынан өмірлік есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятады. Сонымен қатар ойын тынысы кең, алысқа мензейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиял мен қанат беретін ғажап нәрсе.
Я.А.Каменский «Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі», — деп атап көрсеткен болатын. Осы сөздің өзінен ақ балалардың танымдық әрекетін қалыптастыруда ойынның қаншалықты маңызы бар екенін түсінуге олады.

Ойын - балалардың шынайы ойлап тапқан шындығына тез, еркін енуіне, өзіндік «Менің»қалыптастыруға және шығармашылыққа, белсенділікке, өзін - өзі дамытуға мүмкіндік береді.


Ойын - әрқашан білім бола отырып, баланы білім алуға, еңбекке дайындайды.
Тиімді қолданылған ойын мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға ауыңқырап тұрады. Қызықты ойын түрінен кейін олар тез серігіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады.
Сабақта және сабақтан тыс уақытта қолданылатын ойындарды төмендегідей топтастыруға болады. Әрбір ойынның бала үшін білімділік мақсаты ғана емес, тәрбиелік, танымдық мақсаты зор. «Мың бір мақал», «Ғажайып алаң», «Сергіту сәті», «Сөз құрау», «Жұмбақ есеп», «Әріпті кубиктер».
Ойынға қойылатын әдістемел талаптар:
- Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін оқушыларға әбден түсіндіру.
- Ойынға сыныптағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету.
- Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу.
- Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу.
- Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.
- Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу.
- Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет.
Ұлттық ойын ойнау баланың салт - дәстүріне, әдет - ғұрпына деген сүйіспеншілігін арттырады және адамгершілік құндылықтарын қалыптастырады. Мәселен, ұнамды әдеттер - өзара қарым - қатынастар, адамгершілік сезімдері дамиды. Еңбек ету барысында ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздық сезімдер сияқты қасиеттер қалыптасады.
Оқушының бәрі жақсы оқығысы келеді. Бірақ олардың ақыл - ой қабілеті бағдарламадағы берілген материалды ұғуға бірдей емес. Оқушылардың кейбіреулері мұғалімнің түсіндірген сабағын тез ұғады, кейбіреулері керісінше. Сондықтан барлық оқушыны білімге бірдей жетелеу үшін өз мүмкіндігіне сәйкес сабақты меңгерту, тілін, ой ұшқырлығын дамыту, өзіндік пікір айтуға жағдай жасау еркін шығармашылыққа жетелейтін, пәнге қызығушылығын арттыратын әдістің бірі - грамматикалық ойынның түрлері.
Грамматикалық ойындар арқылы сабақтарда оқушылар әртүрлі жағдайды түсінеді, оны шешу жолдарын қарастырады. Жақсы ойынға бала бар ынтасымен беріліп, оны білуге, меңгеруге талпынып, алуан түрлі дағды, мәліметтерді алып, шеберліктерін шыңдайды. Мен өз сабағымда грамматикалық ойын түрлерін жиі пайдаланамын. Сабақта оқушылардың алған білімдерін одан әрі дамыту, тереңдету, олардың ізденімпаздығын арттыру, ой - өрісін кеңейту, шығармашылық қабілетін дамыту, оқуға белсенділігін арттыру мақсатын көздеймін.
Қазақ тілі пәнінің фонетика, лексика, морфология, синтаксис салаларын оқытқанда тақырыпқа орай әртүрлі әдіс - тәсілдермен, шеберлікпен грамматикалық ойындарды енгізуге болады.
Фонетика саласы бойынша «Кім жылдам?» ойынын ойнатуға болады.
1. Қ әрпінен басталатын қалалардың атын жаз. Мысалы: Қарағанды, Қызылорда, Қостанай.
2. Тек қана е, ы, і дауысты дыбысы бар сөздер ойлап жазыңдар. Мысалы: ы - ыдыс, Ыдырыс, ыстық
І - ілгіш, ірімшік, тіршілік. е - береке, текемет, ертең.
3. Қай жағынан оқыса да мағынасы өзгермейтін сөздер ойлап жаз. Мысалы: нан, қазақ, қырық
«Дыбыс таңдау ойыны»Ойынның шарты бойынша таңдаған дыбыстан ғана басталатын сөйлем жазу. Мысалы: Қойдан қалып қойған қозыны Қанат қораға қамап қойды.
«Адасқан әріптер»ойыны дыбыстарды тиісінше тіркестіріп сөз жаса.
1. р, о, б.- бор
2. а, ш, а, ғ.- шаға
Лексика бойынша
«жалғасын тап» ойыны. Тақтаға белгілі мақалдардан екіден сөз жазылады. Оларды қалған оқушылар тауып, қосып айтулары тиіс.
1. Ұяда....
Ұшқанда
2. Көп...
Терең...
«Кім білгір»ойыны. Тақтаға заттардың, жан - жануарлардың суреті ілінеді. Суретке байланысты мақал - мәтелдерді кім біледі?
«Жылдам жауап»ойыны. Оқушыларға әзіл аралас сұрақтар беріледі. Сұраққа толық тұрақты сөз тіркестерімен және мақал - мәтелдермен дұрыс әрі жылдам жауап берілуі керек.
Морфология саласы бойынша.
«Ойлан тап»ойыны.
1. Біріккен сөздің бірінші түбірі тағам сөзімен синонимдес, екінші түбірі – тағам ыдыстың аты. Ол қай сөз? Асқазан
2. Бір сөз сын есім мен зат есімнен бірігіп келіп, бір аңның атын білдіреді? Ақбөкен
3. Республикамыздағы қандай қала, өзен аттары біріккен сөз түрінде айтылады? Жетісу, Талдықорған
«Ойна да ойлан»ойыны.
1. адамның туыстық атауларын білдіретін зат есімдерді жаз.
2. қолмен ұстауға, көзбен көруге болатын зат есімдерді жаз.
«Кім тез тауып, оқи алады?» ойыны.
Мына сөйлемдерде сөздердің орын тәртібі ауысып жазылған. Оны тиісті тәртібіне келтіріп, кім тез тауып оқи алады?
Абай жайында баяндама біз өмірбаяны тыңдадық.
«Ұйқасын тап ойыны» Өзінше ноян, Қорқақ кім?.. қоян."Бата алмас түлкі, Үсті тікен.. кірпі
«жалғасын тап ойыны»
Атаңның баласы болма,
/адамның баласы бол/
«Сөз қуаласпақ ойыны»
Ойынның шарты: 1 - қатардағы оқушыларға «бастауыш», 2 - қатарға «баяндауыш»деп ат қойылады. «Бастауыштар»сөйлемде бастауыш болатын сөздерді айтады, «Баяндауыштар» оған қимылды білдіретін сөздерді қосып, сөйлем құрайды.
Әр сабақта ойын түрлерін орынды қолданып, оны қызықты етіп өткізу арқылы бүлдіршіндердің оқуға деген ынта - ықыласын, пәнге қызығушылығын арттыруға болады. Ойын баласы сабақта зерігіп, шаршаған кезде қолданылатын ойынның бір түрі «сергіту сәті» Сабақта сергіту сәтін оқушының шаршағанын басу үшін ғана емес, оның тәрбиелік мәніне де назар аудару қажет. Оқу үрдісінде ойын түрлерін пайдалану – бағдарламада анықталған білім, білік және дағдыларды қалыптастыру, тиянақтау, бекіту немесе тексеру болып табылады. Сондай-ақ мұғалім ойын түрлерін балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес түрлендіре отырып, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалдарды қайталағанда білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісі мен құралы ретінде пайдалануға болатынына көз жеткіземіз.

Бастауыш сынып оқушыларын ойната отырып, ойландырып, балаға тәрбиелік мәні зор ойындар арқылы дамытуға болады. Бұл кезде жақсы оқушы дамып, нашар оқушы қалып қоймайды. Жақсы оқушы мүмкіндігіне дейін дамып, нашар оқитын оқушы өз мүмкіндігінше іс - шараларға араласып, өз үлесін қосып отырады.


Қорыта айтқанда, кез - келген ойын түрлерін сабақта ойнатқанда оқушыларда әрекет пайда болады, дүниетанымы кеңейеді. Сөйтіп оқушы ой - өрісін ойын арқылы дамытады.
Соңғы нәтижеде ойнай отырып, білім көрсеткішіне өз үлесін қосады. Артта қалған, жасық мектептен қорқатын, оқуға енжер, күшпен оқитын оқушы болмайды. Керісінше, баланың өмірі, қоршаған ортаны танып білу, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Ойындар - оқушылардың сабаққа белсенділігін, қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілетін ұштайды.
В. А. Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда: «Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімін, өзін қоршаған дүние туралы ұштастырады. Білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты»,- деген екен.

Қорытынды

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. А. Ысқақов. «Қазіргі қазақ тілі». «Ана тілі»: 1991ж
2. С. Исаев «Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты». – Алматы: 1997ж
3. журнал «Педагогика жаршысы»№4 2010,№3 2010ж,
4журнал 12 жылдық білім №4, 2006ж
5 журнал «Қазақ тілі мен әдебиеті»№2, 2005,№11, 2007,№1, 10 2008,№4, 9 - 2009ж

БАСТАУЫШ СЫНЫП ЖӘНЕ ОРТА БУЫН АРАСЫНДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ

Ақтөбе қаласы №31 орта мектеп

Бастауыш класс мұғалімі Күзембаева С.М.

Оқытудағы сабақтастық алдыңғы сатыдағы оқушылардың білім, білік және дағдыларын оқытудың келесі сатысында кеңінен қолдануды және әрі қарай жетілдіру, дамыта түсуді көздейді.Оқытудың осындай тірек нәтижесінен келесі сатыдағы қарастырылатын мәселелер өрбиді.Сабақтастық екі буынға ортақ міндеттерінің үйлесімділігін қалыптастырады.Бастауыш сынпта алған білім көрсеткішінің өзекті мәселелерін іріктеп, орта буынға келген оқушының оқыту талаптарын әрі қарай жетілдіреді.Оқушының психологиялық ерекшелігін орта буын мұғалімдерімен басшылыққа алу Бастауыш сыныпта бір мұғалімге үйреніп , тәрбиеленіп шыққан бастауыш сынып оқушылары бесінші сыныпқа келгенде жаңа талапқа (әр мұғаліміне) бірден үйренісе алмай , оқу үлгірімі де төмендейтіні белгілі.Осы жағдайдың алдын алу үшін мектеп тәжірибесінде сабақтастықты жүзеге асыру игі нәтижесін беріп келеді.

Сабақтастық дегеніміз, біріншіден , екі буын арасындағы ортақ мақсат – міндеттер , ортақ мазмұндық жүйе, баланы жүйелі сатылы дамыту, бір буыннан екінші буынға неғұрлым сәтті өтуге бағыттау,екіншіден, білім берудің әдістемелік жүйесінің әрбір компонентінің үйлесімдігі.[3]

Сабақтастық – оқушының ерекше алған білімін , дайындық дәрежесінің сапалық көрсеткіштерін анықтап, кемшіліктердің орын алу себептерін, оның алдын алу жұмыстарының түрлері мен ұйымдастыру формаларының тиімділерін көрсетуге мүмкіндік беретін әдістемелік жұмыстың бір түрі.Сондықтан мектепте оқу жылының алғашқы педогогикалық кеңесіңде сабақтастық мәселесі қаралып , төртінші сыныптың оқу – тәрбие жұмысына қатысу , оған басшылық беру жайы жоспарланды..Ондағы мақсат – бастауыш буынның даярлыған анықтау.Осыған орай тексерілуге тиісті оқытудың өзекті мәселелері іріктелініп алынады да соның негізінде өзіндік орындайтын тапсырмалар жүйесінің мазмұны қарастырылады, тапсырмалар оқыту мерзімдеріне қарай ( оқу жылының басында , аяғында) түрлі формада қолданылып , қорытындылар жасалады.Әрбір қатысушы оқушының білімі, дағдысы, ерекшілігі бақыланып, зерттеу жұмыстары қатар жүргізіледі.[1]

Мұғалімнің оқушы біліміне жүргізген диагностикалық есебін, психологиялық зерттеу күнділіктерін басшылыққа алынады.

І . Оқушыны зерттеу , білу.

а) оқушының жұмыс қабілеті;

ә)білім көрсеткіші, дағдысы;

б) оқушы ерекшелігінің ескерілуі ( сабақтағы жұмыс түрлеріне қатысы);

в) сыныптан тыс шаралардың ұйымдастырылуы әдістері,сынып оқушыларының қатысы;

г)ата – ана мен сынып мұғалімінің бірлескен іс – нәтижесі;

ғ) оқушы шығармашылығын дамытуда жүргізілген жұмыс түрлері ( үйірме,аула клубтарға қатысы);

ІІ.Оқу сабағы бойынша:

а) өмір шындығын оқушыларға көркем әдебиет құралдары арқылы көрсету, соның негізінде оқушының ой – өрісін , қиялын,эстетикалық, адамгершілік сезімдерін дамыта отырып , ана тіліне сүйіспеншілігін арттыру;

ә) оқыған әңгіме мазмұнын өз сөзімен қысқаша немесе толық айтып беруге , дайын мәтін , сюжетті суреттер бойынша керекті сөздерді пайдалана отырып өздігінен жазба жұмыстарын орындауға төселдіру;

б) сөздік қорын молайту , өзінің ой – пікірін , көргенін , оқығанын мазмұндату арқылы ауызша сөйлеу тілін дамыту ;

в) мәнерлеп оқуға , кітаппен , мәтінмен жұмыс істеуге үйрету;

ІІІ.Қазақ тілі бойынша :

а) грамматикалық ұғымдар мен орфографиялық ережелер меңгертуге тілдік фактілерді дұрыс таныту , ұтымды жаттығу жұмыстарын жүргізу;

ә)байланыстыра сөйлеуге , өз ойын байланыстыра жазып беруге баулу;

б) оқушы сауаттылығын , жазу үстіндегі орфография және пунктуациялық қателермен жұмысын бақылау.

ІV.Математика бойынша :

а) есептей білу дағдыларын қалыптастыру ;

ә)есеп шығару қабілетінің ,логикалық ойлауы қабілетінің дамуы;

б)натурал сандарға қолданылатын төрт амалды үйренуі ;

в)ауызша есептеу дағдыларын меңгеруі;

г)көп таңбалы сандарды оқуы , жазуы;

ғ)амалдар тәртібің , көбейту кестесін , өрнектерді салыстыру және геометриялық материалдарды меңгеру деңгейі .[2]

Осы орайда бастауыш сыныптарда оқушылардың игерген теріс емес бүтін сандармен орындалатын есептеу тәсілдері олардың 5 -6 сыныптарда қарастырылатын түрлерін енгізудің алғышарты іспеттес.Өйткені бастауыш математикалық білімнің мемлекеттік стандарты бойынша есептеулер жүргізуге қатысты : қосу және көбейту кестелеріне сүйініп азайту мен бөлудің сәйкес жағдайларында нәтижелерді таба алу; есептеулердің ауызша тәсілдерін кестелерден тыс жағдайларда қолдана білу; кез келген көп таңбалы сандарды бір және екі таңбалы сандарға жазбаша көбейту мен бөлуді орындай алу; арифметикалық амалдардың орындалу рет-тәртібі ережесін қолдана алу сияқты талаптар қойылып , сәйкес қорытынды нәтижелерге жету көзделген.

Есептеу тәсілдерін оқытудағы 4-5сыныптардың оқыту барысында : алдымен бастауыштан белгілі теріс емес бүтін сандармен жүргізілетін есептеу тәсілдері пысықталды,қайталанды,тиянақталды.

Айталық 458+367 сандарын қосу керек болсын.Сонда қосылғыштарды разряд бірліктерін бірінің астына бірін дәл келтіріп жазады;бірліктерді қосады, ондықтарды қосады, жүздіктерді қосады да жауапты оқиды.Бұлардың бәрі оқушыларға бастауыштан белгілі. Енді 4,58+3,67 сандарын қосу ұсынылды.Мұнда оқушылардың игерген білімі біршама өзгерген жағдайда қолданылатының аңғарту жеткілікті, яғни разряд бірліктерінің атауларына (жүздік үлес,ондық үлес ,бірлік ) назар аудару керек болды.Қосуды орындап болысымен қосылғыштардағы және қосындының мәніндегі үтірлердің орналасу қалпын қалай анықтайтынын түсіндіруді талап еткен жөн.Теріс ондық бөлшектерді ,он және теріс ондық бөлшектерді қосу мен азайтуды орындағанда жоғарыда келтірілген жалпы ережелер басшылыққа алынды.

4 – 5 сыныптарда математика оқытудағы сабақтастықты оңтайландыруға себепшс болатының біздің жүргізген тәрбие жұмысымыздың нәтижесі бар.Оны шартты түрде айтсақ: «есептеу тәсілінің бастауыштан белгілі түрі – тірек білім», «үйреншікті тәсілден туындайтын жаңа есептеу тәсілі», «есептеу тәсілдерінің алдыңғы түрлерінен келіп шығатын келесі түрлері», «есептеу тәсілдерінің сабақтаса жалғасуы», «есептеу тәсілдерінің қолдану барысында қалыптасатын білік пен дағдылар».

Осы бағытта зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктері,бағдарлама көлемінде берілген білім,дағдының орындалуы , дайындық дәрежесі , жеке кемшіліктердің орын алу себептері , оны өткізу бағыттары белгіленіп , тексеру қорытындысы педагогикалық кеңесте тыңдалып , кеңес қаулысы шығарылады.Қаулының орындалуы , атқарылған жұмыстарды жүйелеу , басшылық беру методикалық кеңеске тапсырылады. Бесінші сынпқа келгенде бастауыш сыныптағы мұғалісі пән мұғалімдерінің сабағына қатысып , пікірі методикалық кеңесте тыңдалады.

Осылайша сынып мұғалімдері бір – бірімен жүйелі байланыс жасап, оқушы білімінің , шеберлігінің , дағдыларының деңгейлерін нақты анықтап , оқыту талаптарына қаншалықты сәйкестігін біледі .Сонда әр сынып көлемінде қандай кемшілік кетіп отырғаны , қандай мәселелерге көбірек көңіл аудару керектігі белгілі болады.



Қолданылған әдебиеттер:

1.Бастауыш мектеп № 5 2003 ж.

2.Бастауыш мектеп №10,11,12

3.Қазақстан мұғалімі

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет