Сабақтың тақырыбы : Көз көру мүшесі Сабақтың мақсаты : Білімділік



Дата18.06.2017
өлшемі41,02 Kb.
#19305
түріСабақ
Күні: 30.09.2015

Сыныбы: 1"Ә"

Пән: Дүниетану

Сабақтың тақырыбы : Көз - көру мүшесі

Сабақтың мақсаты :

1.Білімділік :

Оқушыларға адамның сезім мүшелері туралы және адамға қоршаған ортаны бағдарлауға көмекші көз екені туралы білімдерін кеңейту. Көздің қоршаған ортаны танып- білудегі орны, маңызымен таныстыру.



2.Дамытушылық :

Көру гигиенасы, көз жаттығуларын жасау, көзді сақтай білуді үйрету. Ойлау қабілетін, ойы мен тілін дамыту.



3.Тәрбиелік:

Оқушыларды көздің қадірін түсіне білуге, оның гигиеналық талаптарын сақтауға тәрбиелеу.



Сабақтың түрі : саяхат сабақ

Сабақтың типі : жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдіс - тәсілдері: ойын, жарыс , түсіндіру,баяндау,көрнекілік, сұрақ-жауап, жағдаят шешу.

Сабақтың көрнекілігі: саяхат картасы, жолдама, көкеністер, жемістер, аңдар сурет, сыйлықтар.

Сабақтың жоспары:

1. Ұйымдастыру -1 мин

2. Үй тапсырмасын сұрау -7 мин

3. Жаңа білім негіздерін игерту - 15 мин

4. Бекіту. Қорытынды - 19 мин

5. Бағалау - 1 мин

6. Үйге тапсырма - 1 мин

7. Рефлексия - 1 мин



Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Дүниетану сабағын бүгін мен беремін. Менің аты-жөнім - Әділхан Гүлдана Бекболатқызы

- Балалар, сендер саяхаттағанды жақсы көресіңдер ме?

- Ендеше, бүгін біз саяхатқа шығамыз. Саяхат кезінде шулауға, орнымыздан рұқсатсыз тұруға болмайды.

- Біз қазір мектептеміз. Саяхатқа шығу үшін жолдама алуымыз керек.

2. Үй тапсырмасын сұрау

Жауап берген оқушыларға жолдама беріледі.



Қос қабыршақ қабысып, 
Қарбызға тұр жабысып. (Құлақ) 

Алқапта бар биiк тау,

Алды тiк жар қиық тау.

Қос үңгiрi желдетiп,

Ауа жұтар селдетiп.    (Мұрын)
-Біз мектептен шықтық.

3. Жаңа білім негіздерін игерту

- Картаға қарайықшы. Біздің жолымызда мұнара бар. Мұнарада алтын кітап бар. Сол кітап бүгін біздің сыныпта. Ол-дүниетану оқулығы. Менің сендерге жасырар жұмбағым бар.



Екі ағайынды, 
Екеуі де бір үйде, 
Бірін-бірі көрмейді. (Көз) 

- Бүгін біз көз туралы сабақ өтеміз. Барлығымыз көзімізді ұстаймыз.

- Көз - көру мүшесі. Біз көзбен заттарды көріп, түсін, пішінін, көлемін ажыратамыз. Көзбен заттың қозғалысын, не бір орында тұрғанын да айта аламыз. Көз бізге кітап оқуға мүмкіндік береді.

- Қабақ пен кірпік көзді өте жарқыраған жарықтан немесе шаңнан қорғайды. Егер көзге қоқым түссе, жас арқылы жуылып кетеді. Қас маңдайдан аққан терді көзге тигізбейді. Көз адамның маңдайдағы жұлдызы болғандықтан, оны қорғай білу абзал.


1. Көзді бөгде заттардың түсуінен қорғай білу.
2. Жұмыс орнындағы жарықты реттеп отыру.
3. Шам жарығын сол жақтан түсіру.
4. Кітапты оқығанда, іс тіккенде көзден 30 - 35 см қашықтықта
ұстау.
5. Теледидарды 3 - 5 м қашықтықтан көру.
6. Витаминді (әсіресе «А») тамақ ішу.
7. Ой еңбегі мен дене еңбегін алмастырып отыру.
8. Кітапты көлікте, жатып оқымау.
9. Темекі тартпау, зиянды әдеттерден аулақ болу.
10. Мектеп шеберханасында қорғаныш көзәйнек кию.
11. Шаң - тозаң, микробтардан сақтау.
4. Бекіту. Қорытынды

- Картаға назар аударайық. Аялдама- киіз үй. Онда Ақан ата мен Айша апа бар. олар бақтағы көкеністер мен жемістерді жинап жүр. Бізден көмек сұрайды. Ол үшін біз дөңгелек заттарды І қорапқа, ұзынша заттарды ІІ қорапқа салайық.

- Келесі аялдама - Қайсардың үйі. Қайсардың анасы сендерден көмек сұрайды. Қайсарға өз ақылдарыңды берулеріңді сұрайды.

- Картаға назар аударайық. Аялдама - "Алтын кітап" . Кітапты ашып, 17 беттегі сурет бойынша әңгіме құрастырамыз.

- Келесі аялдама - орман. Бүгін аң патшасы арыстанның туған күні екен. Бірақ, жануарлар апара жатқан сыйлықтарын шатыстырып алыпты. Оларға көмек берейік.

- Картаға назар аударайық. Аялдама - Білімпаз Ажардың үйі. Ол 2 түрлі суреттің айырмашылығын сұрап отыр.



5. Бағалау

- Білімпаз Ажар сендерге сыйлықтар дайындап қойыпты. Жақсы қатысқан оқушыларға жұлдызшалар таратамын.



6. Үйге тапсырма

"Көрудің адам өміріндегі маңызы" тақырыбында әңгіме құрастыр.



7. Рефлексия

Қолдарындағы смайлик арқылы бүгінгі сабаққа байланысты өз ойларын айтады.



Машықкер: ___________

Мектеп мұғалімі: ____________

Әдіскер: _____________
Каталог: uploads -> doc -> 08c0
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
08c0 -> Сабақтың тақырыбы: Ғабит Мүсірепов «Автобиографиялық әңгіме»
08c0 -> Сабақ жоспары №24 Пәні: Қазақ тілі Мерзімі: Тобы: по-17 Сабақтың лексикалық тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет