1.
БҰЙЫМДАРДЫҢ БІРІКТІРІЛГЕН ҚҰРАМА БӨЛІКТЕРІН
КЕСКІНДЕУ ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕУ
Машиналар мен аспаптар тетік бөлшектері
ажыратылатын және
ажыратылмайтын біріктірулерден тұрады. Ажыратылатын біріктірулерді көп
мәрте жинап
-
жіктеуге болады, ажыратылмайтын біріктірулерді жіктеу үшін
кейбір тетік бөлшектерді бұзуға тура келеді.
Тетікбөлшектердің ажыратылатын біріктірулерін бұрандасы бар
бұйымдармен, сұққыштармен, кілтектермен және т.б.
жүзеге асыруға болады.
Ажыратылмайтын біріктірулер тойтарма
көмегімен, пісіру, дәнекерлеу,
желімдеу арқылы және басқа тәсілдермен жасалады.
1.1
Бұрандалы біріктірулер
Бұрандалы біріктірулер бұрандасы бар тетікбөлшектерді тікелей
біріктіру арқылы немесе бұрандасы бар арнайы тетікбөлшектер көмегімен
жүзеге асырылады. Бірінші жағдайда құрастыру сызбаларында біріктіруді
кескіндеу ережелері жоғарыда келтірілген.
Сол себептен тек бекіту
тетікбөлшектері көмегімен жасалатын біріктірулерді қарастырамыз.
Машина жасау саласында алмалы
-
салмалы бұрандалы біріктірулер кең
таралғаннан, бұл біріктірулердің негізгі элементі бұранда болып табылады.
Бұранданың жасалуы
.
Бұранда кейбір жазық фигураның (ол
бұранданың профилін анықтайды және айналу бетінің осімен
-
бұранда осімен
бір жазықтықта жатады) бұрама қозғалысы нәтижесінде жасалады.
Профилінің түріне байланысты үшбұрышты, квадратты, трапеция
тәрізді, жұмырлы деп атайды.
Профиль ось төңірегінде бір рет айналғанда жасалған бұранда бөлігін
орам
деп атайды. Бұл жерде жасаушы профильдің барлық нүктелері
бұранда
жүрісі
деп аталатын бір шамаға ілгері, оське паралелель жылжиды.
Бұранда негізінде қандай бұрама сызық жатқанына байланысты
бұранданы
оңқай
немесе
солақай
деп айырады.
Егер профиль айналу цилиндрі бетімен жылжитын болса, онда бұранда
цилиндрлік
деп, айналу конусы бетімен жылжыса
-
конустық
деп аталады.
Бұранда стерженьде және
тесікте орындалады
(
сурет 1
.1).
Бір профильдің қозғалуымен жасалған бұранданы
біркірмелі,
ал екі, үш
және одан да көп профильдердің қозғалуымен жасалғанды
-
көпкірмелі
деп
атайды.
Осыған байланысты Р үлкен латын әрпімен белгіленетін
бұранда
қадамы
деген ұғым енгізілген. Ол
-
бұранда осіне паралелль түзу бойымен
өлшенетін айналу осінің бір жазығында осьтік жазықтықта жатқан бұранда
профилінің сәйкес нүктелерінің ара қашықтығы.
Сурет
1.1-
Бұранданың стерженьде және тесікте орындалу үлгісі
Бұранда элементтері
.
Бұранданы шартты кескіндеу
. Материалға
және басқа шарттарға байланысты бұранданы кесетін сайман көмегімен
материалды ойып, немесе бұранданың шығыңқы жерлерін қысып шығару
арқылы, немесе қалыпқа құйып, немесе престеп, немесе штампілеп жасайды.
Бұранданы оятын сайман беттің толық
профилді бұрандасы бар
бөлігінен оның тегіс бөлігіне біртіндеп өткенде ℓ
бөлігі пайда болады. Оны
сілем
деп атайды.
Егер сілемі жоқ толық профильді бұранданы жасау талап етілсе,
онда
бұранда жасайтын сайманды шығару үшін бунақ жасайды. Әдетте,
бұранданың бас жағында оның шеткі орамдарына зақым келтірмеу
үшін
және бұрандасы бар тетік бөлшектерді біріктіргенде бағыттаушы міндетін
атқаратын қиық жиек жасайды.
Бұранда орамдарының дәл кескінін салуға көп уақыт кетеді, сондықтан
оны өте сирек қолданады. МЕСТ сәйкес сызбаларда бұранданы шартты
түрде, бұранда профиліне тәуелсіз:
а) стерженьде –
бұранданың
барлық ұзындығына, қиық жиекті қоса,
бұранданың сыртқы диаметрлері бойынша тұтас негізгі сызықтармен, ал ішкі
диаметрлері бойынша тұтас жіңішке сызықтармен кескіндейді. Стержень
осіне перпендикуляр жазықтыққа проекциялаумен алынған кескіндерде
бұранданың ішкі диаметрлері бойынша тұтас жіңішке сызықпен шеңбердің
төрттен үш
бөлігіне тең, кез
-
келген жерде үзілген:
ә) тесікте
-
бұранданың ішкі диаметрлері бойынша тұтас негізгі жуан
сызықтармен доғаны жүргізеді.
Тесіктің өсіне перпендикуляр жазықтыққа проекциялаумен алынған
кескіндерде бұранданың сыртқы диаметрлері бойынша тұтас жіңішке
сызықпен шеңбердің 3/4
бөлігіне тең, кез
-
келген жерде үзілген доғаны
жүргізеді
(
сурет
1.2,
а).
а
б
Сурет
1.2
–
Бұранданы сызбада кескіндеу үлгілері
Бұранданы кескіңдегенде тұтас жіңішке сызықты негізгі сызықтан
0,8мм
-
ден кем емес, бірақ бұранда қадамының шамасынан аспайтын
қашықтықта жүргізеді.
Қималардағы
сызықтауды
стерженьдегі
бұранданың
сыртқы
диаметрлерінің сызығына дейін (сурет
1.2,
б) және тесіктегі бұранданың ішкі
диаметрінің сызығына дейін жүргізеді (сурет
1.2,
а).
Бұрандасы бар стерженьдегі және бұрандасы бар тесіктегі фаскаларды
арнаулы құрылымды қызмет атқармаса стержень
немесе тесік өсьтеріне
перпендикуляр жазықтықтағы көріністе кескінделмейді
(
сурет
1.2,
а).
Бұранданың шекарасын стержень де, тесікте бұранданың толық профилінің
соңында негізгі сызықпен (немесе үзілме сызықпен, егер бұранда
көрінбейтін болып кескінделсе) бұранда диаметрлерінің сыртқы
сызықтарына
жеткізіп жүргізеді.
Көрінбейтін етіп көрсетілген
бұранданы ішкі және сыртқы
диаметрлері бойынша жуандығы бірдей үзілме сызықтармен кескіндейді
(
сурет
1.3).