Тоқсан бойынша
жиынтық бағалауға арналған
спецификация
«География»
8-
сынып
МАЗМҰНЫ
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты …………………………………………… 4
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжат ................................... 4
3. Күтілетін нәтиже ............................................................................................................................ 4
5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу .. 6
6. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері .......................................................... 6
7. Модерация және балл қою ........................................................................................................... 7
1-
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ............................. 8
2-
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ........................... 14
3-
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ........................... 20
4-
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ........................... 27
3
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты білім алушылардың тоқсан
барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Жиынтық бағалау күтілетін нәтижелер жетістігін және тоқсанға жоспарланған
оқу мақсаттарына жеткендігін тексереді.
2.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжат
Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған «География» пәнінен
жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
3. Күтілетін нәтиже
Біледі:
Практикалық жұмыстарды орындау барысында қауіпсіздік техникасының ережелерін;
географиялық зерттеулер әдістерін; аумақтық кешендерді; географиялық объектілердің,
процестер мен құбылыстардың мәнін, жіктелуін, таралу және орналасу ерекшеліктерін;
заманауи геоақпараттық жүйелердің жұмыс істеу ерекшеліктері мен қолдану аясын;
географиялық қабық пен географиялық ортаның, геосфералардың құрамын, құрылымын,
заңдылықтарын, дамуының басты кезеңдерін; карталардың түрлерін, жіктелуін және
элементтерін; материктер мен мұхиттардың, жекелеген аумақтардың, елдердің және
Қазақстан Республикасының табиғаты ерекшеліктерін; әлем, жекелеген аймақтар, елдер
және Қазақстан Республикасы шаруашылығының аумақтық және салалық құрылымын, даму
жағдайлары мен факторларын; халықаралық экономикалық қатынастардың мақсаттары мен
нысандарын; елді мекендердің түрлерін, құрылымын, Қазақстан аймақтарының табиғи-
ресурстық әлеуетін; елдердің типологиясын; экономикалық жүйелердің модельдерін;
халықаралық байланыстардың түрлерін; табиғатты қорғау және тұрақты даму шараларын.
Түсінеді:
табиғи
және
әлеуметтік–экономикалық
заңдылықтардың,
процестердің,
құбылыстардың мәнін; заманауи географиялық кеңістіктің, аумақтық кешендердің
ерешеліктерін; географиялық объектілердің, процестер мен құбылыстардың өзара
байланыстарын; географиялық қабық пен географиялық ортадағы процестердің себептерін,
кезеңдерін, салдарын, мәнін; геосаяси процестерді; геосаясат субъектілерінің рөлі мен ықпал
өрісін, өзара әрекеттестігін.
Қолданады:
тірі және өлі табиғаттағы объектілерді, процестер мен құбылыстарды сипаттау үшін
негізгі географиялық ұғымдар мен терминдерді; тәжірибелік-эксперименттік және зерттеу
жұмыстарын қауіпсіз жүргізу әдістерін; практикалық жұмыстарды орындау барысында
географияның заңдары мен формулаларын;нәтижелерді ұсынуда графикалық тәсілдерді,
демографиялық көрсеткіштердің маңыздылығын түсіндіруде есептеу әдістерін қолданады;
картометрия тәсілдерін, кеңістікте бағдарлау және навигациялық дағдыларды.
Талдайды:
ғылыми –жаратылыстану эксперименті нәтижесінде алынған деректерді; графиктік
және кестелік нысанда берілген ақпаратты; заттардың қасиетінің сапалық және сандық
құрамына және оның құрылымына тәуелділігін; географиялық қабық пен географиялық
ортадағы процестер мен құбылыстардың себеп-салдарлық байланыстарын; жаратылыстану
ғылымдары саласындағы жетістіктер мен ғылыми жаңалықтарды қолдану аясын;
географиялық объектілердің орналасу факторларын; қоғамдық өндірістің ғылыми-
4
жаратылыстану, әлеуметтік-экономикалық негіздерін; демографиялық проблемаларды;
Қазақстанның географиялық және геосаяси жағдайын, саяси, экономикалық және әлеуметтік
дамуының ерекшеліктері мен факторларын, оның дүниежүзіндегі рөлі мен орнын
.
Жинақтайды:
кесте,сызбанұсқа, хабарлама, баяндама, таныстырылым түрінде көрсету үшін
жинақталған және өңделген деректерді, ақпараттарды; гипотеза, дәлел және түсініктеме
жасауға арналған ғылыми модельдерді және дәлелдемелерді, эксперимент және зерттеулер
жүргізу жоспарын; эмпирикалық қағидаларды, қағидаттар мен заңдылықтарды жүйелеу,
жіктеу және анықтау үшін тірі және өлі табиғатта болатын процестер туралы білімдерді.
Бағалайды:
жасалған эксперименттің нәтижелерін ; түрлі физикалық және химиялық процестердің
адамның тыныс-тіршілігі мен қоршаған ортаға әсерін; тірі табиғат компоненттері
арасындағы тепе-теңдікті сақтауға әсерін; пайдалы қазбалар мен табиғи ресурстарды дұрыс
пайдаланудың маңыздылығын; әртүрлі мақсаттар мен қызмет түрлері үшін географиялық
объектілердің, процестер мен құбылыстардың жарамдылық және пайдалану дәрежесін.
4.
Ойлау дағдыларының деңгейі
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Сипаттамасы
Ұсынылған
тапсырма түрі
Білу және
түсіну
Жер бедерінің түрлерін топтастырады, тау
жыныстары мен минералдарды қасиетіне қарай
жіктейді, ауылшаруашылығы және өнеркәсіп,
қызмет
көрсету
салаларын
ұйымдастыру
формаларын сипаттайды.
КТБ -Көп таңдауы
бар тапсырмалар
ҚЖ -Қысқа
жауапты қажет
ететін тапсырмалар
Қолдану
География ғылымының салаларын графикалық
түрде көрсетеді, географияның салаларға бөлінуін
дәлелдейді,
зерттеу
әдістерін
анықтайды,
география
ғылымындағы
зерттеулердің
маңыздылығын
түсіндіреді,
тақырыптық
каталарды оқиды, тақырыптық карталарды
қосымша
элементтермен
толықтырады,
географиялық номенклатура нысандарын кескін
картада белгілейді, атмосфераның ғаламдық
циркуляциясын сипаттайды және дәлеледейді, әр
материктердегі
климаттық
белдеулердің
ұқсастықтар мен айырмашылығын ажыратады,
құрлық суларының түрлері мен қалыптасуын
сипаттайды, өзендердің гидрологиялық режимін
дәлелдейді, биіктік белдеулердегі табиғат
зоналарының қалыптасуын дәлелдейді, табиғат
зоналарын
жоспар
бойынша
сипаттайды,
географиялық қабықтың құрамы мен құрылымын
графикалық түрде көрсетеді, халық санын
анықтаудың
әдісін
сипаттайды,
елдердің
демографиялық
көрсеткіштерін
графикалық
формада көрсетеді, елдерді демографиялық
проблемелары бойынша жіктейді, шаруашылық
салаларын жіктейді, дүниежүзілік шаруашылықты
ҚЖ - Қысқа
жауапты қажет
ететін тапсырмалар
ТЖ -Толық
жауапты қажет
ететін тапсырмалар
5
жоспар бойынша сипаттайды, саяси картаның
негізгі нысандарын жіктейді, әлем елдерін елдің
басқару формасы және мемлекеттік құрылымы
бойынша жіктейді.
Жоғары деңгей
дағдылары
Жер бедерінің адам өмірі мен шаруашылығына
әсерін анықтайды, географиялық зерттеулерді
сандық және сапалық деректер бойынша
жинақтайды, климат түзуші факторларды
анықтайды және сипаттайды, климаттың адам
өмірі мен шаруашылық әрекетіне әсерін
анықтайды, адам әрекетітінің атмосфера мен
климатқа кері әсерін анықтап, шешу жолдарын
ұсынады, құрлық суларының экологиялық
проблемаларын жіктейді және шешу жолдарын
ұсынады, су апаттарының алдын алу жолдарын
дәлелдейді, өсімдік және жануарлар дүниесін
қорғау керектігін дәлелдейді және қорғау
жолдарын
ұсынады,
демографиялық
көрсеткіштерді есептейді, жеке елдер үшін
демографиялық саясаттың өзіндік моделін
дәлелдейді, экономикалық инфрақұрылымның
маңыздылығына
қорытынды
жасайды,
ауылшаруашылығының, өнеркәсіп және қызмет
көрсету салаларының орналасу факторларын
анықтайды, саяси картадағы сандық және
сапалық өзгерістерді анықтайды, елдердің саяси-
географиялық орналасуын талдайды.
ТЖ - Толық
жауапты қажет
ететін тапсырмалар
5.
Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды
бөлу
Тоқсан
Білу және түсіну
Қолдану
Жоғары деңгей
дағдылары
I
22%
55%
23%
II
0%
45%
55%
III
11%
55%
34%
IV
11%
44%
45%
Барлығы
11%
49%
40%
6. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға
мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер,
плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған
нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім
алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық
бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау
барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы, сөздіктер немесе калькуляторлар
6
(спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына
мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне
көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен
сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім
алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім
алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға
немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі
хабарлап отырыңыз.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын
тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.
7. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация
үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс
үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
7
1-
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
1-
тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы – 40 минут
Балл саны - 30
Тапсырманың түрлері:
КТБ -көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ –қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ –толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Берілген нұсқа көп жауапты тест сұрақтары және қысқа/толық жауапты қажет ететін
сұрақтарды қамтитын 9 тапсырмадан тұрады.
Тест тапсырмаларынан білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларының дұрыс бір
жауабын таңдайды.
Білім алушы қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөз немесе қысқа сөйлемдер
түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарға толық жауап беруі қажет.
Білім алушының географиялық біліміне талдау жасай алу және қолдана алу қабілеті
бағаланады.
8
1–
тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім
Тексерілетін мақсат
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Тапсырма
саны*
Тапсырма
№ *
Тапсы
рма
түрі*
Орындал
у
уақыты,
мин*
Бал
л*
Бөлімге
берілетін
балл
саны
Географиялық
зерттеу әдістері
8.1.1.1 География ғылымының салаларға
бөлінуін графикалық түрде көрсетіп
түсіндіреді
Қолдану
1
3
ҚЖ
4
4
13
8.1.1.2 География ғылымы салаларындағы
маңызды зерттеулерді анықтайды
Қолдану
1
4
ҚЖ
3
3
8.1.1.4 Сандық және сапалық
географиялық деректерді өңдеп, талдайды
Жоғары деңгей
дағдылары
1
8
ТЖ
10
6
Картография
және деректер
базасы
8.2.1.1
Тақырыптық карталарды
сипаттайтын қосымша элементтерді
құрастырады: профиль, диаграмма,
график, кесте
Қолдану
1
5
ҚЖ
4
3
9
8.2.1.2
Географиялық шартты белгілер мен
карталарды сипаттайтын қосымша
элементтерді қолдана отырып,
тақырыптық карталарды оқиды
Қолдану
1
6
ҚЖ
4
3
8.2.1.3
Географиялық номенклатура
нысандарын кескін картадан көрсетеді
Қолдану
1
7
ҚЖ
3
3
Физикалық
география
8.3.1.2
Жер бедері түрлерін жіктейді
Білу және түсіну
1
1
КТБ
1
1
8
8.3.1.5
Тау жыныстары мен минералдарды
түрлі белгілері бойынша жіктейді
Білу және түсіну
1
2
КТБ
1
1
8.3.1.10
Жергілікті компонентті қосымша
қамту негізінде жер бедерінің адамзат
тіршілігі мен шаруашылығына тигізетін
әсеріне баға береді
Жоғары деңгей
дағдылары
1
9
ТЖ
10
6
Барлығы
9
40
30
30
Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
9
Тапсырма үлгілері және балл қою кестеcі
«География» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1.
Жер бедерінің негізгі түрлерін анықтаңыз.
А) тау, жазық
В) үстірт, тау
С) ойпат, үстірт
D)
қырат, ойпат
Е) жазық, ойпат
[1]
2.
Шөгінді тау жынысын анықтаңыз.
А) гнейс
В) мәрмәр
С) кварц
D)
әктас
Е) гранит [1]
3.
Берілген мәтінді оқып шығыңыз.
(а) Осы мәтін негізінде география ғылымының салаларын графикте көрсетіңіз. [2]
(b)
Мәтіннен ғылым салаларының зерттейтін аумағын анықтаңыз.____________ [2]
География – ең ежелгі ғылымдардың бірі. Ол бүкіл Жер бетінің және оның жеке бөліктерінің
табиғат жағдайларын, халқының шаруашылығы мен әлеуметтік тұрмысын зерттейді.
География негізінен физикалық география және экономикалық география болып екіге
бөлінеді. Физикалық география (грекше физис – табиғат) табиғат денелері мен
құбылыстарының Жер бетінде таралу заңдылықтарын зерттейді. Географияның бұл саласы
табиғаттың құрамдас бөліктерінің (жер бедері, ауа райы, жер беті суы, топырақ өсімдік және
жануарлар) бір-бірімен өзара байланысын, бір-біріне тигізетін әсерін, соның негізінде
олардың аумақ бойынша сараланып таралуын анықтауды мақсат етіп қояды. Экономикалық
география (грекше экономия – шаруашылық басқару) өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын
көлік пен байланыс құрал-жабдықтарын, халықтың аумақ бойынша таралуын қарастырады,
табиғат жағдайлары мен табиғат байлықтарына шаруашылық тұрғыдан баға береді.
4.
Берілген суреттер арқылы маңызды географиялық зерттеулердің негізгі түрлерін
анықтаңыз.
1-
сурет 2-сурет 3-сурет
1-
сурет _________________________________________________________________ [1]
2-
сурет _________________________________________________________________ [1]
3-
сурет _________________________________________________________________ [1]
10
5.
Картада Қазақстан территориясында жауын - шашынның таралуы мен буланушылықтың
орташа мөлшері берілген. Осы тақырыптық картаны толықтыру үшін 2 қосымша элемент
қосып, себебін жазыңыз.
(a)
Қазақстанда жауын - шашын ең көп түсетін жерді анықтаңыз._________________
[1]
(b)
Қазақстанда жауын - шашын ең аз түсетін жерді анықтаңыз.__________________
[1]
(c)
Картада берілген ауа райы элементі мен құбылысын оқудың маңыздылығын
түсіндіріңіз._____________________________________________________________
[1]
6.
Қазақстанның тектоникалық және сейсмикалық карталарын қолдана отырып:
(а) Шығыс-Еурропа платформасының еліміздің қай бөлігінде орналасқанын анықтаңыз.
______________________________________________________________________
[1]
(b)
Батыс-Сібір плитасының еліміздің қай бөлігінде орналасқанын анықтаңыз.
______________________________________________________________________
[1]
(с) Еліміздің қай бөлігінде жер сілкінісі 9 балдық күшпен болатынын анықтаңыз.
______________________________________________________________________
[1]
7.
Кескін картада көрсетіңіз.
(a)
Дүниежүзінің ең биік тау шыңын. ________________________________________ [1]
(b)
Дүниежүзінің ең төмен жерін. __________________________________________ [1]
(c)
Дүниежүзіндегі ең үлкен көлді. __________________________________________ [1]
11
8.
Х. Колумбтың саяхаты бойынша берілген карта-схемаға талдау жасаңыз.
(a)
Х.Колумб саяхатының негізгі мақсатын жазыңыз. __________________________ [1]
(b)
Х.Колумб саяхатында экспедицияның өз бағытынан ауытқуына себепші болған жағдайды
анықтаңыз. _______________________________________________________________ [1]
(c)
Х.Колумбтың 2-саяхатында Испанияға үлкен байлық табудың орталығы болған «алтын»
қоры мол аралды анықтаңыз. ________________________________________________ [1]
(d)
Х.Колумбтың 3-саяхатындағы сәтсіздік неге байланысты болғанын анықтаңыз.___ [1]
(e)
Х. Колумтың 4-саяхатқа бару себебін жазыңыз. ______________________________ [1]
(f)
Қателіктеріне қарамастан Х.Колумб саяхатының маңызын жазыңыз. ___________ [1]
Достарыңызбен бөлісу: |