Төменде кез келген затпен жұмыс жасағанда сақтану шараларының қауіпсіздік ережелері келтірілген.
Жұмысты бастар алдында міндетті түрде барлық қауіпсіздікті сақтау ережелерімен толық танысу қажет. Егер де балалар жұмыс жасайтын болса, мұндай жағдайда мұғалімдердің бақылауында болуы қажет. Кедергісіз жұмыс жасау үшін тақтаның екі жағынан 1 м орын қалдыру қажет. Жүйені өзгертуге тырыспаңыз, өйткені ол жүйені бұзуы мүмкін. Егер де бұл техника жұмыс жасамай қалса, онда өз бетіңізше жөндеуге тырысудың қажеті жоқ. Бұл кепілдікті жоюға соқтырады.
Мультимедиа – проектор бағыты бойынша сәуле тақтаға шағылысады. Сондықтан оған тура қарауға болмайды.
Интерактивтік тақтаның түсінігі
Интерактивтік тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі. Ол тақтаның /IPBOARD, ActivStudio, Smart Board/ бағдарламасы арқылы іске қосылады. Бұл құрылғы компьютер, мультимедиялық проектор және ақпараттарды енгізуге арналған активті қаламнан тұрады.
Активті қалам – бұл меңзерді басқару құрылғысы және компьютер мен тақта арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы.
Білім беруде интерактивті құралдарды қолданудың мүмкіншіліктері
Қазіргі уақытта білім беруде сабақ барысында интерактивті құралдарды қолдануда. Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.
Білім берудегі интерактивті технология – мұндағы интерактивті сөзі – inter (бірлесу), act (әрекет жасау) ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін – бір толықтырып, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы.
Флипчарт
Флипчарт – бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс аймағы. Бұл аймақта презентацияны құруға және оны көрсетуге қажетті құралдардың барлығы көрсетіледі.
“Активті экран” кешені білім үрдісінде қолданылатын ақпаратты көрсетуге және оны компьютермен басқаруға тағайындалған әмбебап интерактивтік жүйе болып табылады.
“Активті экран” бағдарламалық – техникалық кешенінің дидактикалық мақсатта пайдалану барысында олардың негізгі қызметі – жалпы ақпаратпен кәсіби біліктілікті жетілдіру бағытында қолданып, сонымен қатар бұл құралдың оқушылардың, ойлау және ойын қысқа және түсінікті түрде жеткізе білу қабілетін, арттырып өз ойларын жаңа технология құралдары көмегімен жүзеге асыруын қалыптастыруды қамтамасыз ете алатын белгілі болады.
Бағдарламалық – техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік тақтаны оқытушыға сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визуалды қор деп те атауға болады. Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды, Интернет ресурстарын қолдана алады.
Бағдарламалық – техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік тақтаны оқытушыға сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визуалды қор деп те атауға болады. Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды, Интернет ресурстарын қолдана алады.
Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі:
Ғылыми іс-шараларға қатысудың жарияланымдық белсенділігі
Ғылыми –шараларда публикациялық белсенділік қатысуы
Ақпараттық тізбені құрастыру
Коммуникативтік қызметі
АКТ – БАСҚАРУ
Сұрақ
Жауап
Түсініктеме
Директор қандай жағдай жасау керек?
Қысқаша актілер, материалдық – техникалық база, мектептің даму бағдарламасы
Мектептегі АКТ-ны пайдалану жағдайы жан – жақты жасалған ережелер. Пән кабинеттері мен АКТ кабинеті жабдықтарының жүйелі толығуы қарастырылған даму бағдарламасы құрастырылуы тиіс
Директор: АКТ – сауатты немесе АКТ – құзырлы? Немесе бұл мүлде маңызды емес пе?
Біздің пікірімізге, директор АКТ – құзырлы болуы тиіс.