Эссе
Әлеуметтанулық зерттеудің сандық және сапалық әдістерінің артықшылығы мен кемшіліктері
Жалпы айтқанда әлеуметтік орта бұл : адам өмірінің материалдық - тұрмыстық жағдайы, адамның өмір сүру әрекетінің жағдайы, адамның географиялық туған жері, адамның қоғамдық , материалдық , рухани тіршілік ету жағдайы және іс - әрекеті. Әлеументтанудағы социологиялық зерттеуін логикалық дәйекті, әдіснамалық, әдістемелі және сандық, сапалық әдістер туралы зерттеуін айтады. Әлеуметтік зерттеу болса қоғамды біртұтас әлеуметтік- мәдини жүйе ретінде қарастырады.
Әлеуметтанулық зерттеудің үш кезеңі бар. Әлеуметтік зерттеудің бірінші кезеңіне социологиялық ақпаратты жинау жатады.Екінші кезеңіне ақпаратты өңдеу бағдарламасын жасалуы жатады .Ал,үшінші кезеңіне талдау,өңделген ақпаратты дайындау жатады. Барлау, сипаттама және талдау социологиялық зерттеудің негізгі түрлері. Әлеуметтік ортаны зерттеудің екі әдісі бар , ол: сапалық және сандық . Сандық зерттеу - нақты цифрлар мен статистикалық деректер қажет болғанда жүргізілетін зерттеуді айтамыз . Сандық зерттеулер әдісінің негізінде нақты математикалық және статистикалық моделдер жатыр , нәтижесінде зерттелетін көрсеткіштердің нақты сандық мәндерін біле аламыз . Сандық зерттеулер тұтынушыға “Қанша ?“ деген сұраққа жауап бередi . Сандық зерттеудің түрлері көп . Мысалы: сұхбат , өнімді тексеру , бетпе бет сөйлесу және тағы басқа. Сапалық зерттеу - адамның мінез құлқын сандық жағынан емес сапалық жағынан зертеуін айтамыз . Егер сандық зерттеудi бiз “Қанша ? “деген сұраққа жауап берсек , сапалық зерттеуде біз “Неге ?” деген сұраққа жауап бере аламыз . Сапалық зерттеудің кең таралған әдістері фокус - топ және терендетілген сұхбат болып табылады . Сапалық зерттеулер толық әрі жеткілікті саналады , егер де зерттеушілер сирек кездесетін пікірлерді жинай алған жағдайда. Сапалық әдіске ақпаратты жинауын және өңдеуін,бақылауын,сұхбат алуын қамтиды. Сапалық талдаудан тағы бір айырмашылығы, сандық анализде деректер статистикалық құралдар арқылы талданады. Қорытындылай айтқанда, социологиялық зерттеу-практиканың ерекше түрі болып саналады деп айтсақ болады.
Достарыңызбен бөлісу: |