Павлодар қаласының №29 жалпы орта білім беру мектебі Апсалямова Әсемгүл Арыстанқызы қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі



бет1/3
Дата06.07.2018
өлшемі192,88 Kb.
#47779
  1   2   3



Павлодар қаласының №29 жалпы орта білім беру мектебі

Апсалямова Әсемгүл Арыстанқызы



қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Инновациялық жобаның атауы:

Бастауыш сыныптарда шешендік сөздерді жаңа технологиямен оқыту

Жетекші идея:

Жұмысының шеңберіндегі ғылыми-теориялық және ғылыми-практикалық зерттеу шараларының барысында шешендік сөздерді меңгерту, шешендік сөздерді оқытуда жаңа технологиялардың тиімді жақтарын қарастыру, оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру , күнделікті сөйлеу барысында қолдануға төселдіру, шешендік өнерді қалыптастыру соншалықты өзекті мәселе болып табылады.

Жоба мақсаты:

Шешендік сөздерді меңгертуде оқытудың жаңа технологияларын, жаңа әдістерін, инновациялық технологияны қолданудың тиімділігін көрсету.

Оны әдебиет сабақтарында пайдалану және ол арқылы оқушы білімін тереңдетіп, оқушының сабақты шығармашылық ізденіспен меңгеруіне септігін тигізетіндігін дәлелдеу.



Жоба міндеттері:

- жаңа технологиялардың қызметіне сипаттама жасау;

- шешендік өнерді меңгертуде жаңа технологиялардың тиімділігін айқындау;

- оқытудың жаңа технологиясын әдебиет сабағында пайдалану жолдарын көрсету;

- шешендік сөздерді меңгертудің тиімді жақтарын көрсету;

- шешендік сөздерді жаңа технология элементтері арқылы меңгерту;


Қолдану саласы:

Бастауыш сынып мұғалімдерге көмекші әдістемелік құрал ретінде пайдалануға болады.

Жобаның қысқаша андатпасы:

Шешендік сөздерді меңгертудің ұтымды әдістемесін ұсыну. Шешендік сөздерді жаңа технология арқылы, деңгейлік тапсырмалар арқылы оқытудың тиімді амалдарын көрсету.

Жүзеге асыруға дайындық дәрежесі:

Қазіргі кезде қолданыста

Қолданудан күтілетін нәтижелер:

Әдебиет сабақтарында шешендік өнерді меңгерту оқушыларды өз ойын еркін жеткізуге дайындайтындығымен, сабақты өткізу барысында стратегиялардың барлығы арқылы жүзеге асатын тиімділігімен, мұғалімнің сапалы сабақ өткізуіне мүмкіндік туғызуымен, оқыту мен ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдерінің молдығымен, ғылыми-теориялық тұжырымдамаларының тереңдігімен тиімді.

Оқушылардың сабаққа деген ынтасын артып, шығармашылықпен жұмыс істеуге, берілген тақырыпты жан-жақты ашуға, бір-бірінің пікірін тыңдай білуге, өз ойын ашық айтып жеткізуге, өзгенің пікірін сыйлауға қол жеткіздім.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет