Павлодар қаласының №30 жалпы орта білім беру мектебі



Дата28.01.2018
өлшемі9,96 Kb.
#35149

Павлодар қаласының №30 жалпы орта білім беру мектебі

  • «Қазақ тіліндегі өсімдік аталымының
  • сөзжасамдық сипаты »
  • Тастанбаева Зарина « 10 » сынып
  • Ғылыми жетекші:Жангожина Э.Н.

Жұмыстың өзектілігі

  • Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Бұл – оның қолдану аясы болашақта бұрынғыға қарағанда әлде қайда кеңейеді деген сөз. Осы жолда ол ең алдымен ғылым тіліне айналуы керек. Ал, ғылым салалары бойынша жасалған терминологиялық сөздіктердің алатын орны ерекше.
  • Адамзат тіршілігінде өсімдіктер дүниесінің маңызы өте зор. Ерте кезден бастап-ақ ата-бабаларымыз өсімдіктерді зерттеп, танып-біліп, ат қойып, олардың жеміс-жидектерін, дәндерін азыққа, ал жапырақ, сабақ, гүл, тамырларын дәрі-дәрмекке, тері илеуге, түрлі нәрселер бояуға пайдаланып келген. Бертін келе адам өсімдіктердің ішіндегі бастыларын қолдан өсіретін болды. Бұл күндері олардан көптеген азық-түліктік қорлар, әр түрлі өндірістік шикізаттар аламыз, құрылыс материалдарын даярлаймыз. Өсімдіксіз өмір жоқ. Ол тіршілігімізге тірек, өмірімізге нәр, күнделікті тұрмысымызға көрік.
  • Жер беті өсімдіктер дүниесіне өте бай. Дүние жүзінде олардың 500 мыңдай түрі өседі екен. Сол 500 мың өсімдіктің 220 мыңдайы суда, қалғандары құрлықта өсетін көрінеді. Ал қолдан өсірілетін мәдени өсімдіктердің түрі 20 мыңнан асады.
  • Табиғаттың осы ұшаң теңіз байлығынан Қазақ жеріне де аз үлес тимеген [1]. Республика ғалымдарының мәліметтеріне қарағанда бізде өсімдіктердің 6 мыңнан астам түрі өседі. Сол 6 мың өсімдіктің 760-ы, яғни 12,6 % тек біздің жерімізде ғана өсетін эндемик өсімдіктер. Бұлар басқа еш жерде өспейді.
  • Қазақстан территориясы 272 миллион гектардан асады. Оның жер бедері де алуан түрлі. Мұнда асқар таулар мен кең жазықтар, адырлы үстірттер мен далалы шөлейіттер, шағыл құмдар мен айдын шалқар көлдер, суы мол өзендер мен ит тұмсығы өтпес су ормандар бар. Республикамыздың климаты да әр алуан. Осыған орай мұндағы өсетін өсімдік түрлері де әр қилы және мол болып келеді. Бұлар-табиғаттын бізге тартқан сыйы, жеріміздің ырысы, еліміздің байлығы.

Жұмыстың мақсаты мен міндеті

      • Қазіргі қазақ тіліндегі өсімдік атауларының жасалу тәсілдерін айқындау және жүйелеу.
  • Қазақ тіліндегі өсімдік атауларын қарастырып, олардың жасалу ерекшелігін анықтау.
  • Зерттеу барысында жинақталған өсімдік атауларын жан-жақты зерттей отырып, тақырыптық мағыналық топтарға жіктей отырып, тақырыптық, мағыналық топтарға жіктеу арқылы халықтың тіл байлығын, тыныс-тіршілігін анықтау.
  • Қарастырылған өсімдік атаулары бойынша сөздік құрау.

Зерттеу объектісі: Ғылыми жобада пайдаланылған материалдар әр түрлі тілдік бұлақтардан, сөздіктерден (түсіндірме, диалектологиялық, т.б.) алынды. Өсімдік атаулары сөзжасамдық тұрғыдан талдап түсініктеме беруде энцеклопедиялық, тарихи, биологиялық материалдар мен сөздіктер және тақырыпқа қатысты еңбектер пайдаланылды.еңбектер пайдаланылды

Зерттеу әдістері

  • Қазақ тіліндегі өсімдік атауларының ауқымын көрсету мақсатында сипаттама тәсілі, олардың тіліміздегі атқаратын қызметі мен тақырыптық топтарын, уәжділік принциптерімен лексика-грамматикалық модельдерін айқындауда, кейбір өсімдік атауларының құрамындағы тілдік бірліктерді түсіндіруде тарихи салыстырма тәсілі қолданылды. Бұлармен қатар, өсімдік атауларын тілдік мәнін халықтық ұғым-түсініктерге сүйене отырып сипаттау үшін, этнолингвистикалық тәсілге көңіл бөлінді.

Ат қою дегеніміз не?

  • Ат – белгілі бір затты, нәрсені қоғам мүшелері жақсы білуі, тануы үшін, сол затқа тағылған сөздік белгі. Ол белгі бүкіл қоғам мүшелеріне ортақ болуы керек және заттың ең басты қасиеттерін қамтуы қажет. Кез келген заттың немесе ұғымның аты, атауы – барлық білімнің, ғылымның ең бірінші қадамы.
  • Өсімдік атаулары да басқа кез келген заттардың атаулары сияқты қажеттіліктен туған. Адам белгілі бір өсімдікке ат қойғанда оны өзі сияқты басқа өсімдіктермен шатастырмас үшін, басқалардан ажырату үшін олардың әрқайсысына өзінше бөлек-бөлек ат қояды.

Бір өсімдіктің халық арасында әр түрлі атаулармен аталуы

  • Латынша –примула (орысша «первоцвет»), қазақша-
  • бәйшешек, қозыгүл, жауқазын, запыран, наурызгүл, наурызшешек, наурызек.
  • Шытырлақ (недотрога)-шыңкетер, шыңкетпе, жылауық.

Өсімдік атауларының лексикалық құрамы

Қорытынды

  • Қазақстан жері өсімдік түрлеріне қаншалықты бай болса, оның байырғы халқы сол өсімдіктердің атауларына да соншалықты бай.
  • Қазақ тіліндегі өсімдік атаулары-тіліміздегі барлық басқа лексикалық топтар сияқты, сөз байлығымыздың құнды да құнарлы аса бір үлкен саласы .
  • Тыңдағандарыңызға рахмет!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет