Педагогиқалық кенес «Бала және кітап»
Педагогикалық кеңеске дайындық
1.Тақырыптық тексеру «Балалардың кітап бұрышындағы әрекеттің ұйымдастыру».
2. Ата-аналарға арналған сауалнама «Балалардың кітапқа деген қызығушылығын дамыту»
3. Педагогтарға арналған кеңес «Балабақшадағы кітап бұрышы», «Балабақшада әдеби шығармаларды оқу» .
4. «Эрудит» іскерлік ойынға арналған сұрақтарды дайындау
5.Педагогтарға үй тапсырмасы:
«Балабақшада кітап бұрышын жасақтау», «Көркем шығармалардын авторының өмірбаянымен таныстыру» тақырып бойынша хабарлама дайындау.
6. «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламалар бойынша «Көркем әдебиет» бөлімін талдау жасау.
Күн тәртібінде:
1. Баяндама «Кітаптың бала дамуындағы маңызы»- әдіскер Жолаева Қ.М.
2. «Балалардың кітап бұрышындағы іс-әрекеттері» тақырыптық тексерудің қорытындысы
3. «Көркем әдебиетпен таныстыру» балалардан алынған және ата-аналарға берілген сауалнаманың қорытындысы
4. Іскерлік ойын «Білімдер»
5.Өз тәжірибемен алмасу-тәрбиешілер. Авторлық дидактиқалық ойын.
Педагогикалық кеңестің жүру барысы:
I. Балабақша әдіскерінің кіріспе сөзі
Кітаптың пайдасы...Кітап оқудың пайдасы неде? Неге кейбір адамдар оқуды әлі де жалғастыруда, тек демалу немесе бос уақытты өткізу үшін ғана емес шығар?
Әрине, кітап оқудың пайдасы зор екендігінде сөз жоқ. Жақсы кітапты оқу арқылы адамның білім көкжиегі кеңейеді, ішкі жан дүниесі байыды, сақтау қабілетін арттырады, ақылдырақ болады дегендей. Кітап оқу арқылы адамның сөздік қоры көбейіп, ойлау қабілетін арттырып, өз пікірін еркін жеткізе алады. Оған сөз жоқ өз тәжірибеңде көз жеткізуге болады. Мысалы бір классиктің шығармасын оқысаң-ақ болды, бұрын екі сөздің басын құрамайтын адам, өз ойын жеткізе алатындай дәрежеге жететініне күмән жоқ.
Сондай-ақ оқу логикалық ойлауды дамытады. Оқығаныңды іштей талдасаң, адам психологиясын жетік түсіне бастайсың.
Көңіл-күйің болмаса да кітап оқу бір сәт жабырқаудан арылтады, тіпті уақытша болса да уайымыңды басады.
Кітап оқудың тағы бір пайдасы адам ағзасының қартаймауына септігі бар екенін оқымыстылар дәлелдеуде. Урсула Ленз - егде адамдармен жұмыс жасайтын Федеральды біріккен ұйымның қызметкері былай дейді: «Егде адамдар үшін кітап оқу пайдалы екендігіне бірнеше себеп бар. Біріншіден, оқылған сөзді санада бейнеге айналдыру қабілеті когнитивті қызметке жақсы әсер етеді. Екіншіден, оқу ойын жинақтауға көмектеседі.
Сондықтан оқудың қартайғанда да белсенді ақыл-ойды сақтап қалуға пайдасы бар екен».
Сонымен келтірілген дәлелдер арқылы, сіздерді кітапты ең жақын досы етеді деп үміттенемін.
ІІ.«Балалардың кітап бұрышындағы іс-әрекеттері» тақырыптық тексерудің қорытындысы бойынша анықтама оқылады.(қосымша1
ІІІ.Балалардан алынған және ата-аналарға берілген«Көркем әдебиетпен таныстыру» сауалнаманың қорытындысы.Қосымша 2)
Әдіскер: МДҰ педагогтары міндеттерінің бірі- баланың әдеби дамуына,оның оқырмандық талғамын қалыптастыруға, кітапқа мәдениет құбылысы ретінде қарауға отбасына көмек беру.
Тәрбиешілерге тапсырма: отбасылық оқу мәселесі бойынша ата - аналармен жұмыс түрлері және әдістерін атаңыз. (педагогтар жауабы)
Әдіскер: Біздің жұмыста тәрбиеленушілердің ата - аналарының көмегі қажет - ақ. Бірақ ата -аналармен өзара тіл табысып, сауалнама жүргізіп, алынған нәтижелерді талдай отырып, әрекет жасау керек. Талдауды жүргізуді төмендегідей үлгіде өткізу ұсынылады:
• Сауалнама жүргізуге қатысқан ата - аналар саны;
• Алынған жауаптардың статистикасы;
• Сауалнама жүргізудің нәтижелері;
• Ата - аналардың ұсыныстары мен тілектері;
Сөз тәрбиешілерге беріледі.
Тәрбиеленушілер ата – аналары сауалнамасының талдауы
IV. Іскерлік ойын: «Білімдар» (Қосымша 3)
V.«Кітаптар әлемі» авторлық дидактикалық ойындарымен таныстыру.- тәрбиешінің өз тәжірибемен алмасу
-Балабақшада жұмыс істей жүріп, мен мектеп жасына дейінгі балалардың көркем әдебиетті оқуға деген қызығушылықтарының әлсіздігі мәселесіне тап болдым. Тәрбиеленушілер балалар жазушыларын естерінде нашар сақтайды, олардың шығармаларын шатастырады, ертегіні әңгімеден ажырата алмайды. Осы мәселені шешу үшін мен үнемі толықтырылатын, қиындатылатын, оған балалар мен олардың ата - аналарымен ойлап шығарылған жаңа нұсқалар кіргізілетін дидактикалық ойынды ойлап тауып дайындадым.
-«Қатынас» саласы «Көркем әдебиет» бөлімі бойынша диагностика нәтижелері менің тәрбиеленушілерімде айтарлықтай жақсы серпін көрсетті(динамика): олар балалар жазушыларын атай алады,олардың шығармаларын біледі,балалар әдебиеті жанрларының ерекшеліктерін меңгерді.
VI бөлім. Педагогикалық кеңес шешімінің жобасы
-Әр түрлі әдістер мен тәсілдерді пайдаланып, балалардың кітаппен танысуы бойынша жұмысты белсендіру.
- «Кітаппен жұмысты ұйымдастыру» тақырыптық тексерісі бойынша ұсыныстарды орындау.
- Жазушыларға , ақындарға, кітап- иллюстаторларына арналған шараларды жоспарлау және өткізу (мерекелер, әдеби кештер).
- Балабақшада «Кітап аптасын» өткізу.
- «Көркем шығарманың талдауы» тақырыбына жас педагогтарға арналған шағын семинар дайындау және өткізу.
-Балалардың кітапқа деген қызығушылықтарын қалыптастыру бойынша ата-анамен жұмысты жалғастыру.
Пайдаланған әдебиеттер:
Баймуратова Б. «Балалардың тілін дамыту»
Гурович Л.М. Ребенок и книга. – СПб.: Изд-во “Акцидент”, 1996.
Гриценко З.А. Ты детям сказку расскажи… Методика приобщения детей к чтению. – М.: Линка-пресс, 2003.
Дунаева Н. О значении художественной литературы в формировании личности ребенка. // Дошкольное воспитание. - 2007. №6. – С 35-40.
Зябкина В.В. Эмоциональное освоение мира. //Воспитатель ДОУ. -2009. № 1. - С.119-128
Короткова Н.А.Образовательный процесс в группах детей старшего дошкольного возраста.- М.: ЛИНКА-ПРЕСС, 2007. С.40-69.
Куликовская Н. Увлечь книгой. // Дошкольное воспитание. – 2007. № 5. - С.33-41.
В.Маркова, Л.Трегубова. Только книга может обогатить мир ребенка.//Дошкольное воспитание. -2009. №6. -С.62-69.
Іскерлік ойын: «Білімдар» (Қосымша 1)
Педагогтар екі командаға бөлінеді (әрбіреуі жеке-жеке үстелге отырады)
Команданы таныстыру: атауы, девиз, эмблема
2.Қатысушылар танымал адамдардың нақыл сөздерін айтады. Ең көп айтқан команда жеңіске жетеді.
3.Тапсырма :
Төмендегі міндеттер баллардың қай жас шамасына сай екенін анықтау.
( «Алгашкы кадам», «Зерек бала», Біз мектепке барамыз» бағдарламалар бойынша құрастырылған).
-Балаға айналасындағы адамдардың сырт бейнесі қаншалықты әртүрлі болса, мінез-құлқы да соншалықты әртүрлі болатындығы туралы түсінік беру. Адамдармен сенімді қарым-қатынас құра білуге үйрету. (2 кіші топ)
-Шығармалардың жанрларын анықтай білуге (өлең, әңгіме, ертегі), тілдің көрнекті бейнелілігінің үлгілерін (айқындау, теңеу және т.б.) байқауға үйретуКөркем мәнерлеу құралын (эпитет,,салыстыру)заттарды суреттеуі,ертегі айтуда,оқиларды құрастыруда орынды қолдануға үйрету.
( ересектер тобы)
-Кейіпкерлердің қарапайым қарым-қатынастарын, олардың мінез-құлықтарын түсінуге, олар жайында әңгімелеуге, олар туралы қарапайым мінездеме беруге (ұнамды кейіпкер немесе жағымды әрекет, жағымсыз, меірімді) үйрету.(2 кіші)
-Тәрбиешінің сұрақтары арқылы көркем әдебиет шығармаларын мазмұндауды (2 кіші)
-Ертегілер мен әдеби шығарма кейіпкерлерінің мінез-құлқын талқылау арқылы өз көзқарастарын білдіруге үйрету. (2 кіші топ-әлеуметтік орта)
-Өлеңді тыңдауға қызығушылықты дамыту, балаларға өлеңдердің мазмұнын түсінуге көмектесу және тәрбиешінің соңынан жеке сөздерді және фразаларды белсенді түрде қайталап, сұрақтарға жауап беру. (1 кіші топ)
-Көркем мәнерлеу құралын (эпитет, салыстыру), заттарды суреттеуді, ертегі айтуда, оқиғаларды құрастыруда орынды қолдануға үйрету. (Ортаңғы топ)
-Көркем әдебиеттің күнделікті өмірге қажеттілігін сезіндіріп, көркем шығармаларды іріктеуге, кітаптар әлемінде өзіне қажет көркем шығарманы таңдай білуге дағдыландыру (ересектер тобы)
-Кітапқа ұқыптылықпен және құнттап қарауға дағдыландыру. Кітапты құрметтеуге үйретіп, оның адам өміріндегі рөлін түсіндіру (ересектер тобы)
-Заттарды суреттеуде, мазмұндауда, әңгімелерді жазуда эпитеттерді салыстыруды қолдануды (ортаңғы топ)
4 тапсырма. «Тізбек»
Бірінші топтың мүшелері сапқа тұрып, кезекпен-кезек «Топтағы кітап бұрышын ұйымдастыру» тақырыбын талқылап, ашады. Екінші топ «Көркем шығармалардын авторының өмірбаянымен таныстыру» тақырыбы бойынша хабарлама жасайды.
3 тапсырма «Мақал-мәтел аукционы» «Кітап және кітап оқу» туралы кім көбірек біледі
Мысалы
Кітап - алтын қазына.
Кітап алтын сандық:
Ішітолғанқазына, құт,
оқы, оқы, ойыңатұт.
Кітап – білімбұлағы,
Білім – өнершырағы.
Кітап - ғалым, тілсізмұғалім.
Кітапкөзіжұмыққаарзан,
Көзіашыққамаржан.
Кітап - қаймақ, білім - оймақ.
Кітап - оқығандікі, білімтоқығандікі.
Аға тәрбиеші: көркем оқу мен әңгімелеуді игеру - тәрбиешінің кәсіби міндеті.Әдеби шығарманы көркем орындау мұқият дайындықты талап етеді.Мәнерлеп оқитын адамның шығармамен алдын ала жұмысы бұл - шығармашылық жұмыс. Дайындалу барысында ол берілген шығарманы жақсы меңгеріп, оның идеясын түсініп,автордың түпкі ойын ұғуы керек.Балалардың сенімі мен көңілін билеп алу үшін,педагогтың тілі сенімді әрі әсерлі болуы керек.Ал бұл педагогтың аталған шығармаға соншалық төселуін,не туралы айтатынына өзінің қатынасын жеткізеді.
Шығарманың мәнерлеп дыбысталуының негізгі құралы - дауыс. Мазмұнына тиісті дауыс ырғағы,оның күшінің түрлі- түрлі реңктері мен оқу шапшаңдығы орындалатын шығарманың сендірерлік,шыншыл суретін құруға көмектеседі.Педагогтың міндеті - өз реңктерінің бар байлығын епті пайдалана білу.Сіздерге мәнерлеп оқу сайысын жасауды ұсынамын.Жеңімпазды бәріміз бірге таңдаймыз.
6 - тапсырма. Командалар арасында жыл мезгілдері туралы балалар өлеңдерінің сайысы. Педагогтарға пейзажды суреттер ұсынылады.Оларда күз және көктем бейнеленген.Команда жыл мезгілі туралы өлең үзінділерін естеріне түсіріп, қайсы мәнерлеп көбірек оқитынына қарайды.
Қорытынды
Достарыңызбен бөлісу: |