Тақырыбы: «Жұлдызды сәт» интеллектуалдық ойыны.
Мақсаты:
1. Оқушылардың жан-жақтама білімін тексеру, пысықтау;
2. Ой-өрісін, танымдық белсенділігін дамыту, әр түрлі пәнге
қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін арттыру;
3.Тапқырлыққа, жылдамдыққа баулу;
Жұмыстың түрі: Интеллектуалды ойын.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, әр түрлі сұрақтар,
Ойыншылар: 2- 4 сынып оқушылары
1- жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!
2-жүргізуші:
«Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ», «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» – деп халқымыз бекер айтпаса керек. Бүгінгі біздің мектебімізде 2-4 сынып оқушылары арасында өткелі отырған «Жұлдызды сәт» зияткерлік сайысына қош келдіңіздер! 1-жүргізуші:
Шын жүйрік шабысынан танылады,
Қатты білім, терең ой саналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпен қол соғылады.
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты,
Білім мен тапқырлардың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
(Әділқазылар мүшесімен таныстыру)
1.Сынып жетекшілер әдістеме жетекшісі: Г. Букеева
2. Педагог - психолог: А.Молдаханова
3.Бастауыш сынып мұғалімі: М.Жунисова
2-жүргізуші:
- Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие - тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға сол – алда,- дегендей ой мен білім жарысына қош келдіңіздер!
Сонымен сайыскерлермен таныс болыңдар.
2 -жүргізуші:
1 – ойыншы 4 «А» Сайлаубай Сакен болашақта журналист болуды армандайды және ол арманына жету үшін бар күш жігерін аямайды.
2 – ойыншы 4 «Ә» сынып Шүкірбек Елжан — өскенде халқына адал қызмет ететін полиция қызметкері болуды армандайды.
3 – ойыншы 4 «Б» Умирзакова Айнұр өскенде эколог болып, Қазақстанды гүлдендіремін дейді 4– ойыншы 3 «А» Әбдірахман Аяна елімізге танымал дизайнер болуды армандайды
5 – ойыншы 3 «Ә» Сапи Балайым болашақта адам жанының арашашысы дәрігер болғысы келеді
6 – ойыншы 3 «Б» Азамат Сүйеуов— заң қызметкері боламын деген ойы бар.
7 – ойыншы 2 «А» Ержанбай Ақнұр болашақта актриса болуды армандайды
8 – ойыншы 2 Ә» Сайлаубай Нұрай Роза Рымбаева. Бибігүл Төлегенова апалары сияқты жұлдызды әнші болуды армандайды
9-ойыншы 2 «Б» Бекжігітқызы Қараккөз - болашақта ұстаз болуды армандайды
1 -жүргізуші: «Жұлдызды сәт» ойыныздың ұранымен таныс болыңыздар!.
Ойынның ұраны: Біз кішкентай жұлдызбыз Өнегелі ұл-қызбыз. Жарқыраймыз жанамыз, Бар өнерді саламыз
2-жүргізуші: Жалпы ойынның тәртібімен таныстырып өтейін:
Ойынға барлығы 9 ойыншы қатысады.
Ойын ережесі:
Ойын 4 кезеңнен тұрады. 1.Табалдырық
2. Әудем жер
3.Полиглот 4.Білімпаз
5. «Санды тап»
Ойынның І кезеңінде сендер білімнің әр алуан саласынан алынған сұрақтарға жауап бересіңдер.
Әрбір ойыншыға 3 сұрақтан беріледі
Әрбір сұрақтың жауабы үшін сендерге 5 секунд уақыт беріледі.
Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |