Педагогика және психология факультеті



Дата07.02.2022
өлшемі15,62 Kb.
#92048
Байланысты:
Баланы мектепке физиологиялық жағынан дайындаудағы ойындардың рөлі


ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

СӨЖ
Тақырыбы : Баланы мектепке физиологиялық жағынан дайындаудағы ойындардың рөлі

Орындаған: Намен Аружан 405-топ
Қабылдаған: Метербаева Кулбаршын

Баланы мектепке физиологиялық жағынан дайындаудағы ойындардың рөлі


Балалардың окуға даярлығын анықтау жөніңдегі дәрігерлер жұмысы екі кезеңмен жүреді және мектепке дейінгі жастағылардың денсаулығын нығайтуды, мектептік қажетті функциялардың даму кемшілігін түзетуді карастырады.
Балалардың окуға даярлығын аныктауға байланысты олар бірінші терең зерттеуден мектепке баратын жылдың алдында қазан –қараша айларында өткізіледі. Тереңдетілген медициналық тексеруді (жоспарлы диспансерлік тексеру) бала бақшада немесе балалар емханасында педиатр, отоларинголог, офтальмолог, психоневролог, хирург, ортопед, стоматолог өткізеді. Көрсетілген мерзімде бала бақшаның немесе балалар емханасының дәрігері психофизиологиялық зерттеулерді жүргізуге байланысты нұсқауға сәйкес барлық балаларда мектептік қажетті функциялардың дамуын психофизио-логиялық зерттеуден өткізеді. Балаларды бірінші тереңдетілген медициналық және психофизиологиялық тексеру нәтижелері олардың медициналык. даму карталарына түсіріледі.
Денсаулығында әр түрлі ауытқулары бар балаларға сауықтыру және емдеу шаралары комплексі белгіленеді. Мектептік қажетті функциялары дамуында артта қалушылықтар байқалған (тілі), козғалтушы орталықтары (моторика) мектеп жасына дейінгілерге оларды түзету үшін жаттығулар комплексі ұсынылады. Мұндай емдеу және сауықтыру шараларын балалар емханасының маман дәрігерлері жүзеге асырады. Дыбыс айтудағы кемістіктерді жою сабақтарын логопед дәрігер жүргізеді.
Қозғалтушы орталықтарын дамыту жөніндегі (сурет салу, жапсыру, кішкентай конструкторлық ойындар және т.б.) сабақтарды немесе жаттығуларды балабақша тәрбиешілері немесе ата-аналар жүргізе алады.
Учаскелік педиатр немесе мектепке дейінгі мекеме дәрігері белгіленген іс-шаралардың орындалуыя бақылайды.
Барлық балалар екінші рет медициналық тексерудеен мектепке барар алдында (сәуір, мамыр айларында, сол мамандар басқаруымен) өткізіледі. Мектепке баруды бір жылға кейінге қалдыруға негіз болатын ауру түрлері мектепке қабылдау Ережесінің қосымшасында көрсетіледі. Биологиялық дамуында артта қалушылығы бар балаларға да мектепке баруды уақытша кейінге қалдыру ұсынылады.
Дене дамуы – бұл баланың жақсы денсаулық күйі, төзімділігі, қолайсыз ықпалдарға қарсы тұра алуы; қалыпты антропометриялық көрсеткіштері (бойы, салмағы, кеуде клеткасының аумағы) қимыл жағынан дамуының жақсы дәрежесі, қолдың жазу үшін керекті майда, дәл және алуан түрлі қимылдар жасауға әзірлігі; мәдени-гигиеналық дағдыларының т.б. жеткілікті дамуы. Дене жағынан дамыған бала мектепте жүйелі оқуға байланысты қиыншылықтарды оңай жеңеді.
Алты жас тобында ойын 5-6 минут, 7 жас тобында 6-8 минут болғаны дұрыс және ойын уақыты тексеруші түсіндірген сәтпен есептеледі.
1. Жүру
Денені дұрыс ұстап, аяқты нық басып, адымдап жүру, бағытты ауыстырып жүру, жыланша заттардың арасымен, шашырап жүру; тізені жоғары көтеріп, жартылай отырып жүру; шеңбер бойымен, бұрыш жасап, қолды неше түрлі қалыпта ұстап, жаттығулар жасап жүру; белгімен тоқтап, бұрылып, қол соғып жүру; өлеңмен санап, тез жай жүру.
2. Жүгіру
Денені дұрыс ұстап жүру мен кезек жүгіру; талапты өзгертіп, әр түрлі тапсырмамен жүгіру; қуалап жүгіру; бір минутқа дейін тоқтамай, жай жүгіру.
3. Жаңылыстыру ойыны
Ойын балалардың пайымдылығын, жылдамлық реакциясын және солға, оңға, артқа айналу командаларын ажырата алуын аңғартады. Тексеруші үш-төрт қатарда сап түзеп тұрған ойыншыларға ойын басқарушы солға, оңға, артқа айнал т.с.с. командаларды беріп тұрады. Жаңылғандары жеңіліп, жаңылыспай жасаған бала жеңіп шығады.
Көшпелі қазақ халқы балдырғанның сонымен бірге денесін шынықтыруға да ерекше көңіл бөледі. Балаларының тұлғасы берік, денесі шымыр, қимылы ширақ әрі епті болуы үшін түрлі-түрлі дене шынықтыру әдістерін қалыптастырған. Күн ұзаққа козы соңында ойнап жүрген жасөспірімдерді үлкендер жинап, әртүрлі қимыл ойындарын ойнататын. Бұл ойындар мақсаты мен міндетіне қарай екі бағытта жүргізіледі:
7. Әр баланың денесін шынықтыру үшін.
8. Ер жүрек, жауынгер болып өсуі үшін.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет