Алматы облысы
Жамбыл ауданы
Қазыбек бек бекетінің ОМ.
Н.Е. Кучербаева физика пән мұғалімі
Педагогикалық әдістемелік жұмыс жүйесі:
«Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, физика пәнін кіріктіру арқылы функционалдық сауаттылығын арттыру»
Білім беру модернизациясы – даму үрдісі және тұрақты алға ұмтылу, білім беруді біртіндеп жүзеге асыратын және алынған нәтижені нақты талдау және қолдау. Осы жағдайда қазақстандық қоғамның айқын проблемасы бәсекеге қабілетті, бүгінгі күні әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүрумен қатар, қазіргі кезеңде әсер етіп қана қоймай, оны жақсы жағына өзгеруге ықпал жасау арқылы тұлға қалыптастыру. Бұл жоспарда мұғалімге үлкен роль бөлінеді. Мұғалім мамандық өндірісіндегі қарқынды өзгерістерді бақылап, зерттеп қана қоймай, жаңа технологияларды меңгеруі тиіс. Тек қана жоғары дәрежелі ішкі мотивациясы жоғары, сын тұрғыдағы тұлға ғана, өздігінен жоғары дәрежедегі маман қатарына жетуі мүмкін. Осы жетістікке жету үшін негізгі роль әдістемелік қызметке беріледі.
ХХІ ғасыр — білімді, талантты, әлемнің және елдің тағдыры үшін жауапкершілікті мойнына ала білетін жастардың дәуірі. Қазіргі білім беру жүйесінде жаңа технологияларды енгізу күннен-күнге басты талапқа айналып, осы әдістерді жетілдіре түсу қажеттігі күшейіп келеді. Мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болса да, мұғалім оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының тұлға ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады.
Жаңа бағдарлама бойынша жаңаша көзқарас қалыптасып, білім деңгейі биікке көтеріліп келеді. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеріп шығулары тиіс. Оқытудың нәтижесінде оқушылар сын тұрғысынан ойлай алатын , өздігінен зерттеу және ақпаратты терең талдай алатын дағдыларын меңгеруге тиіс.
Осы мәселелерді терең ұғына отырып өз еңбек тәжірибеме әдістемелік тақырыпты «Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, физика пәнін кіріктіру арқылы функционалдық сауаттылығын арттыру» деп алып одан шығатын мақсаттарды:
«Физика сабағын оқытудаозық педагогикалық технологиялар мен әдістер қолдандана отырып, оқушыларды алған білімдерін өмірде қалай қолдана білуге үйрету?Физика сабақтарын оқытуда тілді кіріктіріп оқыту мақсатын қалай жүзеге асыруға болады?
Жұмыс нәтижесіндегі күтілетін нәтиже:
Оқушылар тақырыпты сыни тұрғыдан талдай алады
білімнің өзіндік әрекеттер арқылы ғана тиімді түрде меңгерілетіндігін дәлелдейді;
Оқушылар өзін -өзі бағалап, реттеуге үйреніп, өз білімінің сапасын арттыруға ынталанады
Оқушыларда тілдік қор кеңейіп тілді меңгереді
Оқушыларда алған білімін өмірде тиімді пайдалана білу дағдысы қалыптасады
Бұл жұмыстарды
1. Зерттеу жұмыстарын бақылау, қадағалау , сұхбат, сауалнамалар жүргіземін
Нақты жоспар құру.
Кері байланыс жүргізу арқылы жүзеге асырамын.
«Қазақстан Республикасында білімді және ғылымды дамудың 2016-2019 жылдарға мемлекеттік бағдарламасының» басты мақсаттарының бірі жалпы білім берудің мазмұнын жаңарту болып табылады. Бұл оқудың кұзіреттілікке бағдарланған оқыту моделіне біртіндеп өтуге жағдай жасайтын білім беру жүйесінін дамыту бағдарламасын әзірлеуді және жүзеге асыруды талап етеді. Мұндай бағдарламаның бірі – «Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасы». Аталған бағдарламаны орындаудың негізгі жолдарының бірі пәнді (информатика, физика, химия, биология, жаратылыстану) және тілді кіріктіріп оқыту бойынша оқу-әдістемелік құрал әзірлеу болып саналады. Іс- тәжіребеме енгізуді Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға 2016 жылғы 16 шілденің №2хаттамасында ұсынылған әдістемелік құралды негізге ала отырып, физика пәнін кіріктіріп оқыту жұмыстарын жүргізе бастадым.
Себебі, мектептің даму жоспары бойынша физика пәнін ағылшын тілінде кіріктіріп оқыту 2016-2017 оқу жылынан бастап жүргізу жоспарланған. Осы жоспарды іске асыру мақсатында 7 «Б» сыныбын фокус класс ретінде алынды. Оқу бағдарламасына сай 2016-2017 оқу жылында 7 сыныпта «Физика және Астрономия» аптасына 2 рет, 2017-2018 оқу жылында 8 сыныбында «Физика» аптасына 2 рет жүргізіледі.
Заманның жаңа талабына сай оқушыларға сапалы білім беруде жаңартылған бағдарлама аясында үш тілде оқытудың әдісі коммуникативтік тәсіл. Ол мыналарды білдіреді:
біріншіден, мақсатты тілдерді оқыту оқытылатын тілдің ауызекі сөйлеу нормасын меңгеруге бағытталған,
екіншіден, тілді оқыту грамматикалық ережелермен шектелмейді, яғни өзге тілді алғаш үйренушілерге «бастауыш», «баяндауыш», «морфология», «синтаксис» т.б. білу маңызды емес. Бала грамматикалық құрылымдарды білмей тұрып, оқу мен жазуды білмесе де сөйлей бастайды, тіпті сөйлемдерді де дұрыс құрайды. Ол жай ғана сөздерді айтады, сөздердің мағынасын түсінеді, айналасындағы адамдармен тілдесе бастайды
Коммуникативтік оқытудабілім алушы тек қана тіл туралы білімді меңгермейді, сонымен қатар, мәдени-әлеуметтік компонентті де меңгереді: қоғамдағы тәртіп үлгісі, сол елдің мәдениеті мен мәдениет нормалары туралы білімі, осылардың бәрі шынайы қарым-қатынастыңжағдаяттарында сөйлеушімен өзара қарым-қатынас жасауға көмектеседі.Пәнге деген қызығушылығы артады, өз бетінше білім алуға ұмтылады, оқу үлгерімі артады.
Жұмыс барысында кедергілер болды.
-оқушылар білу, түсіну бөлімін ғана орындай алды;
өз білімін дамытуға ынтасы болмады
өз біліміне нақты бағалау жүргізе алмады
сөздік қорлары аз, тіпті тіл білмейтін оқушылар болды
топ жұмысын орындауда белсенділік танытпады
Шешу жолдары:
-Ағылшын пән мұғалімдеріме бірлескен зерттеу жұмыстарын жүргізу
- сабаққа қолжетімді SMART мақсат қою
әдіс-тәсілдердің тиімділігін зерттеу
әр тапсырмаға дескриптор құру, қалыптастырушы бағалау жүргізу
Сабақтарда тақырып бойынша терминдерді үш тілде кіріктіріп, тақырып бойынша анықтамаларды ағылшынша оқу, түсіну және қолданып айта алу дағдыларын қалыптастыруды бастадым. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін оқытудың көптеген жаңа әдіс – тәсілдерін алып, «Пәндік-тілдік кіріктіру технологиясы (CLIL): қадамнан қадамға» өз тәжірибеме ұтымды пайдаланудамын.
Әр сабақта оқушылардың танымдылық-коммуникативтік құзыреттілігін дамыту және функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін сабақтың түрлі кезеңінде оқушылардың үш тілде тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын дамытудағы белсенді оқыту стратегияларын қолданамын. Мысалы, сабақтарда АКТ мүмкіндіктері арқылы, мұғалім мен оқушылардың тікелей сабақтағы есеп шығару, мәтіннің ішінен формуласын тауып жазу, нүктелердің орнына лайықты термин сөздерді жазу, тыңдалымға арналған бейнематериалдарды бірлесе көру, сонымен байланысты тапсырмаларды интерактивті тақтада орындау сияқты іс-әрекеттерді қолданамын.
Оқушылардың интеллектуалдық қабілетіне түрткі болатын ойын технологиясын қолдана отырып сабақты үш тілде жүргіземін. Күнделікті сабақ үдерісінде мынадай іскерлік ойындарды пайдаланамын: «Полиглот», «Кім тапқыр?», «Үздік тілші», «Кел, сайысайық!», «Суреттер сөйлейді» , «Бумеранг» әдісі сынды тағы басқа ойындарды өткізудің үштілді меңгертудегі маңызы айрықша. Сабақ барысында оқушыларға «Сәйкесін тап», «физикалық диктант», « Анықта және Зерделе», «Мақсатты анықта» т.б қолданғанәдістер, олардың коммуникативтік құзыреттіліктері мен
функционалдық сауаттылықтарын арттыруға негіз болды. Сонымен қатар, ақпараттық технологияны: электрондық оқулықтар, презентациялар,қазақша,орысша, ағылшынша бейне жазбалар т.б түрлері оқушылардың қызығушылығын оятып, уақыттарын үнемдеуге, қосымша деректерді тиімді қолдануға түрткі болады. Мәселен, «Отынныңэнергиясы. Отынныңменшіктіжануэнергиясы» тақырыбындаоқушылардың жас ерекшелігіне байланысты тапсырмалар күрделеніліп және деңгейленіп дайындалды. Бұл жерде оқушылардың сөйлеу тілдері мен сауаттылықтарына назар аударылады. «Қара, жаз, тексер» әдісі бой-ынша тақырыпқа қатысты лексика мен терминологияны пайдалана
отырып, оқушыларға үш тілде аудармасы ұсынып, айырмашылығын
табады. Бейне жазбаны көрсету арқылы оқушылардың тақырыпқа деген
қызығушылығы артады . Тақырыптағы отын, отынның түрлерінің меншікті жану жылуы туралы видеобейне материалды ағылшын тілде тыңдап
үш тілде анықтап, баламасын жазуға талаптанады. «Мақсатты зертте және анықта» әдісі бойынша оқушылар шығармашылдық бағытта түрлі ізденіс жұмыстарын жүргізді. Бұл тапсырмалар оқушылардың ізденүшілік әрекеттеріне, өз беттерімен білім алып, алған білімдерін ортаға салып, дәлелдеу дағдыларына түрткі болды. Ауызша, жазбаша сөйлеу тілдерін дамытады. Осы тақырыпта үш тілділікті тереңірек меңгерту мақсатында және тақырыпты жақсы меңгеріп сыныптан тыс уақытта оқушының қоғамдық ортада өз қажетіне пайдалану үшін тапсырмаларды күрделендіруді ұйғардым. «Бумеранг» әдісі пайдалану барысында оқушылар бір-біріне қойылған сұрақтарға үш тілде сыни тұрғыда ойлана отырып жауап береді. Пәнаралық байланыстың негізінде оқушылар әр пәннен алған білімдерін тоғыстыра отырып, өз мақсаттарына жете білуге дағдыланады.
Жалпы физика сабағында үш тілділіктің маңыздылығы балаларды
диалог пен дәйектерге, талқылауға тарту арқылы белсенді жүргізілген жағдайда оқытудың тиімдірек және зиятты жетістіктері жоғары болатынын
дәлелдейді.
Сондықтан үш тұғырлы тілді игеру жоспарлары – мектептерден бастау алуда. Ал, жоғарғы оқу орындарында тіпті биология, химия, физика пәндерін үш тілде оқыту әдістері жүзеге асырылып жатыр. Қанша тіл білсең, сен сонша мемлекетсің, яғни ұлы мақсаттарға жетелейтін – үш тілділік саясатын меңгеру қажет. Өз тіліңді құрметтеп, өзге тілдің бәрін білгеніңе не жетсін. Сондықтан, тәрбие–бесіктен, яғни, өскелең ұрпақ
үштілді болып жетілсе, алдыңғы ұрпақ талай мақсаттарға жетеді.
Қорыта айтатын болсақ, көптілді білім беру бағдарламасы аясында
үштілді меңгеру тәжірибесін жинақтап, әлемдік деңгейде көтерілуіміз
керек.
Бұл оқушылардың халықаралық жобаларға қатысуын кеңейту, шетелдік
әріптестермен ғылыми байланыстарын нығайтуға, ықпал ету. Елдің ертеңі өрісі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой-пікірімен ұштастырған
сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |