Педагогикалық жағдаят №13



Дата25.09.2022
өлшемі12,19 Kb.
#150663
Байланысты:
Пед ситуации


Педагогикалық жағдаят №13
Сіз мұғалімсіз. Сіз тақтаға тапсырма жазғанда бір сөзден қате жібересіз, сыныптағы бір оқушы соны байқап қалып, даусын қатты шығарып айтады, оқушылардың барлығы көреді.
Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?).Неліктен?


Педагогикалық жағдаят №14
Жаңа тақырып түсіндіру үстіндесіз. Кенет сіздің сөзіңізге сынып оқушылары мысқылдап күле бастады.
Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?).Неліктен?


Педагогикалық жағдаят №15
Сіздің сабағыңыз ылғи бірінші сабақ болып өтеді.
Сабаққа үнемі бір оқушы кешігіп келеді. Себебін ұйықтап қалыппын деп жауап береді.
Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?).Неліктен?


Педагогикалық жағдаят №16
Сіз сабақ түсіндіру үстіндесіз. Бір оқушы тақырыпқа байланысты бір сұрақ қояды. Бірақ сіз ол сұрақтың жауабын білмейсіз.
Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?). Неліктен?

Педагогикалық жағдаят №44
Сіз педагог мамандығын таңдадыңыз. Педагогикалық өсиет жобасын құрастырыңыз:
1) «Егер мен педагог болсам, мен ешуақытта ... жасамаймын».
2) «Егер мен педагог болсам, мен барлық уақытта ... боламын».
3) «Педагог болу – бұл яғни ...


Педагогикалық жағдаят №46
Сізге «Қоғамның қазіргі даму сатысында білім беру жүйесінде, мектепте, мұғалімде қандай қиындықтар (мәселелер) бар?» деген тақырып бойынша мектеп мұғалімдерінен сұхбат алуды ұсынды. Мұғалімдер үшін қандай сұрақтар дайындайсыз?


Педагогикалық жағдаят №47
Сіздің педагогикалық мамандықты таңдауыңызға не әсер етті?


Педагогикалық жағдаят №48
Өзіңізді Білім және ғылым министрі деп елестетіңіз. Білім сапасын жақсарту үшін қандай іс-әрекеттер жасар едіңіз?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет