«Педагогикалық ұжымның психологиялық ахуалын қалыптастыру»



Дата12.09.2020
өлшемі87,81 Kb.
#63697

«Педагогикалық ұжымның психологиялық ахуалын қалыптастыру».

Рамазанова Жадыра Даулеткалиевна

ЖШС «Ақ ерке»балабақшасы, педагог-психолог.
Сәлеметсіздерме, ұлағатты ұстаздар! Бүгін сіздердің психикалық көңіл - күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір - бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған тренинг- сабағыма ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.

1. Амандасу.

Қатысушылар бір-бірімен дәстүрден тыс амандасады.

2. Танысу. Шеңбер бойында тұрады.

Мақсаты: Өзін таныстыру, жаңа ұжымға бейімделу, айналасындағыларға бірлесіп жұмыс жасауға оң бағыттау. Есімдерін және қандай қызмет атқаратынын және де одан басқа қандай қызмет түріне икемді екенін айтып шығады.

3. «Үстел» ойыны. Қатысушылар шеңбер бойына тұрады. Оңға бұрылып өзінің алдыңғы көршісінің иығынан ұстайды да тізелерін бүгеді. Алдағы ойыншы оның тізесіне отыруы тиісті.

4. «Табиғат мінезі» жаттығуы. Қане, бәріміз тізбектеле тұрайық, өзімізді табиғат аясында тұрғандай, еркін сезінейік. Аспаннан күн шуағын шашып, ауа- райы жақсы болып тұрды да, аяқ астынан жеңіл жел соқты – алдарыңызда тұрған адамның арқасын жәймен ғана желдің самалындай етіп қолмен сипайсыздар.

Жел күшейді – алдарыңыздағы адамның арқасын қолмен қатты ұқалай бастаймыз. Кенет, жай ғана жаңбыр сіркірей бастады – қолымызбен жаңбырдың сіркірегеніндей жай ғана ұрамыз.

Бір кезде қатты жауын жауды – біз қатты жаңбыр сияқты арқамызды саусақтардың ұшымен жоғары төмен сипалаймыз. Аяқ астынан бұршақ жауды – арқамызды саусақ басымен бұршақ жауғандай қаттырақ ұрамыз. Бір кезде бәрі басылды, күн жарқырап ашылып, адамға бір күшті шуақ берді.

5. «Сиқырлы қоржын» кері байланыс ойыны.

Нұсқау: Қатысушыларға парақша таратылып беріледі. Сол парақшада карама – қарсыда отырған қатысушы туралы мінездеме береді.

6. Психологиялық тест.



Қайсы ағашты таңдайсыз?

Сіз қандай екенсіз?

1. Жомарт және адамгершілігі жоғары жансыз. Сіз үнемі үздік болуға талпынасыз. Кеудемсоқтық қасиетіңіз де жоқ емес. Жұрт сырттай сізбен тіл табысу қиын деп түсінеді. Олай емес, тек сіз өзіңізбен – өзіңіздің табысуыңыз оңай шаруа емес. Сіз үнемі белсенді жұмыс атқарасыз. Бірақ өзімшіл емессіз. Сіз өз әлеміңізді әрлендіру үшін тыңбай жұмыс жасайсыз. Сіз біреуді жаныңызға жара салғанша жақсы көресіз. Ал содан кейін .... содан кейін де жақсы көруден қайтпайсыз. Сіздің ісіңіздің қадіріне жетіп жүрген жандар аздау.

2. Еліктіргіш және шыншыл адамсыз. Сіз біреуге көмектесуге қашан да даяр тұратын жауапкершілігі жоғары жансыз. Сіз адал жұмыс жасауды жақсы көресіз. Қандай да бір жұмысты өз міндетіңізге алудан қашпайсыз. Сіздің мінезіңіз көпке ұнамды. Сізде үнемі көптің көңілінен шығатын қызықты әңгіме тауысылмайды.

3. Ақылды және ойшыл жансыз. Сіз сөзсіз ой адамысыз. Сіздің идеяларыңыз бен ойларыңыз өте маңызды. Сіз жалғыз қалғанда көп ойға берілесіз. Өзіңіздей үнемі ой үстінде жүретін жандармен сұхбат құрудан қашпайсыз. Сіз өзіңіз дұрыс деп жасаған нәрсені жасайсыз. Оған көпшілік бір ауыздан келісе қоймауы да мүмкін.

4. Зерек жансыз. Сіз өз ортаңызда сирек кездесетін жалғыз адамсыз. Сізбен қатар тұрар жан жоқ. Тіпті сізбен салыстыруға тұрарлық жан да жоқ... Сізді көбі дұрыс түсіне білмейді. Сондықтан ондай жандардың ісі сізді үнемі ренжітеді. Сізге жеке кеңістік құру қажет. Шығармашылығыңызды байыта түсіңіз. Өйткені жұрт сізді шығармашылығыңыз үшін де қадірлейді.

5. Сенімді жансыз. Сіз тәуеліз жансыз. «Бәрін өзім жасаймын» деген қағиданы ұстанасыз. Тек өзіңізге ғана сенесіз. Сіз жақындарыңыз үшін қалай сенімді болудың құпиясын білесіз. Жұрттардан бар тілеріңіз – олардың сізге адал болуы. Өйткені сіз адал адамдарды бағалайсыз, шындықты сүйесіз.

6. Мейірімді және сезімтал жансыз. Сіз адамдармен оңай қарым - қатынас орнатасыз. Досыңыздың саны көп. Олардың өмірін жақсарту үшін қолыңыздан келгенін аянып қалмайсыз. Сіз бар жерде кейбіреулер өздерің артық сезінеді. Сіз махаббатқа сенесіз, онсыз өмірдің мәні жоқ деп ұғасыз.

7. Бақытты және өзін – өзі еркін билейтін жансыз. Сіз адамдарды айтқызбай-ақ ұғатын кішіпейіл адамсыз. Әр адам өмірде өз жолын салу керек деп түсінесіз. Сіз кез – келген шараны, оқиғаны да қорқынышсыз қарсы аласыз. Көп мазаланатыныңыз тағы бар. Үнемі бос уақытты тиімді өткізесіз.

8. Әдемі және қайратты жансыз. Сіз көңілді де күлдіргі адамдардың қатарынансыз. Егер әңгіме қандай да бір оқиға жайлы өрбіп жатса, үнемі «Қолдаймын» деп қол көтеруге дайын жүресіз. Сіз таңқалудан да, таңқалдырудан да жалықпайсыз. Бәрін біліп алғыңыз келіп тұрады. Егер сізге бір нәрсе қызық болса, соның жай-жапсарын анықтамағанша тыным таппайсыз.



9. Жолы болғыш адамсыз. Сіз үшін өмір – сыйлық. Сол сыйлықты сәтті пайдалану керектігімен бас қатырасыз. Өмірде қолыңыз жеткен жетістікпен марқаясыз. Жаныңызға жақын жанмен бар қуанышты бөлісуге әзер тұрасыз. Кешіре де, кешірім сұрай да аласыз.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Жарықбаева Қ.Ж.Психология негіздері.Алматы:ЭВЕРО,2005жыл-377б.

  2. Төлешова Ұ.Б.Психологиялық-педагогикалық практикум.Алматы,2016жыл,117б.

  3. Бердібаева С.Қ.Творчествалық іс-әрекеттің этнопсихологиясы.Алматы,2006жыл,216б.

  4. Намазбаева Ж.Ы.Жалпы психология,Алматы,2006жыл,296б.

  5. Ерментаева А.Р.Психологиялық даярлықты жетілдіру.Өскемен,2012жыл,412б.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет