Педагогикалық қолдау, оның мəні жəне ұйымдастыру жолдары Тәрбие үдерісінің нәтижелілігі көбіне оған болған педагогикалық қолдаудың дұрыс ұйымдастырылуына тәуелді. Мұндай қолдау бүгінгі таңда төмендегідей қарастырылады:
нақты адамға оның денсаулығы мен психикалық қалпына, оқуына, тұрмыстық әрі
кәсіби бой тіктеуіне кедергілердің алдын алу және нақты іс әрекеттік көмек көрсету;
адамның жеке басы ерекшеліктерінің орнығу үдерісін қамтамасыз етуге бағытталған педагогикалық қызметтер;
ауытқуға бейім қылықәрекет қиыншылықтарын жеңуге бағытталған ықпалдасты әрекеттердің ерекше түрі;
- келеңсіз мінез әрекеттеріне бейім жас өспірімге нақты жекеленген жәрдем беру;
- баланы басшылықты жетекке алу;
- тәлім-тәрбие мекемесінің педагогикалық қолдау проблемасын өзінің өмірлік принципіне айналдыруы;
-балалардың өзін-өзі тану шартына айналып, оқу мен тәрбие шеңберін үйлестіруге
бағытталған мұғалім мен оқушы ықпалдастығын күшейте түсу.
Педагогикалық қолдау – бұл: а) тәрбиеленуші сенімінен шығу; б) көбіне педагогикалық қолдау қажеттігін өзі сезбейді, бірақ оған мұқтаж болған тәрбиеленушілерге қол ұшы жәрдемін беріп, қолдап-қуаттау.
Педагогикалық қолдау мәні: жайма-шуақ психологиялық жағдай жасау; тұлғаның өз бойындағы мүмкіндіктерін өзінше іске асыруына шарт-жағдайлар түзу; өз қадір-қасиеті мен ар-намысын сақтап қалуға және ұтымды нәтижеге жету жолындағы кедергілерді бірлікті жеңіп бару; «жәрдем бер» деп алақанын ашық жайып отырғанға ғана емес, достық ықылас-ниетке мұқтаж болғанның бәріне көмек көрсету; әрқандай тәрбиешінің өмірдегі өз орнын табуға құштарлық білдірген тәрбиеленуші проблемаларын өз назарында ұстай білуі; тәрбиешінің кәсіби деңгейінің жоғары болуы.
Педагогикалық қолдаудың көрініс формалары – жылы лебіз; құлақ сала білу, қажет болса кеңес беру; тәрбиеленушіге сенім; оның құқығын қорғау; тәрбиешінің балаға болған қамқорлық қатынасы; шәкірттің қандай да табысын көре танып, оған ұнамды баға беруден жалықпау және т.б.
Педагогикалық қолдау:
1) тәрбиеленушілердің баршасына бағытталып, оларға деген қамқорлық пен сенім қатынасында көрінумен өзара сыйластық, түсіністік, қызметтестік көңіл-күй жағдайын түзуге көмегін тигізеді;
2) жеке тұлғаға бағытталып, оның дамуына, білім игеруіне, тәрбиелілігіне, өз басы проблемаларын шешуге жәрдем көрсетіп, азаматтың өзгеріс- терін диагностикалап баруға мүмкіндік береді.
Жеке тұлғаға арналған педагогикалық қолдаудың мазмұны – адамды алда көздеген нәтижелерден алшақтататын кедергілерді жеңу жолдарын қамтиды. Мұндай кедергілердің түрі:
- субъектив (тұлғалық) «Мен» - кедергілер: өз бетінше дербес шешім қабылдауға қажет ақпараттың болмауы (ақпарат толықса, кедергі сол бойда жойылады); адамның қосымша еңбектенуінің қажеттігі (қол ұшы жәрдем беріп, ынтасын көтеру); тұлғаны күйзеліске келтіретін кемшіліктер (тән-денелік, психикалық, арақатынастық); білім және тәжірибе жетіспеуі;
- объектив (әлеуметтік) «Олар» - кедергілер: (әлеуметтік орта – мұғалімдер, әкімшілік, дос-жарандар, құрбы-қатарлар, отбасы және басқалар).
- материалдық кедергілер (отбасының қаржылық жағдайы және т.б.).