Лексикалық норма және одан ауытқу



Дата04.11.2023
өлшемі23,02 Kb.
#189558
Байланысты:
Усманова Айдана жоба ФС


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті





Лексикалық норма және одан ауытқу

Орындаған: Усманова Айдана Темирбулатовна
Мамандығы: B601701 - Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Топ: 317
Тексерген: Рауандина А


Зерттеудің мақсаты:

  • лексикалық құралдардың сөйлеу тілінде, көркем әдебиетте, баспасөз құралдарында пайдаланылуын анықтау;

  • әдеби тіл нормасына сай сөйлеудің әдістерін ұсыну;



Зерттеудің міндеті:

  • Сөздік қордың өсуіне негіз болатын лексикалық нормаларды белгілеу;

  • Тіл мәдениетінің қалыптасу деңгейін, сапасын көтеру;



І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім

  • Көркем шығармадағы лексикалық нормадан ауытқулар;

  • Оқушылар мен жастар тіліндегі лексикалық нормадан ауытқулар;

  • Баспасөз, ресми ақпараттар көзіндегі уәжді және уәжсіз ауытқулар

ІІІ Қорытынды
IV Пайдаланған әдебиеттер

І Кіріспе

Әдеби тіл - жалпы халықтық тілдің белгілі бір жүйеге түскен, ауызша және жазбаша әдебиеттің негізінде қалыптасқан, стильдік жанрлық тармақтары бар, сол тілде сөйлейтін адамдардың бәріне түсінікті тілдік нұсқасы. Тілдің бұл нұсқасы ғылым салалары мен зерттеу жұмыстарында, көркем әдебиет пен мерзімді баспасөзде, білім жүйесі мен ісқағаздарында, радио мен теледидарда қолданылады. Қазіргі таңда көптеген жаңа сөздер, қолданыстар нормаланып, әдеби тіл қатарына қосылуда. Тілдің өзіне тән ішкі даму заңдарына сәйкес әдеби тіл нормалары да экстралингвистикалық факторларға, қоғам өміріндегі саяси-мәдени жаңалықтарға байланысты өзгеріп отырады. Қоғамдағы үдерістер негізінде әдеби тілдің сөздік қоры молайып, тілдің қолайлы, ой-пікірді дәл беруге жарамды, жалпыға ортақ жүйесі қалыптасуда. Осындай орныққан нормалардың негізінде ғана тіл өзін тұтынушылардың баршасына түсінікті, ортақ қарым-қатынас құралы бола алады.



  • Көркем шығармадағы лексикалық нормадан ауытқулар



Ә. Нұрпейісов «Қан мен тер»


Дутовтың жасағаың аттарын да шекейінен тәжірибелі дерсің.
Шекейінен- шетінен


Ауылының көрінісі «жүзіктің көзінен өткендей» деп сөзін бастады.
Бұл тіркес ауыл, қала атауларына қолданылмайды.


Мюльгаузенге бұл әуелгі ғадет болған-ды.
Ғадет- әдет


Ақбала Тәңірбергенге тигенде өмірдің ғаниметін сезіне бастаған.
Ғанимет- ғанибет


Доңғалақ арбасымен бүгін жетпейтіні анық.
Доңғалақ- дөңгелек
Бұл мысалдардан диалект сөздерді, араб тілінен еніп, нормаланған атауы болса да арабша нұсқада пайдаланған сөздерді байқай аламыз.

  • Оқушылар мен жастар тіліндегі лексикалық нормадан ауытқулар

Миды тақтай қылмаш!
Көп сөйлемеші!


Фигурасы зор екен!
Өте әдемі, келбетті екен!


Ой, бұны жасау изи ғой!
Бұл маған өте оңай.


Маған хейт етіп жатыр.
Маған жаман пікір айтып жатыр.


Досым маяк тастады.
Досым қысқа қоңырау жіберді.


Аурусың ба?
Маза бермедің ғой?!

Мысалдардың барлығы әдеби тіл нормасына сай емес. Орфографиялық, орфоэпиялық нормаларға да қайшы келеді.





  • Баспасөз, ресми ақпараттар көзіндегі уәжді және уәжсіз ауытқулар



Аталған жүйе күрделі сынақтан өтті. (Жаңалықтар)
Аталған жүйе (тура аударма)- бұл жүйе (дұрысы)


Шет елден келген қонақтар халқымыздың қонақжайлылығына тәнті болды. (Тілші)
Қонақжайлылық- қонақжайлық


Берілген фактқа сүйенсек, анасының бұл әрекеті дұрыс емес. (журналист Руслан Өтепбай)
Берілген фактіге сүйенсек, анасының бұл әрекеті дұрыс емес.


Қазақ киноларының даму қарқыны үдеп келеді. (Stan kz)
Қазақ фильмдерінің даму қарқыны үдеп келеді.
(Әдебиет, мәдениет, кино, өнер сөздеріне көптік жалғауын жалғамаймыз)
ІІІ Қорытынды

Әдеби тілдің нормасы өзінің біршама тұрақтылығымен, жалпыға ортақтығымен, түсініктілігімен, міндеттілігімен, тілдік жүйеге, тілдік модельдерге сәйкестігімен ерекшеленіп, орфографиялық, орфоэпиялық, грамматикалық, пунктуациялық, екпін, интонация, лексикалық норма сияқты бірнеше түрге бөлінеді. Қазіргі таңда көркем әдебиет пен мерзімді баспасөзде, радио мен теледидар хабарларында, білім беру жүйесі мен ғылым салаларында және ісқағаздарында қолданылатын қазақ әдеби тілі нормаларына қатысты түрлі пікірлер айтылуда. Жалпыхалықтық тілдің нормаға түскен нұсқасы ретіндегі әдеби тілді меңгеру жұртшылықтың тіл мәдениетінің деңгейін танытады. Әдеби тіл нормасына сай сөйлеу де, орынды қолдану да өзімізге тікелей байланысты.


IV Пайдаланған әдебиеттер



  • «Қазақ әдебиетінің анықтамалығы»

  • Ә. Нұрпейісов «Қан мен тер»

  • «Білім айнасы»

  • Жаңалықтар “Astana tv”

  • Stan kz


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет