3.1.1.1 Тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді
белгілеу, ашық және жабық сұрақтарға жауап беру
3.1.4.1 Тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып,
берілген тақырып бойынша әңгіме құрау
3.4.2.4* негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау
Тыңдалым және айтылым
1-тапсырма. Мәтінді мұқият тыңда. Мәтін бойынша 5 тірек сөзді түртіп ал. Астаналық өнертапқыш Серікбол Шәймардан өздігінен тербелетін бесік ойлап тапты. Ол тербелетін бесік жасап шығуға 6 жыл уақытын жұмсаған. Бесіктің ұзындығы – 100, ені – 40, биіктігі – 60 см. Бесік баланың дауысына қарай қозғалады. Сонымен қатар сәбидің дене қызуы мен жаялық дымқылдығын да өлшеп тұрады. Егер баланың қызуы қалыпты температурадан түсіп, не асып кетсе: «Балаңыз тоңып қалды» немесе «Балаңыз ауырып қалды» деген дыбысты ескерту айтады. Бесіктегі қондырғы арқылы «Бесік жырын» ойнатып қоюға да болады. Бұл бесік - ата – анаға өте қажет құрал.