Дәріс 15. Орфоэпия. Орфография. Графика



бет1/3
Дата22.12.2022
өлшемі1,31 Mb.
#163971
түріҚұрамы
  1   2   3
Байланысты:
ҚҚТФ 15


Дәріс 15. Орфоэпия. Орфография. Графика
Қазақ тілінің айтылымы жөніндегі алғашқы деректер В.Радлов, П.Мелиоранский еңбектерінде берілген.
Қазақ тілінің орфоэпиясы жөнінде алғашқы еңбек М.Дүйсебаеваның еңбегі. Айтылым сөздігін құрастырып, сөз ішіндегі, түбір мен қосымша аралығындағы, қосымшалар жіктеріндегі және сөз тіркесі құрамындағы дыбыстардың айтылым үлгілерін көрсеткен.
Р.Сыздықова «Сөз сазы. Сөзді дұрыс айту нормалары» орфоэпиялық норма жүйеленген https://emle.kz/articles/2
М.Серғалиев «Қазақ тілінің қысқаша орфоэпиялық сөздігі», С.Мырзабеков «Қазақ тілінің айтылым сөздігі»
Орфоэпиялық норманы тануда көзқарастар мынадай болып келеді:
  • көпшілік қалай айтса — сол норма;
  • неғұрлым жазылуына жуық дыбыстау;
  • жастардың айтуын норма деп тану (өйткені болашақ жастардікі ғой)
  • астананың айту машығын негізге алу;
  • сахна шеберлерінің сөйлеуін үлгі ету;
  • говорлардың көпшілігіне тән айту машығын ескеру;
  • мәдени-тарихи дәстүрді басшылыққа алу;
  • тілдің ішкі даму зандары қуаттайтын форманы мойындау.

ЖАЗУ:
а) ойды, айтылған сөзді қағазға түсіру, таңбалау үдерісі;
ә) осы үдеріс арқылы жазба мәтін құрау (хат жазу, арыз жазу, ойды жазу арқылы сыртқа шығару);
б) белгілі бір тілдің жазба тілінде қызмет ететін графикалық жүйе (мысалы, араб жазуы);
в) әліпби; орфография; жазба тіл жүйесі (қоғамдық таңба, тілді іске асыратын жүйе);
г) жазылған дүниенің сыртқы формасы, қолтаңба (менің жазуым жаман деген мағынада);
ғ) шығармашылықты жүзеге асыру (әңгіме жазу, өлең жазу, диссертациялық еңбек жазу);
д) музыкалық туындыны таңбалау (балет, опера жазу).
А.Байтұрсынұлы Біздің заман – жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман .
Қ.Күдеринова жазудың 7 қызметін көрсетеді:

Жазу – тілді жаңғыртудың, бекітудің құралы. Жүйесi мен құрылымы бар тілдік таңба жазуға түсiп, таңбалық тұрпатқа ие болғаннан кейiн мәңгiлiк құндылыққа айналды.
Жазудың екінші қызметі тiлдiң жүйелi құрылымға айналуына әсер етуi болып табылады.
Үшiншiден, жазу – адам ойының материалданып, жарыққа шығуының, дәлiрек айтқанда творчестволық әрекетiнiң құралы. “Көңiлдегi көрiктi ойдың сыртқа шыққанда өңi қашады”.
Төртiншiден, жазу адам санасындағы ойдың жетілуіне, жа-салуына, жүйеленуiне, реттелуiне, нақтылануына қызмет етедi.
Жазудың коммуника-ция қызметі бүгінде екі формада көрініп отыр: 1) хабарласудың ресми, іскерлік сипатында (ресми іс-қағаз); 2) интернет жүйесі арқылы хат жазысу аясында.
Алтыншыдан, жазу – адам жадының бiр түрi. Біз есте сақтауға тиіс ақпаратты жазып жадылайтын болдық.
Жетіншіден, жазудың тіл тарихын сақтаушы, уәжін көрсетуші қызметі бар. Бұны жазудың тілтанымдық қызметі деп атаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет