Дәріс 15. Орфоэпия. Орфография. Графика



бет2/3
Дата22.12.2022
өлшемі1,31 Mb.
#163971
түріҚұрамы
1   2   3
Байланысты:
ҚҚТФ 15

к

1. Пиктографиялық жазу – жазудың ең алғашқы түрі. Пиктографиялық жазудың таңбалары пиктограммалар деп аталады. Әрбір сурет өздігінен бүтіндей хабарды білдіре алады. Бұл жазу ең алғаш рет неолит дәуірінде пайда болды деп есептейді. Бұл жазуды аң аулайтын және балық аулайтын халықтар жиі қолданатын болған. Бұл жазудың тәсілін қазірде де кездестіруге болады.


2.Идеографиялық жазудың таңбалары идеограммалар деп аталады. Пиктографиялық жазудан ең басты айырмашылығы олардың мағынасында. Идеографиялық таңба не жеке сөзді немесе оның атауыш бөлшегін белгілейді. Бұл жазу өте ертедегі қытай жазуы мен шумер жазуынан көруге болады.
Египет жазушысы Горапаллонның айтуынша ...

к



3. Буын жазуы буын жүйесінде буынды белгілейді. Жазудың буын жүйесі шығу тегі мен таңбалардың фонетикалық мағынасы жағынан бірнеше түрге бөлінеді:
Бірінші түріне ассиро-вавилон, элам, урарт, майя жазуы, дыбыстық корей жазуы жатады.
Екінші түріне крит-микен буын жазуы, кипр, эфиопия және жапон буын жазулары жатады.
Үшінші түріне үнді жазуының әртүрлі жүйелері (кхарошти, брахми) және т.б. енеді.
Бітік (көне түркі тілінде бітіг - жазу) — орта ғасырлар кезеңінде түркі тектес халықтарды билеген хандардың өзге мемлекет басшыларына жолдаған хаттары; мемлекеттік ресми актілердің бір түрі.
Қазақ тілінің ресми бекітілген алғашқы емле ережесі (1923 ж.)
Ереже Түркістан Республикасы Халық ағарту комиссариаты жанындағы Білім комиссиясының 1923 жыл наурыздың 23 күні №71 қаулысында қабылданып, 27 наурызда Халық ағарту комиссары №43 бұйрығымен бекітілді, ол өз бастауын А.Байтұрсынұлының ережелерінен алады.
Бұйрықта 1, 2, 3 – ережелер таңбалық өзгерістерге байланысты:
1. Даусты «ﻯ» (ы) ноқатсз «ﯨ», «ﯻ» «ﻯ» харфы мен жазылады; Жарты даусты «ﻱ» (й/и) астына екі ноқат қойылб «ﯾ», «ﯸ», «ﻱ» харфымен жазылады.
2. «ﯻ» харфы бітеу бұунда-ғана жазлмайды. Бас бұун ашқ болса, онда-да қалмай жазылб отырады. «ﯻ» (ы) бас бұунда жазлмайды деген ереже бұзылады.
(*) Жеке һәм сөздң соңнда жазылатұн астнда қос ноқаты бар «ﻱ» (й/и) басбаханада болмағандқдан азрге ноқатсз «ﻯ» басыла тұрады. «ۏ» (ұ) харфы мен (ұтрлы «ۏ» (ұ)) даусты «ۏ» (ұ)-ғана жазылады; жарты даусты «ۏ» (у) үстіне үш ноқат қойлған «» (у) харфы мен жазылады».
3. «Астнда тк жөнді екі ноқаты бар «» харфы қазақ әлпбійінен шығрылады; мұнң орнына үшкл қалбты «» (е) жазылады – сөздң бас бұуыннда «» (е) орнына «» жазылады деген ереже бұзылады».
Араб негізді ескі қазақ жазуында орта ғасырдан бері қолданылып келе жатқан сүйеу таяқ (ﺍ) пен мәт белгісі(~). А.Байтұрсынұлы 1923 жылғы ережесінде сөз басында дауысты дыбыстардың алдына қойылатын сүйеу таяқ (ﺍ) пен сөз басындағы «а» дыбысының төбесіне қойылатын «мәт белгі» (~) қысқартылған.
Қаулыдағы төртінші тармақ мәні жағынан басқа ережелерге жақындығы аз, кірме дыбыстарға арналған өзінше бөлек тармақша. Айталық:
«Қазақ тіліне сіңісіб кеткен, қазақ-қрғз тілнде жоқ «» (х), «» (ф), «» (һ) дыбсдары бар жат сөздерді жазу үшн қазақ-қрғз әлпбіиіне ғарабтң «» (х), «» (ф), «» (һ) харфдері кіреді. Бұл үш харф бен белгіленетүн дыбсдар-да, қазақ-қрғздң өз тілндегі дыбсдар сықлды, әр қайсысы екі түрлі, қатты-да жұмсақ-да айтылады делінб, алднда-да керегнде дайекші «» қойылб жазылады».
12-тармақ. Бұл тармақ орфографиядан гөрі пунктуацияның нысанына жатады. Бұл тармақта былай делінген: «Сан белгісіне ғарабша сыпрлар (1, 2, 3 ...) алынады. Ғарабша сыпрмен нөмрленген бр ұғм ішінен жктелб, әрбр жігн нөмрлеу үшн һам басқа сол сықлды орндарда Һүнді сыпрлары (١, ٢, ٣ ...) жазылады. Ғараб сыпрларымен нөмрленген ұғмдарды таб-табқа бөлп, әр табды нөмрлеу үшн һәм басқа сол сықлды орндарда Рұм сыпрлары (І, ІІ, ІІІ...) қолданылады. «Нөмр» деген сөзді белгілеу үшн латнша «№» харфы жазылады. Әуелі сыпр жазылп, «№», сыпрдң сол жағына жазылады ( «72 нші нөмр» деген сөз «№ 72» болп жазылады)».
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет