Пән: Биология, Бөлім: Кіріспе. Тірі ағзалар, қасиеттері, маңызы


Пән: Биология, Бөлім: IV тарау. Өсімдіктердің өсімді (вегетативті) мүшелер арқылы көбею жолдары



бет4/5
Дата29.03.2017
өлшемі1,61 Mb.
#12482
1   2   3   4   5

Пән: Биология, Бөлім: IV тарау. Өсімдіктердің өсімді (вегетативті) мүшелер арқылы көбею жолдары

1.Түйнек арқылы көбейетін  өсімдік:

A.Құлпынай

B.Картоп


C.Қырыққабат

D.Пияз


E.Шомыр

Түйнек арқылы көбейтуге картоп алынады. Егер түйнек үлкен болса, әрқайсысына 1-2-ден бүршіктерін қалдырады да, бірнешеге бөліп отырғызады.

2.Пиязшықтары мен көбейетін  өсімдік:

A.Пияз, сарымсақ, лалагүл, қызғалдақ

B.Қойбүлдірген , құлпынай

C.Қырыққабат, қойбүлдірген, құлпынай, қызғалдақ

D.Шомыр, қойбүлдірген, лалагүл, қызғалдақ

E.Сәбіз, пияз, сарымсақ, лалагүл, қызғалдақ

 

Пиязшықтары мен пияз, сарымсақ, лалагүл, қызғалдақ және т. б. көбейеді. Мысалы, қыста қызғалдақ гүлдерін пиязшығынан өсіреді.



3.Мұртшалары мен көбейетін  өсімдік:

A.Қырыққабат, қойбүлдірген, құлпынай, қызғалдақ

B.Қойбүлдірген , құлпынай

C.Пияз, сарымсақ, лалагүл, қызғалдақ

D.Шомыр, қойбүлдірген, лалагүл, қызғалдақ

E.Сәбіз, пияз, сарымсақ, лалагүл, қызғалдақ

Мұртшалары мен қойбүлдірген, құлпынай көбейеді. Сабағының түбіндегі ұзын мұртшаларының топыраққа жанасқан жерінен қосалқы тамырлар шығады. Бүршігінен өркендер дамиды. Мұртшадан өрбіген жас өркендерді бөліп алып, жеке-жеке отырғызады.

4.Жас өркендері арқылы көбейетін  өсімдік:

A.Лалагүл, қызғалдақ қойбүлдірген

B.Қойбүлдірген терек, қарағаш

C.Терек, қарағаш, лалагүл, қызғалдақ

D.Тал, терек, қарағаш, үйеңкі

E.Терек, қойбүлдірген, құлпынай

Жас өркендері арқылы тал, терек, қарағаш, үйеңкі және т.б. өсімдіктер көбейеді. Көбейту үшін қыстық (жапырақсыз) және жаздық өркендер (жапырақты) алынады. Қыстық өркендерді күзде дайындайды. Жапырақтарын түсірген кезде немесе көктемде бүршігін жармай тұрғанда ұзындығы 20-30 см 1, 2, 3 жылдық өркендерін алады. Көктемге дейін құмға көміп, көктемде топыраққа отырғызады.

5.Қатар  өскен екі өсімдікті біріне-бірін жанастыру:

A.Жанастыра телу

B.Телу

C.Мүшелеп телу



D.Кесінділеп телу

E.Көзшелеп телу

 Жанастыра телу – қатар өскен екі өсімдікті біріне-бірін жанастырады. Жанасар жағындағы қабығын азғана сүрегімен қоса сыдыра тіліп тастайды. Жөке немесе кендір жіппен байлап қояды. Ұласу мерзімі 1-2 жыл.

6.Бір өсімдік өркенінен бүршігі бар бөлігін кесіп алып, екінші өсімдікке ұластыру:

A.Жанастыра телу

B.Мұртшалары арқылы көбейту

C.Жас өркендері арқылы көбейту

D.Кесінділеп телу

E.Көзшелеп телу

Кесінділеп телу - бір өсімдік өркенінен бүршігі бар бөлігін кесіп алып, екінші өсімдікке ұластырады.

7.Тамыр кесінділері арқылы көбейетін өсімдік:

A.қойбүлдірген

B.таңқурай

C.құлпынай

D.итмұрын

E.жауқазын

Тамыр кесінділері арқылы таңқурай, алхоры, шие, беже (айва), раушан және т.б. көбейеді.

8.Бір өсімдіктің бүршігін аздаған сүрек бөлімімен қоса кесіп алып, екінші өсімдік қабығына кигізу:

A.Кесінділеп телу

B.Жанастыра телу

C.Сабақ өркендері арқылы көбейту

D.Мұртшалары арқылы көбейту

E.Көзшелеп телу

Көзшелеп телу - бір өсімдіктің бүршігін аздаған сүрек бөлімімен қоса кесіп алады. Екінші өсімдіктің қабығын сүрегіне дейін «Т» әрпі тәріздендіріп тіледі. Бүршікті қабыққа кигізе жанастырып, жөкемен байлап қояды.

9.Сабағы, жапырағы, тамыры арқылы көбею  өсімді мүшелерінен көбеюдің қай тәсіліне жатады:

A.Жанастыра телу арқылы көбею

B.Мұртшалары арқылы көбею

C.Телу арқылы көбею

D.Түрі өзгерген мүшелер арқылы көбею

E.Негізгі өсімді мүшелердің бөліктері арқылы көбею

Өсімді мүшелерінен көбею тәсілдері: 1. Түрі өзгерген мүшелер арқылы көбею 2. Негізгі өсімді мүшелердің бөліктері арқылы көбею (сабағы, жапырағы, тамыры ). 3. Телу арқылы көбею

10.Сәндік үшін сабақ өркенінен көбейетін көпжылдық өсімдік:

A.қынагүл

B.сүмбілшаш

C.кринум

D.раушан


E.жауқазын

Сабақ өркенінен сәндік үшін өсірілетін көп жылдық гүлдерді (қалампыр, қазтамақ, қынагүл (колесус), традесканция, фикус және т.б.) көбейтеді.



Пән: Биология, Бөлім: IV тарау. Гүлдің құрылысы

1.Жапырақ сағағына ұқсаған гүлдің жіңішкерген жері:

A.Гүл бөлімдері

B.Күлте


C.Гүл табаны

D.Гүл сағағы

E.Тостағанша

Гүл бөлімдері – гүл сағағы, гүл табаны (тұғыры), тостағанша жапырақша, күлте жапырақша, аталық пен аналықтан тұрады. Гүл сағағы – жапырақ сағағына ұқсаған гүлдің жіңішкерген жері. Сағағы арқылы сабаққа бекінеді. Гүл сағағы болмаса, отырмалы гүлдер дейді (беде, қашқаргүл (астра).

2.Гүлдің  барлық бөлімдері бекінетін  жері:

A.Күлте


B.Гүл сағағы

C.Тостағанша

D.Гүл бөлімдері

E.Гүл табаны

Гүл табаны (тұғыры) – гүлдің барлық бөлімдері бекінетін гүл сағағының жоғарғы жағындағы кеңейген жері.

3.Гүлдің  сыртында біріккен жапырақшалардан тұратын бөлім:

A.Гүл табаны

B.Гүл сағағы

C.Күлте

D.Гүл бөлімдері



E.Тостағанша

Тостағанша көбінесе жасыл түсті, гүлдің сыртында бірікпеген жеке немесе біріккен жапырақшалардан тұрады. Тостағанша 2-ден (көкнәрда) бірнеше ондаған санға (шай өсімдігі) дейін жетеді. Атқаратын қызметіне байланысты әр түрлі өзгеріске ұшырайды. Мысалы, жемістер мен тұқымдарды желмен тарату үшін (бақбақта) үлпекке айналады.

4.Тостағанша  жапырақшалардан кейін орналасқан гүл бөлімі:

A.Гүл бөлімдері

B.Гүл табаны

C.Күлте


D.Гүл сағағы

E.Тостағанша

Күлте – тостағанша жапырақшалардан кейін орналасады. Күлте жапырақша лары бір-бірімен бірігіп кеткендерге: інжугүл, қоңыраугүл жатады. Бірікпей жеке орналасатын күлтелер: қызғалдақ, көкнәр, итмұрын. Күлте түбіндегі жіңішкерген жерде тәтті шірне бөлетін шірнеліктер орналасады. Күлтенің хош иісі, тәтті шірнесі, ашық реңдері гүлді тозаңдандыратын бунақденелілерді еліктіреді.

5.Гүлдің  көбеюге қатысатын бөлімі:

A.Тостағанша

B.Гүл сағағы

C.Аталық

D.Күлте


E.Жатын

Аталық – гүлдің көбеюге қатысатын бөлімі. Әрбір аталық – аталық жіпшесінен және тозаңқаптан тұрады. Аталықтың жіңішкерген жері – жіпшесі. Тозаңқап бір-бірімен байланысқан екі бөліктен құралған. Әр бөлігінде 2-ден тозаң ұясы бар. Тозаңқапта мыңдаған тозаң түйіршіктері түзіледі, пісіп жетілгенде тозаңдары сыртқа шашылады.

6.Аналықтың  бір және көп ұялы ең негізгі бөлігі:

A.Гүл сағағы

B.Аталық

C.Күлте


D.Тостағанша

E.Жатын


Жатын (түйін) – аналықтың ең негізгі бөлігі бір және көп ұялы. Жатынның ішінде бір (бидайда) немесе бірнеше мыңдаған (көкнәр) тұқымбүршігі бар. Тұқымбүршігі жатында дамитындықтан, жатын қабырғасына бекінеді. Жатынның сыртын екі қабат қабықша (жамылғы) қаптайды. Қабықшасының түйіскен жерінде тесігі бар. Одан тозаң түтігі тұқымбүршігіне енеді. Тұқымбүршігінің ішіндегі ұрық қалтасында жұмыртқажасуша (аналық жыныс жасуша) болады. Сондықтан ұрықтану аналықтың ішінде жүреді.

7.Қандай гүлдерде гүл серігі болмайды?

A.Өздігінен тозаңданатын

B.Жынысты көбейетін

C.Желмен тозаңданатын

D.Бунақденелілермен тозаңданатын

E.Шөлде өсетін

Гүл серігі жай және қос гүлсерікті деп бөлінеді. Желмен тозаңдануға бейімделген гүлдерде гүл серігінің екеуі де болмайды. Оларды гүлсеріксіз гүлдер деп атайды.

8.Аналықтың қандай қасиеті тозаңның аналық аузына түсіп, тез өнуіне жағдай туғызады?

A.Пішінінің өзгеруі

B.Ұнтақ тәрізді болуы

C.Тез жетілу қабілеті

D.Жабысқақ сұйықтық бөлуі

E.Бунақденелілерді еліктіруі

Аналық – гүлдің жеміс түзуге қатысатын негізгі бөлігі. Гүлдің дәл ортасында орналасады. Аналықтың жабысқақ сұйықтық бөлуі тозаңның аналық аузына түсіп, тез өнуіне жағдай туғызады.

9.Тозаңның құрамында нелер болады?

A.Минералды тұздар

B.Қант


C.Дәрумендер

D.Май


E.Аталғандардың барлығы

Тозаң – сыртқы және ішкі қабықшасы бар жасуша. Тозаңның құрамында май, қант, минералды тұздар, нәруыз, дәрумендер болады. Бунақденелілер қоректену үшін гүлге қонады.

10.Гүлдің қай құрылымы тұқым бүршігін температураның ауытқуынан, зиянды бунақденелілерден қорғайды?

A.Гүл табаны

B.Тостағанша жапырақша

C.Күлте жапырақша

D.Жатын

E.Тозаңқап



Тұқым бүршігі жатында орналасқан. Ол тұқым бүршігін температураның ауытқуынан, зиянды бунақденелілерден қорғайды. Аналықтың құрылымы тозаңдану мен ұрықтануға бейімделген.

Пән: Биология, Бөлім: IV тарау. Қос жынысты және дара жынысты гүлдер. Гүл формуласы

1.Бір гүлде аталық пен аналық болса:

A.Бір үйлі

B.Қос  жынысты

C.Бірнеше үйлі

D.Дара жынысты

E.Екі үйлі

 

Бір гүлде аталық пен аналық болса (мақта, қызанақ, картоп, лалагүл) – қос жынысты. Тек аталығы бар болса аталық гүл, аналығы ғана болса аналық гүл дейді. Аталық гүлдер мен аналық гүлдер бір өсімдікте болса – бір үйлі (жүгері, асқабақ, қайың, орман жаңғағы).



2.Бір гүлде аталық немесе аналық қана болса:

A.Бірнеше үйлі

B.Дара жынысты

C.Бір үйлі

D.Екі үйлі

E.Қос  жынысты

Аталық немесе аналық қана болса дара жынысты дейді. Тек аталығы бар болса аталық гүл, аналығы ғана болса аналық гүл дейді. Аталық гүлдер мен аналық гүлдер бір өсімдікте болса – бір үйлі (жүгері, асқабақ, қайың, орман жаңғағы).

3.Гүл  құрылысындағы, гүл бөліктерінің атын бас әрппен белгілеу:

A.Белгі

B.Таңба


C.Формула

D.Үлгі


E.Арифметика

Формула дегеніміз гүл құрылысын дағы, гүл бөліктерінің атын бас әрпімен белгілеу. Халықаралық атауы: тостағаншасы– Са(Саlyx), күлтесі Со(Соrolla), жай гүлсерік Р(Реrіgonіum), аталық А(Аndroeceum), аналық G(Gynoeceum). Аталық гүл  (Марс белгісі). Аналық гүл  (Шолпан белгісі).

4.Қызғалдақ (тюльпан) гүлінің формуласы:

A.К 5+3 А 3+3 Ж (4)

B.К 2+3 А 3+3 Ж (4)

C.К 3+5 А 3+3 Ж (1)

D.К 3+3 А 3+3 Ж (3)

E.Т5 К5 А∞Ж∞

 

Қызғалдақ (тюльпан) гүлінің формуласы: К 3+3 А 3+3 Ж (3)  талдауы: дұрысгүл, қос жынысты жай гүлсерікті, күлтесі 6 – екі шеңбер құрып орналасқан, аталығы 6 – екі шеңберге орналасқан, аналығы біріккен 3 жеміс жапырақшасынан тұрады. Гүл формуласы қазақша әріптермен былай таңбаланады: Т – тостағанша жапырақша; К – күлте жапырақша; А – аталық; Ж – (жатын) аналық.



5.Итмұрын  гүлінің формуласы:

A.К 2+3 А 3+3 Ж (4)

B.К 3+5 А 3+3 Ж (1)

C.К 3+3 А 3+3 Ж (3)

D.  Т5 К5 А∞Ж∞

E.К 5+3 А 3+3 Ж (4)

 

Итмұрын гүлінің формуласы: Т5 К5 А∞Ж∞ талдауы: дұрысгүл, қос жынысты, қос гүлсерікті, тостағаншасы 5, күлтесі 5. Аталық пен аналығы көп (шексіз).



6.Алма ағашы гүлінің формуласы:

A.Т 0 К (5) А (5) Ж(2)

B.К 3+3 А 3+3 Ж(3)

C.Т(5 )К5А ͚ Ж(5)

D.Т(5)К5А6Ж6

E.Т (5) К5А 0 Ж(3)

Алма ағашы гүлінің формуласы: Т (5)К5А ͚ Ж(5) . Талдауы: тостағаншасы біріккен 5, күлтесі бірікпеген (жеке-жеке) 5, аталықтары көп; аналығы біріккен 5 жеміс жапырақшалы. 

7.Қияр аналық гүлінің формуласы:

A.К 3+3 А 3+3 Ж(3)

B.Т(5)К5А20Ж1

C.Т (5)К5А ͚ Ж(5)

D.Т 0 К (5) А (5) Ж(2)

E.Т (5) К5А 0 Ж(3)

Қияр аналық гүлінің формуласы: Т (5) К5А 0 Ж(3). Талдауы: аналық гүл, тостағаншасы біріккен 5; күлтесі біріккен 5; аталықтары жоқ; аналығы біріккен 3 жеміс жапырақшалы.

8.Бақбақ  гүлінің формуласы:

A.Т (5)К5А ͚ Ж(5)

B.Т (5) К5А 0 Ж(3)

C.К 3+3 А 3+3 Ж(3)

D.Т 0 К (5) А (5) Ж(2)

E.Т(5)К5А20Ж1

Бақбақ  гүлінің формуласы: Т 0 К (5) А (5) Ж(2) . Талдауы: тостағаншасы үлпекке айналып, өзгеріске ұшыраған; күлтесі біріккен 5; аталықтары біріккен 5; аналығы біріккен 2 жеміс жапырақшалы;

9.Аталық гүлдер бір өсімдікте, аналық гүлдер екінші өсімдікте дамыса:

A.бір үйлі

B.дара жынысты

C.жыныссыз гүлдер

D.қос үйлі

Eқос жынысты

Аталық гүлдер мен аналық гүлдер бір өсімдікте болса – бір үйлі (жүгері, асқабақ, қайың, орман жаңғағы). Аталық гүлдер бір өсімдікте, аналық гүлдер екінші өсімдікте дамыса – екі үйлі (қос үйлі) (қарасора, қалақай, терек, тал) болғаны.

10.Екі үйлі (қос үйлі) өсімдікті анықтаңыз:

A.Терек


B.Асқабақ

C.Орман жаңғағы

D.Жүгері

E.Күнбағыс

Аталық гүлдер бір өсімдікте, аналық гүлдер екінші өсімдікте дамыса – екі үйлі (қос үйлі)(қарасора, қалақай, терек, тал) болғаны.

Пән: Биология, Бөлім: IV тарау. Гүлшоғырлар, биологиялық маңызы

1.Гүл шығаратын өркенде белгілі ретпен орналасатын ұсақ гүлдер тобын:

A.Гүлшоғыр деп айтады

B.Бір үйлі деп айтады

C.Дара жынысты деп айтады

D.Екі үйлі деп айтады

E.Бірнеше үйлі деп айтады

Гүлшоғыр деп гүл шығаратын өркенде белгілі ретпен орналасатын ұсақ гүлдер тобын (жиынтығын) айтады.

2.Гүлшоғырлар:

A.Кез-келген жерінде дамиды

B.Сабақтың астында дамиды

C.Бір үйлі сабақта дамиды

D.Сабақтың ұшында дамиды

E.Сабақтың қолтығында дамиды

Гүлшоғырлар сабақтың ұшында дамиды. Өсімдік түріне байланысты бір гүлшоғырда гүлдердің саны екіден бірнеше жүзге дейін жетеді.

3.Жай гүлшоғырларының жанама сабақшалары:

A.Сабақ бұтақтанады, оның ұшы гүлмен бітеді

B.Кез-келген жерінен бүршік шығады

C.Бұтақтанбайды, оның ұшы гүлмен бітеді

D.Сабақтың ұшында жапырақ дамиды

E.Сабақтың астында бүршік дамиды

Жай гүлшоғырларының жанама сабақшалары бұтақтанбайды, оның ұшы гүлмен бітеді. Мысалы: шашақ, жай масақ, собық, жай шатыр, шоғырбас (шоқпарбас), себет  гүлшоғырлары жатады.

4.Шашақ гүлшоғырдың жеке гүлдері:

A.Бұтақтанады, сабаққа  сағақтары арқылы орналасады

B.Кез-келген жерінен  гүл  шығады

C.Сабақ бұтақтанада, оның ұшы гүлмен бітеді

D.Сабаққа гүл сағақтары арқылы кезектесіп орналасады

E.Сабақтың ұшында гүл сағақтары арқылы орналасады

Шашақ гүлшоғырдың жеке гүлдері орталықтан таралатын сабаққа гүл сағақтары арқылы кезектесіп орналасады. Сабақ ұшына жақындаған сайын сағақтары қысқарып, ұшындағы гүлі ең соңында ашылады (қарақат, қырыққабат, мойыл, мия, қараған).

5.Күрделі шатыр:

A.Жай шатыр гүлшоғырынан құралады

B.Шатыр гүлшоғыры  гүлмен бітеді

C.Кез-келген жерінен  гүлшоғыр  шығады

D.Гүлшоғырынан  сабаққа  сағақтары арқылы орналасады

E.Сабақ гүлшоғырынан құралады

Күрделі шатыр – жай шатыр гүлшоғырынан құралады. Себебі жай шатырдағы жеке гүл сағақтарында бірнеше гүлден топталып, шоғырланған (сәбіз, балдырған, аскөк).

6.Қалқанша  гүлшоғырды анықтаңыз:

A.Мойыл


B.Алмұрт

C.Жүгері


D.Жүзім

E.Гүлшетен

Қалқанша гүлшоғырының негізгі сабағында ұзын сағақты гүлдер кезектесе шоғырланған. Төменірек орналасқан гүлдерінің сағақтары ұзарып, гүлшоғырдың беткі деңгейімен бірдей болып теңеледі (алма, алмұрт, долана)

7.Себет гүлшоғыры:

A.қысқарған әрі жалпақ

B.2 немесе 4 гүлден құралады

C.негізгі сабағында ұзын сағақты гүлдер кезектесе шоғырланған

D.масақ гүлшоғырына ұқсас

E.түрі өзгерген шатыр

Себет гүлшоғыры қысқарған әрі жалпақ. Жуан негізгі сабаққа ұсақ гүлдер орналасады.

8.Күрделі гүлшоғырға қайсысы жатады?

A.собық


B.шоғырбас

C.жай шатыр

D.шашақ

E.сыпыртқы гүлшоғыр



Күрделі гүлшоғырлар жай гүлшоғырлардың ары қарай бірнеше қайтара бұтақтануынан пайда болады. Олар: күрделі шашақ (сыпыртқы гүлшоғыр), күрделі масақ, сырға, күрделі шатыр, күрделі қалқанша.

9.Собықтың масақ гүлшоғырынан айырмашылығы:

A.гүлдері сағақсыз бекінеді

B.сабақ ұшына жақындаған сайын сағақтары қысқарады

C.орталық негізгі сабағы жуан, жамылғы орама жапырақтары бар

D.оның негізгі сабағы қысқарады

E.негізгі сабаққа сағақсыз гүлдер топтанып тығыз орналасады

Собық масақ гүлшоғырына ұқсас. Айырмашылығы орталық негізгі сабағы жуан және жамылғы орама жапырақтары бар (жүгері, қалла).

10.Жай гүлшоғырдың орталық негізгі сабақтары  қысқарған түрі:

A.шоғырбас

B.шашақ

C.қалқанша



D.собық

E.жай масақ

Орталық негізгі сабақтары қысқарған жай гүлшоғырына жай шатыр, шоғырбас, себетжатады.

Пән: Биология, Бөлім: IV тарау. Өсімдіктердің жынысты көбеюі. Тозаңдану мен ұрықтану

1.Гүлдің көбеюге қатысатын бөлімдері:

A.Жай аталық пен аналық

B.Аталық пен жатын

C.Аталық пен аналық гүлшоғыр

D.Гүлшоғыры мен аналық

E.Аталық пен аналық

Жынысты көбею – аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы. Гүлдің көбеюге қатысатын бөлімдері – аталық пен аналық.

2.Бунақденелілер арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктер:

A.Шие, алхоры, алма ағаштары, лимон, шай, асқабақ

B.Алма, шие, пияз,сәбіз, лимон, шай, асқабақ

C.Арпа, жиде, алхоры, тал, лимон, шай, асқабақ

D.Гүлшоғыры мен аналық

E.Аталық пен аналық гүлшоғыр

Бунақденелілер арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктер: шие, алхоры, алма ағаштары, лимон, шай, асқабақ.

3.Жел арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктер:

A.Асбұршақ, құлмақ, жүгері

B.Қарағай, қарасора, жүгері

C.Алма, құлмақ, қарасора, жүгері

D.Қант  қызылшасы, құлмақ, қарасора, жүгері

E.Жүзім, шие, құлмақ, қарасора, жүгері

Жел арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктер: қант қызылшасы, құлмақ, қарасора, жүгері, қарабидай, қайың, емен. Тозаңдануы ауа райына байланысты. Бұлтты, жаңбырлы күнде жаңбыр суы тозаңдарды шайып, өсімдік түсімін кемітеді.

4.Аталық  және аналық жыныс жасушаларының қосылуы:

A.Жынысты көбею

B.Өздігінен тозаңдану

C.Бунақденелілер арқылы айқас тозаңдану

D.Айқас тозаңдану

E.Жел арқылы айқас тозаңдану

Жынысты көбею – аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуы. Гүлдің көбеюге қатысатын бөлімдері – аталық пен аналық.

5.Аталық  тозаңының аналықтың аузына түсуі:

A.Жынысты көбею

B.Өздігінен тозаңдану

C.Тозаңдану

D.Бунақденелілер арқылы айқас тозаңдану

E.Айқас тозаңдану

Тозаңдану – аталық тозаңының аналықтың аузына түсуі. Тозаңдану өздігінен және айқас тозаңдану деп екіге бөлінеді.

6.Бір  гүлдің өз аталық тозаңының сол гүлдің аналығының аузына түсуі:

A.Жынысты көбею

B.Бунақденелілер арқылы айқас тозаңдану

C.Өздігінен тозаңдану

D.Айқас тозаңдану

E.Тозаңдану

Өздігінен тозаңдану – бір гүлдің өз аталық тозаңының сол гүлдің аналығының аузына (қос жынысты гүл) түсуі. Өздігінен тозаңданатын өсімдіктер гүл жарған кезде және гүл жармай (бітеу гүлде) тұрғанда тозаңданып үлгереді. Мысалы, жер жаңғағы (арахис), шегіргүл, саумалдық, бетеге, тары өсімдіктерінің гүлдері ашылмай тұрып тозаңданады.

7.Бір  гүлдің  аталық тозаңының екінші гүлдің аналығының аузына түсуі:

A.Бунақденелілер арқылы айқас тозаңдану

B.Айқас тозаңдану

C.Жынысты көбею

D.Өздігінен тозаңдану

E.Тозаңдану

Айқас тозаңдану – бір гүлдің аталық тозаңының екінші гүлдің аналығының аузына түсуі. Айқас тозаңдануды – бунақденелілер арқылы және жел арқылы айқас тозаңдану деп екіге бөледі. Бунақденелілер арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктердің гүлдері ашық реңді, хош иісті, тозаңдары өте ірі және тәтті шірне бөледі.

8.Берілген сипаттамалардан будақденелілер арқылы айқас тозаңдану түрін анықтаңыз

A.реңсіз, иіссіз, шірне бөлмейді

B.аталықтарының жіпшелері өте ұзын, төмен қарай иіліп тұрады

C.ашық реңді, тозаңдары өте ірі, тәтті шірне бөледі

D.тозаңдары өте майда, жеңіл, көп болады

E.гүл серіктері өзгеріске ұшыраған, тозаңының сыртқы қабаты тегіс

Будақденелілер арқылы айқас тозаңданатын өсімдіктер гүлдерінің құрылысы алуан түрлі. Ашық реңді, хош иісті, тозаңдары өте ірі және тәтті шірне бөледі.

9.Ұрықтанған соң тұқым бүршігінен не дамиды?

A.тұқым

B.тозаң


C.жеміс

D.ұрық


E.спермий

Ұрықтанған соң тұқым бүршігінен тұқым. Жатыннан жеміс дамиды.

10.Өздігінен тозаңданатын өсімдік:

A.қарабидай

B.жер жаңғағы (арахис)

C.қант қызылшасы

D.алма ағаштары

E.лимон


Өздігінен тозаңдану – бір гүлдің өз аталық тозаңының сол гүлдің анадығының аузына түсуі.Өздігінен тозаңданатын өсімдіктер гүл жарған кезде және гүл жармай тұрғанда тозаңданып үлгереді. Мысалы, жер жаңғағы (арахис), шегіргүл, саумалдық, бетеге өсімдіктерінің гүлдері ашылмай тұрып тозаңданады.

Пән: Биология, Бөлім: IV тарау. Жемістер

1.Шырынды жемістер:

A.Жидек тәрізді

B.Шырыны  мол, жұмсақ

C.Шырыны жоқ

D.Жарнағында су көп

E.Шырыны қою, қатты

Шырынды жемістер  шырыны мол, жұмсақ болады. Олар жидек, жидек тәрізді, сүйекті шырынды деп бөлінеді. Жидек жемістің сыртқы қабығы жұқа, жұмсақ, ішінде тұқымдары көп шырынды. Мысалы: қызанақ, қарлыған, алқа, жүзім, қарақат, картоп, баклажан жемістері.

2.Жидек тәрізді жемістер:

A.Бір ұялы, көп тұқымды

B.Көп  ұялы, көп тұқымды

C.Шырынды  аз тұқымды

D.Жидек тәрізді, сүйекті

E.Көп  ұялы, сүйекті

Жидек тәрізді жемістер – көп ұялы, көп тұқымды. Жемістің сыртқы қабатында эфир майы көп, сары, қызғылт – сары түсті. Ортаңғы қабаты мақта тәрізді борпылдақ, кебу, ақ түсті. Сыртқы қабаты мен ортаңғы қабаты бірігіп жеміс қабығын түзеді. Ішкі қабаты етті, қалың, шырынға толы. Мұндай жемістілерге – апельсин, мандарин, лимон жатады.

3.Бір тұқымды жемістер:

A.Шие, өрік, бүлдірген

B.Жүзім, баклажан, асқабақ

C.Алмұрт, апелсин, мандарин

D.Қияр, капуста, алма

E.Шие, алхоры, өрік, шабдалы

Бір тұқымды жемістерге шие, алхоры, өрік, шабдалы және т.б. жатады. Сүйекті жемістердің құрғақ түрі де кездеседі, мысалы, бадам, грек жаңғағы, кокос пальмасы және т.б.

4.Бұршаққап:

A.Жүздеген, тұқым саны біреу

B.Бір  ұялы, тұқым саны біреу немесе бірнешеу

C.Үш  ұялы, тұқым саны біреу немесе бірнешеу 

D.Екі ұялы, тұқым саны біреу немесе бірнешеу

E.Төрт ұялы, тұқым саны біреу немесе бірнешеу

Бұршаққап – бір ұялы, тұқым саны біреу немесе бірнешеу болатын құрғақ жеміс. Тұқымдары жеміс жақтауының жиегіне бекиді. Піскенде екі жағындағы жіктері (тігістері) өздігінен қақырап ашылып, тұқымдары сыртқа шашылады (асбұршақ, беде).

5..Қос  ұялы, ішінде ұзынша тартылған жұқа жарғақты пердесі бар:

A.Бұршаққын

B.Дәнек


C.Тұқымша

D.Бұршаққап

E.Қауашақ

Бұршаққын – қос ұялы, ішінде ұзынша тартылған жұқа жарғақты пердесі бар. Тұқымдары пердеге бекінеді. Піскенде жемістің қос жақтауы төменгі жағынан бастап қақырайды. Жемістің бұл түрі қырыққабат, шомыр, шалқан да болады. Ұсақтау түрі бұршаққынша деп аталады.

6.Бір үш, бес және көп ұялы, көп тұқымды жеміс:

A.Тұқымша

B.Дәнек

C.Бұршаққын



D.Бұршаққап

E.Қауашақ

Қауашақ – бір үш, бес және көп ұялы, көп тұқымды. Түріне қарай қақырау жолы да түрліше. Мысалы, меңдуанада қауашағының қақпақшасы ашылады. Сасық мендуана, сүттіген, шегіргүлде, қызғалдақта жіктері шытынап, ұзынынан жарылып қақырайды.

7.Бір  тұқымды жеміс:

A.Дәнек

B.Қауашақ



C.Бұршаққап

D.Бұршаққын

E.Тұқымша

Дәнек – бір тұқымды жеміс. Тұқымы жеміс серігімен тұтасып бірігіп кеткен. Бидай, жүгері, арпа, тары, күріш жемістері дәнек деп аталады.

8.Құрғақ жемісті анықтаңыз:

A.Шие


B.Алма

C.Бұршаққап (асбұршақ)

D.Алмұрт

E.Жүзім


Құрғақ жемістердің қабығы қатты, сүргектенген, құрғақ болады. Қауашақ, бидай, тұқымша, емен жаңғағы, асбұршақ,орамжапырақ жатады.>бұршақ)

9.Бұршаққын қандай тұқымды жеміске жатады:

A.Қос ұялы

B.Шырынды жеміс

C.Бір ұялы

D.Бір және көп ұялы

E.Бір тұқымды жеміс

Бұршаққын қос ұялы, ішінде ұзынша тартылған жұқа жарғақты пердесі бар. Тұқымдары пердеге бекінеді. Піскенде жемістің қос жақтауы  төменгі жағынан бастап қақырайды. Жемістің бұл түрі орамжапырақ, шомыр, шалқанда болады.

10.Дәнекті жеміс:

A.Алхоры


B.Шие

C.Бидай


D.Таңқурай

E.Жүзім


Дәнек – бір тұқымды жеміс. Тұқымы жеміс серігімен тұтасып бірігіп кеткен. Бидай, жүгері, арпа, тары, күріш жемістері дәнек деп аталады.

Пән: Биология, Бөлім: IV тарау. Тұқым. Қос жарнақты және дара жарнақты тұқымдардың құрылысы

1.Дәнектің едәуір бөлігін:

A.Тұқым кіндігі

B.Эндосперм

C.Бүршікше

D.Тұқым жарнағы

E.Тұқым қабығы

Дәнектің едәуір бөлігін – эндосперм алып жатады. Эндосперм жасушаларында крахмал, нәруыз, май заттары жиналады.

2.Қос жарнақты өсімдік:

A.Бидай


B.Тары

C.Жуа


D.Қауын

E.Үрмебұршақ

Қос жарнақты үрмебұршақ (фасоль) тұқымы. Тұқымның қабығы (қауызы), жарнағы және ұрығы болады. Үрмебұршақ тұқымының пішіні бүйрекке ұқсайды. Оның ойыс жағында жеміске бекінген жерін тұқым кіндігі дейді. Тұқым кіндігінен тұқымның ішіне ауа, су кіреді.

3.Дара жарнақты өсімдік:

A.Асқабақ

B.Қияр


C.Бидай

D.Пальма


E.Күнбағыс

Бидайдың жемісі бір тұқымды дара жарнақты өсімдік. Піскенде қабығы ажырамай, тұқымға тығыз жанасып бірігіп кетеді. Қанша жібітсе де қабығын ажырату қиын. Бидай тұқымы әрі жеміс, әрі тұқым болып есептелетіндіктен дәнек дейді.

4.Қоректік заттар қоры жиналады:

A.Ұрықта


B.Қабығында

C.Эндоспермде

D.Жарнағында

E.Алғашқы тамыршада

Коректік заттар қоры эндоспермде жиналады, жарнағында болмайды. Дара жарнақтылардың тұқым жарнағы, тұқым өнген кезде эндоспермдегі қоректік заттарды ерітетін зат бөледі. Ерітетін зат органикалық заттарды сұйылтады.

5.Тұқымды кеуіп кетуден, мезгілсіз өнуден, зақымданудан, шіруден сақтайды:

A.Тұқым қабығы

B.Ұрық


C.Жарнақ

D.Алғашқы тамырша

E.Эндосперм

Тұқым қабығы (қауызы) қалың, тығыз, сырты тегіс жылтыр, түрлі түсті. Қабығы тұқымды кеуіп кетуден, мезгілсіз өнуден, зақымданудан, шіруден сақтайды. Қабығын сылып алса (суға жібіген тұқымда тез сылынады), ішінен екі тұқым жарнағы көрінеді. Тұқымда екі тұқым жарнағы бар өсімдіктер қос жарнақтылар деп аталады. Қос жарнақтыларда (күнбағыс, қауын, қарбыз, асқабақ, қияр және т.б.) ұрыққа қорек болатын заттар жарнақта жиналады. Жарнақты ұзынынан екіге жарса, бір ұшында жабысып тұрған ұрығы болады.

6.Ұрық тұрады:

A.Тұқым қабығынан

B.Тұқым жарнағынан 

C.Тамыршадан

D.Тұқым кіндігінен

E.Алғашқы сабақша, алғашқы тамырша,бүршікше

Ұрық – алғашқы тамырша, алғашқы тамырша, бүршікшеден тұрады.

7.Эндосперм жасушаларында  жиналады:

A.су, ауа

B.майлар


C.крахмал

D.крахмал, нәруыз,май затттары

E.ерітетін органикалық заттар

Эндосперм жасушаларына май заттарын,крахмал, нәруыз заттарын жинақтайды.

8.Дара жарнақты тұқымның құрлысы:

A.алғашқы тамырша, алғашқы сабақша, бүршікше

B.қабығы, бір жарнақ, эндосперм,ұрық

C.Екі жарнақ

D.Қауыз

E.Тамырша мен бүршікше



Тұқымда бір тұқым жарағы бар өсімдіктер дара жарнақты өсімдіктер деп аталады. Олар бидай, лалагүл, жуа, банан, сүсін, пальма, құртқашаш жатады.

9.Дара жарнақтылардың тұқым жарнағы  қандай қызмет  атқарады:

A.Жарнағында қоректі заттар болмайды

B.Ұрыққа қорек болатын заттар жарнаққа жиналады

C.Ұрыққа май қорын жинайды.

D.Дара жарнақтылар тұқым жарнағы,тұқым өнген кезде эндоспермдегі қоректік заттарды ерітетін зат бөледі.

E.Эндосперм жасушаларында  крахмал, нәруыз заттар жиналады.

Дара жарнақтылар тұқым жарнағы тұқым өнген кезде эндоспермдегі қоректік заттарды ерітетін зат бөледі. Ерітетін зат органикалық заттарды сұйылтады.

10.Дара жарнақты өсімдіктерге жатпайды:

A.Лалагүл

B.Кербезгүл

C.Күнбағыс

D.Жуа

E.Пальма


Дара жарнақты өсімдіктерге жатады. Банан, сүйсін, құртқашаш, жуа, лалагүл, кербезгүл,бидай.

Пән: Биология, Бөлім: IV тарау. Тұқымның өнуіне қажетті жағдайлар. Өскіннің пайда болуы

1.Тұқымның өнуіне, бөртуіне қажет:

A.Су

B.Қарашірік



C.Тыңайтқыш

D.Топырақ

E.Калии

Кебу тұқым өну үшін су, жылу, ауа қажет. Су – тұқымның өнуіне, шығымдылығын сақтауға, бөртуіне қажет. Тұқымның жасушасында суды сіңіретін крахмалды, нәруызды заттар көп. Судың сіңірілу мөлшері тұқымның сыртындағы қабығына байланысты. Қабығы неғұрлым тығыз, қатты болса, соғұрлым су баяу сіңеді. Тұқымның ісініп жарылуына, қоректік заттарын сұйылтып, ерітіндіге айналуына су керек.



2.Жылу:

A.Қарашірік үшін қажет

B.Тыңайтқышты жылыту үшін қажет.

C.Топырақты кептіру үшін қажет

D.Тұқымның өнуі үшін қажет

E.Тұқымның пісуі үшін қажет

Жылу – тұқымның өнуі үшін қажет. Бидай, қарабидай, арпа, сұлы, зығыр, беде, жоңышқа, асбұршақтар үшін ең төменгі температура 1-5°С. Жүгері, күнбағыс тұқымдарына + 10°С. Асқабақ, қауын, қияр, күріш, мақта, темекі +15°С-та өнеді.

3.Тұқымның өнуі дегеніміз:

A.Ұрықтан өскіннің дамуы

B.Тамырдан өскіннің дамуы

C.Қарашіріктен өскіннің дамуы

D.Жапырақтан өскіннің дамуы

E.Ағаштан өскіннің дамуы

Тұқымның өнуі дегеніміз ұрықтан өскіннің дамуы. Суға салынған тұқымның тыныс алуы жылдамдайды. Ұрықтың қоректенуіне оңай болу үшін қоректік қор заттары ерітіндіге айналады. Сыртындағы қабығы жарылып, ең алдымен ұрықтың алғашқы тамыршасы төмен қарай бағытталады. Топыраққа бекініп, су мен еріген минералды заттарды өзіне сіңіріп сора бастайды. Қос жарнақты тұқымда ұрық тамыршасынан алдымен негізгі тамыр өседі.

4.Асқабақ, қауын, қияр, күріш, мақта, темекі өнуі үшін керек температура:

A.+15


B.1-5°С

C.+25


D.+35

E.+5


Бидай, қарабидай, арпа, сұлы, зығыр, беде, жоңышқа, асбұршақтар үшін ең төменгі температура 1-5°С. Жүгері, күнбағыс тұқымдарына + 10°С. Асқабақ, қауын, қияр, күріш, мақта, темекі +15°С-та өнеді.

5.Таңқурай, бүлдірген, долана өсімдігінің таралу жолдары:

A.Өздігінен

B.Өсімдік арқылы

C.Жануарлар,бунақденелер,құстар арқылы

D.Жел арқылы

E.Cу арқылы

Тұқымының сыртында ілмешектер, тікенектер,желімтек түктер болады. Жемісі ашық реңді,шырынды, тұқымы майлы. Таралу жолы құстар, бунақденелілер жануарлар арқылы.

6.Өздігінен таралатын өсімдік:

A.Жалбыз


B.Бақбақ

C.Шоңайна

D.Таңқурай

E.Жауқазын

Құрлысының ерекшелігі жемістері қақырағыш ширатылғыш өсімдіктер

Олар  шегіргүл, ат талшын, шытырлақ, қараған, жауқазын жатады.

7.Бидай, қарабидай, арпа, сұлы, беде,жоңышқа, асбұршақтар үшін ең төменгі температура:

A.+  25° C

B.+ 0-5° C

C.+15 ° C

D.+  10° C

E.+ 7 ° C

Жылу – тұқымның өнуі үшін қажет. Бидай, қарабидай, арпа, сұлы, беде,жоңышқа, асбұршақтар үшін ең төменгі температура 0-5° C.

8.Өскін:


A.Қосалқы тамырлы өсімдік

B.Сабағы бар жас өсімдік 

C.Ұрық тамыршасы болады

D.Жер асты тамыры жақсы дамыған 

E.Сабағы жапырағы бар жас өсімдік

Топырақтың бетіне шыққан сабағымен жапырағы жетілген жас өсімдікті өскін деп атаймыз.

9.Бидай мен сұлыда ұрық тамыршасы:

A.9


B.3

C.4


D.2

E.1


Даражарнақты тұқымдардың өскіндерінде (жүгері,құмай,тары) бір немесе бірнеше (бидай мен сұлыда) 3, қарабидайда 4, арпада 5,6 ұрық тамыршасы болады.

10.Жемістері қақырағыш ширатылғыш өсімдіктер:

A.Шоңайна, кәріқыз, айдаршөп

B.Қараған, бөрібұршақ, шегіргүл

C.Қарағай, тал мақта,қайың

D.Қамыс, жалбыз,бөденешөп

E.Қоға, қияқ, терек

Өздігінен таралатын өсімдіктер. Олар  шегіргүл, ат талшын, шытырлақ, қараған, жауқазынжатады.



Пән: Биология, Бөлім: IV тарау. Көгалдандыру. Ағаштар мен бұталарды отырғызудың мерзімі, тәсілдері

1.Егу үшін алынатын көшеттердің мөлшері:

A.Биіктігі 20-30 см-ден кем болмауы керек

B.Биіктігі 80-90 см-ден кем болмауы керек

C.Биіктігі 20-25 см-ден кем болмауы керек

D.Биіктігі 10-11 см-ден кем болмауы керек

E.Биіктігі 50-60 см-ден кем болмауы керек

Егу үшін алынатын көшеттердің мөлшері алма, алмұрт ағаштарының көшеттері биіктігі 50-60 см-ден, тамырының ұзындығы 35 см-ден кем болмауы керек. Алхоры, шие, өрік, шабдалы ағаштарының биіктігі 40-50 см болады. Қарлыған (тұшала), қарақаттардың 2 жылдық өркендері алынады.

2.Таңқурайды отырғызады:

A.Қазан, наурызда

B.Қыркүйек, сәуірде

C.Желтоқсан, ақпанда

D.Шілде, мамырда

E.Тамыз, маусымда

Таңқурайды күзде айында жапырақтары түсе бастағанда немесе ерте көктемде бүршік жармай тұрып наурыздың аяғында отырғызады. Алдымен тереңдігі 15-20 см, ені 50 см ұзын арықша жасайды (қатар аралығын 2 м өсімдіктің бір-біріне ара қашықтығын 0,5 м). Арықша ішінен 30х30 см етіп қазылған шұңқырға егеді. Жер үсті өркенінің биіктігі 25-30 см болуы керек.

3.Қара қарақат, қарлыған (тұшала) өркендерінің биіктігі:

A.20 см болуы тиіс

B.70 см болуы тиіс

C.40 см болуы тиіс

D.60 см болуы тиіс

E.80 см болуы тиіс

Қара қарақат, қарлыған (тұшала) өркендерінің биіктігі 20 см болуы тиіс. Таңқурайдағыдай алдымен арықша қазады. Арықшаның ішінен 30х30 см шұңқырға органикалық және минералды тыңайтқыштарды (200 г фосфор, 50 г калий тұзы) салады. Егіле салысымен суару керек.

4.Бір гектар жерле өсетін ағаштар сағатына қанша көлемде көмірқышқыл газын өз бойына сіңіреді?

A.10 кг


B.7 кг

C.8 кг


D.12 кг

E.3 кг


Ағаштар мен бұталар ауа құрамының тазалығын сақтайды. Бір гектар жерле өсетін ағаштар сағатына 8 кг көмірқышқыл газын өз бойына сіңіреді.

5.Қандай мақсатта жөке, шаған, терек, қарағай, үйеңкі, шегіршін, қарағаштар көбірек егіледі?

A.Өнеркәсіптік мақсатта

B.Сәндік үшін

C.Шуды бәсеңдету үшін

D.Радиациялық сәулелерді ұстап қалу үшін

E.Шаң-тозаңды басу мақсатында

Қалалардағы шу адамның денсаулығына айтарлықтай зиян келтіреді. Шуды бәсеңдету үшін жөке, шаған, терек, қарағай, үйеңкі, шегіршін, қарағаштар көбірек егіледі.

6.Неге байланысты ағаш отырғызуға белгіленген шұңқыр мөлшерін азды-көпті өзгертуге болады?

A.Ауа райына байланысты

B.Температураға байланысты

C.Өсімдік түріне байланысты

D.Желдің бағытына байланысты

E.Жер жағдайына байланысты

Жер жағдайына байланысты ағаш отырғызуға белгіленген шұңқыр мөлшерін азды-көпті өзгертуге болады.

7.Жеміс ағаштарын егуді қандай күндері бастайды?

A.Ашық күндері

B.Жаңбырлы күндері

C.Желді күндері

D.Тұманды күндері

E.Бұлтты күндері

Жеміс ағаштары көктем мен күзде егіледі. Көктемде топырақтың тоңы еріп жібігенде, күзде жапырақтарын түсіре бастағанда отырғызған жөн. Егуді көбінесе бұлтты күндері бастайды.

8.Ағашты еккен соң, тамыры топыраққа бекігенше түрлі соққылардан сақтау үшін қандай шара қолданады?

A.Айналасындағы топырақты бөлек үйеді

B.Көп мөлшерде топырақпен үйеді

C.Қазыққа байлайды

D.Көп мөлшерде су құяды

E.Ағашты оқшаулап қояды

Ағашты еккен соң, топырағын шұңқырдың шетінен ортасына қарай тығыздап таптайды. Тамыры топыраққа әбден бекігенше әр түрлі қатты соққыдан сақтау үшін қазыққа байлайды.

9.Күзде жапырақтары түсе бастағанда немесе ерте көктемде бүршік жармай тұрып наурыздың аяғында отырғызылатын қайсысы?

A.Алма

B.Таңқурай



C.Қарақат

D.Алхоры


E.Өрік

Таңқурайды күзде жапырақтары түсе бастағанда немесе ерте көктемде бүршік жармай тұрып наурыздың аяғында отырғызады. Оның жер үсті өркенінің биіктігі 25-30 см болуы керек.



Пән: Биология, Бөлім: I тарау. Ағзалық әлем. Ағзалық әлемді жіктеу

1.Жерде тіршілік етіп, мекендейтін ағзалар (тіршілік иелері) жиынтығы:

A.Ағзалық әлем

B.Тірі табиғат дүниесі

C.Вирустар дүниесі

D.Саңырауқұлақтар дүниесі

E.Тіршілксіз әлем

Жерде тіршілік етіп, мекендейтін ағзалар (тіршілік иелері) жиынтығы ағзалық әлем деп аталады. Ағза жасушасының нәруыз, май, көмірсу және нуклеин қышқылынан құралатыны мәлім. Демек нәруыз, май, көмірсу, нуклеин қышқылы – ағзалық зат (органические вещества). Ағза жасушасының құрамында су және минералды тұздар да болады. Су және минералды тұздар – бейағзалық зат (неорганические вещества). Өйткені бұлар тіршілік иесіне тән тіршілік әрекетін білдіре алмайды, яғни ағзалық зат емес.

2.Биологияда ағзалық әлемді жүйелеудің ең жоғары тобы:

A.Саңырауқұлақтар дүниесі

B.Ағзалық әлем

C.Вирустар дүниесі

D.Тіршілксіз әлем

E.Тірі табиғат дүниесі

Тірі табиғат дүниесі дегеніміз – биологияда ағзалық әлемді жүйелеудің ең жоғары тобы. Дүние жүзіндегі ағзалық әлем, тірі ағзалар 5 дүниеге жіктеледі. Олар: бытыранықтар дүниесі, вирустар дүниесі, саңырауқұлақтар дүниесі, өсімдіктер дүниесі, жануарлар дүниесі.

3.Микроскоп арқылы ғана көрінетін, жасушасында ядросы жоқ тіршілік иелері:

A.Бытыранықтар дүниесі

B.Тірі табиғат дүниесі

C.Вирустар дүниесі

D.Ағзалық әлем

E.Саңырауқұлақтар дүниесі

Бытыранықтар дүниесі. Бұған микроскоп арқылы ғана көрінетін, жасушасында ядросы жоқ барлық бактериялар жатады. Бытыранық – «бытыра» + «нық» сөздерінен құралған сөз. (Орысша – «дробянка», латынша – «михи» – күрделі бөліне алмайтын түйіртпек мағынасында қолданылады.)

4.Жасушасы жоқ, тіршілік формасындағы ағзалық зат:

A.Ағза


B.Вирус

C.Саңырауқұлақ

D.Тірі табиғат

E.Бытыранықтар

Вирус латынша «у» деген сөз. Бұл – жасушасы жоқ, тіршілік формасындағы ағзалық зат. Бұлардың көпшілігін тек электрондық микроскоппен ғана көруге болады. Вирустар тек тірі жасушаға орнықса ғана көбейе алады. Жасушаға түсе алмаған жағдайда вирустарда тіршілік нышаны байқалмайды. Вирустар тірі жасушадан тыс қалса, кәдімгі ағзалық зат тәрізді күйде болады.

5.Ботаниктер төменгі сатылы өсімдіктерге жатқызып келген (ағза) тіршілік иесі:

A.Тірі табиғат

B.Вирус


C.Саңырауқұлақ

D.Бытыранықтар

E.Ағза

Ботаниктер саңырауқұлақтарды төменгі сатылы өсімдіктерге жатқызып келді. Алайда олардың екі түрлі қасиеті бар. Бірінші қасиеті өсімдіктерге тән. Саңырауқұлақтар орнынан қозғалып жүрмейді. Жасушасы тығыз қабықшамен (жасунықпен) қапталады. Витаминдер синтездей алады. Екінші қасиеті жануарларға тән. Даяр ағзалық заттармен қоректенеді. Жасушасы хитин қабықшамен қапталады. Ағзалық заттарды қорға жинайды. Сондықтан бұлар өз алдына жеке дүниеге жіктеледі.



6.Бейағзалық затқа жатқызылады:

A.Көмірсулар

B.Нәруыздар мен су

C.Майлар


D.Нәруыздар

E.Су және минералды заттар

Су және минералды заттар – бейағзалық заттар. Өйткені олар тіршілік иесіне тән тіршілік әрекетін білдіре алмайды, яғни ағзалық зат емес.

7.Тек тірі жасушаға орныққан кезде ғана көбейе алатын тірі ағзалар:

A.Саңырауқұлақтар

B.Бактериялар

C.Вирустар

D.Жануарлар

E.Бытыранықтар

Вирустар тек тірі жасушаға орныққан кезде ғана көбейе алады. Жасушаға түсе алмаған жағдайда вирустарда тіршілік нышаны байқалмайды.

8.Тірі ағзалар дүниесінің қайсысында жасушасында ядросы жоқ барлық бактериялар жатады:

A.Вирустар дүниесі

B.Бытыранықтар дүниесі

C.Өсімдіктер дүниесі

D.Жануарлар дүниесі

E.Саңырауқұлақтар дүниесі

Бытыранықтар дүниесі микроскоп арқылы ғана көрінетін, жасушасында ядросы жоқ барлық бактериялар жатады.

9.Жабын қандай ерекше ағзалық заттан түзіледі:

A.Минералды тұз

B.Көмірсу

C.Су

D.Хитин


E.Майлар

Жабын ерекше ағзалық зат – хитиннен түзіледі.

10.Жүйке, сезіну, тынысалу, қажетсіз заттарды бөлу, асқорыту және басқа жүйелердің арнаулы жеке мүшелері бар тірі ағзалар жүйесі:

A.Жануарлар дүниесі

B.Өсімдіктер дүниесі

C.Бытыранықтар дүниесі

D.Вирустар дүниесі

E.Саңырауқұлақтар дүниесі

Жануарларда жүйке, сезіну, тынысалу, қажетсіз заттарды бөлу, асқорыту және басқа жүйелердің арнаулы жеке мүшелері бар.

Пән: Биология, Бөлім: I тарау. Бактериялар

1.Көзге көрінбейтін, ұсақ тірі ағзалардың құрылысын, қасиеттерін, пайдасы мен зиянын зерттейтін ғылым:

A.Физиология

B.Микробиология

C.Биотехнология

D.Геохимия

E.Экология

Микробиология (грекше «микрос» – кішкене, «логос» – ғылым) – көзге көрінбейтін, ұсақ тірі ағзалардың құрылысын, қасиеттерін, пайдасы мен зиянын зерттейтін ғылым. Левенгуктың ашқан жаңалығы микроорганизмдер дүниесін зерттеуге, микробиологияның дамуына жол ашты. Соның нәтижесінде бактериялардың табиғатта таралуын толық зерттеп білу мүмкіндігі туды.

2.Біржасушалы ағза:

A.Эхинокок

B.Гидра

C.Медуза


D.Бактерия

E.Қына


Бактерия (грекше «таяқша») – біржасушалы ағза. Бактериялардың басым көпшілігі таяқша пішінді болады. Дегенмен шар, үтір, оралма тәрізді пішінділері де кездеседі (2-сурет). Оның әрбір жасушасы қабықша мен цитоплазмадан, оқшауланбаған ядро затынан тұрады. Оқшауланған ядросы болмағанымен, цитоплазмада ядролық зат шашыранды түрде орналасады. Жасушаның өте тығыз көп қабатты қабықшасы болады. Ол қорғаныш, тірек қызметін атқарып, бактерияның пішінін қалыптастырады. Цитоплазманың құрамында нәруыз және май заттары бар.

3.Фотосинтез құбылысы жүретін көк-жасыл түсті бактерия өкілі:

A.Қына

B.Медуза


C.Бактерия

D.Цианобактерия

E.Гидра

Бактериялар негізінен түссіз, тек кейбіреулерінде ғана аздап бояғыш заттар кездеседі. Фотосинтез құбылысы жүретін көк-жасыл, қызыл түсті өкілдерін цианобактериялар деп атайды. Цианобактериялардың жасушаларының пішіні цилиндр, шар тәрізді. Сыртын қалың сілемейлі қабық жабады. Жасуша қабығы үш қабаттан тұрады. Сыртын және ішін цитоплазмалық жарғақша жабады. Сыртқы боялған бөлігі – хроматоплазма, ішкі түссіз бөлігі орталық плазма деп аталады. Хроматоплазмасында цитоплазманың тығыздалуынан пайда болған жарғақшаларды қоршай орналасқан хлорофилл және көк, қызыл пигменттері болады. Орталық плазмасының нағыз ядродан айырмашылығы – сыртын қоршаған 2 қабат жарғақшасы, хромосома жіпшелері, ядрошығы болмайды. Орталық плазма қатарласа орналасқан жіпшелер күйінде болады. Нағыз ядросы болмағандықтан, цианобактериялар жасушалары қарапайым екіге бөліну арқылы көбейеді.



4.Тығыз қабықпен қапталған ерекше жасуша:

A.Қабық


B.Спора

C.Қауашақ

D.Тұқымша

E.Циста


Тіршілігіне қолайсыз жағдайлар туса (мысалы, қорек, ылғал жеткіліксіз болса, температура күрт төмендеп немесе көтеріліп кетсе), бактериялар спора түзеді. Спора (грекше «спора» – сеппе, екпе, тұқым) – тығыз қабықпен қапталған ерекше жасуша. Спора күйінде бактерия қоректенбейді және қозғалмайды, тыныштық күйде сақтала береді. Өйткені споралары қорғаныштық қызмет атқарып, бактерияларды сыртқы орта жағдайына (қатты суық, құрғақшылық, суға қайнату және т.б.) өте төзімді етеді. Ол топырақта 20–30 жылға дейін тіршілік ете алады. Қатты соққан желдің әсерінен споралар алыс жерлерге таралады. Қолайлы жерге түссе, қоректеніп, бактерияға айналады. Осылай спораларға айналу арқылы бактериялар өз тіршілігін сақтайды.

5.Өлі ағзалардың денесінде тіршілік ететіндер:

A.Циста

B.Тұқымша



C.Спора

D.Қабық


E.Сапрофиттер

Тек азғана түрлері бейағзалық заттардан ағзалық зат түзеді. Бактерияларды қоректенуіне қарай сапрофиттер және паразиттер деп екі топқа бөледі. Көптеген бактериялар жануарлардың өлекселері мен өсімдіктердің қалдықтарында мекендейді. Өлі ағзалардың денесінде тіршілік ететіндер – сапрофиттер. Адамның, жануарлардың, өсімдіктердің денесінде мекендеп, тірі ағзаның жасушаларынан ағзалық заттарды сорып қоректенетін бактериялар паразиттер деп аталады.

6.Ағзаларда ауру тудырушы, тағамды бүлдіруші ұсақ ағзалар бар екенін тәжірибеде дәлелдеген ғалым?

A.М.Шлейден

B.Л.Пастер

C.А.Левенгук

D.Р.Браун

E.Р.Гук


1870-1880 жылдары француз ғалымы Луи Пастер ағзаларда ауру тудыратын, тағамдарды бүлдіретін ұсақ ағзалар бар екенін тәжірибе жүзінде дәлелді.

7.Бактерияның пішінін қалыптастырушы, қорғаныш қызметін атқарушы?

A.Көп қабатты қабықшасы

B.Оқшауланбаған ядро заты

C.Шашыранды ядролық заты

D.Цитоплазмасы

E.Талшықтары

Жасушаның өте тығыз көп қабатты қабықшасы болады. Ол қорғаныш, тірек қызметін атқарып, бактерияның пішінін қалыптастырады.

8.150-200 есеге дейін ұлғайтып көрсететін микроскоп жасап, ұсақ ағзаларды алғаш рет ашқан ғалым:

A.Р.Гук


B.Р.Браун

C.М.Шлейден

D.Л.Пастер

E.А.Левенгук

Ұсақ ағзаларды алғаш рет  Антон Левенгук (1632-1723) ашқан. Ол 150-200 есеге дейін ұлғайтып көрсететін микроскоп жасаған.

9.Ядролыларға жататын тірі ағзалар:

A.Бактериялар, саңырауқұлақтар

B.Жануарлар, өсімдіктер, бактериялар

C.Вирустар мен бактериялар

D.Саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар

E.Өсімдіктер, вирустар, бактериялар

Ядролыларға саңырауқұлақтар, өсімдіктер, жануарлар жатады. Ағзалардың жасушаларындағы ядроның сыртын қоршаған екі қабат жарғақшасы бар. 

10.Бөлініп ажырамай, сілемеймен қапталатын шар тәрізді цианобактериялар тобы:

A.Хамесифондар

B.Хроококкалар

C.Паразиттер

D.Сапрофиттер

E.Гормогониялар

Хроококкалар – шар тәрізді жеке жасушалар. Олар бөлініп ажырамай, сілемеймен қапталады.

Пән: Биология, Бөлім: I тарау. Ауру туғызатын бактериялар және олармен күресу шаралары

1.Ауада тез жойылатын бактериялар:

A.Құздама (ревматизм)

B.Оба мен көкжөтел

C.Оба, баспа, туберкулез

D.Ішек бактериясы

E.Іш сүзегі, дизентерия

Ауру туғызатын бактериялар ауада, суда, тағамда болатындықтан, солар арқылы сау адамдарға жұғады. Көпшілік орындарда, бөлмеде неғұрлым ауа таза болса, соғұрлым адамдар аз ауырады. Оба мен көкжөтел бактериялары ауада тез жойылады. Туберкулез таяқшалары лас шаңда 3 айға дейін тіршілік етіп, шаңмен бірге ауаға таралады. Сондықтан үйді, сынып бөлмесін күнде желдетіп отыру қажет. Оба бактериясы топырақта 25 күнге дейін, ал іш сүзегінің бактериясы 3 айға дейін сақталады. Ауру туғызатын бактериялар мен адамдардың жаппай ауруын індет (эпидемия) дейді.

2.Адамның өкпесінде туберкулез ауруын тудыратын бактерияларды 1882 жылы анықтаған:

A.С.Соколовский

B.Р. Кох

C.И.В.Павлов

D.Ж.Кудерин

E.М.Е.Петров

Адамның өкпесінде туберкулез ауруын тудыратын бактерияларды 1882 ж Р. Кох анықтады. Туберкулез жұқпалы ауру болғандықтан, сілекей тамшылары арқылы таралады. Мал туберкулезбен ауырғанда бұл ауруды қоздыратын бактериялар адам денесіне сүт арқылы беріледі. Тамақ, су арқылы сүзек, сaльмoнeллa ауруларын қоздырушы бактериялар жұғады.

3.Бактериялар зақымдайтын өсімдік ауруы:

A.Дизентерия

B.Баспа


C.Сүзек

D.Оба


E.Бактериоз

Бактериялардың көптеген түрі өсімдіктерді де зақымдайды, ол ауруды бактериоз дейді. Олар бау-бақша, техникалық жеміс-жидек өсімдіктерін зақымдап, зор нұқсан келтіреді. Бактериялар өсімдіктің сабағын, тамырын, жемісін шірітеді. Өсімдіктердің бактерия ауруларына қарсы негізгі күрес шаралары – тұқымды себер алдында улы химикаттармен өңдеу, ауруға төзе алатын іріктемелерді таңдап алу.

4.Бактериялар мақта өсімдігінде ... ауруын туғызады:

A.Бактериоз

B.Баспа

C.Гоммоз


D.Дизентерия

E.Сүзек


Бактериялар мақта өсімдігінде гоммоз (шайыр ағу) ауруын туғызады. Мақта тұқымында сақталған бактерия спорасы тұқыммен бірге өнеді. Мақта сабағын, жапырағын, қауашағын зақымдайды да, ірі қошқыл қоңыр түсті дақтар пайда болады. Оның беті сілемейленіп, жабысқақ болып тұрады, онда бактериялар шоғырланып, кейін кеуіп, қабыршақтанады. Одан соң жел ұшырып, екінші өсімдікке жұғады. Жапырағындағы лептесік саңылауы арқылы бактерия ішке өтіп, жасуша қабығы және цитоплазмасымен қоректенеді. Бұл ауруды болдырмау үшін мақта тұқымын үнемі химиялық заттармен өңдеп отыру керек.

5.Топырақта 25 күнге дейін сақталатын қоздырушы?

A.Клостериум бактериясы

B.Іш сүзегінің бактериясы

C.Оба бактериясы

D.Ботулинус бактериясы

E.Туберкулез таяқшасы

Туберкулез таяқшалары лас шаңда 3 айға дейін тіршілік етіп, шаңмен бірге ауаға таралады. Оба бактериясы топырақта 25 күнге дейін, ал іш сүзегінің бактериясы 3 айға дейін сақталады.

6.Қантышқақ ауруын қоздырушы?

A.Клостериум бактериясы

B.Ботулинус бактериясы

C.Оба бактериясы

D.Туберкулез таяқшасы

E.Дизентерия бактериялары

Қантышқақ ауруын дизентерия бактериялары қоздырады. Ауыратын сиырдың сүті арқылы сарып (бруцеллез) ауруы таралады. 

7.Ауру сиырдың сүті арқылы таралатын ауру?

A.Туберкулез

B.Сіреспе

C.Құздама (ревматизм)

D.Сарып (бруцеллез)

E.Сары ауру

Ауыратын сиырдың сүті арқылы сарып (бруцеллез) ауруы таралады. Кейде сүрмеленген көкөністің құрамында кездесетін клостериум, ботулинус бактерияларының споралары жоғары температурада қайнатқаннан кейін де сақталады. 

8.Сүзек ауруының қоздырушысының жұғу жолдары:

A.Ауалы-тамшылы

B.Ауа арқылы

C.Тамақ, су арқылы

D.Лас шаң арқылы

E.Сүт арқылы

Мал туберкулезбен ауырғанда бұл ауруды  қоздыратын бактериялар адам денесіне сүт арқылы беріледі. Тамақ, су арқылы сүзек, сальмонелла ауруларын қоздырушы бактериялар жұғады.

9.Мақта өсімдігіндегі гоммоз ауруының белгілері:

A.Жемістерді шірітуі басталады

B.Жапырағында қоңыр қошқыл түсті дақтар пайда болады

C.Өсімдіктің сабағын шірітеді

D.Қауашағында, сабағында ақ түсті дақтар пайда болады

E.Өсімдіктің тамырын зақымдайды

Бактериялар мақта өсімдігінде гоммоз ауруын туғызады. Мақта сабағын, жапырағын, қауашағын зақымдайды да, ірі қошқыл қоңыр түсті дақтар пайда болады.

10.Үш айға дейін топырақта сақталатын бактерия?

A.Клостериум бактериясы

B.Іш сүзегінің бактериясы

C.Оба бактериясы

D.дизентерия бактериясы

E.Ботулинус бактериясы

Туберкулез таяқшалары лас шаңда 3 айға дейін тіршілік етіп, шаңмен бірге ауаға таралады. Оба бактериясы топырақта 25 күнге дейін, ал іш сүзегінің бактериясы 3 айға дейін сақталады.

Пән: Биология, Бөлім: I тарау. Бактериялардың табиғаттағы, халық шаруашылығындағы маңызы

1.Біздің ғаламшарымыздың тазалаушысы (санитары):

A.Бактериялогиялық қару

B.Цианобактериялар

C.Түйнек бактериялары

D.Шіріту бактериялары

E.Қыналар

Бактериялар тіршілік әрекеттеріне қарай алуан түрлі болады және олардың табиғаттағы маңызы өте зор. Сапрофитті бактериялардың көпшілігі өсімдіктер мен өлген жануарлардан, саңырауқұлақтардан қалған ағзалық заттарды ыдыратып, шірітеді. Шіріту бактериялары – біздің ғаламшарымыздың тазалаушысы (санитары). Себебі олар өсімдіктердің қалдықтары мен жануарлардың өлекселеріндегі күрделі ағзалық заттарды ыдыратады. Топырақта қарашіріктің түзілуіне себепші болады. Тау жыныстарын ыдыратып, жартастар мен сусымалы құмдарды құнарлы топыраққа айналдырады.

2.Асбұршақ, сиыржоңышқа, соя, шеңгел сияқты бұршақгүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктермен селбесіп тіршілік етеді:

A.Шіріту бактериялары

B.Цианобактериялар

C.Бактериялогиялық қару

D.Қыналар

E.Түйнек бактериялары

Түйнек бактериялары жоңышқа, беде, асбұршақ, сиыржоңышқа, соя, шеңгел сияқты бұршақгүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктермен селбесіп тіршілік етеді. Жер қойнауындағы селитраның (азотты тыңайтқыш), темір кенінің, теңіздегі күкіртті сутегінің, шымтезек пен көмірдің түзілуі де бактериялардың тіршілік әрекетіне байланысты. Бактериялардың халық шаруашылығында да маңызы зор. Оны өте ертеден-ақ, ірімшік жасау, сүт тағамдарын ашыту, тері илеу, сүрлем дайындау үшін қолданған. Сонымен бірге мата, былғары өнеркәсібіне кеңінен пайдаланады.

3.Ауадағы бос азотты синтездеп, азоттың табиғи тұздарына айналдыратын бактерия:

A.Бактериялогиялық қару

B.Цианобактериялар

C.Түйнек бактериялары

D.Шіріту бактериялары

E.Қыналар

Ал спирулина цианобактериясын нәруыз өндіру үшін көптеген елдерде арнайы су қоймаларында өсіреді. Цианобактериялар ауадағы бос азотты синтездеп, азоттың табиғи тұздарына айналдырады. Цианобактериялар жер бетінің барлық жерінде, тіпті ешқандай топырағы жоқ жартастарда да өсе береді. Жанартау атқылаған соң суынған лавалардың бетінде алғаш өсетін де осы цианобактериялар. Себебі олар ауадағы бос азотты синтездеп, нәруызға айналдырып, қоректенеді. Олардың қалдықтары шіріп, топыраққа айналады.

4.1 г қара топырақта:

A.1–2 млрд бактерия болады

B.5–6 млрд бактерия болады

C.15–16 млрд бактерия болады

D.10–12 млрд бактерия болады

E.25–26 млрд бактерия болады

Топырақ бактериялары өсімдіктерге қорек дайындайды. Топырақтағы қарашірікті минералды заттарға айналдырады, онымен өсімдіктер қоректенеді. Бактериялар топырақты минералды заттармен байытып қана қоймай, сонымен бірге топырақтың құрылымын жақсартады. Топырақ неғұрлым құнарлы болса, онда бактериялар да соғұрлым көп болады. 1 г қара топырақта 5–6 млрд бактерия болады. Топырақ бактериялары өсімдіктің өсуі мен дамуына ықпал жасайды. Өсімдіктің тамырында және оның айналасында көптеген бактериялар дамып, өсімдіктің тіршілігіне септігін тигізеді.

5.Топырақты азотты қосылыстарымен байытатын бактерия:

A.Цианобактериялар

B.Шіріту бактериялары

C.Түйнек бактериялары

D.Қыналар

E.Бактериялогиялық қару

Кейбір бактериялар ауадағы азотты өзіне сіңіріп, топырақты азотты қосылыстарымен байытады (оған түйнек бактериялары жатады). Бактериялар сүттің құрамындағы қантпен қоректеніп, сүт қышқылын түзеді. Ал сүт қышқылы сүтті ашытып, айранға айналдырады. Сүт қышқылы бактериясын орамжапырақ ашытуға, шөптерден сүрлем жасауға пайдаланады. Түзілген сүт қышқылы орамжапырақ пен сүрлемді бұзылудан сақтайды.

6.Өсімдіктер мен өлген жануарлардан, саңырауқұлақтардан қалған ағзалық заттарды ыдыратып, шірітетін бактериялар:

A.Түйнек бактериялары

B.Паразитті

C.Сапрофитті

D.Сірке қышқылы бактериялары

E.Ауру туғызатын бактериялар

Бактериялар тіршілік әрекеттеріне қарай алуан түрлі болады және олардың табиғаттағы маңызы зор. Сапрофитті бактериялардың көпшілігі өсімдіктер мен өлген жануарлардан, саңырауқұлақтардан қалған ағзалық заттарды ыдыратып, шірітеді.

7.Орамжапырақ ашытуға, шөптерден сүрлем жасауға пайдаланылаты бактерия:

A.Азот қышқылы бактериясы

B.Шіріту бактериялары

C.Құмырсқа қышқылы бактериясы

D.Сүт қышқылы бактериясы

E.Сірке қышқылы бактериясы

Сүт қышқылы бактериясын орамжапырақ ашытуға, шөптерден сүрлем жасауға пайдаланады. Түзілген сүт қышқылы орамжапырақ пен сүрлемді бұзылудан сақтайды.

8.Сірке қышқылы бактерияларынан алынатын сірке суы не үшін қолданылады?

A.Сүрлем дайындау үшін

B.Ірімшік жасау үшін

C.Сүтті ашыту үшін

D.Былғары өнеркәсібінде

E.Қияр, саңырауқұлақтарды тұздау үшін

Сірке қышқылы бактерияларының көмегімен тамаққа пайдаланатын сірке суы алынады. Оны қияр, саңырауқұлақ, алма, қарбыз, т.б. жемістерді тұздау үшін қолданады.

9.Спирулина цианобактериясын не өндіру үшін арнай су қоймаларында өсіреді?

A.Көмірсулар

B.Нәруыздар

C.Майлар

D.Минералды тұздар

E.Антибиотиктер

Цианобактериялардың да шаруашылықтағы маңызы зор. Мысалы, спирулина цианобактериясын нәруыз өндіру үшін көптеген елдерде арнайы су қоймаларында өсіреді.

10.Әдейі ауру тарату үшін қолданылатын ағза түрлерін не деп атайды?

A.Вирусологиялық қару

B.Саңырауқұлақтық қару

C.Биологиялық қару

D.Бактериялогиялық қару

E.Антибиотиктік қару

Әдейі ауру тарату үшін қолданылатын қоздырғыш бактерияларды, вирустарды, саңырауқұлақ түрлерін арнайы қоректік ортада егеді. Оны бактериялогиялық қару деп атайды


Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет