Рөлдік ойын студенттің шығармашылық қабілетін дамытуға, пәнге деген танымдық қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.
Ойынды талдау студенттің дайындық деңгейін объективті бағалауға көмектеседі.
Кез келген рөлдік ойынның негізі, әртүрлі клиникалық жағдайларды шешу арқылы кәсіби қызмет шарттарын модельдеу принципі болып табылады: диагноз қою, емдеу хаттамасын жасау. Бұл ретте ойынға қатысушылардың іс-әрекетін жеке және топтық бағалау мүмкіндігі пысықталады
Кәсіби бағытталған рөлдік ойындар студенттің сабақ тақырыбын оқуға ынтасын арттырады және теориялық материалды жақсы меңгереді, өйткені орындалатын клиникалық жағдай оның болашақ кәсіби қызметіне жақын.
Мысал:
Стоматология мектебінің 4 курс студенттері. Ст21-016 топ
Осы тақырып бойынша оқу ойынының мақсаты белгілі бір құзыреттерді анықтау болып табылады:
– созылмалы периодонт қабынуының өршуінің клиникасы мен салыстырмалы диагностикасы жайлы нақты білімі;
– Операциональды дағдыларды анықтау (жұмыс орнын дайындау, науқасты қарап тексеру әдістерін меңгеру және т.б);
– Науқаспен танысқанда коммуникативті дағдылары анықталады, онымен сенімді қарым-қатынас орнату, науқасты сұрап тексеру, топта жұмыс істеу;
– Құқықтық компетенция – медициналық құжаттарды жүргізу (амбулаторлы карта толтыру), стоматологиялық қондырғылармен жұмыс істеу қауіпсіздік техникасын білу, науқастың заңды құқықтарын және санитарлық ережені сақтау.
Рөлдік ойында оқыту бірлескен іс-әрекет процесінде жүреді, бірақ сонымен қатар әр қатысушы рөлге сәйкес өз міндетін орындайды (шешеді).
«Науқас» картасында диагнозы, қосымша патологиялық аурулары жазылады (фондық аурулары, тіс-жақ аппаратының жағдайы: терең тістем, жартылай тістерінің болмауы, үзбелерінің қысқа болуы) және міндетті түрде 1.5 тістің рентген суреті және жақтардың ортопантомограммасы беріледі. Ойынның басқа да қатысушылары диагнозды білмеуі тиіс.

Студент-дәрігер-стоматолог науқастан шағымын анықтайды, аталған симптомдардың қашан және қалай пайда болғанын, немен байланыстыратын анықтайды. Толық сұрап тексергеннен кейін (анамнез Morbi, Vita) жетекші симптомдарды атап өтеді. Науқасты толық қарап тексереді (сыртқы қарап тексеру, ауыз қуысын қарап тексеру, тістердің, тілдің жағдайын анықтау, пальпация, перкуссия), болжамды диагноздың объективті симптомдарын анықтайды, қажет болған жағдайда қосымша зерттеу әдістерін тағайындап, нақтамалайды (рентгенограмма, остеометрия, қажет болса сынамалар және т.б.) және нақты диагноз қоюдағы мақсатын атап өтеді. Дәрігер-хирург, науқасты кешенді емдеу үшін керек мамандар құрамымен консилиум қажеттілігін нақтылады. Науқасқа үйіне ақыл кеңес береді.
Дәрігер-рентгенолог науқастың рентген суреті мен ортопантомаграммалық суретін сипаттау береді, периапикальді тіндердегі өзгерістерді, сүйек тіндеріндегі сорылу дәрежесін сипаттай отырып, созылмалы периодонт қабынуының өршуі ауырлық дәрежесін анықтайды.

Стоматологиялық бөлім меңгерушісі дәрігердің жұмысына талдау жасайды. Этиканы деонтологияны, асептика, антисептиканы сақтау, дәрілік заттарды таңдау және олардың дұрыс тағайындалуын қадағалау.
Эксперт-аналитик ойынға қатысқан барлық қатысушылардың жұмысына баға береді және науқаспен жұмыс істеу кезеңдерін бағалайды.
Қорытынды кезеңде ойынның өту барысын талқылау маңызды болып табылады, модератор ойынды қорытындылайды, қатысушылардың рөлін талқылайды, ойынға қатысушыларды бағалайды.
Қорытынды кезеңде ойынның өту барысын талқылау маңызды болып табылады, модератор ойынды қорытындылайды, қатысушылардың рөлін талқылайды, ойынға қатысушыларды бағалайды.
Оқытушы рөлдік ойыншылардың жағымды және жағымсыз жақтарын атап өтіп, пікірталасқа ынталандырады, қатысушыларға жеке позицияларды қорғауға мүмкіндік береді және тақырыпқа сәйкес білімді меңгеру деңгейін, кәсіби дағдылар анықтайды.
Мұндай инновациялық әдісті қолдану тәжірибелік сабақты дәрігер жұмысының нақты жағдайларына жақындатады және сабақты қызу және қызықты өткізуге мүмкіндік береді, жалпы, бұл студенттердің осы сабаққа да, пәнге деген қызығушылығын күрт арттырады.