Білімділік: оқушыларға ертегі түрі - әдеби ертегі туралы, Әбділдә Тәжібаевтың өмір жолы және "Толағай" ертегісі жөнінде түсінік беру. "Толағай" ертегісінің әдеби ертегі түріне жататындығын меңгерту.
Дамытушылық: оқушылардың өз ойын жүйелі айта білуін, шапшаңдыққа, сөздік қорының молдығына назар аудару, пәнге деген қызығушылықтарын, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа, ер жүректілікке тәрбиелеу.
Ертегіні мазмұнымен таныстыру арқылы , көркем сөздер туралы мағлұмат беріп, сөйлеу тілінде атқаратын қызметін байқату.