Пәні: қазақ тілі Пән мұғалімі: А. К. Жумагалиева Сыныптары



бет1/3
Дата13.11.2023
өлшемі30,32 Kb.
#191263
  1   2   3
Байланысты:
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспары 2023-2024о.ж
44e3a2ae-0bfe-49c1-91a7-8c3843846ea4, Бейнелеу өнері 2сынып қмж (7 сабақ), ҚМЖ Жаратылыстану қазан

Бекітемін: Келісемін: Қаралды:
Мектеп директоры : Е:У.Кулумшин Оқу ісі орынбасары: М.М.Данагулова ӘБ отырысында: Хаттама №1
«____»_________2023жыл «____»_________2023жыл «____»_________2023жыл
Үлерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспары
Пәні: қазақ тілі
Пән мұғалімі: А.К. Жумагалиева
Сыныптары: 5 «Б» , 6 «А»


Түсінік хат
Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс жоспарын әзірлеуде «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары», «Үлгілік оқу жоспарлары», «Үлгілік оқу бағдарламалары» негізгі құжаттары басшылыққа алынған.
Үлгерімі төмен білім алушыларда дамудың жеке варианттарының көп түрлілігі бар. Олар таным компоненттерінің қалыптасуының әр түрлі деңгейіне байланысты, яғни бұл артта қалудың әр түрлі себептері бар екенін көрсетеді.Білім алушылардың негізінен білімді меңгеру үрдісі мына компоненттерден тұрады: қабылдау, түсіну, есте сақтау, қорыту және жүйелеу. Оқу үрдісінде бұл компоненттер өте тығыз байланысты. Білім алушы меңгеретін материалдың қиындығына соқтыққанда ғана өз бетінше шешім қабылдап, қорытынды жасай алады. Осыдан кейін ол материалды толық игереді. Қабылдауы баяу білім алушылар әрбір сабақ кезінде қажетті көрнекі құралдармен, дидактикалық материалдармен, тарататын және көрсететін көрнекіліктермен қамтамасыз етілуіқажет. Сонда ғана өткізілген сабақтар өз мақсатына толық жетеді. Осы білімді меңгеру компоненттері баяу болғандықтан нашар білім алушы шығады. Оқу жылдамдығы баяу болғандықтан және мәтінді қате оқығандықтан оның мазмұнын түсінбейді, есте сақтауы да төмен. Үлгерімі төмен білім алушылардың ақыл- ой параметрі және жағымды ақыл сапалары қалыптаспаған , білім қоры аз. Нашар оқудың алдын алу үшін артта қалу мен үлгерімнің төмендеуінің себептерін анықтау керек. Нашар білім алушылардың кемшіліктері төмендегідей:
1) есеп шартын оқығанда әріп ,буын немесе сөз қалдырып оқу,
2)кейбір буындарды сөздерді қайталап немесе ежіктеп оқу. Мұндай кемшілігі бар білім алушыға оқулықтан арнайы тапсырмалар немесе
карточкамен жұмыс беріледі. Карточкамен жұмыс білім алушыны жалықтырмайды, оқуға деген ынтасын арттырып отырады. Таным әрекетінің
нәтижелілігі- ақыл ой әрекетінің даму дәрежесіне байланысты. Оның негізгі компоненттерінің қалыптаспауы үлгерімнің төмен болуының басты
себебі болып табылады.
Компоненттердің қайсысы үлгерімнің төмендеуіне негізгі себеп болуына байланысты артта қалу екіге бөлінеді:
1.Педагогикалық жағынан назардан тыс қалған балалар;
2.Нашар оқитын білім алушылар.
Педагогикалық жағынан назардан тыс қалған балалармен жұмыс орындау нашар оқитындармен салыстырғанда әлдеқайда тиімді болып табылады.
Нашар оқитын білім алушылар оқу- тәрбие үрдісінде көбірек біліктілікті қажет етеді. Бірақ олардың екі түрінде де жұмыстың жалпы бағыты бірдей.
Педагогикалық жағынан назардан тыс қалған балаларды мектепке дейін қолға алу керек. Сабақ үстінде және сабақтан тыс уақытта зейін мен ырықты,есте сақтауды дамыту қажет. Балалардың артта қалуы мен нашар оқуын болдырмау және алдын алу жұмыстары көп уақытты, ынта-жігерді қажет етеді. Осы қиыншылықтардың себебі –баланың ақыл-ой ерекшеліктерінің, ақыл сапаларының қалыптаспағаны,ал бұл ерекшеліктер мидың кейбір органикалық аномалияларымен байланысты,сондықтан олар сыртқы әсерлерге тез көне алмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет