Пәні: Биология
Бөлім: 7.1D Жасушалық биология
|
№58жалпы орта мектеп Тексерілді:
ОӘІЖО: Р.Бегімбетова
|
Күні: 04.10.2017ж
|
Мұғалім: Абылаева Алия Орынбасарқызы
|
Сынып: 7 «А» ІІ ауысым, 4 саб
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар:_____
|
Сабақтың тақырыбы
|
Жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі түсініктері. Өсімдіктер және жануарлар жасушаларын салыстыру. Жарық микроскобынан көрінетін жасуша құрылымдары: пластидтер, вакуоль, ядро, цитоплазма, жасушалық мембрана, жасушалық қабырға.
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары
|
7.4.2.1 - «жасуша», «ұлпа», «мүше», «мүшелер жүйесі» ұғымдарды түсіндіру;
7.4.2.2 - өсімдіктер және жануарлар жасушаларын ажырату
|
Ойлау дағдысының деңгейі
|
Білу, түсіну, талдау
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлығы: Жасушаны тірі ағза ретінде анықтау.
Басым бөлігі: «Цитология» ұғымының мағынасын түсіндіру.
Кейбірі: Жасуша оргонойдтарын , оларды қызметтерін, ұлпа, мүше терминдерін талдау.
|
Бағалау критерийі
|
Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер:
Жасуша, ұлпа, мүше,мүшелер жүйесі ұғымдарын, түрлерін және атқаратын қызметтерін анықтайды.
«Оргонойд» ұғымының мағынасын түсіндіреді.
Өсімдіктер және жануарлар жасушаларының құрылысын анықтайды
|
Тілдік мақсаттар
|
Тыңдалым: Бейнематериал көрсету арқылы жаңа тақырыпты ашу.
Айтылым:Жаңа сабақ бойынша айтады.
Жазылым: Дәптермен суретпен жұмыс жасайды.
Оқылым: Мәтінді оқиды талқылайды.
Пәндік лексика және терминология:
Сөздік
Қазақша
|
Орысша
|
Ағылшынша
|
жасуша
|
клетки
|
cells
|
ұлпалар
|
ткани
|
tissues
|
мүшелер
|
органы
|
organs
|
мүшелер жүйелері
|
системы органов
|
organ systems
|
Оқушылар жазбаша және ауызша түрде жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі қызметтерін түсіндіреді.
Тақырып лексикасы мен терминологиясы: Қабықша, цитоплазма және ядро, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі
Пайдалы сөйлемдер:
Бұл … түсіндіріледі.
Менің түсіндірмем .. негізделеді.
|
Құндылықтарға
баулу
|
Қазақстандағы басқа ұлттарды құрметтеуге, ынтымақтастыққа, патриоттыққа, азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеймін.
Қазақстанның Тәуелсіздігі және Астананың құндлығы негізінде оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу.
Өмір бойы білім алу, құрмет, ынтымақтастық, ашықтық
|
Алдыңғы білім
|
Дихотомиялық әдіс.Дихотомиялық кілттерді қолдану.
|
|
Жоспарланған сабақ кезеңдері
|
Сабақ кезіндегі жоспарланған жұмыс
|
Ресурстар
|
Сабақ басы
|
Ұйымдастыру кезеңі; Сәлемдесу, Оқушыларды түгелдеу
Топқа бөлу: «Пазлдарды жинау» әдісі бойынша төрт топқа топтастырдым.
|
Суреттер
|
Сабақ ортасы
|
Жаңа тақырыпты ашу мақсатында оқушыларға Жасуша жайында бейнематериал көрсетілді.Оқушылар бейнероликті тамашалау барысында негізгі кіліт сөздер мен жаңа ұғымдарды және сұрақтарды жазып отырды. Тақырыптық бейнеролик тамашалап болған соң сұрақтар қойылады.
Бүгінгі тақырыбымыз: «Жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі түсініктері. Өсімдіктер және жануарлар жасушаларын салыстыру. Жарық микроскобынан көрінетін жасуша құрылымдары: пластидтер, вакуоль, ядро, цитоплазма, жасушалық мембрана, жасушалық қабырға.»
Сабақ мақсатымен таныстыру.
Сабаққа қатысты термин сөздерді үш тілде оқушыларға тарату.
(Т) Мұғалімнің түсіндіруі.
«Айналмалы бекет» әдісі топтық жұмыс
1-тапсырма. «Жасуша» туралы ойларыңды стикерге жазып, «параққа» жабыстырыңыздар.
критерий
|
Дескриптор
|
Жасушаның құрылысын, қызметін анықтайды.
|
-жасуша ұғымын біледі.
-жасушаның қызыметтерін ажыратады
-жасушаны тірі ағзаиен байланыстырады
-жасушаның қызметтерін атайды;
|
2-тапсырма « Менің зерттеуім» әдісі
Жасуша,ұлпа,мүшелерді қараңыздар.
Келесі сұрақтарға жауап беріңіздер:
Неліктен бұл белгілер тек тірі ағзаларда қолданылады?
Бұл ағзалар бір - бірінен қалай ерекшелінеді?
критерий
|
Дескриптор
|
Басым бөлігі: бір-бірінен ерекшелігін түсіндіру
|
-мүщелерді ажыратады.
- жасуша түрлерін біледі
- ағзалардың бір-бірінен ерекшелігін түсіндіреді.
|
3-тапсырма « сен және мен» әдісі
Өсімдік пен жануар жасушасын салыстырыңыз.
Критерий
|
Дескриптор
|
Өсімдіктер және жануарлар жасушаларының құрылысын анықтайды
|
-жасуша қабықшасын біледі
- цитоплазманы біледі.
- ядроны біледі.
|
|
Жасушаның суреттері, карточкалар.
Жануар ұлп-ның фотосуреттері бар сайт:
http://goo.gl/Y0uMf
Өсімдік ұлп-ның фотосуреттері бар сайт :
http://goo.gl/7t5mL
http://goo.gl/uDj5K
|
Сабақ соңы
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |